Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу



Кіріспе
І бөлім Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік
1.1 Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік
1.2 Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі
1.3 Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары
ІІ бөлім Шоттардағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы
2.1 Екі жақты жазу жүйесінің түсінігі, мәні
2.2 Шоттар корреспонденциялары, олардың түрлері
2.3 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық қатынастар дамуының стратегиялық бағыты есеп пен есептік ақпараттың сапасына айрықша талаптар қойылады. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі. Өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екі жақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу» .
Курстық жұмыстың жазылудағы мақсаты- бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі мен шоттардағы екі жақты жазу сияқты әдістеріне түсінік беру. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып орындалатын міндеттер:
- бухгалтерлік есептің жіктелуіне, оның түрлеріне тоқталу, шоттар корреспонденциясын және оның түрлерін атап көрсету;
1. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп: Оқу құралы, - Алматы; Қазақ Университеті, 2001, 29 – 36 бб.
2. Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп принциптері
3. Козлова Е.П., Парашутин Н.В., Бабченко Т.Н., Галанина Е.Н., Бухгалтерский учет, - М.: Финансы и статиксика, 1995 – 5 – 11 стр.
4. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет: Учебное пособие, - 2 – е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА – М.: 1999 – 33 – 42 стр.
5. Оразбекұлы Бахыт, Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп / Оқу құралы – Алматы; Экономика, 2002, 28 – 34 б.б.
6. Сейдахметова Ф.С. Система счетов и двойная запись. Учебное пособие под общей редакцией чл. – корр. НАН РК, д.э.н. проф. Н.К. Мамырова. Алматы, Издательство «LEM», 2001, 9 – 17 стр.
7. Сейдахметова Ф.С. Современный бухналтерский учет: Учебное пособие. В 2 – х частях ч. 1/ Под общей редакцией чл. – корр. НАНРК, д.э.н. проф. Н.К. Мамырова. – Алматы: Экономика, 2000 – 114 - 130 стр.
8. Әбдіманатов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп счеттарының жаңа типтік жоспарымен қалай жұмыс істеу керек. - // Бухгалтерлік есеп және аудит//, № 1. 2003. 12 – 14 б.б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
І бөлім Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік
1. Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік
2. Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі
3. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары
ІІ бөлім Шоттардағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы
2.1 Екі жақты жазу жүйесінің түсінігі, мәні
2.2 Шоттар корреспонденциялары, олардың түрлері
2.3 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы бухгалтерлік
есеп жүйесін реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық қатынастар
дамуының стратегиялық бағыты есеп пен есептік ақпараттың сапасына
айрықша талаптар қойылады. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік
негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Бухгалтерлік есептің
теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне
ерекше рөл беріледі. Өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды
қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі.
Шоттарда жазбалар екі жақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Бухгалтерлік есептің шоттар
жүйесі және екі жақты жазу .
Курстық жұмыстың жазылудағы мақсаты- бухгалтерлік есептің шоттар
жүйесі мен шоттардағы екі жақты жазу сияқты әдістеріне түсінік беру.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып орындалатын міндеттер:
- бухгалтерлік есептің жіктелуіне, оның түрлеріне тоқталу, шоттар
корреспонденциясын және оның түрлерін атап көрсету;
- шоттар үлгі жоспарының, құрылымына мазмұнына экономикалық тұрғыдан
түсініктеме беру;
- жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасы әсер ететін
шаруашылық операцияларын төрт типке бөліп қарастыру.
Бухгалтерлік есептің әдістемесін құрайтын әдістері мен тәсілдері өзара
байланысты және өзара шарттастырылған. Оларды қолдану нәтижесінде
ескеріліп отыратын обьектінің бухгалтерлік есепте ақшалай, еңбектік,
натуралды өлшеулермен үздіксіз, жалпылама және құжатпен негіздеме
көрсетілуін, мүліктерді, олардың пайда болу көздерін, шаруашылық
операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында біртектес топтастыру
қамтамасыз етіледі. Бұл мүліктерді, оның пайда болу кездері мен
шаруашылық операцияларын екі жақты жазу әдістерінің көмегімен шоттарда
өзара байланыстырып көрсету, мүліктер мен міндеттемелердің нақты
қолда барын есеп деректерін мерзім сайын салыстыру шынайы, жиынтық,
жүйеленген есептеме деректерін алуға мүмкіндік береді.

