Бюджеттен тыс қорлар туралы ақпарат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Бюджеттен тыс қорлардың жалпы сипаттамасы
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 . 8
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс
қорлардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.18
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары
2.1 Қазақстанда бюдеттен тыс қорларды қолданудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19 . 24
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ..25. 31
ІІІ тарау. Қазақстан экономикасына бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік . экономикалық проблемалары
3.1. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ... ... ... ... ... ... ... ...32 . 33
3.2. Қазақстан Республикасының жинақтаушы
зейнетақы жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34.36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.38
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Қосымша

Жалпы мемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудлың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономиткалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қоры мен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып жұмыс істей бастады.
Жалпы бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.

1. «Республикалық бюджет туралы» заң, 1998 жыл
2. «Міндетті әлеуметтік сақтандыдыру туралы» заң. 1998 жыл
3. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң. 1998 ж.
4. «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» 19988 жыл
5. Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. І бөлім.- Алматы: 2002 ж - 495 бет
6. ІлиясовҚ.Қ, Құлпыбаев С. Қржы. Оқулық. Алматы: 2002 ж-592 бет
7.Ситқасымов Ғ.С. жалпы редакциясын басқарумен. Ақша,несие банктер: Оқулық. – Алматы: экономикалық 2001- 966бет.
8. Сахариевы. С.С, Сахариева А.С, Сахариева А.С. финансы: учебник-Алматы: Иридическая летература. 2004 -450стр.
9. Подрет проф. Романовского эм.в., Пров. Врублеской О.В., Пров СабантиБ.М.-М.:иИздательситво «перепевлива»; издательство «юрант», 2000-520стр.
10. Мельников. В.Т. Ильиясов К.К, Финанси: учебник. – Алматы: 2001- 512 стр.
11. Подред. Проф. Ковалевой А.М. фенаси: учебник пособые. 3-изд., перерев и доп – М.: Финансы и статестики, 1999, 384 стр
11. Сабанти Б.М. Тиория финансов: Учебное пособые.2-изд. –М.: издательство «менеджер», 2000-192 стр.
13. Подред. Проф. Дровосиной. А.А. Финанси. Юните 1999-527стр.
14. Свериридов. О.Ю. деньги, кредит, банки. Серия «учебники, учебние пособия»- Рустов Н.-Дону: «феникс», 2001-448стр.
15. Бабия А.М., Павлова Л.Н. финанси: угебник:- М.: ИДФБК- ПРЕСС, 2000-760 стр.
16. Аль – Пари, // 2000 № 5
17. Мир финансов // 2005 № 10
18. Саясат – POLICY // 2002, № 11
ҚОСЫМША – 1

Жоспар:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Бюджеттен тыс қорлардың жалпы сипаттамасы
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 - 8
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс
қорлардың түрлері

... ... ... ... .9-18
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлары
2.1 Қазақстанда бюдеттен тыс қорларды қолданудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 19 - 24
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ...25- 31
ІІІ тарау. Қазақстан экономикасына бюджеттен тыс қорлардың
әлеуметтік – экономикалық проблемалары
3.1. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... 32 - 33
3.2. Қазақстан Республикасының жинақтаушы
зейнетақы жүйесі

... ... ... ...34-36
Қорытынды

... ... ... ... 37-38
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..39
Қосымша
Кірісіпе
Жалпы мемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер
қаржы ресурстарын ұйымдастырудлың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономиткалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қоры мен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып жұмыс істей бастады.
Жалпы бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды
буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң
жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Курыстық жұмысымның негізгі мақсаты- қажеттіліктерін қанағаттандыруды
қарждыландыруға бағыталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық
табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады. Осы мақсатты ескере
келе, келесі міндеттер қарастырылады:
-бюджеттен тыс қорлардың мәнін анықтау;
-бюджеттен тыс қорлардың түрлерін көрсету;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.
Курыстық жұмысты жазу барысында келесідей экономист ғалымдардың
еңбектерін пайдаланылды: Ілясов Қ.Қ, Құлпыбаев.С, Мелькинов В.Д, Сабанти
және т.б.
Сонымен қатар сандық берілгендер келесі ақпараттық құралдардан алынды:
саясат, қаржы- қаражат, Аль - Пари

Бюджеттен тыс қорлар- мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарыгның жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржылындыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылапды.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік- экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң фунциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдеру, бір жағынан бюджет тапшылығын
төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен
тікелей байланысты емес шығыстардың ауртпалығын шаруашылық органдарына
аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін
экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда нарыққа өту кезінде
халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және
тиімлді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір
шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін тежелеуі қажет болды. Бұл
міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты
әлеуметтік
Қорғаудың біріңғай одақтық – рекспубликалық қорының, Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың –
Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның
инновациялық қорларының және басқаларының өте- мөте тар мақсатты арналымы
болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықта
әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық- республикалық қоры уақытша қызмет
етті- бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдыратын қаражаттардың белгілі бір
иесізденумен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды
қалдыпатастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы
бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддемі
үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының
бұл нысанының әлеуметтік- экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы
қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы
қатынастарды саралауға, олардың бір бөлігін тармаландырылған сфераларға
бағыттауға, қаржылық қызметін әр түрлі бағыттарда бұл қатынастардың өзіндік
әр тараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық мақсаты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынанда өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне
қарай мемлекетік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар- экономикалық дамудың проблемаларын шешуге
арналған қорлар. Әлеуметттік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын
шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар- бұл мемлекеттің
деңгейде ал аймақтық қорлар аймақтық деңгенйде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражатттарын жұмсаудың негізгі
бағыттары мыналар:
Жарғылық қызмет;
артық ақшалардың белгілі бір үлесмін қаржы активтеріне инвистициялау;
каммерциялық қызмет;
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қарды буындарының бірі болып
табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар - бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бір қатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік
негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы
ресурстардың қайта болуы және пайдалану нысаны.
Арналымы- мына арнаулы мақсатты ауыдарымдар есебінен мақсатты
шараларды қаржыландыру;
а ) арнаулы мақсатты салымдар;
ә ) қарыз және ақшалай- заттай лотереялар өткізу
есебінен ;
б ) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен ;
в) косымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы
ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңи және жеке түлғалардың
қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
Отандық кәсіпорындарды қаржыландру, қаражаттандру, несиелендіру жолымен
өндіріс процесіне ықпал жасауға;
Арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін
айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын
қамтамасыз етуге;
Зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақүлымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсеруге;
Қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлеккетерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының- орталык республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату:
ә) кеден баждарын төлеуден босату ( коммерцмялық қызмет бойынша
жеңілдіктер болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптаструдың көздері шешілетін міндеттердін
сипатымен және ауқымдылғымен алдын ала анықталады. Көздердің әр алуандығы
мен олардың мөлшеріне сол бір кезендегі елдің экономикалық және қаржы
жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады..
Әкімшілік- аумақтық бірліктер бойынша ажырай отрып, олар мемлекет
аумағында әр түрлі болуы мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін
қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына қорлардың арналымы, нақтытылы
экономикалық жағдайлар және әзірленген және іске асырылатын
бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір бөлігі
құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жие тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржылдандырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялармен қарды
рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды
ажыраты білген жөн; соңғылары бірқатар мемлеекеттік бюджеттен тыс қорларға,
мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілік,
тік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанмен өзінің мақсаты
арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай- ақ бюджеттен тыс
қорлар және мақсаты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996
жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттік құрамында болып келді: жер
қойнауын қорғау және минералды- шикі зат базасын толықтырудың республикалық
қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да
қорлар мезгіл- мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке
енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның
ұрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетілді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шарушылық жүргізуші
субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амотизациялық,
валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын
арнаулы қорлар термині қолдангылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсаты
арналымиын баса көрсеитеді.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлекмдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтар: олардың көбісінің залалдығы, өзара
берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері тенгерімсіз болды және шұғыл әлеметтік- экономикалық мұқтаждарды
мақсаты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстан мемлекетік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекетің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатта сәйкес емес деп танывлады: қорлардың қаражаттары ресмпубликалық
бюджетке шоғырырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы
ресурстарын апративті басқаору мақсатымен оларды дербес қалыптасуды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
1. 2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлардың түрлері
Қаржы инситуттарының- бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары
қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір
қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен
жасалады.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы
салық);
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
3) санаторилерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан
түскен табыс;
4) басқадай көздер;
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалады:
1. жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті
болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға
дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).
2. Санаториялық – курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3 Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен
бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынанай көздерден жасалады:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысана қарамастан барлық шарушылық органдары төлейтін
сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғарғы орыналарлық қаражаттары,
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б.
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақылрды төлеу;
3) материалдық көмектің бірінші жолғы төлемақылары;
Зейнетақы қоры. Оның басты міндеттері:
- Зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсаттыи алым және
қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық
бағдарламаларды қаржыландыруға келісім- шарт негізінде қатысу;
-өзін- өзі қардыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының
ұдайы өндіріс ұлғайту.
Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министірлігіне бағынады.
1994 жылғы Зейнетақы қоры бюджеттің құрамына біріктіріліп, төрт айдан соң
қайтадан бөлінген. 1995 жылдан бастап Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып
саналады.
Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне
байланыссыз жұмыс беретін кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-
ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының
аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру
қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30 пайызын құрайды.
Жинақталатын жарналардың 85 пайыз қаражаты – Зейнетақы қорына. Ал 15 пайызы
- Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті Медициналық сақтандыру қорына
тиесілі. Қор бюджетінің жобасын Әлеуметтік қорғау министірлігі жасайды және
оны қордың басшыларына береді, оның құрамына: Қаржы министірлігінен,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және Президент әкімшілігінен
өкілдер кіреді.
Әлеуметтік сақтандыру қоры- аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін,
мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр
түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен
сақтандыру әдіс арқылы құралады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты
еңбекақы төлеу қорынан- мемлекеттік әлеуметтк сақтандыруға аударымдар
жасауы есебімен қалыптасады. 1993-1995 жылдары бұл қорға барлық
аударымдардың 15 пайызы түскен. 1996 жылы 1 қаңтарынан бастап бұл
көрсеткіш 5 пайызға азайған. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әр
түрлі жәрдемақылар төлеуге (уақтша жұмысқа жарамсыздарға, бала туына және
бала туған кезде бір мезеттік жәрдемақы түрінде және т.б.), емдеу- демалыс
орындарын қаржылдандыруға жұмсалады. Бұл қордың шындардың басым бөлігінен
жәрдемақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.
Еңбекпен қамту мемлекетік қоры 1991 жылы мемлекеттік жұмыспен қамту
қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құралған және мемлекеттің
жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды
қаржыладыруға бағытталды. Қаулымен анықталғандай, оның қаражатты
мемлекеттік бюджетке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қор болып
табылады. Соған қарамастан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жасалуы және
артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол
бюджетке біріктіреді. 1995 жылдың мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту
мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.
Оның қаражат көздеріне:
-меншік және шарушылық жүргізу түрінде байланыссыз кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің және басқа да жұмыс берушілердің еңбекақы
төлеу орнынан белгілі мөлшерде міндетті аударымдар жасау (2 пайыз);
- мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация;
- отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық бұйымдардың және
азаматтардың ерікті жарналарынан, коммерциялық қызметтен түсетін
табыстардан және басқа да түсімдлерден.
Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры. 1995 жылы 29 қыркүйектігі
Қазақстан Республикасы үкіметін №1295 қаулысымен Қазақстан Республикасы
үкіметі қарамағында міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл Қор
Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгендей, міндетті медициналық
сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облысындағы
мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай –ақ ол жүйесінің қаржылай
тұрақтылығыне қамтамасыз етуге байланысты шараларды дайындап жүзеге
асыруға, Қазақстаннның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға
медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады.
Қазақстан Республикасында бюджеттен тыс қорға аударымдар пайызы.
Еңбекке төлеу қоры.
Зейнетақы қоры. Әлеуметтік
сақтандыру қоры (5%)
Мінд.мед. сақтандыру қоры (10%)
ҚР үкіметі қарамағындағы Міндетті медициналық сақтандыру меншігінде
бола отырып, бюджеттік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.
Олар келесі көздердің есебіне құралады:
-ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті
медициналық сақтандыруға төленген сақтандыру төлемдерінің бір
бөлігінен;
- қордың қаржылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;
- қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен
табыстардан;
-заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна қосу және сый тартуынан;
-ҚР заңдармен тиым салынбаған басқа да түсімдерден.
Мемлекеттік емес зейнет ақы қоры (МЕЗҚ)- бұл қоғамдағы мәлеуметтік
ауыртпалықты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын
қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын арттыруға, ұзақ мерзімде
инвестициялауға арналған арзан ақшаларды тартуға мүмкіндік беретін
әлеуметтік – экономикалық институт болып табылады. МЕЗҚ – келісім- шартқа
сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық емес ұйымдар
ретінде құрылды. Қор жиналған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды
зейнетақы қорын активтерін басқаруға байланысты арнайы компанияға (ЗАБК)
береді. Бұл қор банктік шотын кастодияндық қызметпен айналысуға ленцензия
алған кастодиян банкте ғана ашады.
Кастодиан- бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін
жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыру және
есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Қор қызмет ететін кастодиан банк пен зейнетақы активтерін басқаратын
компаниямен бірге ақпараттарды үнемі салыстырып отыруы тиіс. Кастодиан-
банк: зейнетақы және корпоративтік активтердің жалпы сомасын,
инвестицияланған қаражаттар сомасын, қаржы инвестициясы құнынывң өзгеруін,
бағалы қағаздарды сатудан түскен түсімдер сомасын, комиссияндық сыиақы
сомасын тексереді.
Зейнетақы активтерін басқару компаниясымен: зейнетақы жарнамаларының
түскен сомасы, зейнетақылық жиналымдарға төленген сома, инвистиция түрлері
бойынша инвестицияланған қаражаттар сомасы алынған инвестициялық табыс
сомасы, басқа ауысқан салым иелерінің саны және олардың сомалары
салыстырылады.
Инвестициялық қор (инвестициялық компания) – тартылған қаражаттарды
бағалы қағаздарға инветициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және
ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты
қызыметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды
тұлға. Акционерлермен өз ара қатынасына байланысты инвистициялық қорлар
келесідей түрге бөлінеді: өзара біріккен қорлар – ашық инвистициялық қор
және инвестициялық компания – жабық инвестициялық қор.
Инвистициялық қордың келесідей құқықтары болады:
- сол инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті акциялары
бойынша акционерлік қоғамның басқаруына қатысуға:
- басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелін басқару туралы келісім
– шарт жасауға;
- басқа тұлғалардың барлығымен, соның ішінде тіркеуші және
кастодиандық келісім – шарт жасауға, өзгертуге және қарым – қатынасты
тоқтатуға;
- инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты
қызыметті жүзеге асыруға кез келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан
талап етуге және алуға;
Инвестициялық қордың мына салаларына тыйым салынады;
-акциядан басқа бағалы қағаз түрлерін шығаруға:
- бактерден инвестициялық қордың таза активтерінің құнынан он пайыздан
астам мөлшерде, алты айдан асатын уақытқа заемдық қаражаттар алуға;
-акцияның бақылау пакетін сатып алуға күшті шектеу коюға;
-кез келген тәсілде амалдар беруге;
- кайта сатып алу шартымен өзіне тиісті бағалы қағаздарды сатуға (РЕПО
операциясы ).
Инвестициялық қорға қойылатын ең маңызды шектеу –бұл оны өзінің бағалы
қағаздар портфелінен басқарудағы қызметін тәжірибе жүзінде айыруды
сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелін басқаруға қатысты барлық қызмет
инвестициялық қорды басқарушыға жүктеледі.
Инвестициялық қорды басқарушы- инвестициялық қормен оны басқару
туралы келісім –шарт негізінде әрекет етуші және бағалы қағаздар портфелін
басқаруға байланыысты кәсіби қызметті жүзеге асыыруушы занды тұлға.
Инвестициялық бактерден басқаларының басқарушы кызметін атқаруға
құқығы жоқ.
Несиелік серіктестік дегеніміз-банк болып табылмайтын, өзінің
қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатыында қүрылған, өз
қызметін Ұлттық банктен карыздық және басқа да банк операцияларын
жүргізуге берген лицензиясы негізінде жүзеге асырушы занды тұлға. Несиелік
серіктестік жабық акционерлік коғам және жауапкершілігі шектеулі
серіктестік түрінде құрылатын және өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық
ұйым болып табылады. Несиелік серіктестіктің қатысушылары жарғылық қорының
50 пайыздан астамыи мемлекетке жататын өкілетті атқарушы және сот
билігінен, қаржылық капиталы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан,
сондай- ақ оны тіркеген мемлекеттің санымен сәйкес келетін офишорлық
аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды
тұлғалар (резидентттер және резидент еместер) болуы мүмкін.
Несиелік серіктестердің Қазақстан Республикасының аумағында сондай-
ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын, өкілеттіліктерін және еншілес
серіктестіктерін ашуға құқығы болмайды.
Несиелік серіктестік келесі операцияларды жүзеге асырады:
- қассалық операциялар-банкноттар мен монеталарды қабылдау, санау,
тұсақтау, айрбастау, сорттау,қаптау және сақтау;
- қарыздық операциялар –несиелік серіктестік қатысушыларына ақшалай
формада несиелер беру;
- аударымдық операциялар – ақша аудару бойынша несиелік серіктестік
қатысушыларының тапсырмаларын орындау;
- сенім (тратылық) операциялар- сенім білдірушінің (несиелік
серіктестік қатысушыларының) мүддесіне сай және тапсырма бойынша
ақшаны басқару;
-несиелік қатысушылар үшін клирингтік операциялар төлемдерді жинақтау,
салыстыру, сұраптау және растау, сонымен бірге олардың өзара есепке
алу мен клирингке (несиелік серіктестік) қатысушылардың таза
пазитцияларын анықтау,
-сейфтік операциялар- сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен үй- жайларды
жалға беруді қоса есептегендегі клиенттердің бағалы қағаздары,
құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметттер;
-несиелік серіктестіккке қатысушы заңды және тұлғалардың дипозиттерін
қабылдау;
- несиелік серіктестікке қатысушыларының банктік шоттары олардың
тапсырмасы бойынша есеп айырысу.
Аталған операциялардан басқа несиелік серіктестіктер Ұлттық
банк лецензиясы болған жағдайда төменде көрсетілгендей операцияларды
жүзеге асыруға құқылы:
-факторингтік операциялар- төлемін төлемеу тәуекелі қабылданумен бірге
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыларды төлемді талап
ету құқығына ие болуы;
- форфейтингтік операциялар (форфейтирлеу) – сатушыға айналымсыз
вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып
алушының қарыздық міндеттемесін төлеу:
- келісім- шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жалға берілетін
мүлікке жалға берушінің меншік құқығынгың сақталуы мен мүлікті жалға
беру (лизнг).
Қолданыстағы банктің заңдарымен қарастырылған банктік және басқа
операциялар несиелік серіктестік Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы-
теңгемен жүргізіледі. Несиелік серіктестік Ұлттық бактің оның рұқсатымен
немесе екінші деңгейлі банктерде корреспонденттік шот аша алады.
Сақтандыру компаниялары. Сақтандыру дегеніміз- белгілі бір сақтандыру
жағдайлары кезінде сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерінен, сондай- ақ
заңмен тийм салынбаған басқа да көздерден құрылатын сақтандыру өтемдері
ақшалай құрлардың есебінен төленетін жеке және заңды тұлғалардың
(сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қарым қатынас
болып табылады.
Сақтандыру түрлері. Сақтандыру төменде берілгендей бөлінеді:
- міндеттілік дәрежесі бойынша: а) ерікті; ә) мідетті:
-сақтандыру объектісі бойынша: а)жеке; ә) мүліктік.
Міндетті сақтандыру- заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын
сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелуі мүмкін
емес).
Ерікті сақтандыру- тараптардың ерік білдіруіне сәйкес жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Жеке сақтандыруға: өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және
азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделеріне сақтандыру жатады.
Мүліктік сақтандыруға: кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық- құқықтық
жауапкершілікті сақтандыруды қоса алғанда мүлік пен онымен байланысты
мүдделерді сақтандыру жатады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасы аймағында жүзеге асыратын шетел
азаматтары: азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар
сақтандырушылық қорғау құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен және
заңды тұлғалармен бірдей пайдаланады.
Шетелдік инвестолрлародың Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымының
жарғылық қорындағы қатысу үлесі 50 пайыздан аспауы тиіс.
Сақтандырушы- сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған,
сақтандырудың тиісті түрін жүргізу құқына лицензия алған коммерциялық ұйым.
Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары олардың құрылтайшыларының таңдауы
бойынша жауапкершілігін шектеулі серіктестік немесе ационерлік қоғам
формасында құрылады.
Мемлекеттік сақтандыру ұйымы шаруашылық жүргізу құқына негізделген
кәсіпорын формасында құрылды.
Сақтандыру ұйымының жарғылық қоры меншік түріне және ұйымдастыру
-құқықтық формасына байланысты 40 мың менималды айлық жалақыдан кем
болмауы керек. Сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы ақша қаражатының
үлесі 75 пайыздан кем болуы мүмкін емес. Сақтандыру ұйымын мемлекеттік
тіркеу мезетіне жарғылық қор минималды мөлшердің 50 пайыздан кем емес
сомада қалыптастырылуы керек, бұл тиісті банк берген құжаттармен расталуы
қажет. Қордың қалған бөлігі құрылтайшылық құжаттармен қарастырылған
мөлшерге дейінгі, яғни сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
алу мезетінде қалыптастырылуы тиіс.

қорлары.
2.1 Қазақстанда бюдеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысының ерекшеліктерін
1995-1998 жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс
институттардың іс- әрекетінің мысалында қарауға болады.
Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болды:
Зейнетақы қоры;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
Міндетті мидициналық сақтандыру қоры;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры;
Олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасында Зейнетақыменг
қамтамасыз ету туралы, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы,
Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының
заңдарымен реттетіліп отырды. Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың
қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары және басқа түсімдер
есебінен қалыптасады деп белгіленеді. Жарналардың мөлшері жыл сайын
бекітілетін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленіп, қорлар арасында
бөлініп отырды. Бұл нормалар 1997 жылға дейін тұрақты болды және шетелдік
қатысуы бар заңды тұлғаларды қоса заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорының 30
пайыз қүұрады, ал шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін Қазақстан
Республикасы азаматтарының еңбекақы қорының бөлігінде құрылды. Заңды тұлға
құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әр бір
қызметтерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеп отырды.
Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің ұйымдарына еңбекке қабілеттігі
шектеулі адамдарға, ардагерлерге, бір қатар ізгілікті, балалар мен басқа
ұйымдарға жеңілдіктер белгіленді, олардың жарнасының мөлшері еңбекке ақы
төлеу қорының 5 пайызын құрды.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым сомасы мынадай нормативтер
бойынша бөлінді:
Зейнетақы қорына- 85 пайызы (немесе еңбекақы қорының 25,5 пайызы);
Міндетті медициналық сақтандыру қорына- 10 пайыз (еңбеке ақы төлеу
қорының 3 пайызы);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына- 5 пайыз (еңбекке ақы төлеу
қорының 1,5).
Жұмыспен қамытуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2 пайыз мөлшерінде
міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылды. Бюджет мекемелері,
ауған- мүгедектер қоғамдары. Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы,
бірқатар балалардың қайырылымдық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері бір
пайыз боп белгіленді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамының
ұйымдары қорға жарна төлеуден босатылды.
Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың
аударымдардың заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс
немесе айналыс шығындарына қосып, өнім жұмыстар қызметтер көрсетудің
өзіндік құнына жатқызды.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің
қаражаттары бағытталып отырды:
мемлекеттік бағалы қағаздарға бос қарадаттарды орналастырудан алынатын
кірістер;
белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайдағы есепталген өсімпұл
сомасы;
қажетті жағдайларда- бюджет қаражаттар мен банк кредиттері (ағымдағы
төлемақыларға шоғырландырылған қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде);
мәселен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа зейнетақы заңнамасы іс-
әрекет еткенге дейін зейнеткерлерге зейнетақы төлеу үшін бюджет
қаражаттары беріліп тұрды.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жарналары салық заңнамасына сәйкес
жиынтық жылдық табыстан шегірілетін шығыстарға жптқызылды, ал бюджет және
коммерциялық емес ұйымдары үшін оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың
сметасында қарастырылды.
Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін Республика Үкіметі бекітетін.
Міндетті әлеуметитік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын
мемлекеттік бағалы қағаздарға, Ұлттық банктің бағалы қағаздарына және
мемлекеттік банктердің дипозиттеріне инвестиялауға рұқсат етілді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) болған зейнеткерлерге алушыларға мемлекеттік зейнетақыларды;
2) егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі дегейден
аз болса әлеуметтік жәрдемақыларды қаржыландырды.
Халықты жұмыспен қамтьуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі
жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта дайарлау мен қайтьа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz