Бухгалтерлік есеп беру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І тарау. Бухгалтерлік есептің мәні және принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Бухгалтерлік есептің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Бухгалтерлік есептің принциптері және оның әдістері ... ... ... ... ... ...


ІІ тарау. Бухгалтерлік есеп шоттар құрылымы және екі жақты жазу

2.1. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Екі жақты жазу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3. Бухгалтерлік баланс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы «Бухгалтерлік есеп беру » болып табылады. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғаласы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады.
1. Бухгалтерлік есеп стандарты –Алматы, 2005
2. Типтік шот жоспары– Алматы,2005
3. Радостовец В.К., Габдуллин Т.Г., Радостовец В.В., Шмидт О.И.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі:Алматы 2004
4. Кеулимжаев К.К., Ажибаев З.Н., Кудайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп принциптері –Алматы: экономикс.2003
5. Баймуханов С.Б. Бухгалтерский учет . Алматы.2005
6. Ержанов М.С., ержанова С.учетная политика-Алматы.1997
7. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятий: Изд.2-е доп. И перераб. –Алматы: Центраудит-казахстан.2003
8. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю.Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы 2000
9. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Москва 2004
10. Мацкевичюс И.С. Анализ калькулирования себестоимости продукции в странах СЭВ-М: Финансы
11. Сатубалдин С.С. Учет затрат на производство в промышленности США-М.,1980
12. Василько А.И., Миневский А.И. Учет и анализ распределения косвенных затрат в промышленности-М: Финансы и статистика 1985
13. Риполь –Сарагоси Ф.Б. Основы финансового и управленческого анализа. М: Издательство Приор, 1999
14. Дюсембаев К.Щ. Аудит и анализ финансовой отчетности. учебное пособие –Алматы: «Қаржы-Қаражат» , 1998
15. Н.Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. Учебник-М: Финансы и статистика, 1997
16. Шеремет А.Д. Сайфуллин Р.С. методика финансового анализа. М: ИНФРА-М, 1996

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І тарау. Бухгалтерлік есептің мәні және
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Бухгалтерлік есептің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
2. Бухгалтерлік есептің принциптері және оның
әдістері ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Бухгалтерлік есеп шоттар құрылымы және екі жақты жазу

2.1. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Екі жақты жазу жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

2.3. Бухгалтерлік
баланс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы Бухгалтерлік есеп беру болып табылады.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған
әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің
қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен
қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,
олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің
біліктілігіне қарап нақтыланған. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін
бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның
өндіріс процесіндегі көздерінің қозғаласы бухгалтерлік есептің мәні
болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің
объектілері деп аталады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік
есептің мына төмендегідей принципі анықталған:
• Есептеу:
• Үздіксіз;
• Түсініктілік;
• Мәнділік;
• Маңыздылық;
• Сенімділік;
• әділетті әрі тура көрсету;
• бейтараптық;
• сақтық;
• Толықтылық;
• Салыстырмалық;
• Дәйектілік;
Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның
меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп
беретін уақыттағы жағдайыкөрсетіледі. әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін
басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану
көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайынғана білужеткіліксіз. Яғни
кәсіпорынның қызмет басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың
қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін
біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні
барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы
да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы
операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы сандарды өзгертіп
отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын
жасау тиімді болып табылмайды.осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс
әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған
сәйкес ұйымдаы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде
болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік
шот қолданылады.
Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру
үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына
қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын
есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.
Курстық жұмыстың құрамы кіріспеден , үш тараудан , қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Бухгалтерлік есептің мәні және принциптері, әдістері
қарастырылған.
Екінші тарауда Бухгалтерлік есеп шоттар құрылымы және екі жақты
жазу қарастырылған.
Үшінші тарауда Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы талданып
қарастырылған.

І тарау. Бухгалтерлік есептің мәні және принциптері
1. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің
меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі
көздерінің қозғаласы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.
Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп
аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
• қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, матералдар,
отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда
жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-
қатынастар бухгалтерлік есептің объектілер болып саналады;
• - өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланатын өндіріс
құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп
объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы,
амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен
өнімнің құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
• -өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі
шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің
сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған
ақшалай түсімі есептелінеді.
Қолда бар құралдар ұтымды пайдалану, оларды
сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне
байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралды құрамы (түрлері),
орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша
жіктеледі.

Құралдар түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу 1. - сызбасы

Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар
былайша бөлінеді:
Негізгі құралдар- өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар
жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы
сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барасына (бір жылдан астам)
қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе
толығымен ауыстыруды талап еді. Сондықтан негізгі құралдар құнының
бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу
дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен
қосылады.
Материалдық емес активтер - бұлар әкімшілік мақсатпен басқа
субъектілерге жалға беруліге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан
астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған,
заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы,
фирмалық марка, патент, лицензия құқық, сондай-ақ рецептура,
технологиялық регламент, ноу-хау құндары жатады. Олар ақшалай
теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл
активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте
төмендету (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық
рыноктағы да сату сатып алудың мәні болып табылады.
Салық төлеушінің бухгалтериялық балансында есепке алынатын және
жиынтық жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық
заңңамасында тұрақты, белгіленген активтер (Салық кодексінің 105-бабы)
белгіленген.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар- субъектінің басқа субъектілердің
жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер
және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу
мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және
өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар
айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.Айналымдық
өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат,
материалдар, отын, жарттылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.Айналатын
процеске қызмет ететін құрадар айналу құралдары (банктегі шоттағы,
субъектінің қассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі
дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.Дебиторлық борыш субъектінің
басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен
соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш
өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық
борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік (бір
жылға дейін ) болады.Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша
шаруашылық құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға
бекіту белгісі ретінде салынған.

Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздерін жіктеу
2- сызбасы

2-сызбаның мәліметтеріне қарасақ, қаражаттың келесі көрсетілген
бөліктерге бөлінетін байқалады.
Меншікті капитал кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны
(жарғы капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс).
Жарғылық капитал- құрылтайшылардың (қатысушылардың) шаруашылық
жүрзгізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және
жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы
капиталының көбеюі немесе азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті
өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі
бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал- пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын
меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу,
жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын
өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс- (жабылмаған шығын) – барлық шығыстар мен салық
төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде
шикізаттың, материалдардың, отынның және т. б. маусымдық қорларын
жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және
белгілі бір мерзімен соң қайтарылуға тиісті.
1. Мысалы, есепті мерзім басында кәсіпорында мынадай қаражат болды:
Аталуы Сомасы,
теңге
Ғимараттар мен үйлер 754000
Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп 14000
айырысулар
Зейнетақымен қамтамасыздандыру бойынша 1400
есептеу
Бітпеген өндіріс 25000
Жарғы капиталына салымдар мен пайлар 787000
Резервтік капитал 55000
Ағымдық шоттағы ақша 62410
Кассадағы қолма-қол ұлттық валюта 1090
Банктің қысқа мерзімдік қарызы 16000
Материалдар 80300
Отын 12800
Басқа дебиторлармен есептесулер 2000
Басқа кредиторлармен есептесулер 2500
Жабдықтаушылармен есептесулер 15000
Дайын өнім 55600
Бөлінбеген табыс 42300
ҚҚС бойынша бюджетпен есептесулер 60000

