Банктің несиелік саясаты және несиелік тетік (механизм)



І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
1. Несиелік саясат және оның элементтері.
2. Несиелік тетіктің (механизмнің) мазмұны.
2.1. Банктің несиесінің жіктелімі.
2.2. Несиелеу объектілері мен субъектілері.
2.3. Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары.
3. Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиет тізімі.
Несиелік тетік экономикалық тетіктін бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік тетік өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік тетік несиенің экономикалык категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның козғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік тетік сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік тетікті бір-бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Сонғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Несиелік тетік экономикалық тетіктін бір бөлігі ретінде бола отырып, іс
жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді.
Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін
пайдаланылатын несиелік тетік өзінің негізі және құрылымы бойынша
объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік тетік несиенің экономикалык
категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-
ақ оның козғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

Несиелік тетік сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті:
несиені және несиелік тетікті бір-бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Сонғысы
несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір
қабатын құрайды.

Несиелік тетік несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының
белгілі бір кабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді.
Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік катынастарды
ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік кызметінің өзара іс
әрекеті түсіндіріледі.

Несиелік тетікке несиенің мазмүны және өзіндік ерекшеліктерін
сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және
нысандары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де,
олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде
қалыптасады.

Экономикалық түсінікте механизм белгілі бір қызметті жандандыруға
және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында
механизм термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні
экономикалык, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын,
басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен
байланысты болып келеді.

Несиелік тетік — нарықтық қатынастарга сай экономиканың тиімді дамуын
қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу қағидатгпарынан, несиелеу
әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын
экономикалық тетіктің құрамдас бөлігі.

Несиелік тетік экономикалық тетіктін бір бөлігі ретінде бола отырып, іс
жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді.
Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін
пайдаланылатын несиелік тетік өзінің негізі және құрылымы бойынша
объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік тетік несиенің экономикалык
категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-
ақ оның козғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

Несиелік тетік сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті:
несиені және несиелік тетікті бір-бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Сонғысы
несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір
қабатын құрайды.

Несиелік тетік несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының
белгілі бір кабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді.
Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік катынастарды
ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік кызметінің өзара іс
әрекеті түсіндіріледі.

Несиелік тетікке несиенің мазмүны және өзіндік ерекшеліктерін
сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және
нысандары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де,
олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде
қалыптасады.

Берілген несиелік тетік тұжырымы бүл тетіктің тек субъективтік сипаты
туралы кездесетін ұстанымдарға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір
мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып,
ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан
несиелеу тетігіне өтеді.

Кез келген экономикалык тетік өзара байланысқан, яғни оның бір
элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларынын қозғалуы мен өзгеруіне
ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.

ІІ бөлім.

Негізгі бөлім.

1. Несиелік саясат және оның элементтері

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске
асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру
қағидаттары және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік тетік
көмегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат — банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және
несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар
тұрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай
ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға кажетті
құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

— нұскаулық емес, яғни диективті нұсқауларды қамтиды;

— несиелеудің мақсаттары нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

— нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін камтиды;

— оны іске асыруды камтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды
қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы
саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік кызметтің
төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

• несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк
қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен
критерийлерін;

• несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді кабылдайтын тұлғалардың
басты іс-әрекеттерін;

• сырткы аудит кызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығын;

• ішкі бакылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды
міндеттерін анықтау үшін қажет.

Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша
несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес.

Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске
асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін
құрайды.

Несиелік саясат, банк кызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын
экономика секторын дұрыс тандай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі
туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар
мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін тандаудағы
біліктілігіне негізделеді.

Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең
енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға,
кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға)
және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға,
техникалық жағынан кайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды
енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып
табылады әлеуетті (потенциалды) қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы
сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс колдануға бақылау жасау;
жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бакылау жасау;
банктін несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалык
несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын
қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен
стратегиялық мақсаттарымен каншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді.
Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк
кызметкерлерінін қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік
беретін банктің несиелік саясатын және оған коса несиелеу стандарты мен
несиелік нұскаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулыктарды жасаудын бастапқы кезеңі
аяқталуына байланысты, бұл кұжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі
қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және
ұсыныстары енгізілгеннен кейін Несиелік саясат бойынша комитет (немесе
Директорлар Кеңесі, Несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес
нұсқаулыкқарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз
алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта
барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де
қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік
комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты
мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері
мынадай:

— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие
беру туралы қорытындысын қарайды;

— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

— несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу нысандарын анықтайды;

— несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

— несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

— несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);

— берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

— банктін несиелік стратегиясын жасайды;

— несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

— Несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына кол кояды және хаттамаларды
тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта карыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен банк кызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты
енгізудің негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды,
өз кезегінде, несиелік саясаттын қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі
ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер
көрсетілуге тиіс:

• несиелік қызметті ұйымдастыру;

• несиелік портфельді басқару;

• несиелеуге бақылау жасау;

• құзыретті бөлу қағидаттары;

• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;

• несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;

• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі
бір нысанда, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге
болады:

1) несиелеу саясаты;

2) несиелеу стандарты;

3) несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта — Несиелік саясат бойынша
жетекшілік ету — біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер
жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұскаулықтар мен несиелеу
стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты — бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық
кызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:

• қарыз алушынын қаржылык ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

• несиенің кепіл хаттар және кепілдемелермен камтамасыз етілуіне қойылатын
талаптар;

• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

• карыз алушының несиелік кабілетін талдау тәртібі;

• құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

• несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе
тұтыну несиелері бойынша).

Барлык банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында
несиелеу стандарттарына эр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай
құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт
және т.б. жатады.

Несиелік нусқаулық — несиелеу рәсімдерінің іске асырудың жалпы
алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік кызметтің нақты бір бағыттарына жатады.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау
және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит,
ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің
барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде
болу;

• несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама
материал және нұсқаулық ретінде болу;

• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың
талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;

• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде
проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және
қосымша бақылау жасалуға тиіс.

2. Несиелік тетіктің (механизмнің) мазмұны

Несиелік тетіктің баска экономикалык тетіктер сияқты мынадай құрылымдық
элементтері болады:

• несиенің түрлері;

• несиелеу объектілері;

• несиелеу субъектілері;

• несиелеу әдістері;

• несиелеу процесі (несиелеу тетігі);

• несиелеу қагидаттары;

• несиелік тәуекелді басқару;

2.1. Банктік несиенің жіктелімі

Несиенің түрі — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметкерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді.
Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Каржылық институттарга берілетін несиелер:

• мақсатты қорларға;

• банктерге;

• қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

• өнеркәсіп салаларына;

• ауыл шаруашылығына;

• саудаға;

• дайындау ұйымдарына;

• жабдықтау-сату ұйымдарына;

• кооперативтерге;

• жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

II. Мерзіміне қарай:

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

• орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);

• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

• негізгі қорларға жұмсалатын;

• айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

1. Қамтамасыз етілген:

• кепіл хатпен,

• кепілдемемен;

• кепілдікпен

2. Сақтандырылған.

3. Қамтамасыз етілмеген:

• сенім (бланктік)несиесі.

V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1) Стандартты несие— қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;

2) Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы кабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты
күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты
күмәнді.

3) Үмітсіз несиелер — қайтару уакыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне қарай:

• ұлттық валютамен;

• шетел валютасында.

VII. Берілу шартына қарай:

• Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға түтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстык кызметтерді өтеуге берілетін несие.

• Ипотекалық несие - бұл қозгалмайтын мүліктерді (тұргын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.

• Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру арқылы ондағы
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің нысаны.

• Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің турі.

• Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.

• Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін несиесі.

• Ломбардтық несиесі — тез іске асатын бағалы заттарды немесе багалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

• ЛИЗИНГТІК несие — құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.

• Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

• Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.

• Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналган несие.

• Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара
қосылып беретін несиелері.

2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері

Несие кұрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз
капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік
мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік катынас субъектілері деп
атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.
Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк
типтес мекемелер мен каржылык ұйымдар, сондай-ақ халықаралык қаржы
ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық нысанда
берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы
мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатка деген уақытша қажеттілігі бар кез
келген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Несиелеу объектісі — бұл несиенін пайдалану заты, яғни несиенің іске
асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды құндылыктар, өндіріс және айналыс
шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде
де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік
шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар,
сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды
құндылыктардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және
сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды
жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз
байланысты.

Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен
жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын заң ды және жеке тұлғалардың сатып алынатын
шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық
операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы
алшақтық жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге
бөлінеді:

• өндіріс объектілерінің құрылысы;

• өндіріс объектілерін қайта құру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие беру
Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері
Қазақстандағы шағын және орта бизнес
Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу
Несиенің қызметтері
Несие туралы ақпарат
«АО Банк центр кредит» банкіндегі өндірістік практика есебі
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Ақша - несие саясатының құралдарын талдау
Коммерциялық банктің несиелік саясатының экономикалық мәні
Пәндер