Валюталық жүйе және валюталық қатынастар



Кіріспе.

1 тарау. Валюта жүйесінің дамуы.
1.1. Дүниежүзілік валюта жүйесінің дамуы.
1.2. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.

2 тарау. Валюта жүйесі және валюта қатынастары.
2.1. Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесінің мәні мен құрылымы.
2.2. Валюта бағамы және оның экономикаға әсері.
2.3. Халықаралық пен айырыму баланстары.
3 тарау. Халықаралық және аймақтық валюта.несие және қаржы ұйымдары.
3.1. Халықаралық есеп айырысу банкісі.
3.2. Халықаралық валюта қоры және халықаралық қайта құру және даму банкі.
3.3. Аймақтық халықаралық несие.қаржы ұйымдары.
Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Валюталық жүйе және валюталық қатынастар».
Курстық жұмысым екі тараудан тұрады. Атар айтар болсам, бірінші тарау «Валюта жүйесінің дамуы» деп аталады. Бұл тарауда екі бөлім қарастырылды. Яғни, Дүниежүзілік валюта жүйесінің дамуы және Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.
Екінші тарау «Валюта жүйесі және валюта қатынастары». Бұл тарауда валюта, валюта жүйесінің мәні және валюта қатынастары, валюта бағамы, халықаралық пен айырысу баланстары туралы мәселелер қозғайды.
Курстық жұмысымды қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімімен аяқтадым.
16. Закон Республики Казахстан «О валютном регулировании» Казахстанская правда 1996 – 27 декабрь.
17. Байшиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар А. «Санат» 1998.
18. Бертаева К. Ж. Валютный рынок и валютные
19. Бурлак Г.Н. Кузнецов О.И. «Техника валютных операций». М.
20. Букина М.К. Деньги, банки, валюта. Учебное пособие, М., Дис, 1994.
21. Валютный рынок и валютные регулирования. Учебное пособие, Под.ред. И.Н.Платановой, М., БЕК, 1996.
22. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. М., «Юнити», 1999.
23. Деньги, кредит, банки. Под.ред. О.М.Лаврушина, М., Финансы и статистика», 1999.
24. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. А., «Экономика». 2000.
25. Мнацаканян А.Г. Деньги и кредит, К., Янтарный сказ. 2000.
26. Международные валютно-кредитные и финансовые отношение. Учебник, Под.ред. А.Н.Красовой. М., «Финансы и статистика». 1994.
27. Сурен А. Валютные операции. М.,м Дело, 1998.
28. Финансы, денежные обращение, кредит. Под.ред. Поляка Г.Б., М., Юнити, 2001.
29. Финансы, денежное обращение и кредит. Под.ред. Сенчагова В.К. и Архипова А.Ш. М., Проспект. 2000.
30. Финансы, деньги, кредит. Под.ред. О.В.Соколовой. М., Юрист. 2000.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе.

1 тарау. Валюта жүйесінің дамуы.
1.1. Дүниежүзілік валюта жүйесінің дамуы.
1.2. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.

2 тарау. Валюта жүйесі және валюта қатынастары.
2.1. Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесінің мәні мен құрылымы.
2.2. Валюта бағамы және оның экономикаға әсері.
2.3. Халықаралық пен айырыму баланстары.
3 тарау. Халықаралық және аймақтық валюта-несие және қаржы ұйымдары.
3.1. Халықаралық есеп айырысу банкісі.
3.2. Халықаралық валюта қоры және халықаралық қайта құру және даму банкі.
3.3. Аймақтық халықаралық несие-қаржы ұйымдары.
Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Валюталық жүйе және валюталық
қатынастар.
Курстық жұмысым екі тараудан тұрады. Атар айтар болсам, бірінші тарау
Валюта жүйесінің дамуы деп аталады. Бұл тарауда екі бөлім қарастырылды.
Яғни, Дүниежүзілік валюта жүйесінің дамуы және Қазақстан Республикасының
валюта жүйесі.
Екінші тарау Валюта жүйесі және валюта қатынастары. Бұл тарауда
валюта, валюта жүйесінің мәні және валюта қатынастары, валюта бағамы,
халықаралық пен айырысу баланстары туралы мәселелер қозғайды.
Курстық жұмысымды қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімімен
аяқтадым.