2. Бухгалтерлік есептің принциптері және оның әдістері

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
береді.Бухгалтерлік есеп стандарты дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын
дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады.Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды.Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай- қайсысының болмасын өз мақсаты,
қолданылу аясы, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты – стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және
есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолдану аясы – стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда
қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы – стандарттағы келтірілгн негізгі терминдерге түсініктеме
берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа енген уақыты – стандарттың қай уақыттан бастап күшіне
енетіндщігі осы бапта жазылады.
Мазмұны - кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізіг мақсаты – мына
төмендегілерді орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
• Қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
• Ақпараттық жүйені құру принципі;
• Ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
• Қаржылық есеп берудің элементтері;
• өлшеу және мойындау критерийлері;
Қаржылық есептің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы жән
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Қаржылық есеп беру
ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым құралы болып
есептелінеді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
стандартында қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаты,
есеп берулер негізінде құрастырылады.Сонымен қатар біздің еліміз
халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003
жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық
стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады.Біріншіден –
осы тұрғыдан, ал екіншіден - елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес
болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы
кездері қаржы салымшыларын ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге
негізделіп жасалынып отыр.
Кез келген ғылымның, соның ішінде бухалтерлік есептің өз принципінің
болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан
-бастамасы,негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру
тұжырымдамасы шаруашылық үрдістері барысында шешім қабылдау үшін
бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы
оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан
астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды
кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің
мына төмендегідей принципі анықталған:
• Есептеу:
• Үздіксіз;
• Түсініктілік;
• Мәнділік;
• Маңыздылық;
• Сенімділік;
• әділетті әрі тура көрсету;
• бейтараптық;
• сақтық;
• Толықтылық;
• Салыстырмалық;
• Дәйектілік;

Түсініктілік, маңыздылық,сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт
принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтердің негізі, сонымен
қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім
қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл
мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде
білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық
мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы
үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат
үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы
тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылық принципі
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы
пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі.
Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға
пайдаланады:
• алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
• бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын
анықтау үшін.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін
үш түрлі сапалықаспектілер қолданылады.
1) Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына
керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу
уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
2) Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған
болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер
пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
3) Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға
енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.
Сенімділік принципі
Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ
пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі
Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері өткен
уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның
пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.
Сақтық принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар
кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді және пайдаланушылар осы
мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды.Сондықтан да әрбір әріптің және
цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.
Есептеу принципі
Кәсіпорындағы кез келген операциялар есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принцип
Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мәнділік принципі
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттігін
қанағаттандыруы қажет.Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына баға
беруіне көмектесуі керек.
Бейтараптық принципі
Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала 1 шешімді қабылдауға арналмаған
болуы керек.Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе
ұсынынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қортындылауға жету
мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса онда ондай ақпараттар бейтарап
болмайды.алдын ала дайындалмаған ақпарттық мәліметтер болмаған
жағдайда,негізделмеген, бір қортындыға келтірілмеген ойды пайдалану
бейтарапттыққа сәйкес келеді.
Әділетті әрі тура көрсету принципі
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді
пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
Толықтылық принципі
Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді
болу үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді
болуы керек. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді.
Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі
Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын
есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың,
үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік
есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе
орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы
айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер
қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми
тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің
әдістері болып саналады.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
• құжаттау;
• түгендеу;
• шоттар;
• екі жақты жазу;
• бағалау;
• калькуляциялау;
• бухгалтерлік баланс;
• есеп беру.
Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі
шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік
есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған
операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған
операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы
немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты жөні және тағы басқа
деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық
мәлімет болып есептеледі. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті
мәліметтерді деректеме деп те атайды.
Түгендеу
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық
операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті
құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және
материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады. Соған
байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа
ұйымдардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды,
мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына
жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің нақты
қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа
мүліктерін есептегімен салыстырып отырады.
Шоттар
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен
олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен
көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады. Жалпы
шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың
қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Шоттар кәсіпорында күнделікті
болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай, оларды экономикалық
маңызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады. Жалпы айтқанда ұйымның
активтері мен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып
отыратын операцияларды бір жүйге келтіріп топтап, ақшалац түрде есептеу
үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.
Екі жақты жазу әдісі
Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде
кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең
өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір
шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет.
Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір
шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін
қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.
Калькуляциялау әдісі
Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі
(өнім өндіру, қызмет көрсету, сатып алып-сату тағы басқалары сияқты). Осы
үдерістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын және
материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған
шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны
өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын құрайды. Сондай-ақ
ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып
табылады.Бухгалтерлік есепте оны, яғни өндірілген өнімнің, көрсетілген
қызметтің нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляциялау деп атайды.
Бағалау әдісі
Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен
есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай
өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп
атайды.
Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану көздерінің белгілі бір
мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі
жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында
кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері
мен меншікті капиталы бейнеленеді.
Қорытынды есеп
Ұйымның қандай да бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі
операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп
беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды
есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының
өзгеріс туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, түсініктемелік хаты және
басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық
мәліметтері кіреді.

ІІ тарау. Бухгалтерлік есеп шоттар құрылымы және екі жақты жазу
2.1. Бухгалтерлік есепшоттарының құрылымы мен түрлері
Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның
меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп
беретін уақыттағы жағдайыкөрсетіледі. әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін
басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану
көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайынғана білужеткіліксіз. Яғни
кәсіпорынның қызмет басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың
қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін
біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні
барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы
да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы
операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы сандарды өзгертіп
отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын
жасау тиімді болып табылмайды.осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс
әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған
сәйкес ұйымдаы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде
болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік
шот қолданылады.
Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру
үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына
қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын
есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.
Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен
бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін
пайдаланады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас
топтары үшін белгілі бір шот ашылады.
Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін касса деп
аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін
дайын өнімдер деп аталатын шот және т.б. шоттар қолданылады.
Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен Т әрпі сияқты болып
көрінеді. Ал шоттың атыоның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-
қарсы активтікжәне пассивтік болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар
ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. әдетте
шоттың сол жағы дебит, ал оң жағы кредит болып аталады. Шоттың
қолданылуы барысында бұл дебит және кредит сөздері қысқаша Д-т (дебит),
К-т (кредит) түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.

Дебит Шоттың аты
Кредит


Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші
шоттың кредитте жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу
белгілі бір есепті кезең барысында жалғансады. әрбәр мүлікке немесе қорлану
көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың
(мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру
үшін қалдық сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғн.и шоттың
ашылуы барысындағы қалдық – бастапқы қалдық, ал шоттың жабылуы
барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңындағы қалдық – соңғы қалдық деп
аталады.
Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың
қосындысы дебиттік айналым, ал кредит жағындағы сандардың қосындысы
кредиттік айналым деп аталады. Осы жоғарыда аталған әрбір шоттағы
дебиттік айналым мен кредиттік айналымның айырмасы сол шоттың қалдық
сомасы болып табылады. ескеретін жағдай – шоттағы соңғы қалдық сомасын
есептегенде ол шоттың бастапқы қалдығын естен шығармау керек. Яғни кез
келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына дебиттік
айналым мен кредиттік айналымның айырмасын қосу немесе шегеру арқылы
табылады. егер шоттың бастапқы қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу
үшін бастапқы қалдық сомасына дебиттік айналым сомасы қосылып, одан
кредиттік айналым сомасы шегеріледі. Ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік
болған жағдайда, соңғы қалдық сомасын есептеу үшін бастапқы қалдыққа
кредиттік айналымға қосып, одан дебиттікайналымды шегеру қажет. Бұл
айтқандарымыз түсініктірек болуы үшін төмендегідей екі шотты қарастырайық:

Дебит Касса шоты
Кредит
Бастапқы қалдық 5000
20000 50000
45000 10000
айналым 65000 айналым
соңғы қалдық (5000+65000-60000) 60000
10000

Жоғарыдағы касса деп аталатын шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін сол
шоттың қалдығы (дебиттік) 5000 (бес мың) теңгеге дебиттік айналым 65000
(алпыс бес мың) теңге қосылып, кредиттік айналым 60000 (алпыс мың) теңге
азайтылды. Соның нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (дебиттік) 10000 (он
мың) теңге болды (5000+65000-60000=10000).

Жұмысшылармен еңбекақы

Дебит бойынша есеп айырысу шоты
Кредит
Бастапқы қалдық 200000
180000 250000
300000 50000
айналым айналым
480000 300000
соңғы қалдық (200000+300000-80000)
20000

Ал екінші көрсетілген жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу
шотының соңғы қалдығын табу үшін бастапқы қалдығы (кредиттік) 200000 (екі
жүз мың) теңгеге кредиттік айналым 300000 (үш жүз мың) теңге қосылып,
дебиттік айналым 480000 (төтр жүз сексен мың) азайтылды (шегерілді).
Осының нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (кредиттік) 20000 (жиырма мың)
теңгеге тең болатындығы есептеліп шығарылды. (200000+300000–480000=20000).
Бұл мысалдардың көріп отырғанымыздай, негізінде шоттардың бастапқы
қалдығы дебиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да дебиттік, ал шоттың
бастапқы қалдығы кредиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да кредиттік
болуы тиіс.
Кейбір жағдайларда шоттың бастапқы немесе соңғы қалдық сомаларды нөлге
тең болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни шоттың соңғы қалдығы нөлге тең
болғанда бұл шотты жабылған шот деп атайды. Қазақстан республикасының
типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің кірістер және шығындар деп
аталатын бөлім шоттары есепті кезеңнің соңында міндетті түрде жабылады. Бұл
шоттарды транзиттік шоттар деп атайды. Осыған сәйкес жоғарыдағы аталған
кірістер және шығындар деп аталатын екі бөлімнің шоттарында жинақталған
сома жиынтық табыс немесе жабылған зиян шотына апарылады. Яғни кірістер деп
аталатын бөлім шот дебиттелініп жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян шотты
кредиттелінеді және шығындар деп аталатын бөлім шот кредиттелініп жиынтық
табыс немесе жабылмаған зиян шотты дебиттелінеді. Осыдан кейін жиынтық
табыс немесе жабылмаған зиян шотының соңғы қалдығы есептелінеді. Егер бұл
шоттың соңғы қалдығы дебиттік болса, кәсіпорын бұл есепті кезеңді зиянмен
аяқтағаны, ал соңғы қалдық кредиттік болған жағдайда ұйым есепті кезеңді
пайдамен аяқтағаны болып табылады. ал бұл жиынтық табыс немесе жабылмаған
зиян шотының соңғы қалдығының нөлге тең болуы кәсіпорынның осы есепті
кезеңдегі табыстары мен сол табысты табуға кеткен шығындары сомасының тең
болғандығын көрсетеді.
Кәсіпорынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік балансы
баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары баланс
баптарының аттарына сәйкес болуы тиіс. Бұның негізгі себебі бухгалтерлік
баланс есепті кезеңнің басына жасалы, оның баптарына сол кездегі, яғни
есепті кезеңнің басы мен соңындағы мүліктер мен қорлану көздерінің ақшалай
өлшемдегі нәтижелері жасылса, бухгалтерлік шотқа осы есепті кезеңнің
басынан соңыны дейінгі мүліктер мен қорлану көздерінде болған өзгерістер
түгел жазылып отырылады. Бұдан шығатын қорытынды - бухгалтерлік
шоттың бастапқы қалдығы баланстың есепті кезеңнің басындағы сомасы деп
аталатын бағанынан алынады да, керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың
есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Осыдан бухгалтерлік баланс пен
бухгалтерлік шот арасындағы тікелей байланысты көруге болады. Бухгалтерлік
баланстың актив баптарына сәкес ашылатын шотты, яғни мүліктерді, ақшаны
тағы басқаларды есептеуге арналған шотты активті шот, ал пассив баптарына
сәйкес ашылатын шотты, яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен
міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот деп атайды. Активті
шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың дебит жағына жазылады, яғни
дебиттік болып табылады. сонымен қатар бұндай шоттардың көбеюі дебит
жағына, ал азаюы (кемуі) кредит жағына жазылады.

Ал пассивті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың кредит жағына
жазылады, яғни кредиттік болып табылады. соған сәйкес бұндай шоттардың
көбеюі кредит жағына, ал кемуі шоттың дебит жағына жазылады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік жүйесіндегі ақпаратты жинақтап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Есеп берудің мәліметтері
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Бухгалтерлік есептің маңызы
Пәндер