Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . .

І тарау. Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру және реттеу . . .

  1. Банкттерді ашу және және олардың қызметін ұйымдастыру . . .

1. 2. Банк қызметін реттеу әдістері . . .

1. 3. Қазақстандағы банктік реформалар . . .

ІІ тарау. Банк ресурстарын қалыптасу операциялары . . .

  1. Банк ресурстары ұғымы және құрылымы . . .
  2. Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері . . .
  3. Банктің тартылған қаражаттары . . .

ІІІ тарау. Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу жолдары . . .

3. 1. Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу . . .

Қорытынды . . . . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбы: «Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары. Банк жүйесінің маңызды элементі - банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәлеметтер қалдырмаған секілді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұрғысында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған.

«Банк» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Коммерциялық банктер бір жағынан, шарушалықы субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарттаын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммеррциялық банктің пассивтік операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Курстық жұмыстың мақсаты - банктің пайда полу тарихын, банк ресурстарының мәнін, құрамдау көздерін және оларды реттеу жолдарын ашып көрсету болып табылады.

Курстық жұмысты кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Банк жүйесінің қалыптасу тарихы, яғни банктің пайда болуы және мәні, Банктің Қазақстанға келуі және банктік реформалары қарастырылған.

Екінші тарауда Банк ресурстарын қалыптасу операциялары, яғни банк ресурстары ұғымы және құрылымы, банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері және банктің тартылған қаражаттары қарастырылған.

Үшінші тарауда Банк ресурстары, құрамдау көздері және реттеу жолдары қарастырылған.

Курстық жұмысты жазу барысында төмендегі авторлардың еңбектері басшылыққа алынды: С. Б. Мақаш «Банк ісі», С. Б. Мақаш «Коммерциялық банктер операциялары», Хамитов « Банк ісі», Мельников « Қаржы», Хамитов « Банктегі менеджмент», Сейтқасымов А « Ақша, несие банктер» және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктер туралы ережелер, нұсқаулықтар және де мерзімділік басылымдар.

1- тарау. Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру және реттеу

  1. Банкттерді ашу және және олардың қызметін ұйымдастыру

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық Банкі» және1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады. 90- жылдардың басында банктердің саны 200 ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынана дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты олардың интенсивтік өсуімен байланыстыруға болады. Лиензиясының өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жасалады. Қазақстандағы берілетін лицензиясының дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалы инвестициялық. Ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы. Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия олар өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз фйилиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді. Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ә ҚР -ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
  2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу; ( 11: 87-бетттер)

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді. Және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • Рұқсат алу үшін беретін өтініші;
  • құрылтайшылық шарт;
  • банктің жарғысы;
  • банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
  • құрылтайшылар туралы мәлеметтер (Ұлттық банктің берген тізімі бойынша ) ;
  • құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы
  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары турулы аудиторлық қорытынды;
  • егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР - ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
  • егер банк операцияларының жекелегшен түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: лның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәлеметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде-үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалыныңғ бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы;
  • жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс) ;
  • жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі;
  • жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесе;
  • жаңадан құрыдатын банктің бизнес-жоспары болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттарының аухымы, қаржылық болашағы ( есеп айырысу баланысы) бастапқы қаржылық, операциялық үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетингі жоспары ( банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
  • тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
  • нотариалды түрде куәләндірілген, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжаттың;
  • басқа банктің қаржылық капиталына қатысуы туралы мәлеметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі үшін ұлттық банкте қаралады. Ұлттық банк банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Ұлттық банк банктің банк ашуға берген рұқсатын және, Ұлттық банктің келісімімен басталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктің операцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

  • Ұйымдастырушылық- техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нармативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал- жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
  • Жариаланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыдан аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі. Аталған заңның 30 бабына сәйкес банктің операцияларға мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктің шоттарын ашу және жүргізу;
  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктің шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
  • касалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттерін есепке алу ( дисконт) ;
  • заемдық операциялыры: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
  • заңды және жеке тұлғалардың оның ішінде корреспандент - банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын шүргізу;
  • сенім (траст) операциялары : сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы метелын және бағалы қағаздарын басқару;
  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
  • сейфтік операциялар: клиенттердің құжаттары формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
  • ломбардтық операциялары: тез іске асатын бағалы қағаздармен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
  • төлем карточкаларын шығару: банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
  • төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (векселден басқаларын) ;
  • чек кітапшаларын шығару;
  • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
  • оккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
  • ақшалай формада орындауды көздейтін, банктік кепіл - хаттарды беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік- мемлекеттің бағала қағаздарымен;
  • диллерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
  • кастодиандық ;
  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді лизензиялар беріледі. Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші денгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерлін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы- филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсететін банктің операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме. Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
  • Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
  • Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәлеметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым салынады.