1.1. Бухгалтерлік есеп шоттар туралы түсінік
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен
олардың көздері туралы ақпарапен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру
және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажети. Ол
үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат
алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі
пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес
обьектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп
шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен
қатара ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау
проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану
арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен
олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың,
бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шот- бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі
жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне , олардың көздеріне
және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп обьектілерінің белгіленген
жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың
негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде
жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер
ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады. Мысалы, ұйымның қолда бар нақты
ақшаларын есептеу үшін касса деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған,
дайындаған өнімдерін есептеу үшін дайын өнімдер деп аталатын шот және
т.б. шоттар қолданылады. Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен
тұратын кесте бейнелі.
Шоттың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі – кредит деп
аталады.Әрбір шотқа айдың басында және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және
дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән. Шаруашылық
операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оған қағаздық
алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола
алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.
Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз
атауын баланс жақтарының атауынан алған және мазмұнын көрсетеді.
Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы
бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, Есеп айырысу шотындағы қолма қол
ақшалар шоты, Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар шоты
және т.б.
Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.
Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық
бағыты бойынша есепке алуға арналаған. Мысалы, Банктегі несиелері шоты,
Резервтік капитал шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо)
тек кредиттік болады.
Активтік шоттағы жазулардың схемасы ( №1 қосымша) қосымшада
көрсетілген түрге ие болады.
Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні: шоттың дебет жағы
бойынша – операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты
арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша -
қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.
Пассивтік шоттағы жазулардың схемасы (№2 қосымша ) түрге ие
болады. Сонымен, мүліктерді қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік
шот бойынша көрсетілетіні:
Шоттың кредиттік жағы бойынша - операцияның басындағы және
соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;
Шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық
операциялары ғана көрініс табады.
Ескеретін жағдай – шоттағы соңғы қалдық сомасын есептегенде ол шоттың
бастапқы қалдығын естен шығармау керек. Яғни кез келген шоттың осңғы
қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына дебиттік айналым мен кредиттік
айналымның айырмасын қосу мен немесе шегеру арқылы табылады. Егер
шоттың бастапқы қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу үшін
бастапқы қалдық сомасына дебиттік айналым сомасы қосылып, оған
кредиттік айналым сомасы шегеріледі. Ал шоттың бастапқы қалдығы
кредиттік болған жағдайда, соңғы қалдық сомасын еспетеу үшін
бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, оған дебиттік айналымды
шегеру қажет. Бұл айтқандарымыз түсініктірек болуы төмендегідей екі
шотты қарастырайық: (№3 қосымша)
Жоғарыдағы касса деп аталатын шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін
сол шоттың бастапқы қалдығы ( дебиттік) 5000 (бес мың) теңгеге дебиттік
айналым 65000 (алпыс бес мың) теңге қосылып, кредиттік айналым 60000
теңге азайтылды. Соның нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (дебиттік)
10000 ( он мың) теңге болды.
( 50000+65000-60000 =1000) (№ 4 қосымша)
Ал екінші көрсетілген жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу
шотының соңғы қалдығын табу үшін бастапқы қалдығы (кредиттік) 200000 (
екі жүз мың) теңгеге кредиттік айналым 300000 (үш жүз мың ) теңге
қосылып, дебиттік айналым 480000 ( төрт жүз сексен мың) теңге азайтылды
( шегерілді). Осының нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы ( кредиттік)
20000 (жиырма мың) теңгеге тең болатындығы есептеліп шығарылды. (
200000+300000+480000 = 20000).
Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, негізінді шоттардың
бастапқы қалдығы дебиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да
дебиттік, ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болса, онда ол шоттың
соңғы қалдығы да кредиттік болуы тиіс.
Кейбір жағдайларда шоттың бастапқы немесе соңғы қалдық сомалары
нөлге тең болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни шоттың шоттың соңғы
қалдығы нөлге тең болғанда бұл шотты жабылған шот деп атайды.
