Бюджетпен бухгалтерияда есеп айрысу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
І Тарау. Бюджет кодексі бойынша бюджет туралы жалпы түсінік.
1.1. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Бюджет аралық қатынастар және оларды реттеу нысандары ... ..14
ІІ Тарау. Бюджетпен бухгалтерияда есеп айырысу.
2.1. Салық Кодексі бойынша бюджетке төлейтін төлемдер және оларды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Бюджетпен бухгалтерияда есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Таңдап алынған курстық жұмыстың тақырыбы – «Бюджетпен бухгалтерияда есеп айрысу».
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты жалпы «бюджет» ұғымы, оның ішінде, яғни «бюджетпен есеп айырысу» жөнінде түсінік болып, ұйымдар мен кәсіпорындарды жүргізіліп жатқан есеп айырысулар оларды толығымен түсінікті етіп көрсету.
Ал, курстық жұмыстың негізгі міндеті ретінде «бюджетпен есеп айырысу» жағдайында болып жатқан процестер, олардың дұрыс орындалуын қадағалай негізін ала алуымызға болады.
Таңдап алынған курстық жұмыстың тақырыбы – «Бюджетпен бухгалтерияда есеп айрысу».
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты жалпы «бюджет» ұғымы, оның ішінде, яғни «бюджетпен есеп айырысу» жөнінде түсінік болып, ұйымдар мен кәсіпорындарды жүргізіліп жатқан есеп айырысулар оларды толығымен түсінікті етіп көрсету.
Ал, курстық жұмыстың негізгі міндеті ретінде «бюджетпен есеп айырысу» жағдайында болып жатқан процестер, олардың дұрыс орындалуын қадағалай негізін ала алуымызға болады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І Тарау. Бюджет кодексі бойынша бюджет туралы жалпы түсінік.
1.1. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Бюджет аралық қатынастар және оларды реттеу нысандары ... ..14
ІІ Тарау. Бюджетпен бухгалтерияда есеп айырысу.
2.1. Салық Кодексі бойынша бюджетке төлейтін төлемдер және
оларды
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2. Бюджетпен бухгалтерияда есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Кіріспе
Таңдап алынған курстық жұмыстың тақырыбы – Бюджетпен бухгалтерияда
есеп айрысу.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты жалпы бюджет ұғымы, оның ішінде,
яғни бюджетпен есеп айырысу жөнінде түсінік болып, ұйымдар мен
кәсіпорындарды жүргізіліп жатқан есеп айырысулар оларды толығымен
түсінікті етіп көрсету.
Ал, курстық жұмыстың негізгі міндеті ретінде бюджетпен есеп
айырысу жағдайында болып жатқан процестер, олардың дұрыс орындалуын
қадағалай негізін ала алуымызға болады.
Жалпы мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің қүнын
бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары
арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Бюджет кодексінде сәйкес, мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын
және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей болып келеді.
Кіріспе және екі тараудан, бірінші тарауда Бюджет кодексі бойынша
жалпы бюджетке толық түсініктеме беріледі. Бірінші тараудың бірінші
бөлімінде бюджеттің кірістері мен шығыстары жайында болса, ал екінші
бөлімінде Бюджет кодексі бойынша бюджетаралық қатынастар және оларды
реттеу нысандары көрсетілген.
Ал, екінші тарауда Бюджетпен бухгалтерияда есеп айырысу жайлы
жазылған.
Бірінші бөлімшесінде Салық Кодексі бойынша бюджетке төленетін
төлемдер туралы түсінік берілген.
Екінші бөлімінде бухгалтерияда есеп айырысу қалай жүргізілетіні
жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қоса курстық жұмыс қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Тарау. Бюджет кодексі бойынша бюджет туралы жалпы түсінік.
1.1. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары болып отырады.
Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де
бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы
болады: кірістер мемлекетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге бөледі.
Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал
оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу,
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық
саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет
белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО- ның мемлекеттік бюджет
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен-
айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурс тары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын
нормативті төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің
жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер
болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
анықталады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1. Кірістер; салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі
капиталдан түскен түсімдер; ресми трансферттер түсімдері;
2. Шығындар;
3. Операциялық сальдо;
4. Таза бюджеттік кредит беру; бюджеттік кредиттер; бюджеттік
кредиттерді өтеу;
5. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо; қаржы
активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін
түсімдер;
6. Бюджет тапшылығы ( профициті);
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру; қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттердің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер
(салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми
трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта
болмайтын және мемлекеттік қаржы активтерін сатумен байланысты емес,
бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер
–бюджетке төленетін міндетті , қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми
трансферттерден басқа , бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп
берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды
, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды
тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиісті
матеиалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми
трансферттердің тсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық
қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы
мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары- қайтарылмайтын негізде бөлінбейтін бюджет
қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. Тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шығындар;
3. Мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар- мемлекеттік саясатты іске
асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы
төлеуі;
4. Жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін
ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен
байланысты шығындар;
5. Заңды тұлғаларға субсидиялар- мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және
қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6. Ресми трасферттер- бюджеттің бір деңгеінен екіншісіне , сондай-ақ
Ұлттық қорға трасферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді
орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-
экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа , неғұрлым тиімді
тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларда берілуі керек.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты болуы
мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып
табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан
жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдыруға болмайтын
қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және
жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1. Төтенше резервті;
2. Шұғыл шығындарға резервті;
3. Облыстық бюджеттердің, републикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті
кірістіреді.
Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі
тиісті бюджет түсімдері көлемдерінің екі пайызынан аспауға тиіс.Үкіметтің
немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін
үкімет белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма
ретінде анықталады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен
сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан
асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады. Таза бюджеттік
кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің
арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1.Қаржы активтерін сатып алуды;
2.Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кірістіреді.
Қаржы активтерін сатып алу- заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық
ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып
алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер-мемлекеттік
меншіктегі заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың, мемлекттік
кәсіпорынның жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де
мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке
түсетін түсімдер.
Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы
активтерімен жасалатын операциялар бойынша салыдоны шегеріп тастағандағы
операциялық сальдоға тең.Бюджет тапшылығын қаржыландыру- қарыз алу және
бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды
қамтамасыз ету. Бюджет профицитін пайдалану-қарыздар бойынша негізгі
борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының
бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу
сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы
сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджеттің кірістері-бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің
көлемі.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық
бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1.Салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер:
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына
импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын
тауарларға акциздер, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін
пайдаланғаны үшін төленетін төлем, жүргізуші куәліктерін және көлік
құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын
мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;
2.Салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер,
Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, Үкіметтің депозиттері,
республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, мемлекеттік
мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және
республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер;
3.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер(республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік
мүлікті, мемлекеттік қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық
активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4.Ресми трансферттердің ттүсімдері(облыстық бюджеттерден, республикалық
маңызы бар қаланың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан
республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден,
республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік
қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің
құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.
Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
Түсімдердің атауы млн.тенге %
ТҮСІМДЕР 722034 100,0
I.КІРІСТЕР 649000 89,9
Салықтық түсімдер 603396 93,0
соның ішінде:
корпоративтік табыс салығы 272632 45,2
қосылған құнға салынатын салық 222161 36,8
Акциздер 6019 1,0
Салықтық емес түсімдер 39348 6,1
Капиталмен жасалған операциялардан 6256 0,9
алынатын кірістер
II.АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 8,0
57630
III.КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ 15404 2,1

Бюджеттің шығыстары-бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын
негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан
Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, республикалық
меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, кеден
қызметтері, мемлекеттік қаржылық бақылау, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі,
заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында
мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және
басқалары.
2.Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттік қорғанысын
ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен
сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында
қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тергеу
қызметі, азаматтық қорғаныс жүйелерін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы
сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
3. Құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет,
азаматтар мен мемлекеттердің мүдделерін құқықтық қорғау, сот жүйесінің
жұмыс істеуі және басқалары.
4. Білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды
балаларға жалпы білім беру, жоғары кәсіби және оқу орындарынан кейінгі
кәсіби білімі бар мамандарды даярлау.
5. Денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек
көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, сот-медицина және сот-
психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
6.Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары
есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы
бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар,
көші-қон шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және
басқалары.
7. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.
8. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер
қатынастары.
9.Өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және
қызметі.
10. Көлік және коммуникациялар.
11. Экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, мемлекеттік экспорттық
және импорттық бақылау, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды
реттеу.
12. Басқа да бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар
қалалар, Ұлттық қорларға берілетін ресми трансферттер, мемлекеттік
кепілдіктер бойынша міндемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың
және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік
инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, мемлекеттік басқарудың орталық
органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына
жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.
Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы.

млн.теңге %
ШЫҒЫСТАР 773893 100,0
ШЫҒЫНДАР 734809 94,9
1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет 44066 5,7
көрсетулер
2.Қорғаныс 40435 5,2
3.Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 73822 9,6
4.Білім беру 23241 3,0
5.Денсаулық сақтау 19105 2,5
6. Әлеуметтік қамтамасыз ету және 202043 26,1
әлеуметтік көмек
7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 10321 1,3
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық 12879 1,7
кеңістік
9.Отын-энергетика кешені және жер қойнауын 8486 1,1
пайдалану
10.Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және 43040 5,6
қоршаған ортаны қорғау
11.Өнеркәсіп және құрылыс 1395 0,2
12.Көлік және байланыс 59663 7,7
13.Басқалар 68345 8,8
14.Борышқа қызмет көрсету 34338 4,4
15.Ресми трансферттер 93630 12,1
КРЕДИТТЕР 39085 5,0

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет
шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгеріске ұшырауда-ұлттық
шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға
жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда.
Бұрынғы кезеңдермен салыстыпғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік
ресурстардың әлеуметтілік бағыттылығы арта түсуде.
Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы
мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық
ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту
және азаматардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты
қайта бөлудің белсенді құралы ьолуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы
ролін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың
прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын
қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында
мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджет
арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы қаржылық қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен
жетілдіруді қажет етеді.
Мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді
бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін
міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің қаржы жылы ішінде
пайдаланылмаған сомалары осы трансфе рттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы
бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн ішінде міндетті түрде
қайтарылуға жатады.

1.2. Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу нысандары.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің ,
республикалық маңызы бар қала, Астана бюджетінің басқа да осындай
бюджеттермен, аудандар ( облыстық маңызы бар қалалар) бюджетерінің бір –
бірімен өзара қарым – қаиынасына жол берілмейді.
Бюджет аралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында
функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер
деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ
бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына
негізделген.
Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, жергілікті
атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, аудандардың бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.
Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін
бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет кодексіне өзгертулер
енгізгенде ғана жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
1.Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің
республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар бюджеттерінің жоғарғы
облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;
2.Түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай
өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын
салықтық немесе салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету
қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне
тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкі
орналастырылатын салықтар бюджет жүйесініңнеғұрлым жоғары деңгейлеріне
бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен
кезде оларды жынаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет
деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын
салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3. Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық бірліктерінің
бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4. Жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет
көрсетуін қамтамасыз ету;
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуде ұсынудың барынша тиімділігі мен
нәтижелілігі-мемлекеттік қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді және нәтижелі
жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгеіне
мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру;
6. Мемлекеттік қызмет көрсету деңгеін оны алушыларға барынша жақындату-
қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін қызметтерді
атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен деңгейіне беру;
7. Бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трасферттер мен
кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
Бюджетаралық қатынастар:
1. Республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қала,астана бюджетінің арасында:
ресми трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
2.Облыстық және аудандық бюджеттер арасында:
ресми трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер ағымдағы нысаналы
трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер
деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әулеті, аймақтардың объективтік
бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар
ескеріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді
фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек
ғана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланылады.
Бюджетаралық реттеу-теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет
ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше,
ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік
субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.
Бюджеттік алынымдар-заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың
шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы
бюджеттерге беретін ресми трансферттері.
Субвенциялар-төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық
актілермен және мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде
алатын ресми трансферттері.
Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып
бөлінеді.
Бекітіп берілген кірістер-бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір
бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.
Реттеуші кірістер-жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін
бағытталатын құжаттар.
Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің
көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті
болса бюджет жүйесі сатыластығы жағынан баланстандырылған деп есептелінеді.
Деңгейлес теңгерімділік-биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен
аумақтарының бюджеттеріндегі икірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.
Сатылас теңгерімділікке жету –жалпы теңгерімділіктің І кезеңі, ал
деңгейлес теңгерімділікке жету-теңдестірудің ІІ кезеңі, ол Қазақстанда
бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы
өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін
қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы;
қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық.
Бюджетаралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деңгейдің
бюджеттерін орталықтандырылған нығайту негізінде құрылады. Мұндай саясат
аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін бағдарлайды. Жоғарғы
органдар тағдырды шешушіге айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл
жағдайда биліктің жергілікті органдарының құқықтарын кеңейту қажет, ол үшін
олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек:
-негізгі рольді ойнайтын салықтар;
-тура салықтар: мүлік, жер салықтары, көлік құралдарына салынатын
салық;
-жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік тұтынатын
тауарларға салынатын акциздер;
-жергілікті органдардың аумағында жиналатын мемлекеттік салықтарға
биліктің орталық органдары белгілі бір пайызбен белгілейтін салықтар;
-басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, салықтық емес
кірістер.
Жергілікті бюджеттерде салықтық немесе салықтық емес кірістер 85-
70%құрайды. Нарықтың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі мәселелері
мыналар:
1.Төленбеген төлемдер. Бұл мәселе мыналардан шығатын айналым
қаражаттарының жетіспеушілігі салаларынан пайда болады:
-еркін баға белгіленімін белгілеуден;
-кәсіпорындардың өзара коммерциялық кредит беруінің тоқтатылуынан;
-төлем және есеп айырысу кредиттерінің күшін жоюынан;
-өндіріс тиімсіздігінен.
Төленбеген төлемдердің мәселесі қосымша төлем қаражаттарын шығару
арқылы шешіліп келеді.
2.Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептерден пайда болады:
-ақша қаражатының жоқтығы;
-ақша қаражаттарын айналымға коммерциялық құрылымдарға қасақы жіберу;
-әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖАЙЫНДА
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
Нақтылай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептін мәні
Кәсіпорын бөлімдерімен танысу
Бухгалтерлік есептің даму тарихына шолу
ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
Ақша қаражаттарының сипаттамасы
Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті
Баға белгілеу және салық жүйесі
Пәндер