Банктің өкілдігі - банкті коперацияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктік тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дердес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекеленген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктік аумақтық бөлімшесі.

  1. Банк қызметін реттеу әдістері

Қазақстан Республикасы екінші денгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нармативтік-құқықтық актілерімен анықталады. 1995 жылы 31 тамызда қабылданған « Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңының 41 бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші денгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Республикадағы ақша -несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған. Банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

  • Пруденциялық нормативтер белгілеу;
  • Банктердің орындауына міндетті нормативті құқықтық актілер шығару;
  • Банктердің қызметін тексеру;
  • банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;
  • банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
  • банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына сан\циялар беру.

Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді эәне орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөршерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілерімен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормаларын, және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді. Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер ерзервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құралады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілеіді. Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыщз ету үшін олар Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнаайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа активтерді жіктеуге міндетті. Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 -маусымдағы Ұлттық банк басқармасының 213 қаулысымен бекітілген

« Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

  1. жарғылық қордың ең төменгі мөлшері
  2. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
  3. бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері
  4. өтімділік коэффициенті
  5. ашық валюталық позиция лимиті
  6. негізгі қорларға және басқа қаржылық емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті.

Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері . Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденциялық нормативтермен мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті. Меншікті капитал (К( - бұл I деңгейлі капитал мен I I деңгейлі капитал ( I деңгнейлі каиталдан аспайтын мөлшерде)

Қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі. Банк инвестициясы - акцияның және еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар соммасы. Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;
  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасыныфң ресми тізімінің «А» катигориясына енуге тиіс.

Бірінші деңгейлі капитал мыналардан құралады:

  • төленген жарғылық капитал;
  • қосымша капитал;
  • өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс ( өткен жылдардағы таза табыс есебімен құрылған қорлар, резервтер) ;
  • шегерілген (-) ;
  • материалдық емес активтер ( халықаралық қаржы есебіне халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына алынған лизензияланған бағдарламалық қамсыздандыру) ;
  • өткен жылдардағы зиян;
  • ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.

Екінші деңгейлі капитал мыналардан құралады:

  • ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;
  • бағалы қағаздармен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;
  • тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1, 25 % - нен аспайтын сомадағы жалпы резервтер ( провизиялар) мөлшері;
  • бірінші деңгейлі капитал сомасының 50% нен аспайтын сомадағы банктің субординарлық қарызы.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері. Бір қарыз алушы - ҚР ның заңдарында немесе жасалған келісім- шартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға. Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

  1. банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;
  2. соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк талаптары;
  3. ҚР заңдарында немесе жасалған келісім-шартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптар.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есебін береді. Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегімен анықталады:

  • Банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті
  • Банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті.

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәнін Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.

Ашық валюталық позиция лимиті. Ашық валюталық позиция - осыуақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін бейнелейтін, сол валюталардағы сандвқ жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарынң айырмасы.

Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк инвестициясының жоғарғы мөлшерінің коэффициенті. Негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалатын банк инвемтициясының мөлшерінің меншікті капиталға қатынасының (к5) мәні 0, 5 тен аспауы тиіс.

И

К5 =

К

Мұндағы:

И - негізгі қорларға және басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған инвестицияның сомасы, оған мыналар жатады:

* ғимарат және құрылғылар

* салынып жатқан негізгі құралдар

* банктің жалға алған ғимараттары бойынша капитал шығындары

* компьютерлік жабдықтар

* көлік құралдары

* жалға беруге арналған негізгі құралдар

* қаржылық лизингке қабылданған негізгі құралдар

* басқа негізгі құралдар. (11: 79-беттер)

1 . 4. Қазақстандағы банктік реформалар

Қазақстандағы қайта құүру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРо - да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987 - 1988) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде : КСРО - ның Мемлекттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО - ның Мемлекттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде - КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде - КСРО Сыртқы эканомикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға ккссалық және есеп айырысу қызметін көрсетуду тоқтатты. Сөйтіп, КСРО - ның Орталық банкісіне айналды.

Қазақстанда жоғарыда аталған мамандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау
Казкоммерцбанктегі жүргізілетін қызметтер
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
Қазақстанда қалыптасқан қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсету
Реттеуші органдардың бақылауы
Кредиттік операциялардың жалпы түсінігі
Ұлттық Банктің несиелері
Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz