Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Тарау. Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Бюджет жүйесі туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Бюджет процессі және бюджеттік жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қалыптасуын, пайдалануын және орындалуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 ҚР республикалық және жергілікті бюджетінің орындалуы ... ... ... ... ... ..17
2.2 Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және шығыны ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІІ Тарау. ҚР мемлекеттік бюджетінің дамуы мен нығаюының алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.1 ҚР мемлекеттік бюджетінің дамуы мен бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2 Бюджет қаражатын үнемдеу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру мемлекеттік пен кәсіпорындардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие.
Осы тұрғыда жазылған курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі таңдағы еліміздің мемлекеттік бюджетінің қалыптасуын, оны пайдаланудағы нақты бағыттарының мән-жайын ашу, қалыптасқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Осы бағыттағы курстық жұмыстың өзектілігі – бұл мемлекеттің қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджеттің тұруы, яғни ол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік –экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.

1. Әубәкіров Я., Нәрібаев К. Экономикалық теория негіздері. А.: «Санат», 1998.
2. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н. және т.б. Жалпы экономикалық теория.- Ақтөбе.: «А-Полиграфия» 2004.
3. Вестник налоговой службы Республики Казахстан. №3 март-2005.
4. Қашықов Ш., Нұрғалиев. Экономикалық теория негіздері.- Қарағанды.: ҚарМТУ., 1997.
5. Ильясов К., Саткалиев В. «Государственный бюджет». А.: 1998.
6. Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б., Мәмбетов Ғ. Нарықтық экономика негіздері.
7. Нәрібаев К.Н. Экономиканың ғылыми зерттеу әдістері. А.: Қазақ университеті.- 1999.
8. Медведев В.А., Абалкин Я.И. Политическая экономия. Учебник для вузов.
9. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі. ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы.-2004. қаңтар-шілде-№7.
10. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С., 3-е изд., Юристъ, 2001.
11. Қ. Ахметов. «Қолданбалы экономика».
12. «Экономика және бизнес» журнал. 2001.
13. Табаев Т.Т. Экономикалық теория. А.: «Қазақ университеті» 1999. 61-65 беттер.
14. Ресми газеті. О.Жандосов. №12(168).20 наурыз 2004 жыл.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Тарау. Мемлекеттік бюджет және бюджет
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Бюджет жүйесі туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 8
1.3 Бюджет процессі және бюджеттік
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 12
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қалыптасуын,
пайдалануын және орындалуын талдау ... ... ... ... ... ... ... . .17
2.1 ҚР республикалық және жергілікті бюджетінің
орындалуы ... ... ... ... ... ..17
2.2 Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және
шығыны ... ... ... ... ... ... ... . ... ..20
ІІІ Тарау. ҚР мемлекеттік бюджетінің дамуы мен нығаюының
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.1 ҚР мемлекеттік бюджетінің дамуы мен
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.2 Бюджет қаражатын үнемдеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің
орталықтандырылған қаражат қорын құру мемлекеттік пен кәсіпорындардың
арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Мемлекеттік бюджет
экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие.
Осы тұрғыда жазылған курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі таңдағы
еліміздің мемлекеттік бюджетінің қалыптасуын, оны пайдаланудағы нақты
бағыттарының мән-жайын ашу, қалыптасқан мәселелердің шешу жолдарын
қарастыру болып табылады.
Осы бағыттағы курстық жұмыстың өзектілігі – бұл мемлекеттің қаржы
жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджеттің тұруы, яғни ол елдің
ерекшелігін, оның әлеуметтік –экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын
білдіреді.
Курстық жұмыс үш тарауды қамтиды және келесі жағдайларды қарастырады:
І Тарауда мемлекеттік бюджет жүйесі, оның мәні мен негізгі
функцияларына анықтама беріледі. Сонымен қатар, бюджет процессі және
бюджеттік жіктеу қарастырылады.
ІІ Тарауда, негізінен, мемлекеттік бюджеттің қалыптасуы, пайдаланылуы
мен орындалуына талдау жүргізіледі.
ІІІ Тарауда еліміздің мемлекеттік бюджетінің дамуы, оның алғышарттары
мен бағыттары қаралады. Сонымен қатар, бюджет қаражатын үнемдеу барысында
туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары көрсетіледі.
Ел бюджетінің құрылымы - сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты.
Қазақстандық бюджет республикалық стратегиялық басымдықтарын жүзеге
асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы
ағымдарының қозғалысын реттейді.
3
Республикамыздың ең маңызды мәселелерінің бірі - қаржы болып
табылады.
Бюджет тиісті қаржы жылына арнап Үкімет қабылдаған Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспарының
негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл
сайынғы қалауын ескере отырып қалыптастырылады.
Бекітілетін республикалық бюджет тапшылығының мөлшері ұлттық валютамен және
ішкі жалпы өнімге қатысты процентпен, ал жергілікті бюджет тапшылығы ұлттық
валютамен көрсетіледі.
Бюджет кірістері салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын
түсімдердің, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін
капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Бекітілген бюджет Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті
жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет.
Курстық жұмыстың соңы үш қосымшамен жалғасады. Олар, негізінен,
мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығыстары бойынша 2003-2004 жылдарғы
динамикасын бейнелейді.
4
І Тарау. Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі.
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және функциялары.
Қоғамдық өнімді құндық бөлу процесінде мемлекттің кәсіпорындармен,
мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастарының айрықша саласы
құрылады. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілерге тән
және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат
қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей
қатысумен жүзеге асыралады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік
бюджет деп аталған ұғымның экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Қоғамдық өндірістік жоспарлы дамыту
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.
Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шарушылығы ауқымында қорлардың
үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін және жалпы экономиканың тұрақты жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени
шараларды өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың
жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржының аса объективті
қажеттілігі ұдайы өндрістің қажеттерінен, мемлекеттің табиғатынан
туындайды. Нақты объективті бөліс қатынастарының формасы болғандықтан
айрықша қоғамдық қызметті орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық
категория ретінде көрініс табады. Қаржылық қатынастарды бейнелеп, қаржы
қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің қаржы категорясына
тән сипаты бар, бюджет қатынастары бөліністік сипатта бар; бюджет
қатынастары бөліністік сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану
арқылы жүреді.

орталықтандырылған қаражат қорын құру, оны жоспарлы түрде бөлу
5
процесінде және ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа қоғамдық қажеттерді
қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен кәсіпорындардың арсында
қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Бюджет
механизмі –мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру
және пайдалану нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Өндірістен тыс салалардағы мекемелер қызметінің дамуының басты
көзі – бюджет қаржысы болып табылады. Бұл салалардағы мекемелер мен
ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан,
бюджеттен қаржыландырылады. [1].
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, ғылым,
мәдинет, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттің шығындары – жалпы
мемлекеттің ауқымдағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін қаржы базасы. Өндірістік болып саналмайтын салалар құрлымын
ұлғайтуға бюджеттің маңызы зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік бюджет арқылы тұтыну
қорының нақты көлемін қалыптастыруға, аумақтық пропорцияға әсер етуге
болады.
Мемлекеттік бюджет еліміздің негізгі қаржы жоспары ретінде
Парламенттің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Мемлекеттік бюдет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы
ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке және қоғамдық бүкіл
экономиканың барлық секторы ауқымында қорлар қамтамасыз ету үшін
пайдаланады.[2].
Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады.
Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін оның
әлеуметтік-экономикалық құрлысын, құрлымын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының
6
орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді
қаржыландыруға және әлуметтік – экономикалық қызметтерді атқаруға
жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің,
шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге
асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі
қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат.
Халықтың ортақ қазынасы болып табылатын – бюджетке қаржы түсіру
экономика кәзіргідей тұрып келе жатқан шағын да қаншалықты қиын болса,
түскен қаржыны білікті жаратып, оны ұқсата білу одан да қиын. [3].
Облыс бюджетінің жартысына жуығы халықтың әлуметтік мұқтаждығына
жұмсалады, қалғаны бюджеттегі мекемелердің жалақысы, оларды ұстаушығыны,
науқастарға дәрі-дәрмек. Толық еңбек стажы жоқ зейнет жасына жеткендерге,
мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдем ақының өзі
15 миллд. теңгені құраса, бұған қосымша зейнетақылық бюджеттен 105 мың
зейнеткерге, 4,2 миллиард теңге таратылады. [4].
Сондықтан да бюджет – халықтың ортақ қазынасы.
Бюджетке қатысты алғанда функция экономикалық категорияға тән
қасиеттердің өзіндік бейнелеу тәсілдерін білдіреді. Функцияда категорияның
қызметі бейнеленеді, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Мемлекеттік бюджет бөлу және бақылау сияқты екі қызмет атқарады.
Бөлу функциясының көмегімен қоғамдық жиынтық өнім және оның маңызды бөлігі
бөлінеді. Орталықтандырылған қаражат қоры құрылып мемлекеттің тікелей
қатысуымен қоғамдық қажеттерді өтеуге арналады.
Бақылау функциясы мемлекеттің орталықтандырылған қаржы
ресурстарын толығымен қалыптасуына, тиімді қолдануына, арналымды түрде
пайдалануына, бақылау жасауына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу және бақылау қызметі, өнімнің алғашқы
бөлігі мен қайта бөлінуіне қатысуы біркелкі, олар бюджеттік қатынастың
7
тығыз байланысты екі шетін көрсетеді.
Бюджеттік бөлу қызметі аумақ аралық, сала аралық, сала
ішіндегі, шаруашылық ішіндегі және өндірістік емес экономиканың
секторларының арасындағы бөлікті қамтиды. [5].
Аумақ аралық бөлік салықтар мен түсімдердің әр деңгейдегі
бюджет реттеуінің әр түрлі түрлерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл бөлік
әр деңгейдегі әкімшілік – басқару органдарының әлеуметтік – экономикалық
дамуын қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет экономиканың секторларының арасындағы ұлттық
табысты бөлудің бірден-бір құралы болып табылады. Бөлудің осы түрлерінің
арқасында барлық экономиканың өлшемдік үйлестікте дамуына қол жеткізіледі.
Мұның өзі республика өндірісін дамыту үшін, сонымен қатар артта қалған
аймақтардағы экономика мен әлуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын көтеру үшін
өте маңызды. Демек, бөлу қызметі арқылы бюджет белгілі бір қоғам
қызметтерін қанағаттандыру нәтижесінде қоғамдық өндіріске қатысушылардың
барлығының экономикалық мүдделері, олардың қоғамдық өндіріске қатысу
дәрежесі мен нақты еңбегі үшін ескеріле отырып қанағаттандырылуға тиіс.
[6].
Бюджеттің бақылау функциясының негізіне – бюджеттік қорлардың
қозғалысы, бюджеттік түсімдер мен шығын аралымдарының көрсеткіштері жатады.
Қазіргі жағдайда компьютер жүйелері іске қосылып, бюджеттің бұл қызметін
дамытып отыр.
2. Бюджет жүйесі туралы ұғым.
Бюджет жүйсі экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген өз
алдына жеке бюджеттердің жиынтығы.
Бюджет құрылысы дегеніміз – бюджет жүйесін құрудың принциптері,
оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары. Бюджет
8
жүйесінің құрылымы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар
кіреді:
- республикалық бюджет
- жергілікті бюджеттер, соның ішінде ;
-облыстық , қалалық ( республикалық және облыстық маңызы бар қалалар )
бюджеттері, аудандардың бюджеттері, арнайы экономикалық аймақтардың
бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет – Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді
органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс
қорлар мен арнайы экономикалық аймақтардың экономикалық және әлеуметтік
даму қорларының бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі.
Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылысы республикалық бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, толықтылығы, нақтылығы, жариялығы және
дербестігіне, принциптеріне негізделеді.
Бюджет жүйесінің бірлігіне бірыңғай құқықтық негіз, бірыңғай
бюджеттік жіктеуді пайдалану, бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беріліп
отыратын мемлекеттік қаржы статистикасының бірлігі, ақша жүйесінің бірлігі
арқылы қамтамасыз етіледі. Ол барлық деңгейдегі бюджеттердің кірістерді
қайта бөлу, нысаналы бюджеттің қорлар құру, оларды ішінара қайта бөлу
арқылы өзара іс-қимыл жасалуына негізделген.
Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңестірілуі бюджет-қаржы
саясатының басты шарты, депутаттардың маслихат – жиналысында бюджеттер
қаралып, бекітілген кезде бюджет тапшылығының шекті мөлшері белгіленеді.
Бюджеттік тапшылығының анықтамасы – үкіметтің қарызға алған салаларын
қоспағанда, шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген
несиелердің, бюджетке түсетін түсімдердің жалпы саласынан асып түсуі.
Республикалық бюджеттің құрамында
9
бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге
шаққандағы поценттермен көрсетілмейді.
Республикалық бюджет негізінен жалпы мемлекеттік салықтар
есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне
Конституциясымен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген
міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленетін жалпы мемлекеттік бағдарламалар
мен шаралар қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының
қоры болып табылады.
Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет Қазақстан
Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында есепті жылдың 15
желтоқсанында бекітілуі тиіс. Жергілікті бюджеттер тиісті депутаттардың
маслихатында қаралып бекітіледі. Жергілікті бюджеттен, жергілікті
бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті
бюджет арқылы жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың бір бөлігін
іске асыруға жол беріледі.
Мемлекеттік бюджетте мынадай көрсеткіштер көрініс табады:
1. Мемлекеттік экономикалық және қаржы тұрғысының, мақсаттарының өзара іс-
қимылы;
2. Түрлі деңгейдегі бюджеттердің және экономиканың әртүрлі секторлары мен
бюджеттердің өзара іс-қимылы;
3. Салық фискалдық құралдарға жетілдіру;
4. Бюджеттен тыс қорларға бөлінетін қаржының көздері мен мөлшері;
5. Бюджетке келіп түсетін кірістердің және бюджеттердің тапшылығының
мөлшері;
6. Жергілікті бюджеттердің теңестірілуі;
7. Мемлекеттік борыштың өтелуін және мемлекеттің қаржы операцияларын
жасайтын ықпалын ескере отырып, оның жай күйі мен серпіндігін бақылау;
Бюджет жүйесі туралы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
10
Бюджет мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және тиісті
заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және
түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры;
Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы
өзара өтелетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы;
Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарыз
алушы өзінен алынатын саланы белгіленген мерзімде төленетін жағдайда
несие беруші алдындағы берешекті ішінара немесе толық өтеу жөніндегі
міндеттемесі;
Мемлекеттік қарыз алушы шарт немесе мемлекеттік бағалы қағаздар
түрінде көрсетілген мемлекеттік игеру, тарту және өтеу процесі;
Мемлекеттік борыш белгіленген мерзімде үлгерілмеген және өтелмеген
мемлекеттік заемдар салады;
Мемлекеттік шот мемлекеттің барлық деңгейдегі бюджеттердің және
бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу
тәртібі;
Бюджет тапшылығы үкіметтің қарызға алған салаларын қоспағанда,
шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің
бюджетке түсетін түсімдердің жалпы саласынан асып түсуі.
Республикалық бюджеттің құралында бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық
валюта мен жалпы ішкі өнімге шаққандағы проценттермен көрсетіледі.
Бюджет кірістері салық және салық емес түсімдермен алымдардың, сондай-
ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын
операциялардан түсетін кірістердің көлемі;
Жергілікті бюджеттер облыстық, қалалық, аудандардың және арнайы
экономикалық аймақтағы бюджет;
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мемлекеттік борыш бойынша
проценттерді, сақтандырушылық және комиссиялық алымдар мен
11
айыппұлдарды төлеумен байланысты жиынтық төлемдер;
Ресми трансферттер бюджетке тегін және қайтарылмайтын болып түсетін
түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығындар және т.б.
Секвестр – заңдармен белгіленген тәртіп бойынша бюджет шығысының
бекітілген шекті лимиттерін пропорциялық түрде, белгілі бір процестерге
шағып қысқарту.
1.3 Бюджет процесі және бюджеттік жіктеу.
Бюджет процесі – мемлекеттің өз органдар мен лауазымды адамдары арқылы
барлық деңгейдегі бюджеттерді жасау, қарау, бекіту, атқарылуы туралы
есептерді бекіту жөніндегі заң арқылы регламенттелген қызметі.
Бюджет процесінің құрамдас бөлігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттер
арасындағы қаржы ресурстарын ішінара қайта бөліске салатын бюджеттік
реттеу.
Қазақстандағы бюджет процесі 1996 жылдың 24 желтоқсанындағы Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі туралы зағымен, республиканың басқа да
заңдарымен, сонымен қатар, жергілікті өкілетті және атқару органдары
туралы заңдармен айқындалады.
Республикалық бюджетті бекіту және бюджетке өзгерістер мен толықтырулар
енгізу әуелі мәжілісте, содан кейін мұқият талқыланғаннан кейін
палаталардың бірлескен отырысында шешіледі. Республикалық бюджеттің
атқарылуы бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының бюджеті бекілген соң, бір апта мерзімінде қаржы
министрлігі облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне
мынадай көрсеткіштерді хабарлайды:
1) Жергілікті бюджеттердің кірісіне жалпы мемлекеттік салықтар мен
алымдардан бөлінетін қаржының жобаланып отыратын мөлшері;
12
2) Жалпы мемлекеттік бағдарламаларды (нақ қандай екенін көрсетіп)
қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлінбекші болып отырған
қаражат сомасы;
3) Жергілікті атқарушы органдар үкімет алатын несиенің шамамен алынған
сомасы;
4) Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды басқару аппаратын ұстауға
арналған шығыстардың шекті лимиттері;
Республикамыздағы экономикалық реформалардың ауыртпалығы аймақтарға және
нақты шаруашылық жүргізуші субъектілерге тиісті. Ал оны жүзеге асыруда
басты рөлді жергілікті бюджеттер атқармақ. Бюджеттік қатынастарды атқарудың
ұйымдық формалары бюджеттің нақты түрлері арқылы көрініс табады. Жергілікті
деңгейде бюджеттік қатынастардың ұйымдық формаларын кешенді қарау
жергілікті бюджеттер қызметіндегі екі жүйені анықтап бермек. Олардың бірі
түсетін кірістер мен шығынды міндеттерді қалыптастыру жөнінде жүйе болса,
ал екіншісі, оларды реттеу жүйесі болып табылады.
Жинақты бюджетті жоспарлауды реформалауға байланысты жасалған
ұмтылыстарды басқарудың барлық жүйесінің қатар орталықтандырылуына келіп
тіркелетінін ескеру керек. Жалпы мемлекеттік кірістермен бюджеттік буындары
арасындағы салықтарды бөлудің салыстырмалы тұрақты нормативтері негізінде
барлық деңгейдегі басқару органдардың бюджеттерін жоспарлау осы проблеманы
шешудің бірден-бір жолы болып табылады. Нақты шектеу барлық деңгейдегі
басқару органдарынан бюджеттің жоспарлауда жүзеге асырылатынын талаптардың
бірі болып табылады.
Жиынтық бюджетті жоспарлауды тұрақты нормативтер мен салыстырмалы
түрде іс-жүзіне қолдану шаралары әр буынның шығындарын қалыптастыру
барысында жүзеге асырылады. Ол тапқан қаржының түсуіне тікелей тәуелді
болатын басқарудың жергілікті органдары деңгейінде өзін-өзі қаржыландыру
принципін енгізу үшін қажет жағдай туғызады. Алайда,
13
жалпы мемлекеттік кірістер мен салықтардан қаржы бөлуді тұрақты нормативтер
жүйесі шын мәнінде аймақтарын экономикалық дербестігіне қатысты барлық
проблемаларды шеше алмайды және бұл мүмкін емес. Өз бюджеттерінің нақты
қожайыны болған жағдайда жергілікті органдар дербес және өздері еңбек етіп
тапқан ресурстарын кәдеге жаратып, тек жыл көлеміне ғана емес, сондай-ақ
жуық болашақтағы еркін эканомикалык же әлеуметік дамуына дербес болжам
жасауға мүмкіндік алады.
Бюджет жіктелуі – функцианалдық, ведомоствалық және эканомикалық
сипаттама бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын
шоттарды топталуы .
Бюджет жіктеліуі мемлекетік, эканомикалық және әлеуметтік
дамуынаң, болжамдары және бағдарламалары мен мекемелердің қаржы жоспарларын
бюджетпен байланысып қамтамасыз етеді : жеке сметалар мен қаржы жоспарларын
жиынтық сметаларға және жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, жиынтық
жоспарлар мен бюджет байланысын қамтамасыз етеді .
Бюджет жіктеу барысында бюджет кірістері санатқа, сыныпқа, ішкі
сыныпқа және ерекшеліктерге топталады. Ал бюджеттің шығыстар тобы
функционалдық топқа, фунцияға, ішкі функцияға, мекемелерге топталады.
Бюджеттің кірістері мынадай санаттардан тұрады :
1. Салық түсімдері;
2. Салықа жатпайтын түсімдер;
3. Капитал мен жасалатын операциялардан алынатын кірістер;
4. Алынған ресми трасфертер сыныптар санаттардың одан қарай эканомикалық
мазмұнын толықтырады .
Санат –салыққа жатпайтын түсімдер мынадай сыныптардан тұрады :
а)кәсіпкерлік қызымет пен алынатын кірістер;
ә)әкімшілік алымдар мен төлемдер, комециялық емес және іліспе саудадан
алынатын кірістер;
14
б) салықа жатпайтын өзгеше түсімдер;
Қаржы және қаржылық кызмет аталатын ішкі функциядағы көрсетілген
шығындарды мынадай жіктеуге болады :
1.Қазақстан Республикасының қаржы министірлігі;
2.Жекешелендіру жөніндегі мемлекетік комитет, Бюджеттік шығындардың
жіктелуі мынадай көрсеткіштерге ие:
1. 15 функционалдық топтар бар ;
2. 11 функция ;
3. 99 ішкі функция ;
4. 699 мекемелер ;
5. 99 бағдарлама ;
6. 99 ішкі бағдарламалары бар ;
Бюджет шығындары ескі құрылымнан тұрады:
1. Функцияналдық (міндеткерлік) - мемлекеттің негізгі міндетіне
(қорғаныс, білім беру т.б) сәйкес дайындалады;
2. Ведомствалық – нақты саланы (қаржы-қаражаттың қайда бөлінетінін ) және
қаражаттарды нақты бөлушілерді (министірліктер мен ведомстваларды )
анықтайды.
Бүгінде мемлекеттік қаражат жылдық жоспары (ГБ онан әрі) 2004 жыл артынан
республикамен атқарылған 104,5 пайыз немесе қосымша 55848,9 млн. теңге
түсті.
Болжау жанында 1231065,1 млн. теңге, соның ішінде:
Салықтың нақты түсу және төлемі республикамен 01.01.2005ж.
Қаражат түрі Болжау Факті 01.01.2005ж.% төлеудің
0170172005ж.
РБ 847823,9 895186,2 105,6
МБ 383241,2 391727,8 102,2
Қаражат толық атқарылуын байқауға болады. Дәл осылай Ақтөбе
15
облысымен МБ жоспары атқарылған 96,7; Атырау облысымен – 93,2 пайыз. МБ
жоспар Ақтөбе облыспен салықтардың келесі түрлерімен және төлемдерімен
байқалады: мемлекеттік баж салығымен төлқұжаттардың біреуінің атынан және
куәліктердің ҚР азаматтарына және қалғанымен салық түсулерге емес Атырау
облысында МБ жоспар атқарылуы заңды жеке беттерден дара кіріс салықпен
байқалды, табыстардың, салық салатындардың, төлеу қайнарында (ИПН онан
әрі) мүлікке салыққа заңгерлік беттерден, төлеуге орта ластануының
артынан, төлеуге пайдаланудың артынан кеме жүзетін су жолдарымен және
қалғаны салық түсулерге.
Көрсетілген ерекшеліктерге жоғарырақ, қайсыларға тап осы аймақтармен
МБ жоспар атқарылған емес, ИПНмен толық жасалмау себебін талдады және
мүлікке сай Атырау облысынан заңгерлік беттерге қатысты жүргізіледі.
Себеп жоспардың толық жасалмауы дәл осындай өзгертулердің салуымен
01.01.2004ж., салық төлеу ретінде, жұмыстардың көлемдерінің қысқартуымен
және келісімдердің мезгілдерінің аяқтауымен басқа өзімен-өзі құрылысты
бөлімшелермен.
Қаражатқа түскен жоспардың толық жасалмауы, сонымен қатар заңгерлік
беттердің мүлігіне салықпен жіберілген орындалусызға әсер етті.
Нәтижесінде 2003ж. Қорытындылай ЖШС азаюға деклорацияны ұсынды,
қосымша төлем не себепті құрылғаны мен алдыңғы ақы төлеу шотына ескерілген
болатын.
16

пайдалануын және орындалуын талдау.
2.1 ҚР республикалық және жергілікті бюджетінің орындалуы.
Мемлекеттік кірістердің қаражатына жалпы 2003-2004 жж. салыстыпмалы
талдауы бойынша бүгінде табыстардың жалпы түсуі (мемлекеттік қаражатқа
және ұлттық қорға байланысты), салыстырумен өткен жылға ұқсас, яғни 124,9
пайызға үлкейді. Яғни 2003ж. 1128295,9 млн. теңге түсті, ал 140912,2 млн.
теңге 2004 ж. Жартысынан салықтардың сома және төлемі біріктірілді, яғни
280826,8 млн. тенгеден астам.
Осы барлық факторлар бойынша әрбір таңдалған типтік квартал
шекараларында қамтамасыз етудің орташа коэффиценттері есептелген.
Жылжымайтын мүлік орталығының мәліметтерін есептей отырып,
жылжымайтын мүліктің 1 шаршы метрінің құны арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz