Валюталық операциялар туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ітарау. Валюта және валюталық операциялар
1.1. Валюталық жүйе мен валюталық қатынастар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ..4. 6
1.2. Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.11
ІІ тарау. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру және оларды реттеу
2.1. Қазақстан Республикасындағы валютаның дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.14
2.2. Қазақстан Республикасындағы валютаны нығайтудың негізі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.16
2.3. Қазақстан Республикасындағы валюта саясатындағы заң бұзушылыққа қарсы шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Валюталық операциялар» деп аталады. Яғни валюталық операция дегеніміз не? Ең алдымен валюта түсінігіне жауап берейік.
Валюта – итальян сөзі – құн. Елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем есеп айрысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданатын ерекше формасы.
Валюта қатынастары - әлемдік валюта айналымының қалыптасуының қоғамдық қатынастар жиынтығы. Олар ұлттық шаруалардың өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты осы валюталық операциялар түсінгінен бастап, жүргізілу тәртібі, ұйымдастырылу нысандарын зерттеп қарастыру болып табылады.
1. Көшенова Б. С. Ақша. Несие. Банктер. Алматы, 1999.
2. Анализ деятельности коммерческого банка. /Под. Ред. С. И. Кумык. –
М. : Вече, 19947
3. Ачкасов А. Н. Активные операции коммерческих банков. –
М. : Консолтбанкир, 1994.
4. Банковское дело. /Под. Ред. В. И. Колисникова. – М. : Фи С, 1994
5. Банковское дело. /Под. Ред. О. И. Лавушина. – М. : Фи С, 1992
6. Банковкое дело. /Под. Ред. В. И. Ю. А. Бабичевой. – М. : Экономика, 1993
7. Голубович А. Д. Валютные операции в коммерческих банках.
– М. : Мена теп, 1994.
8. Деятельность банков. Современный опыт США. – М., 1992.
9. Денги, кредит, банки. /Под. Ред. Г. С. Сейткасымова. – А.: Экономика, 1996.
10. Маркова О. М. Коммерческие банки и их операции.
– М.: Банки и биржы, 1995.
11. Международные валютно – кредитные и финансовые отнашения. /Под. Ред. Л. Н. Красавиной. – М.: Фи С, 1994.
12. Молчанов А. В. Коммерческий банк в современной России.
– М.: ЮНИТИ, 1995.
13. Нуреев Р. М. Денги, банки и денежно – кредитная политика. – М.: Финстатинформ, 1995.
14. Балабанов Н. Т. Валютный рынок и валютные операции. – М.: Фи С, 1994
15. Роуз П. С. Банковский менеджмент. – М.: Дело ЛТД, 1995.
16. Усоскин В. М. Современные коммерческие банки . Управление и операции. М., 1994
17. Международное банковское дело. У. Риггин. Вашингтон, 1996
18. Жуков Е. Ф. Банки и банковские операции. /Учебник – Москва: Банки и биржи, Юнити 1997.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ітарау. Валюта және валюталық операциялар
1. Валюталық жүйе мен валюталық қатынастар
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ...4- 6
2. Валюталық бағамға әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .7-11
ІІ тарау. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру және
оларды реттеу
2.1. Қазақстан Республикасындағы валютаның дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-14
2.2. Қазақстан Республикасындағы валютаны нығайтудың негізі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-16
2.3. Қазақстан Республикасындағы валюта саясатындағы заң бұзушылыққа қарсы
шаралар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 17-23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...25

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Валюталық операциялар деп аталады.
Яғни валюталық операция дегеніміз не? Ең алдымен валюта түсінігіне жауап
берейік.
Валюта – итальян сөзі – құн. Елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі,
халықаралық төлем есеп айрысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды
қолданатын ерекше формасы.
Валюта қатынастары - әлемдік валюта айналымының қалыптасуының қоғамдық
қатынастар жиынтығы. Олар ұлттық шаруалардың өзара айырбасталуына қызмет
етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты осы валюталық операциялар түсінгінен бастап,
жүргізілу тәртібі, ұйымдастырылу нысандарын зерттеп қарастыру болып
табылады.
Барлық елдің, мемлекеттің өзінің валютасы болады. Біздің еліміз
Қазақстан Республикасының валютасы - теңге. 2007 және 2010 жылдар бойында
ішкі валюта нарығында қолданыстағы тенденция негізінен Қазақстанның
экономикалық дамуындағы оң тенденциялардың одан әрі күшеюіне байланысты
болды. Валюта нарығының орнықты болуына елдің негізгі экспорт жайғасымы
жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы мүмкіндік берді. Экспортшылардан келген
валюта түсімдері ішкі валюта рыногіне құйылатын шет ел валютасы құрайтын
маңызды түсім болады.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде валюта және
валюталық операциялар, валюталық жүйе мен валюталық қатынастар түсінігі,
валюталық бағамға әсер ететін факторлар және олардың атқарылу тәртіптері
қарастырлады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге
асыру және оларды реттеу, валютаның дамуы, валютаны нығайтудың негізі
бағыттарын қарастырдым.

1тарау. Валюта және валюталық операциялар
1. Валюталық жүйе мен валюталық қатынастар түсінігі
Валюта жүйесі – ұлттық жаңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және
реттеу формасы.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлінеді:
1. Ұлттық валюталық жүйе;
2. Дүниежүзілік валюталық жүйе;
3. Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
1. Ұлттық валюта 1. Резервтік валюталар
2. Ұлттық валютаның алмастырылу 2. Валюталардың өзара алмастырылу
шарты шарты
3. Ұлттық валюта паритеті 3. Валюталық паритеттерінің ортақ
режимі
4. Ұлттық валюта бағамының режимі 4.Валюталық бағамдар режимінің
регламентациясы
5.Валюталық шектеудің, валюталық 5. Валюталық шектеуді мемлекетаралық
бақылаудың болуы немесе болмауы реттеу
6. Елдің халықаралық валюталық 6.Халықаралық валюталық өтімділікті
өтімділігін ұлттық реттеу мемлекетаралық реттеу
7. Халықаралық несиелік айналыс 7. Халықаралық несиелік айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеуқұралдарын пайдаланудың ережелерінің
біртұтастығы
8. Елдің халықаралық 8. Халықаралық есеп айырысудың негізгі
есеп-айырысуларын регламенттеу формаларының біртұтастығы
9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен
нарығының режимі алтын нарықтарының режимі
10. Елдің валюталық қатынастарын 10. Мемлекетаралық валюталық реттеуді
басқаратын және реттейтін ұлттық жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар
ұйымдары

Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:
1. Париждің валюталық жүйесі (1867 жылы)
2. Генуэз валюталық жүйе (1922 жылы)
3. Бреттон – Вудс валюталық жүйесі (1944ж)
4. Ямайка валюталық жүйе (1976-1978 жж.)
Төлем балансы – елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан
түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін
төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлем балансының басты
ерекшелігі – мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзімі ішіндегі өзгерісі
ғана көрсетіліп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды.
Есеп-айырысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен
міндеттемелері. Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-
валюта және басқа да) және жеке активтер, тікелей инвестициялар, алныған
және берілген несиелер, қаржы және қаржы емес корпорациялардың
міндеттемелері жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп-айырысу
балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен
міндеттемелер қамтылады.
Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол құқықтық формада (банкнота,
монета) және құқықтық емес формада (банктік, шоттардағы ақша қалдығы).
Олардың элементтері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер.
Валюта қоржыны – деп бірнеше валютаның белгілі бір банктердің соммасын
сол валютаның нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ доллар бөлумен
анақталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамен аталынады.
Валюталық бағам – бір елдің ақша біолігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы.

1.2. Валюталық бағамға әсер ететін факторлар

Капиталдардың халықаралық қозғалысының шұғыл көбеюіне байланысты
валюталық бағамға тауарларға және қаржы активтеріне қатынасына қарай
валютаның сатып алуға қабілеттілігі әсер етеді.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабілетіне ( сатып алу қабілетінің тепе –
теңдігі) қарай құндылық заңының әрекетін бейнелейтін валюталар ара –
қатынасы валюталық бағамның өзіне тән қызмет етеді. Сондықтан валюталық
курсқа құнсыздану қарқыны әсер етеді. Бөгде факторлар қарсы әрекет етпесе,
елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да
соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнысыздануы елде сатып алу қабілетінің және
валюта бағамының төмендеуіне апарып соғады. Аталған беталыс орташа және
ұзақ мерзімді жоспар бойынша бақылауға алынады. Валюталық бағамды
теңестіру, оны сатып алу қабілетінің тепе – теңдігіне сәйкес тәртіпке
келтіру орташа екі жылдық ішінде жүзеге асады.
Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың,
қызметтердің және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемі ұлкен
елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде
байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсызданудың салыстырмалы қарқыны
арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.
2. Төлем базасының жай – күйі. Активті төлем балансы ұлттық валюта
бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген
сұраныс күшейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу
беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттерін өтеу үшін
борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3. Әр алуан елдердегі процент мөлшерлемесінің айырмашылығы. Процент
мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе- тең жағдайда халықаралық, ең
алдымен қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысына әсер етеді. Процент
мөлшерлемесінің жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның
төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы
жағына асуына дем береді.
4. Валюталық нарықтағы және алып сатарлық валюта операцияларының
қызметі. Егер қандай да бір валюта бағамының төмендей беталысы байқалса,
ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын
мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың
саясаттағы өзгерістерді; бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық
нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен қапыл
ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.
5. Белгілі бір валютаның евронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі.
6. Валютаның бағамдық арақатынасына сондай – ақ төлемдерді жеделдету
немесе кідіріс те әсер етеді.
7. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенім дәрежесі. Ол елдегі
экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға
ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге
диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу
қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана
емес, сондай – ақ олардың серпіндерінің келешегін де есепке алады.
Кез – келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс
атқарады. Елдің халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастарына
қатысуының, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің
тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады.
Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті
тәртіптемесі әрекет етеді: валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен
еркін өзгеретін құбылмалы бағамдар; орталық банктердің басшылық шектері
арқылы бағамдардың ауытқуына шек қоятын валюталық дәліздер; алдын – ала
белгіленген шамада бір бағытта тұрақты өзгеріп отыратын шектеулі құбылыс;
күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамда Орталық банк ұстап
тұратын реттемелі құбылыс; таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның
тіркелген бағамын қолдауға ақша – несие саясаты айрықша бағытталатын
валюталық басқару; бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру.
Валюталық бағамдарды реттеуге бағытталған ресми валюта үстемділігін
жүргізген кезде Орталық банк бірнеше мақсатты көздейді: валюта нарығының
ретсіз жағдайына қарсы тұру; валюталық бағамның қысқа мерзімді ауытқуын
бәсеңдету; валюталық бағамның экономикалық негізделген деңгейге дейін
түзету.
Ереже бойынша Орталық банк үстемділігін ақиқат мақсаттарын жария етпейді.
Ол ағысқа қарсы тұру принципін ұстанатын, шетел валютасын саитып алса,
әлгі валютаның бағамы төмендеген кезде оларды қайтадан сатып жібереді.
Валюталық үстемділік туралы ақпараттың жариялығы жайында Орталық банктердің
мамандары арасында ортақ пікір жоқ. Біреулері мәліметтердің құпиялылығы
үстемділіктің тиімділігін орташа арттырады десе, екіншілері ақпараттардың
жоспарын болуын олардың тиімділігін барынша кемітеді деп санайды. Ереже
бойынша, валюталық үстемділік спотты валюталық нарықта жүргізіледі. Орталық
банк форвард нарықта да іс жүргізе алады. Форвардтық валюталық курс
проценттік мөлшерлеменің тепе – теңдігінің жәрдемімен споттық валюталық
бағаммен байланысты болып, басқыншылық форвардтық нарықтың ағымдағы бағаға
әсер ете алады. Форвардтық нарықтың басқыншылықтың маңызды артықшылығы сол,
қолма – қол жедел есеп айырысу талап етілмейді. Жағдай өзгерген кезде
Орталық банк үсткмділіктен бас тартып, қарсы операцияны жүзеге асырады.
Басқыншылық мақсатта айырбас – мәміле жүргізілетін де вариант болуы мүмкін.
Валюталық айырбас валюталық бағамға айтарлықтай ықпал етпейді. Айырбас
операция валюталық басқыншылықтың бөлігі ретінде де бой көрсете алады.
Мысалы, Австрияның Резервтегі Банкі айырбастарды споттық операцияларды
айықтыру үшін пайдаланылады. Форвардтық рыноктағы өтемақылы қарапайым
споттық операция қарағанда мұндай құрамдастыру басқыншылықтың мейлінше
икемді болуына мүмкіндік береді. Форвардтық және айырбас мәмілелердің басқа
орталық банк туынды құралдар – опциондарға да дем қояды. Ұлттық ақша
бірлігінің құнсыздануын болдырмау үшін орталық банк европалық пут
опционды жеке меншіе валютаға несие кол опционды шетел валютасына сата
алады.
Дүние жүзінің экономикасын қамтыған дағдарыс 2008 жылдың басынан бастап
Қазақстанның төлем балансының жағдайына жағымсыз әсер етіп, соның
нәтижесінде ұлттық валютаның айырбас бағамы қымбаттады. Ресей қаржы
нарығының 2009 жылғы тамыздағы дағдарысы Ресей рублінің бағамының тамыз –
желтоқсан айларында үш еседен астам төмендеуіне апарып тіркеді. Сол
уақыттардағы рублдің шұғыл құнсыздануы кезінде тұтыну бағасының өсуі 84,4
%, ал өндірушілердің бағасы 25% болды. Ресей өндірушілердің сыртқы
нарықтарда, соның арасында Қазақстан нарықтарында баға басымдылығына ие
болуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде Қазақстандық өндірушілердің ішкі және
сыртқы нарықтарды бәсекелестік қабілеттері нашарлады. Америка долларына
шаққанда валюталық бағамды 76 – 84 теңге аралығында ұстап тұру үшін 1,1
млрд. АҚШ доллары көлеміндеге алтын - валюта қорын жұмсауды талап етті.
Елеулі басқыншылықтар және халықаралық валюта қорының несиелерін өтеу алтын
– валюта резервтерінің сомасын 2584,14 млн. доллардан 2009 жылдың басында
1628,09 млн. долларға дейін азайтып, үш айдағы импорттық құнын жаба
алмайды. Валюталық бағамды ұстап тұру үшін ұлттық банк 214,66 млн. АҚШ
долларын жұмсады. Ол ішкі нарықтағы жылдық сауда көлемінің 48 % құраған.
Тұрақты айырбас бағамының есебінен болатын елеулі нақты нығайту отандық
өндірушілердің бәсекеге қабілеттерін жоғалтып, олардың өнімдерін импорт
тауарларды ішкі нарықтан ығыстыруына, соның салдарынан өндірістің
құлдырауынан апарып тірейді. 2008 – 2010 жылдары теңгенің жоғары нақты
бағамы мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар нысанында елге қойылған
капиталдың есебінен ұстап тұрылды. Сөйтіп, отандық өндірістің бәсекеге
қабілеттілігі төмендеп, тұтыну импорты шапшаң өсіп, ағымдағы операциялардың
сальдосын 2008 жылдың орта шеніне қарай бірте – бірте теріс мәнді аймаққа
ауысты. Халықаралық қаржы нарықтарының жағдайяттары ауысқан мерзімде
мемлекеттік борышты өтеуге қызмет көрсетудің құны шамадан тыс жоғарылап,
дағдарыс өткір кезеңге ауысты.
Ресейдегі дағдарыстың ішінде ТМД елдерінің валюталарына арақатынасына
қарай теңгенің елеулі түрде нақты қымбаттауы 2009 жылдың аяғында ресей
рубліне қатынасы бойынша 69 %, ал ТМД елдерінің валюталарының арақатынасына
қарай 61 % құрайды.
2010 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша
валюталық бағам деңгейін еркін нарық жағдайында анықтайтынын білдіреді.
Яғни валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып
көрсетуге тиіс. Валюталық бағамның деңгейін төлем балансының тұрақты
міндетіне сәйкес деңгейге, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын
жағдайға жеткізу қажет болғанда ұлттық банк валюталық нарықты
бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген ұлттық банк Қазақстан
теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұру үшін валюталық бағамды
реттейді.

2 тарау. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру және
оларды реттеу
2.1. Қазақстан Республикасындағы валютаның дамуы
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының валюта
рыногын нығайту және дамыту бойынша 2009 жылға арналған шаралары туралы
Жарлығында шет ел валютасына бөлшек сауда жасауға тиым салынып, билеттермен
сауда жасауды, шет ел азаматтарына билеттер сатыдуы қоспағанда,
лицензиялардың қолданылу күші жойылды.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет валюта тәуекелділіктері
хеджерлеу тетіктерін құру валюта рыногінің 2009 жылғы дамуының сипатты
ерекшелігі болды: валюталық фьючерс бойынша саудаластық. Осы жылы
республиканың валюта рыногін ырықтандыру бағытына кезекті адым жасалып,
куәландыратын құжат көрсетпей-ақ шет ел валютасын алып кету мөлшері 1 мың
АҚШ долларына дейін көбейтілді. Сол мезгілде қолданыста болған заң валюта
рыногін ырықтандырудың қол жеткен деңгейіне айқын сәйкес болмады. 1996
жылғы желтоқсанда Валюталық реттеу туралы жаңа заң қабылданды. Заң
ағымдағы операцияларды шектеусіз жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, ол
Халықаралық Валюта Қорының валютаның айырбасталымдылығы туралы келісіміне
қосылуға Қазақстанның бастамасының заңды түрде ресімделгенін білдіреді.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларды лицензиялау не тіркету қажет
болды.
Биржа рыногінде сұраныс пен ұсыныстың жоғарылауынсыз коммерциялық
банктердің АҚШ доллары мен Қазақстан теңгесіне қажетсінуін қанағаттандыру
үшін және валюта бағамының соған сәйкес ауытқуына орай 2009 жылы практикаға
СВОП-операциялар деген құралдар енгізілді.
Жалпы алғанда, 2009 жылы валюта операцияларын реттемелейтін бірқатар
маңызды нормативтік құжаттардың қабылдануымен есте қалды. Шет ел валютасы
пайдаланылатын қызметтерді лицензиялауға, капитал қозғалысымен байланысты
валюталық операцияларын тіркеуге байланысты нормативтік актілермен қатар
шекарадан өткізілетін тауарлардың төлемдердің мерзімдері мен көлемдерінің
сәйкес келуін қадағалайтын экспорт-импорт бақылауының тетігі енгізілді.
Біздің ойымызша, экспорт-импорт бақылауы кешеуілдеп енгізілді. 2009-2010
жылдардағы Қателіктер мен өткізіп алулар деген мақалада көрсетілгендей
сол уақытқа дейін капиталдың безінуі 1986,9 млн. АҚШ долларын құраған.
Біздің ойымызша, Ресейдің үлгісі бойынша, бақылауды сонау 2008 жылы енгізу
керек.
Валюта рыногі 2008 жылы қаржы рыногінің ең серпінді сараланымы болып
қалды. Жалпы, жыл бойында шет ел валютасына сұраныстың елеулі жоғырылауы
және Ресейдің қаржы дағдарысынан кейін девальвациялық болжалдық күшеюі
байқалды. Теңгемен қатынасы бойынша АҚШ долларының биржалық бағамының өсуі
осы жылы 10,7% құрады. Ішкі валюта рыногінің 2009 жылдағы дамуы маңызды
макроэкономикалық көрсеткіштердің серпініндегі оң ілгерілеулермен
сипатталып, еркін құбылатын айырбас бағамының тәртіптемесін енгізумен
қосталады.
2009 жылғы сәуірдің 5-де валюта тәртіптемесін ауыстыру сәтінен бастап
қазіргі күні де жалғасып келе жатқан валюталық реттеу жүйесі дамуының
үшінші кезеңінің есеп беруі басталады.
Үшінші кезеңдегі маңызды жаңа енгізілім евро бойынша саудаластықтың
басталуы болды. Шет ел валютасына сұраныс пен ұсынысты теңгеру үшін
экспорттық ақша түсімінің 50%-ін міндетті сату енгізілді. Мұндай міндеттеу
валюта рыногіндегі қалыпты жағдайдың арқасында қарашаның 15-інде күшін
жойған еді. Валюталық реттеудің заңдық базасын жетілдіру валюта
операцияларын жүргізу тәртібін ырықтандыру бағытында жүзеге асырылды.
Валюта операцияларын лицензиялау тәртібінің өзгеруі капиталдың әкетілуіне
бақылаудың күшейтілуімен бірге оларды ықшамдауға бағытталды. Алдын ала
қабылданған шаралар белгілі нәтижелерге қол жеткізді: Қателіктер мен
өткізіп алулар мақаласындағы сомалар 2008 жылғымен салыстырғанда 2009 жылы
437,6 млн. АҚШ долларына азайып, лицензия алу үшін Ұлттық банкке өтініш
жасаушы заңды тұлғалардың саны көбейді. Егер 2009 жылы капитал қозғалысына
байланысты операцияларды жүзеге асыруға 18 лицензия берілсе,2008 жылы-96,
2009 жылы -21, 2010 жылы 214 болды. Дегенмен, осы күні ағымдағы
операцияларды бақылаудың қиындықтары бар. Экспорттың ақша түсімін қайтармау
және импорт бойынша төлемдерді өтеу шотына тауарлардың түспеуі капиталдың
шет елге безінуінің бір арнасы болып қала береді.
Ұлттық банк 2010 жыл бойында шет ел валютасын сатып алу және сату
операцияларын жүзеге асырды. АҚШ долларын сатып алу көлемі оның сатылу
көлемінен асып түсті.
2009-2010 жылдар ішінде Ұлттық банк ішкі валюта рыногіне көбінесе шет ел
валютасын сатып алушы ретінде қатысты. Соның бәрі мемлекеттің алтын валюта
қорының толығуына мүмкіндік берді.
Жалпы алтын-валюта қорының өзгерісі еркін айырбасталатын валюта
активтерінің көбеюімен де, қымбат металдар активтерінің өсуімен де
байланысты.
Экспорт жеткізілімінен алынатын валюталық ақша түсімімен қолдау
көрсетілетін шет ел валютасының ұсынымы валюта рыногіне елеулі ықпал етеді.
Ақша реттеу бойынша белсенді әрекеттің есебінен қол жеткен ішкі валюта
рыногіндегі тұрақты жағдай валюта резервтерінің молаюының себептерінің
бірі.

2.2. Қазақстан Республикасындағы валюта нарығын нығайтудың басты
жолдары
Валюта рыногін тікелей реттеудің ажыратылмайтын бөлігі болып саналатын
валюта бақылауы тәртібін тәртіпке келтіру, валюта заңдарын ырықтандару
бойынша практикалық шараларды жүзеге асыру, құралдардың тиімділігін және
валюта операцияларын бақылау әдістерін жоғарылату 2009-2010 жылдардағы
валюталық реттеуді жетілдірудің негізгі бағыттары болды. Осы міндеттерді
жүзеге асыру үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілер әзірленіп,
қабылданды. Әкімшілік тосқауылдарды алып тастау есебінен валюта рыногіне
қатысушыларға көбірек еркіндік беру қабылданған өзгерістердің негізгі
мақсаты болып саналады. Жүргізілу техникасы бойынша барынша сенімді
және айқын валюта операциялары мемлекеттік органдар тарапынан болатын
артық бақылаудан босатылды. Экспорт - импорт мәмілелері бойынша
лицензияланатын операцияларға ең аз соманы белгілеу және жекелеген бағалы
қағаздардың инвестициясына қойылған шектеуді алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операцияларды классификациялау
Валюта қатынастары және валюта жүйесі
Банктегі валюталық операциялар
Валюта жүйесі: түрлері, элементтері
Валюталық операциялардың сипаттамасы
Валюталық операциялардың жіктелуі
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Валюталық саясат
Валюталық бақылау
Ақша жүйесінің қалыптасу негіздері
Пәндер