Қазақстан Республикасының типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің
кірістер және шығындар деп аталатын бөлім шоттары есепті кезеңнің
соңында міндетті түрде жабылады. Бұл шоттарды транзиттік шоттар деп
атайды.Осыған сәйкес жоғарыда аталған кірістер және шығындар деп
аталатын екі бөлімнің шоттарында жинақталған сома жиынтық табыс немесе
жабылмаған зиян шотына апарылады. Яғни кірістер деп аталатын бөлім
шот дебиттелініп жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян
шотыкредиттелінеді және шығындар деп аталатын бөлім шот кредиттелініп
жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян шоты дебиттелінеді. Осыдан кейін
жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян шотының соңғы қалдығы
есептелінеді. Егер бұл шоттың соңғы қалдығы дебиттік болса, кәсіпорын
бұл есепті кезеңді зиянмен аяқтағаны, ал соңғы қалдық кредиттік болған
жағдайда ұйым есепті кезеңді пайдамен аяқтағаны болып табылады. Ал
бұл жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян шотының соңғы қалдығының
нөлге тең болуы кәсіпорынның осы еспеті кезеңдегі табыстары мен сол
табысты табуға кеткен шығындары сомасының тең болғандығы көрсетеді.

Бухгалтерлік есепшот құрылымы

Кәсіпорнынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік
баланс баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары
баланс баптарының аттарына сәйкес болуы тиіс. Бұның негізгі себебі
бухгалтерлік баланс есепті кезеңнің басына жасалып, оның баптарына
сол кездегі, яғни есепті көздерінің ақшалай өлшемдегі нәтижелері
жазылса, бухгалтерлік шотқа осы есепті кезеңнің басынан соңына дейінгі
мүліктер мен қорлану кездерінде болған өзгерістер түгел жазылып
отырады. Бұдан шығатын қорытынды - бухгалтерлік шотты бастапқы қалдығы
баланстың есепті кезеңнің басындағы сомасы деп аталатын бағанынан
алынады да, керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең
соңындағы бағанаға жазылады. Осыдан бухгалтерлік баланс пен бухгалтерлік
шот арасындағы тікелей байланысты көруге болады. Бухгалтерлік баланстың
актив баптарына сәйкес ашылатын шотты , яғни мүліктерді, ақшаны тағы
басқаларды есептеуге арналған шотты активті шот, ал пассив баптарына
сәйкес ашылатын шотты, яғни кәсіпорыннның меншікті капиталы мен
міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот деп атайды.
Активті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың дебит жағынга
жазылады, яғни дебиттік болып табылады. Сонымен қатар бұндай шоттардың
көбеюі дебит жағына, ал азаюы ( кемуі) кредит жағына жазылады. (№5
қосымша)
Ал пассивті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың кредит жағына
жазылады, яғни кредиттік болып табылады. Соған сәйкес көбеюі бұндай
шоттардың көбеюі кредит жағына, ал кемуі шоттың дебит жағына жазылады.
(№ 6 қосымша)

Бухгалтерлік есеп шоттарының түрлері

Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түріне
және мәліметтермен қамтамасыз етілуіне қарай жинақтамалық
(топтамалық, синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) деп аталатын
екі түрге бөлінеді.
Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот негізінен бухгалтерлік
баланстың баптары негізінде ашылады. Бұл шот арқылы белгілі бір мүлік
немесе қорлану көздері туралы жалпылай ақпарат алуға болады. Сондай-
ақ шоттың бұл түрінде обьектілер тек қана ақшалай өлшеммен
көрсетіледі.
Мысалы, дайын өнім деп аталатын шотқа қарап отырып
кәсіпорыннның барлық өндірген, жасап шығарған бұйымдарының ақшалай
өлшем түріндегі өзіндік құнын көре аламыз. Сондай-ақ отындар деп
аталатын шотқа қарап отырып ұйымдағы қолда бар отын қалдығының сомасын
ғана көруімізге болады. Бірақ бұл жинақтамалық (топтамалық,
синтетикалық) шоттардағы мәліметтер кейде кәсіпорынды тиімді басқару
барысында жеткіліксіз болады.Өйткені ұйымдағы басқарушы немесе осы
шоттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шешім қабылдаушы адамға
жоғарыдағы мысалда қарастырылған дайын өнімнің санын және оның бір
данасының бағасын білу қажет болуы мүмкін. Сондықтан бухгалтерлік
есепте жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттармен қатар
талдамалық (аналитикалық) деп аталатын шоттар да қолданылады. Негізінен
талдамалық (аналитикалық) шот жинақтамалық
( топтамалық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтерді толық және жан-
жақты ашып көрсетуге арналған. Есепке алынатын обьектілер бұл шотта
өздерінің түрі бойынша ақшалай өлшеммен және заттай өлшеммен
есептелініп жүргізіледі.
