Мемлекеттік бюджет кірістері
Кіріспе
І.Бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ.
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің ұғымы
1.3. Бюджет жүйесі
ІІ.Бөлім. МЕМЛЕКЕКТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІС КӨЗДЕРІН ШОҒЫРЛАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ
2.1. Кірістер, түсімдер және табыстар
2.2. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
2.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы
2.4. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көздерін тенденциясын талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Қазіргі таңда бюджеттік кіріс көздері – ұлттық экономикамыздың алға басар басқару құралдарының бірі болып табылады. Еліміздің бюджеті дефицитсіздігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауларынан бюджеттік кіріс және шығыс көздеріне өте қатаң түрде бақылау туралы айтылғанын білеміз. Еліміздің орталықтанған бюджет жүйесінен жергілікті басқару жүйесіне көшу бағдарламасының қоғамдағы алатын ролі ерекше. Дегенмен де, Қазақстан Республикасының бюджеттік сферасы бюджеттік емес қорлардан дербес функцияланады.
1. Бюджетный кодекс РК от 31.07.1998 №145ФЗ
2. Налоговый кодекс РК (часть первая) от 01.07.1998 №146 ФЗ
3. Налоговый кодекс РК (часть вторая) от 05.08.2000 №117 ФЗ
4. Н.Назарбаев "Қазақстан Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы". Алматы, 1992.
5. Қ.Қ.Ілиясов. С.Құлпыбаев. Қаржы. (Жоғары оқу орындарына арналған оқулық) Алматы. 2005ж.
6. Шеденов Ө.Қ.., Сағындықов Ғ.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория., Ақтөбе 2004ж.
7. Т.Қожаниязов, О.Мамедов. Экономикалық теория және тәжірибе негіздері, екі бөлімді оқулық. Жамбыл, 1996ж.
8. В.К. Радостовец., Т.Ғ. Ғабдуллин., В.В. Радостовец.,О.И.Шмидт., Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы. 2003ж.
9. Пел Хейне. Экономический образ мышления. М.: 1991.
10. А. Лившиц. Введение в рыночную экономику, М1997.
11. Е. Борисов. Основы экономической теории. М.: Новая волна, 1996.
12. Т. Қожаниязов, М.Оспанова, - "Экономикалық теория негіздері". Студенттер үшін сұрақ және жауап. Жамбыл, 1993.
13. Алехин Б. Движение ценных бумаг. Ж. «Экономические науки»., 1991, №6.
14. А. А. Сучилин «Аудит расчетов с бюджетом и внебюджетными фондами на предприятии» Методология проведения; М. 2001г.
15. // Қаржы-Қаражат. Алматы. 2004,№2., 2005,.№4.,

ЖОСПАР:
Кіріспе
І-Бөлім. Мемлекеттік бюджет кірістері.
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің ұғымы
1.3. Бюджет жүйесі
ІІ-Бөлім. Мемлекекттік БЮДЖЕТтің кіріс көздерін шоғырландыру әдістері
2.1. Кірістер, түсімдер және табыстар
2.2. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
2.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы
2.4. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көздерін тенденциясын талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Қазіргі таңда бюджеттік кіріс көздері – ұлттық экономикамыздың алға
басар басқару құралдарының бірі болып табылады. Еліміздің бюджеті
дефицитсіздігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауларынан бюджеттік кіріс және шығыс көздеріне
өте қатаң түрде бақылау туралы айтылғанын білеміз. Еліміздің орталықтанған
бюджет жүйесінен жергілікті басқару жүйесіне көшу бағдарламасының қоғамдағы
алатын ролі ерекше. Дегенмен де, Қазақстан Республикасының бюджеттік
сферасы бюджеттік емес қорлардан дербес функцияланады.
90-жылдардың басында Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйе және
бюджетаралық қатынастар Кеңестік дәуірдегі қалыптасқандағыдай болды. КСРО
федеративтік емес мемлекет болғандығына қарамастан орталықтандырылған түрде
болды.
Мемлекеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес
орталық қаржы қорларының қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер табысының
қайтарылмайтын бip бөлігінен және азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар
мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджеттік
қаржыландыру жолымен қолданылады.
Бұл курстық жұмысты орындау барысында Егеменді Қазақстанның
экономикасындағы ең өзекті мәселелердің бірі мемлекеттік бюджеттің
кірістеріне талдау жасалып, олардың құрамы мен маңызы туралы түсініктемелер
барынша кең ауқымда, әртүрлі әдебиеттерге сүйенген түрде қарастырылды.
І-Бөлім. Мемлекеттік бюджет кірістері

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы қатегориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілерімен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің
сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысаныңдағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып
жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық қатегоия
сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатегория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен і0% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді.
Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық қатегория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары –
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орының, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
1.2. Мемлекеттік бюджеттің ұғымы
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет - мемлекеттің
негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарыньщ балансы.
Бюджет ұғымы француздың cөзi немесе табыс пен шығындарды бөлу.
Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу прцесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет
заңдарының бірі болып табылады.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен
инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін
арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал
етеді.
1.3. Бюджет жүйесі
Мемлекеттік орғандардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы әлементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары, бюджет
құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол
экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі
деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының
жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы,
бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді,
өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты
болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджет;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та, штаттардың, ГФР-да –
жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация
субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші роль орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс ісейді:
- республикалық бюджет;
-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
і99і жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, і5
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрады.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (мұниципалдық)
бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы
жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті
атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті
мемлекеттік және мұниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл
қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді,
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын
жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы
ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын
шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптасатырылатын және орталық мемлекеттік орғандардың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық
бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет – (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттерді) -
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті,
аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптасырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
орғандардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың оларға

қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Респуликасындағы төтенше және соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орған әзірлейді және ол Қазақстан Респуликасының заңдарында
бекітілген тәртіппен Қазақстан Респуликасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Респуликасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше және соғыс жағдайы енгізілген мерзім
ішінде қолданыста болады.
Қазақстан Респуликасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген
ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту,
атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы)
бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар
бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың
тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы
тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Респуликасының бюджеті заң мәртебесін
және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады.
Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде
жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның
негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны
жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша
әмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет кодексінде, Жергілікті өкілді және атқарушы орғандар туралы,
Қазақстан Респуликасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы арнайы
заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық
бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын
барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік
сыныптамамен айқындалады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама сыныптау
объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомстволық және
экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын
топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет
шығыстарының ункциялық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай
бюджеттік сыныптама Қазақстан Респуликасы бюджет жүйесінің барлық
деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз
етеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық
деңгейлері үшін міндетті болып табылады. Оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орған әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді. Бюджет процесі
бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық
деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша
топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы
санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар
түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады.
Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.
ІІ-Бөлім. Мемлекекттік кіріс көздерін шоғырландыру әдістері
2.1. Кірістер, түсімдер және табыстар.
Мемлекет қаржысының ic-әpeкетi кезінде өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемлекетік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын
жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әp түpлi қызметтеріне пайдалану.
Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кipicтepi ұғымында,
екіншici мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірicтepi деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады,
бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түceтiн қаражаттардың жиынтығы
құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары
жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде
ақша көрлары, ен алдымен бюджет көры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы
халықтың табысының бip бөлiгi алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы)
бөлініске ұшырайды — оның бip бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі
кәсіпорындарда қалады және iшкi-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бipгe халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес
сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы кайта бөлінеді.
Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа
тұрмыстық қызмет көрсе-ту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.)
табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құның шаруашылық
жүргізуші субъектілер бойынша болуге байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірicтepi мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бipгe жұмылдырылатын мемлекетттің қаржы
ресурстары орталықтандырылған кірicтep қатарына, мемлекеттік
кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірicтepгe
жатады. Орталықтандырылған қаржы кірicтepi негізінен салық түсімдері,
сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірicтep, халық төлемдері есебінен
қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірicтep кәсіпорындардың өздерінің
ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды
бюджеттің кірicтepi алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық
және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерiнiң басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге
орталықтандыру бipтұтac қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге,
мемлекеттік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкндік
бepeдi. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған
кірicтepiнe бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық
жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының
анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерiнің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру
мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты
болып келеді әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша
қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының
жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
қатысуымен жузеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және
шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының
улесін белгілейді, сондайақ халықтың жеке табыстарының бip белігін және
қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иeci болып
отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет
кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірicтepiнің бip
бөлігi жалпымемлекеттік қажетттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттік
салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың кооперативтік ұйымдардың
және халықтың табысының бip бөлігі eceбiнен құралады. Табыстардың белгілі
бip бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активгерін (акцияларды және
т.с.с), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмюн.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған
құнға салынатын салық акциздер, кеден табыстары түріндеп табысы;
мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден,
ормандардан, жерсудан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын
табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлем) мен шаруашылық
емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясы алымы, тауар
белгілері үшін өтінім алымы);
бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық
табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.
"Мемлекеттің кірicтepi" мен "Мемлекеттің қаржы ресурстары" ұғымдарын
ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары — уақыттың бip мезетіндегі
мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша
қорларының жиынтығы.
"Қаржы ресурстары" ұғымы мазмұны жағынан "мемлекеттің кірістерi"
ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерiнің басқа қаржы ресурстарының, құрамына
кірістергe жатпайтын, бipaқ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін
қаражаттар кіредi. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына
келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы,
қуыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, icтен
шыққан, иeciз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген,
мурагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап
етілмеген жүк талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық
жөнелтім) мүлікті өтизуден түскен түсімдер. Бұл акша қаражаттары (сондай-ақ
мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, ягни
қаражаттарды жұмсаумен байла-нысты белгшібip кызметтің нәтижесі болып
табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр турлі айыппулдар, бересілер,
өciм (өсімпұл) кірic болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін
түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін)
болғанымен мемлекеттің кірістерi болып са-налынбайды, ейткені бұлар — қарыз
қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекегтік сақтық органдардың
қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік
кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz