Банк және оның Қазақстандағы дамуы



Кіріспе

1. бөлім. Банк және оның Қазақстандағы дамуы

1.1. Банктің пайда болуы және мәні

1.2. Банк капиталының Қазақстанға келуі

1.3. Қазақстандағы банктік реформалар

2. бөлім. Банк пайдасын қалыптастыру көздері Альянс Банк мысалында

2.1. Банк пайдасы және олардың қалыптасу көздері

2.2. Қазақстан Республикасындағы Альянс банктің таза пайдасы


3. бөлім. Қазақстан Республикасында Коммерциялық банктердің таза пайдасын салыстыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Банк жүйесінің маңызды элементі - банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәлеметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұрғысында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының рете кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы қағаздардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекеттке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға береді.
1. Закон РК «О национальном банке РК »
2. «Инструктивно-нормативные акты Национального банка Казахстана.» Алматы 1999-2002
3. «Банк құқығы! С.М. Найманбаев Алматы 2004
4. С.Б. Мақаш, А.Ә.Ільяс « Банк ісі » Алматы 2004
5. А.М.Тавасиев, В.П. Вичков, В.А.Москвин «Банковское дело ».Базовые операций для клиентов. Москва. «Финансы и статистика », 2005
6. Е.П. Жарновская «Банковское дело » Москва, 2006
7. « Банковское дело » под ред. О.И. Лаврушин, И:Д. Мошокова, Н.И. Валенцева, 1998
8. А.Б. Глушкова «Банковское дело », Москва, 2005
9. «Банковское дело » Учебник под ред. Г.С. Сейткасимова, Алматы, 1999
10. Деньги, кредит, банки. Под ред. Г.С. Сейткасимова, Москва, 2001
11. Деньги, кредит, банки, ценные бумаги. Под ред. Е.Ф Жукова
12. «Банковское дело » Под ред. В.И. Колесникова, Москва, 2001
13. Банки и банковское дело: Под ред. И.Т. Балабанова, С-Петербург, 2002
14. Финансы. В.Д. Мельников и др. Алматы, 2001
15. «Банковское дело » Под ред. О.И. Лаврушин, Москва, 2001
16. «Коммерциялық банк операциялары» Алматы 2005

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1- бөлім. Банк және оның Қазақстандағы дамуы

1.1. Банктің пайда болуы және мәні

1.2. Банк капиталының Қазақстанға келуі

1.3. Қазақстандағы банктік реформалар

2- бөлім. Банк пайдасын қалыптастыру көздері Альянс Банк мысалында

2.1. Банк пайдасы және олардың қалыптасу көздері

2.2. Қазақстан Республикасындағы Альянс банктің таза пайдасы

3- бөлім. Қазақстан Республикасында Коммерциялық банктердің таза пайдасын
салыстыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.1. Банктің пайда болуы және мәні

Банк жүйесінің маңызды элементі - банктер болып табылады. Ежелгі
ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы
ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да
толық мәлеметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұрғысында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар
шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының рете
кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда,
Гамбургте, саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің
клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы қағаздардан жасалған
ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша
қаражаттарын жиробанктер мемлекеттке, қалаларға және артықшылығы бар
компанияларға ссудаға береді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында
пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұрғысында банктердің
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын айтады.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының
екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк сөзі ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы дегенді
білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда
құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың , жекелеген тұлғалардың әр
түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда саттық барысында әр түрлі формадағы
монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының
өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі
елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе,
айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын
ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар
біртіндеп банкирлерге айналады. (5: 7- беттер)
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктер Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда сауда орталығы
болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай
ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі. Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының
қозғалыссыз жатуға болмайтының, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда
табу қажеттігін түсінеді. Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен
қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетеді. Есеп
айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа
аудару арқылы жүргізіледі. Банктер қызметінің қолайлылығы іскер адамдардың
назарынан тыс қалмады. Банктің клинеттер қатары ақырындап ұлғая түсті.
Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды
құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда саттықта делдал қызметін атқарды.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңдылық және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады. Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң
тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін анықтау оның
қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін,
оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің
экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.Банктің мәнін
талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін жоққа шығаруға болмайды.
Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды
орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті
шамалы. Бұл жерде ең бастысы оның сапасына және басқа институттардан
өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауот немесе
материалдық өнім шығаратын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай тиым
салынбаған. Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе
қызметпен айналысатын субьектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір
қызметпен айналысатын банк сияқты субьектіге банк- бұл кәсіпорын деп айту
өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі
кәсәпорын - бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды. Сонымен
бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді. Себебі банк шын мәнінде фабрикада,
зауотта емес. Ол бұлардан ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең
бастысы- банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның
қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге
асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясында банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруі байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті-несиелік мекеме деп атаған. Сондай-ақ, банк
өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты
ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып
қана қоймайды. Сол сияқты басқа элементтердің бағалы қағаздарын есепке алу
және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.

1.2. Банк капиталының Қазақстанға келуі
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде
әр деңгейде дамып келеді. Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі 19
ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Ревалюцияға дейінгі Қазақстанның
экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік
жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі
ретінд:мемлекеттіе банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер
филиалдарынан, қалалық қоғамдар банктерінен, ипотекалық несие банктері
немесе ұсақ несие мекемелерінен жинақ кассаларынан тұрады.
Ресейде мемлекеттік банк 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие
жүйесіндегі – Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз
ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі
барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп суудалық операцияларының
үштен бірн бөлігіне жуығын,т салымдар мен ағымдық шоттардың көбін тартып
отырған.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда
- өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876ж),
Қызылжарда (1881ж), Семейде (1887ж), Омбыда (1895ж) және бұрынғы Верныйда
( қазіргі Алматыда) 1912 жылы ашылып жұмыс жасады. Филиалдары жағынан
екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп банкісінің бөлімшелері
Қызылжарда, Қостанайда, Оралда және Омскіде ашылды. Қазақстанның сыртқы
сауда үшін Орыс банкі мен Волжекамский коммерциялық банкі жұмыс істеді.
Осылардың біріншісі Омбыда және Семейде өз бөлімшелерін ашты. Қызылжарда ,
Семейде және Оралда жер банкісінің агенттері ашылып, қызмет көрсетті.
Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның
әр аудандарында Мемлекеттік банктің 6 бөлімшесі, акционерлік –коммерциялық
банктердің 18 филиалдары, 12 өзара несие беру қоғамдары, 8 қалалық
қоғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер
жұмыс істейді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші
орынға ие болып отыр. Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда
қарапайым операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына
иелері тікелей қазыналық палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына
иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін
операциялары жылдам өсе түсті, мысалға: жіберілген векселдер бойынша
коммиссялық және есептік төлемдерді алу; жай және шартты ағымдық
шоттарды ашу; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау;
өмірлік заемдар бойынша пайыз төлеу және т.б. Қазына иелері Қазақстан
аумағында үш қазыналық палаталарға : Омбы, Орынбор және Түркістан
палаталарына бағынды.
19-20ғғ. ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттік банктер
болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды:
• Вексельдерді есепке алу
• тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру
• тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру
• ауыл шаруашылыққа ссуда беру
• бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру
• қайта есеп жүргізу
• вексельдер үшін арнайы шоттар ашу
• бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу
• ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру
• барлық есеп ссудалық операцияларымен айналысу
• меншікті бағалы қағаздар шығару
• салымдық және ағымдағы шоттар ашу. (3: 25-беттер)
Вексельдерді есепке алу операцияларымен айналысу мемлекеттік банктің
1960 жылғы жарғысына сай көзделген. Вексельдерді есепке алу төлеу
уақытынан алты ай бұрын мерзімде жүргізіледі. Вексельдік несиелердің ең
көп мөлшері ссуданың үлесіне тиеді. Сол кездері сауданың үш түрі болған:
айырбас, жәрменке, стационарлық. Бұл шаруашылықтың үш типіне көшпелі,
жартылай көшпелі, отырықшылыққа сай қалыптасты. Қазақстанның коммерциялық
банктердің филиалдарының қызметі активтік операциялары бойынша;
вексельдерді есепке алу; тауарларға және тауарлық құжаттарды есепке ала
отырып, ссуда беру; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар қамтылды.
Жергілікті коммерциялық банктер. Қазақстанда Ресейдің басқа
аудандарымен салыстырғанда өзара несие беру қоғамы кеш пайда болды.
Өзара несие беру қоғамының қаражаттары: жарна қосудан, ағымдық
шоттардағы қаражаттар мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды. Бұл
қоғамның басты мақсаты өз мүшелеріне несие берумен шектелді. Осы қоғамның
жарғысына сай әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының он есе көемінде
несие алуға құқылы болды. Бұл қоғамның мүшелеріне саудагерлер, үй
иеленушулер, сол сияқты ұсақ және орта буржуазиялар жатты. Қызметінің
сипаты жағынан өзара несиелену қоғамдарының коммерциялық банкттерден
айырмашылықтар болмады. Олар да салымдар қабылдап, ағымдық шоттар ашты,
вексельдерді есепке ала отырып, ссуда берді және тауарлармен байланысты
операциялармен айналысты.
Қалалық қоғамдық банктер. Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие
беру қоғамдары сияқты , тауар өндірісінің өсуі және сауда өнеркәсіп
буржуазияларының арзан банк иелігіне деген сұранысынан туындады. Қалалық
қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдарынан айырмашылығы олардың
ұйымдастырылу құрамына байланысты қалыптасты. Олар негізінен қалалық
басқарманың негізінде жүргізіліп және олардың қадағалауында бола
отырып, олардың алдында есеп берді. Қалалық қоғамдық банктерге
негізінен сауда және өнеркәсіп буржуазиялары мен үй иеленушілер қожалық
етеді.

1.4. Қазақстандағы банктік реформалар

Қазақстандағы қайта құүру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРо – да
соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987 – 1988) сәйкес келеді. Банктік
реформа нәтижесінде : КСРО – ның Мемлекттік банкі және Құрылыс банктерінің
мекемелері негізінде – КСРО Өнеркәсіп – құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп
банкі және КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде
КСРО – ның Мемлекттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде –
КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде – КСРО Сыртқы эканомикалық
банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекттік банк кәсіпорындар мен
ұйымдарға ккссалық және есеп айырысу қызметін көрсетуду тоқтатты. Сөйтіп,
КСРО – ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандырылған банктердің республикалық
кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады.
КСРО – ның Өнеркәсіп – кұрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу,
негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал
жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте,и құрылыста,
көлік пен байланыста, мемлекттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу
жұмыстарын ұйымдастыру құызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл
банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорыдар мен бірлестіктердің есеп
айырысу, ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп
айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында
Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік умақтағы және сауда саласының кәсіпорындары
мен ұйымдарындарында Тұрғые үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге
бағытталған Жинақ банк жүргізді.
Сыртқы экономикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша
есеп айырысуды ұйымдастырды.
Мамандырылған банктер құрылымы әкімшіл – аумақтық қағидаға сәйкес
құрылды. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктік
басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл
банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандырылған банктің бір мекемесі
әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ
банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс
жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандырылған банктердің төменгі буындары
маманданырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей
қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандыру тек банктің жоғарғы басқару
деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап
мекемелерге айналған болатын.
Мамандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар
болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды
құруға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара
аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың
бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы
үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік
Шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де
мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында
(өнекркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы
болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және
несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кәсіпорндардың өміршеңдігі және
пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік
зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз
ссудалар қатары арта түсті.
Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын
тығырыққа әкеліп, ол монополиядандырудан құтылмады және несиелік механизмге
түпкілікті өзгеріс негізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік
банкінің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына
ешқандай әсер ете алмады.
Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілеріне қалыптасқан екі
деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері
болды:
• вексель айналасының болмауы;
• кәсіпорындардың қарыздардын кешіруі, әсіресе ауыл шараушылығына
байланысты;
• шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының
байқалуы;
• банк мамандандырылуының жойылуы;
• кәсіпорындардағы басқа да несие көздерінің болмуынан туындаған
монополизмнің орын алуы;
• пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;
• эканомиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) банк
бақылауының әлсіздігі;
• бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басылып
шығарылуы. (3: 36-беттер)
1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік
сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің манаполиясын
бірнеше банктер манаполиялары ауыстырды.
1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары
басым болды, атап айтсақ;
• банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала береді;
• оалрдың монополизмы толық сақталып, монополистердің саны өсті;
• реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ
жүргізілді;
• кәсіпорындар белгілі бір банкке бекітілгендіктен, олардың несие алу
барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
• клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
• ақша нарығы және несие ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
• банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
• ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында банктік соғыс щыға
бастады;
• қайта ұйымдастыруда несиені қайтару басты көздері ретіндегі сақтандыру
мекемелерінің қызметтері жайындағы қозғалыс болмады.
Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе
болады.
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда
қатаң түрде оратлықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кең орын
алады. Сол уақытта қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай
бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Социалистік эксперимент
жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары
мен қаржы нарығымен құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық,
идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда
мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік
элементтрін өзі реттеп отырады.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банкттер,
кооперативтік және жеке банктер жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған
коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерц
банк және т.б. жатады.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап
нарықтық қатынастардың талаптарыга сай келетін меншікті банк жүйесін құруға
бетбұрыс жасады.
1190 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО – дағы банктер және
банктік қызмет туралы алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны
жүргізудің бастапқы қызметтерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 10095 жылға арналған
Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге
асырылды.
Нарық эканомикасына өту жағдайында және эканомикалық дағдарысты
жоюда, макроэканомикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде Қ Р банк жүйесі
маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет
етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай,
кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативті\к базаны
жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау
жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жұмыс жасап отырған банктік
жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
I кезең. 1988 – 1991 ж.ж (КСРО – ның тұсында) – мемлекттік салалық
мамандырылған банктер қызметтерінің бір бөлігін республикадағы сол
банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы
коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекелген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола
отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банкінің бірқатар қызметтерін орындауға
біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде
қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы
кезеңі.
III кезең. 1993 қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа
Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының
қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас
орнатудың классикалық қызметтерін енгізу, банктердің қызметтерін реттеу
жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік
жүйенің басты кемшілкітеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
• мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық бан пен Қаржы
министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
• коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің
жеткіліксіздігі;
• екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің
баяу құрылуы;
• валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта
қалушылық;
• макроэканомикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және
шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
• осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші
деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық
стандартқа және нарықтық эканомика талаптарына сай келмеуі;
• Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету
деңгейінің жоғарлығы;
ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты;
• Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі
пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей
бұзған банктердің нарықта қызмет ету беруі;
• Қаржы ресурстардың жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдердің әлсіздігі;
• Шарушылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау
деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау
дәрежесінің, сондай-ақ несинің қайтарылуына жасалатын бақылаудың
қанағаттаналарлықысыз деңгейде болуы;
• Орта және ұзақ мерзімді ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске
асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдың жеткіліксіздігі;
• Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып,
игерудің баяулығы;
• Банк қызметтерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.
Сонымен бұрынғы мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге
байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен бастап 1995 жылға дейін
жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет
Минитсрлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп
банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге
(шарушылықтардың нақты төлем қабілетілігін ескермей, Жоғары Кеңес пен
Үкіметтің шешімі бойынша жылдардағы берілген) байланыстың мерзімі өткен
қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банкінің балансын Қаржы Министрлігінің
қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының
балансына беруге шараға асырды.
Екінші кезекте Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезеңінде
Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап
акционерлік ӘлемБанкке бөлуге шаралар жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы
ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесі- 35% құрады. Бұл бір
жағынан, ӘлемБанктегі мемелекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер
қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан ӘлемБанктегі
монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап
банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді
қамтыды:
Бірінші кезеңде (1995 жылдың 1-ші жартысын) мемелекеттік емес
акционерлерден акция сатып алу жолымен 100% мемелекеттік меншікті қалпына
келтіру және оның жарғылық капиталы ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға
алынған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992 ж.
жағдайға байланысты халық салыфмдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті
белгіленді.
Екінші кезеңде ( 1995 ж. 2-щі жартысында және 1996 ж) Халық банкіне
пластикалық дебиттік және кредиттік карточкаларды енгізу және оларды
қолдану ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.
Үшінші кезеңде ( 1997 ж ішінде) Халық банкісінің алдында Ұлттық банк
белгіленген пруденциялдық нормативтерге сәйкес 01.01.1998 ж бастап
салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымжық сақтандыруға
негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және
жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Төртінші кезеңде әмбебап банк- Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (
61%,1994 ж сәуіріне ) анықталып, ондағы негізгі борышқор- кәсіпорындардың
бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.
Бесінші кезеңде әмбебап банк – Кредсоцбанктегі мемлекеттік үлесі –
40,3% мөлшерінде ( 1994 сәуіріне ) анықталды. 1995 қаңтар айының аяғына
таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын
Ұлттық банк даярлауға тиіс болды.
Коммерциялық банк үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз
болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өзіне
алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды. Ондай
банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атайды, себебі олар үшін
басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту
болып саналады.
Сонымен, Қазақстанда банк секторының реформалау бағдарламасының іске
асыру шегінде Экспортты-импорттық банк ( Эксимбанк ) Мемлекеттік даму
банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер
қатарында халыққа қызмет көрсету Халық Жинақ банкіде болды.
Мемлекеттік даму банкі-бұл банк экономиканың маңызды салаларында
тиімді инвестициялдық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға
бағытталған үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.
Экспортты-импортты банк (Эксимбанк) бұло Қазақстан үшін дәстүрлі емес,
даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық
несиелермен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлембанктен
бөлініп щыққан банк.
Тұрын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылыс коммерциялық
құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын
қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медетші банк (траст) – бұл Дүниеждүзілік банктің ықпалымен
Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк. Бұл банкті
құру туралы жарғыға сәйкес, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша
құрылды.
Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінеде қолданған шаралары
қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-
несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.
Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995 ж.
ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды.
Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі
қысқарып, эконгмиканы несиелеу қызметі Ұлтттық банктен екінші деңгейдлегі
банкке ауысты. Ұлттық орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімдді
өтімділігін қолдап отыру мақсатанда екінші деңгейдегі банктерге несие беру,
Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айнылысуға
айналысуға көшті.
1995 жылдың біріншгі жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі
банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы үш ай
мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы
мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп,
банкаралық несиелер нарығына дами бастады. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап
ломбардық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу ұарқаынына шек
қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару
арқылы ақша массасын реттеп отырды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін
қадпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін
төмендетті. Айталық, 1995 жылы қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8,9% -
дан, қыркүйек айында – 2,4%-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта
қаржыландыру мөлшерлемесі: 210% - дан 45% - ға дейін төмендеген. Айта
берсек, тиағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес банктік реформалау әрі қарай
жалғастырылды.
Банк реформасын жүргізі бағдарламасының басты мақсаты – ҚР ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және
экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі
банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казкоммерцбанк туралы ақпарат
Қазақстан банктерінің деңгейі
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Ипотекалық несиелендірудің Қазақстандағы рөлі мен алғышарттары
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Нарықтық экономикада несие
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ
Пәндер