Мысалы. ККК фирмасының есепті кезең басындағы дайын бұйымдары
А- түрлі өнімі – 10000 (он мың) теңгені, Ә -түрлі өнімі 5000 (бес мың)
теңгені құрайды. Есепті кезең барысында 25000 (жиырма бес мың) теңгенің
А- түрлі және 15000 ( он бес мың) теңгенің Ә-түрлі бұйымдары өндіріліп
шығарылды. Сонымен қатар осы кезеңде 20000 (жиырма мың) теңгенің А-
түрлі және 10000 ( он мың) теңгенің Ә-түрлі өнімдері сатылады. ККК
фирмасының дайын бұйымдар деп аталатын жинақтамалық ( топтамалық,
синтетикалық) шотында бұл операция мына түрде жазылады:
Жинақтамалық ( топтамалық, синтетикалық) шот (№ 7 қосымша)
Осы есепті кезеңдегі ККК фирмасындағы орындалған операциялар
дайын бұйымдар деп аталатын талдамалық (аналитикалық) шотта бұйымның
түрлері бойынша мына түрде көрсетіледі.
Талдамалық (аналитикалық) шот (№ 8 қосымша)
Талдамалық (аналитикалық Ә -бұйымдары ( № 9 қосымша)
Міне осы мысалымыздан көріп отырғанымыздай әрбір жинақтамалық (
топтамалық, синтетикалық) шоттардағы бастапқы қалдық сомасы, соған
сәйкес талдамалық ( аналитикалық) шоттардың бастапқы қалдықтарының
қосындысынан тұрады. Біздің мысалымызда (15000 =10000+5000) теңгеге
болып отыр. Жинақтамалық ( топтамалық, синтетикалық) шоттардағы дебиттік
және кредиттік айналымдарының қосындысына тең болады. Жоғарыдағы
мысалымызда бұл сома: дебиттік айналым ( 40000= 25000+15000), ал
кредиттік айналым
(30000= 20000+10000) теңгені құрайды. Сондай –ақ жинақтамалық
( топтамалық, синтетикалық) шоттың соңғы қалдықтарының қосынды
сомаларына тең болуы тиіс. Қарастырған мысалымызда бұл сома
(25000= 15000+10000) теңгеге тең.
Осы жоғарыда айтқанымыздай әрбір ұйым өзінің талдамалық
(аналитикалық) шоттарындағы сомаларды әрі қарай жіктеулеріне де
болады. Бухгалтерлік есепте шоттардың жинақтамалық( топтамалық,
синтетикалық) және өзінің талдамалық (аналитикалық) деп аталатын екі
түрінен басқа аралық шот (субшот) деп аталатын түрі де жиі қолданылады.
Бұл шот өзінің аталуына сай жинақтамалық( топтамалық, синтетикалық) шотқа
қарағанда жіктелінген түрде, ал талдамалық (аналитикалық) деп аталатын
шотқа қарағанда топтастырылған түрде қолданылады. Сондықтан да бұны
осы екі шоттың ортасындағы, яғни аралық шот – деп атайды. Бұл шотта
обьектілер тек қана ақшалай өлшеммен есептеліп жүргізіледі. Мысалы,
кәсіпорынның қолда бар отыны 100000 (жүз мың) теңгені құрайды делік. Бұл
жағдайда жинақтамалық
( топтамалық, синтетикалық) отын шотының бастапқы қалдығы 1000 (жүз мың )
теңге түрінде жазылады. Ал осы отын шоты ішінен аралық шот ашатын
болсақ олардың бастапқы қалдығы мына түрде болады:
отын (көмір) деп аталатын аралық шотының қалдығы
30000( отыз мың) теңге;
отын (газ) деп аталатын аралық шотының қалдығы
20000 (жиырма мың) теңге;
отын (мазут) деп аталатын аралық шотының қалдығы
50000( елу мың) теңге

1.2 Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі

Шоттардың жіктелуі басты бейнелері бойынша бөлу принципінің
негізінде оларды топтастырру түсіндіріледі. Бұл шаруашылық
операцияларды бейнелеуде біртектілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді және әрбір жеке шотты терең түсіндіреді. Әйтпесе, жіктелу
шоттарында жазылмайтын және есептердің осы немесе басқа
обьектісінің түрлі жақтарын бейнелейтін қосымша мәліметтерді
білдіреді. Ол ақпарат сипаты туралы түсінікті және сыйымды мәлімет
алуды қамтамасыз ете шот туралы көлемді түсінік береді. Бірақ шот
жоспарында олардың санының жоғарылауы қарапайымдылықты
(анықтамалықты), есептік жылда субьектілердің шаруашылық қызметін жан-
жақты бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Халықаралық және де қазақстандық тәжірибедегі бухгалтерлік
есептік шоттрадың жіктелуінің негізі болып олардың анықтамалық
және пассивтік бөлінуі табылады. Өз аттарын олар баланс жақтарының
есімдерін алған және олардың мазмұнын бейнелейді.
Активтік шот (№ 10 қосымша) активтердің алуан түрін бейнелеу
үшін арналған шаруашылық құралдар, мүлік, кассадағы, есеп айырысу
шотындағы қолма –қол ақша, тауарлар, материалдар т.б.) Пассивтік шот
(№ 11 қосымша) пассивтерді есептейді (шаруашылық құралдарының қалыптасу
көздері, өзіндік капитал, жарғылық капитал, түрлі міндеттемелер).
Олардың құрылымы шот құрылымына қарама- қарсы.
Активтік шоттарда дебиттік бастапқы және соңғы сальдо болады.
Қалдықтардың көбейтетін шаруашылық операциялар дебиттік жақта, ал
сальдо азаюын туынадататын операциялар кредиттік жақта бейнеленеді.
Пассивтік шоттарда кредиттік бастапқы және соңғы қалдық болады.
Халықаралық есеп стандартының базасында жасалған шоттардың жаңа
қазақстандық әдістеменің ерекшелігі бұрын болған активтік –пассивтік
шоттардың жоқ болуы болып табылады. Сәйкесінше, бухгалтерлік есептердің
барлық шоттары ситуациялық шоттардан басқа, активтік немесе
пассивтік болуы мүмкін. Оларға осы және басқа да қалыптасатын
ситуацияға байланысты активтік те, пасивтік те болатын топтар
жатады. Жалпы, бұл жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан,
бөлінбеген табыстан құралған шоттар жатады. Шоттарды ашу, оларда
шаруашылық операцияларды жазу және оларды жабу белгілі бір ережелер
бойынша жазылады. Шот ашу кезінде онда бастапқы сальдо жазылады;
активтік шоттарда – дебетке, пассивтікте – кредитте. Есептік кезең
уақытында шоттарда шаруашылық операциялардың сомасы бейнеленеді: көбеюі-
активтердің дебеті бойынша және пассивтік шоттардың кредиті бойынша;
азаюы – активтердің кредиті және пассивтік шоттардың дебеті бойынша.
Шоттарды бірдей құруда - дебет және кредит - жақтарын құру
шоттардың активтік және пассивтік болуына байланысты. Айырмашылығы -
шоттардың қай жағына сальдо жазылады. Шотта жоғарылауды тудыратын
операциялар, бастапқы сальдо жағына, ал азаюдан туындайтын операциялар
қарама- қарсы жаққа жазылады.
Активтік және пассивтік шоттардың соңғы қалдығы - бұл бастапқы
сальдоны және шотта құралдардың азаюын туындатқан операцияларды
есептемегенде, жоғарылауды туғызатын барлық операциялардың соммаларын
қосу нәтижесі. Шотты жабу есептік жылдың соңында
жүргізіледі.Қалдықтың болуы барлық шоттар үшін арналмаған. Шотта
йналым есептемелерді және соңғы нәтижелер анықталады. Активтік және
пассивтік шоттардың мәлімет детализациялауға байланысты синтетикалық
аралық және аналитикалық болып топтастырылады. Синтетикалық шоттар
ірілендірілген жалпыланған топтастырумен біріңғай ақша өлшеміндегі
шаруашылық процестердің, субьекті құралдарының қозғалысы мен құрамының,
олардың капиталының және міндеттемелерінің есебі үшін арналған.
Синтетикалық шоттардың тізімі (І ретті шоттар) синтетикалық шоттардың
өзінде, бөлшектерде, ішкі бөлімшелерде бухгалтерлік есептік шоттардың
генералдық жоспарында келтірілген. Бұл шоттардың мәліметтері қаржылық
есептілік формасын толтыруда қолданылады. ІІ деңгей анлитикалық
шоттардың біртекті жиынтығы біртекті жиынтығы бойынша синтетикалық
шоттардың ішіндегі ақпаратты аралық жалпылауды сипаттайтын субшоттарды
білдіреді. Субшоттарға негізінде шоттардың немесе І деңгейлі шоттар
дамуында ашылатын ІІ – ші деңгей шоттары жатады. Мұнда есептегі
ақпаратты жалпылау жекеден жалпыға, ал ақпаратты беру процесі
жалпыдан жекеге принципі бойынша жүзеге асырады. Үшінші деңгейге
аналитикалық шоттар жатады, олардың есебі ақшалай түрде де және
түрлері, бөліктері, т.б. бойынша натуралдық өлшемде жүзеге асырылады.
Олар субьектіліктің қаржылық шаруашылық қызметін басқару, талдау,
бақылау, нарықтық экономикадағы оның орнын, бәсекелестермен
есептесулерінің жағдайын бағалау үшін қажет. Субьектілер дің қаржылық-
шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік есеп шоттарының Генералдық жоспарын
пайдалану бойынша Ережемен 1996 ж.18 қараша сәйкес аналитикалық шот
қарастырылмаған, субшоттан қаржылық есептеліктегі ашу бойынша талаптардан
шыға отырып субьектілердің өздерімен, сондай талдау мен бақылау
мақсаттары үшін анықталады.
Синтетикалық және аналитикалық шоттардағы жазбалар бір құжаттар
негізінде жүргізіледі. Субшоттан синтетикалық шоттардағы шаруашылық
өмірдің фактілерін сипаттау синтетикалық, ал аналитикалық шоттарда
аналитикалық есеп дайындалады. Синтетикалық шоттар саны шот жоспарымен
жіктеледі, ал кәсіпорынның аналитикалық шот саны мен аты өз бетінше
белгіленеді. Аталған тұжырымды келесі қосымша арқылы(№12
қосымша)дәлелдеуге болады.
Синтетикалық шоттардың дебиті мен кредиті бойынша айналым
өлшемдерімен біріктірілетін аналитикалық шоттардың барлық айналымының
жалпы сомасына сәйкес тең болуы қажет. Шоттардың қазақстандық
жоспарға сәйкес аналитикалық ашып көрсету белгісі бойынша синтетикалық
шот бөлуінде классификациялық топтар саны қосымша кестесінде (№11
қосымша) келтірілген. Жеке жағдайларда шаруашылықтардың қызмет
операцияларының ағымдық есебі субшоттар бойынша жүзеге асырылады, ол
ақпараттардың қайталануын алып тастауға мүмкіндік береді. Мұнда
синтетиикалық шот көрсеткіштері сәйкес қорытынды субшоттарды қосу
жолымен алады. Егер есеп аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша
жүргізілсе, онда субшоттардың көресткіштерін аналитикалық есептің сәйкес
шоттарының мәліметтерінен шығарады. Есептік ақпарат жүйеде шоттарды
сипаттау және бағытттау мақсатында шоттардың құрылымдық
классификациясы қолданылады (№ 13 қосымшадағы кесте), ол басқару үшін
қажет көрсеткіштерді алу үшін қолданылады. Мұндай классификация мына
сұраққа жауап береді: осы немесе басқа шот не үшін қажет және
басқарушылық шешімдерін қабылдау кезінде оның көмегімен қандай
көрсеткіштерді алуға болады.
Құрылымдық классификациядан шығатын бухгалтерлік есеп жүйесіндегі
қолданылатын ақпараттың қалыптасу ерекшелігін түсіну үшін шота
құрамының қысқа сипаттамасын келтірейік.
Бухгалтерлік есеп шоттардың құрамының сипаттамасы
Негізгі шоттар: (сипаттамасы)
- Инвентарлық шоттар - ақпаратты жалпылау, субьект құралдарын бейнелеу
мен бақылау, материалдық құндылықты бағалау үшін арналған (негізгі
құралдар, материалдар, өнім, тауар, жартылай фабрикаттар, материалды
емес активтер. Оның болуы түгендеуді жүргізу жолымен тексерілуі
мүмкін.
- Ақшалай шоттар – кәсіпорынның қаражатын есептейді (ақшалай қолма-қол
ақша, есеп айырысу және валюталық шоттағы, банктегі арнайы шоттағы
қаражаттар, және басқа да шоттардағы ақша ау дарымдары)
- Қарыздық (ссудалық) шоттар – түрлі ұйымдардан (банктерден және басқа
кредиттік мекемелерден) ҚР- ың территориясындағы және де шет елдегі
ұлттық және шетелдік валютадағы алынған қысқалай және басқадай
қаражаттар бойынша ақпаратты жалпылайды.
- Есептік шоттары - түрлі есептесулер есебі ақпаратын ашады және
активтікке (сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздары, тәуелді
және еншіліес ұйымдық дебиторлық берешегі; басқа да дебиторлық
берешектер, берілген аванстар) және пассивке (девиденттер бойынша
есеп айырысу,бюджетпен есеп айырысу, еншілес және тәуелді ұйымдарға
берешек, аванстар , жабдықтаушылар және мердігерлермен алынған
есептесулер, басқа да кредиттік берешек пен есептесулер ) бөлінеді.
- Капитал шоттары - шаруашылық етуші субьектілердің өзіндік капитал
есебінің ақпаратын сипатттайды (жарғылық капитал, төленбеген капитал,
қосымша төленген капитал, бөлінбеген табыс
- (жабылмаған зиян) резервтік капитал.
- Қаржылық салымдар шоттары - барлық шаруашылық етуші басқа
субьектілердің жарғылық капиталы мен бағалы қарыздарына ұзақмерзімді
және қысқамерзімді қаржылық инвестициялардың болуы мен қозғалысы
туралы ақпарат есебі үшін қолданылады
(инвестициялар мен қаржылық инвестициялар шоттары)

Оперативтік шоттар

(бөлуші шоттар) (өндірістерде шығын және өнім өткізумен ( жұмыс ,
қызмет) байланысты ақпаратты бейнелеу үшін арналған)
- бюджеттік - өнім өткізуден (жұмыс пен қызмет) алынған табыстар
және өткізілетін өнімнің өзіндік құнымен байланысты шығындар және
шаруашылық субьктілерінің басқа да шығындары туралы ақпаратты
сипатттайды. Табыстар дайын өнім (жұмыс пен қызмет) өткізуден
табыс, тауарлар, аренда, материалдық емес активтер, негізгі құралдар,
бағалы қағаздар, курстық айырмашылық табысы және т.б. шоттары. Шығындар
(өткізілген тауарлар) (жұмыс пен қызмет) пайыздар бойынша
шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, жалпы және әкімшілік
шығындар негізгі емес қызметтен шығындар, табысы салығынан шығындар
шоттары.
- жинақтаушы бөлуші - алынған табысты есепте бейнелеу немесе
өндіріс шығындарына шығыстарды бірқалыпты аудару мақсаатыында есептік
кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды есептеу және бөлу туралы
ақпарат береді. Активті (түрлі кезеңге жататын шығындар шоты, аренда
төлем есебі пассивті (күмәнді талаптар бойынша резервтің, алдағы
кезең кірістердің есебі шоттары деп ажыратады.
- ұқсастықты - шоттардың дебеті және кредиті бойынша ескерілетін
мәліметтерді салыстыру жолымен шаруашылық процесстер нәтижелерін шығару
үшін қолданылады. Соның ішінде бұл шот жиынтық табыс (зиян) онда
есептік кезең соңында кәсіпорын табысы мен шығындары есептеледі және
таза табыс (зиян) сомасы анықталады.
- калькуляциялық өнім өндіруіне шығындар есебі үшін, сондай –ақ
есептік кезеңдердің калькуляциялау обьектісінің обьектілердің құнын
есптеу мен аудару үшін арналған. Шығындар пайда болу орындары мен
басқа да белгілері бойынша топтастырылуы мүмкін. Оларға негізгі және
қосымша өндіріске әлеуметтік сфераға кететін шығындар есебінің шоттары,
өндірістегі ақаулар есебі шоттары жатады.

Транзиттік шоттар

- бір элементті - экономикалық мазмұнына байланысты элементтер
бойынша өндіріс өнеркәсіптерінде кететін шығынды топтастырады. Есептік
кезеңде ескеріледі және сәйкес шоттарға көшіріледі ( негізгі , қосымша
өндіріс, жекеменшік сфера). Шығындар элементтері шоты бухгалтерлік есп
стандарттармен қарастырылған және оларға материалдық шығын, еңбек
ақыға шығындар, сақтандыруға аударымдар, негізгі құралдарының тозуы және
басқа да шоттар құрастырылған.
- қаржылық және басқарушылық бухгалтерияны байланыстырушы шоттар -
негізгі аяқталмаған өндіріс, өзіндік өндірістердің жартылай
фабрикаттары, қосымша аяқталмаған өндіріс шоттары бойынша қалдық
сомасы туралы ақпарат береді. Олар осы шоттарда шамалы кезеңде
ескеріледі, содан кейін өндірістік есеп шоттарында қалдық қайтадан
бейнеленеді.
Реттеуші шоттар
- контрарлық - реттелуші обьектінің бағалауын нақтылау үшін арналған
және өз бетінше мәні жоқ. Контрактивтіге (материалдық емес активтердің
амортизациясы, негізгі құралдарының тозуы және контрпассивтік)
бағадан түсімдер, сатудан түсірімдер, сатудан түсірімдер деп бөлінеді.
- қосымша – реттелуші обьектілер көлемі туралы ақпаратпен толықтырылады
және реттелетін обьектінің бастапқы құнынан қосындысымен немесе алуымен
анықталады. Оларға жататындар: негізгі құралдарды қайта бағалаудан
алынатын қосымша төленбеген капитал, инвестицияны қайта бағалаудан
алынатын қосымша төленбеген капитал және басқалары.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер жіктелу негізінде келесі түрлерге
шоттардың бөлімшелері жатқандығын дәлелдейді;
- негізгі,шаруашылық субьектілердің құралдары мен олардың қалыптасу
көздерін есептейді;
- операциялық, шаруашылық процесстер есебімен байланысты.
- транзиттік, белгілі бір уақыт кезең бойы субьектінің құралдарының
қалдығы туралы ақпарат береді, ал олар есептік кезең соңында олар
бұрын көшірілген шоттарға көшіреді немесе сызады;
- реттеуші, субьективтік құралдарының жеке түрлерінің және олардың
қалыптасу көздерінің бағалануы мен жағдайын нақтылау үшін,
сондай- ақ ағымдық есепте одан әрі түзету үшін қажет.
Субьект қызметінде қолданылатын түрлі өзіндік құралдарын белгілі бір
жағдайда орналасқан құралдардан, немесе кепілдеме сипатындағы
міндеттемелерден шектеу үшін шоттар баланстық және баланстан тыс
болып жіктеледі. Баланстық деп баланста қалдығы бар шоттарды атайды.
Оларға І- ІV бөлім шоттары жатады. Халықаралық тәжірибеде оларды нақты
(перманенттік) шоттар деп аталады. Баланстан тыс шоттар заңдылық
бойынша баланстық шоттарда ескерілмейтін обьектілердің, субьекті
иелігінде уақытша тұрған және оларға жатпайтын құндылықтардың, қосымша
есеп пен бақылауды талап ететін активтердің есебі үшін арналған.
Жоғарыда аталған шоттарға Х тарау шоттары жатады. Шоттардың жіктелуі
әлі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мәселе есеп беруден
алынатын нәтижелік ақпаратқа негізделген шот жоспарының классификациялық
белгілерін ғылыми жалпылауда жатыр.

1.3. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары

Шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес нөмірлері бойынша
жасалаған тізімін шот жоспары немесе шот кестесі деп атайды.Біздің
елімізде бүгінгі күні барлық кәсіпорындар 2002 жылғы 18 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 438- санды бұйрығымен
бекітілген бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары бойынша өздерінің
бухгалтерлік жұмысын жүргізіп келеді.Бұл жоспар бойынша кәсіпорында
қолданылатын барлық шоттарды он тарауға бөліп қарастырған.
Бірінші тарау айналымнан тыс аактивтер деп аталып, онда бес
бөлімнің, яғни материалдық емес активтердің шотттары қарастырылған.
Екінші тарау тауарлық – материалдық қорлар деп аталады. Бұл
тарауда материалдарды, аяқталмаған өндірісті және тауарларды есептеуге
арналған үш бөлім шоты қарастырылған.
Үшінші дебиторлық борыштар және басқадай активтер деп аталатын
тарау сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштарын, күдікті
борыштар бойынша резервтерді, басқа да берешек қарыздарды есептеуге
арналған шоттардан тұрады.
Төртінші тарау ұйымның ақшасын есептеуге арналған. Ол тарауларда
қаржылық инвестициялар, кассадағы қолма- қол ақша, есеп айырысу
шотындағы ақша, валюталық шоттағы ақша, банктегі арнаулы шоттағы ақша
және аударылған жолдағы ақша деп аталатын алты бөлімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің шоттары
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу жүйесі
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу
Бухгалтерлік есеп беру
Екі жақты жазу есебі
Бухгалтерлік есеп және оның әдістемелік негіздері
Аналитикалық шот
Пәндер