1 тарау. Валюта жүйесінің дамуы

1.1. Дүниежүзілік валюта жүйесінің дамуы

Дүниежүзілік валюта жүйесі — динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс
елдері экономикасындағы, дүние жүзілік шаруашылықтағы өзгерістер мен
қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді. Өз дамуы барысында
дүниежүзілік валюта жүйесі негізгі төрт кезеңнен өтті және сол кезеңдер
дүниежүзілік валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын манеталы стандарт негізінде
құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында
мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді. Ол кезеде бірқатар
мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі рыноктарда алтынға еркін
айырбасталды. Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілері мыналар:
— әр валюта бірлігінде белгілі алтын мөлшерінің болуы;
— валютаның алтынға айырбасталу мүмкіндігінің ел ішінде де, мемлекет
шекарасынан тысқары жерлерде де сақталуы;
— алтын құймалардың манетаға айырбасталуы, алтынның еркін
экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын рыноктарында
еркін сатылуы;
— алтынның ұлттық қоры мен ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы қатаң
байланыстың болуы.
Алтын стандартқа негізделген халықаралық
есептеулердің механизмі қатаң курс бойынша жүргізіледі. Алтын стандарттың
басқа түрлеріне, алтын манета, алтын құйма және алтын девиз стандарттары
жатады. Алтын стандарттың бір түрінен екінші түріне көшу дүниежүзілік
капитализм жүйесінің даму барысында жүзеге асырып отырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған
валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеліп
соқтырды. Ол 1922 жылы Генуя халықаралық экономикалық конференциясына
қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі
конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді
стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар
алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз
деген кез-келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және
т.б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (І және ІІ) Бреттон-Вудс
конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта деген
атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен
американдық доллар осы статусты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен
бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның
Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы
бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде
американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет
резервтік влаюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен
Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеуге мүмкіндік
туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар
экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың
экономикалық басымдылығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік
соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс
Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай-ақ
бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық)
олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни долларды аштықта көрініс
тапты.
Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
• доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы
бекітілді;
• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын
арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы
бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ±1%,
Еуропа елдерінде ±0,75% ауытқуы мүмкін;
• шетел орталық банктерінің долларлық резервтері (қорлары) американдық
қазынашылық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады;
• алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары
құрамында 31,1 гр. таза алтыны 1 тройск уициясына теңгерілді);
• мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган — Халықаралық
валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
ХВҚ-ның негізгі қызметі – осы мемлекетаралық
қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға
еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вуддс жүйесі ширек
ғасырдан астам уақыт аралығында Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне
және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті.
Дегенмен, бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере
алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптері АҚШ басқа елдер есебінен
әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта
жүйесінің қайшылығы – ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты
және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені
әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді.
1971-1973 жылдары валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде
күйреуін жеделдетті.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында
ХВҚ-ға мүше елдердің Кингсталда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге
келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталады. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта
жүйесіне негізделмей, тек қана заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық
принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай
роль атқармайды. Жаңа жүйе калвалюталы стандарт болып табылады.
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы: алтын өзінің
манетаралық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның
құрамында алтын жоқ. ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі
ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп, алтын
паритетінің алтынның ресми бағасының шетел орталық банктері мен үкімет
орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға
айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта
жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстыруға
қарамастан іс жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла
қойған жоқ.

1.2. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі

Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің
тәуелсіз дамуы кезінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның
алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық
шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге
шешу міндеттері тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ – ға мүше болып кіргеннен бастап
өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидаларымен
қордың жарғысына сәйкес халыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру
үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде Валюталық реттеу туралы алғашқы заң
қабылданды. Ол кезде Қазақстан аймағында.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық
қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған.
Қазақстан заңдары бойынша валютаның реттеудің объектісі болып шетел
валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды
Аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, ашып
кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі: валюталық
қатынастардың субъектісі болып резиденттер және резидент еместер
саналады.
Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып
Ұлттық банк саналады.
Валюталық бақылау үшін негізінен мына бағытта жүргізіледі:
- жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және
оған қажетті рұқсаттың болуы;
- резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін
орындауын тексеру;
Сөйтіп валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени
қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттік төлем саласында көрініс табады.

2 тарау. Валюта жүйесі және валюта қатынастары.

2.1. Валюта, валюта қатынастары және валюта
жүйесінің мәні мен құрылымы

Валюта – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем есеп
айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше
формасы.
Валюта қатынастары - әлемді шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір
элементтері көне дәуірді векиль және айырбастау істері ретінде пайда
болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты
болғанымен оған, өз кезегінде өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай
керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастар құқықтық нормалармен және
ережелермен реттеледі.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға
және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта
ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта
жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құралады. Ұлттық валюта елдің ақша
бірлігі.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- Ресми алтын валюта қорының құрылымы;
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қарастыратын механизмі;
- Валюталық айырбасталу мүмкіндігі;
- Валюталық шектесулердің деңгейі;
- Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі
және тағы басқа.
Паритет – валюталардың алтын мөлшерін сәйкес ара қатысы. Паритет валюта
курсының негізі, бірақ валюта курсы оның паритетіне дәлме – дәл келмейді.
Дүниежүзілік валюта жүйесі халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру
формасы, яғни ол – халық-аралық неше – қаржы институттарымен халықаралық
шарт және мемлекеттік құқық нормасы күндерін біріктіретін жүйе.
Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша – есептесу қатынастарын,
қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері.
- әлемдік ақшаның міндетті формасы;
- валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
- валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
- валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
- халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;
- халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
- әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
- мемлекетаралық реттеу институтылық статусы – 1944 жылдан халықаралық
валюта қоры бекітілді;
- Аймақтық валюта жүйесі.

2.2. Валюта бағамы және оның экономикаға әсері.

Айырбастау процесі белгілі бір арақатынасын жүргізіледі. Әр түрлі
мемлекеттердің ақша өлшемдерінің арақатынасы, яғни басқа елдің ақша
өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп
аталады.
Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы
күнбе-күн айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады.
Тауарлық бағасы оның құны негізінде құрылатын сияқты, ақша өнімінің бағасы
оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы – көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс
пен ұсынысқа әсер әсер ететін факторлар мыналар:
• инфляция қарқыны;
• процент мөлшерінің деңгейі;
• бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;
• төлем балансының жағдайы.
Мемлекеттің активтік төлем балансында оның
валютасына шетел борышқорларының сұранысы артады, сол кезде бағамы
көтерілуі мүмкін.
Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде процент мөлшері жоғары болса,
онда ол шетел капиталының құйылуымен, валютаға сұраныстың көтерілуіне, оның
бағамының жоғарлауына әсер етуі мүмкін.
Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу Юнтерінің әр түрін қолданады. Ол
әдістердің негізгілері мыналар:
• валюталық интервенция;
• орталық банктің ашық нарықтағы операциялары;
• орталық банктің проценттік мөлшер деңгейін және міндетті резервтер
нормасын өзгеруі.
Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды
айырбастау қатынасын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта
нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама.
Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен
көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама
котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір
мөлшерін көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 жылдан
бастап – сарай АҚШ қолдануда.
Банктен сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы
– ол банктің валюта белгіленген бағаммен сатығу дайындығы, ал сатып алушы
бағамы банктің валютасы сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей
котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары.
Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.
Сондай-ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады.
Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу
мақсатында, кедендік төлемдерді, төмен төлем балансын құрастырғанда
қолданылады. Өнеркәсіп дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі
бөлігі биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің
ішкі нарықтағы қолданылатын негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық
котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.
Жалпы влаюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақсы әсер етеді.
Ұлттық валюта бағамының төмендеуі Юстте, экспортшы тиімді, себебі ол
қымбаттаған шетел валютасымен түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға
айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Демек, экспортшылар бағасы
орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне
түсетін пайдалы ұлғайту үшін ұмтылады.
Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісім-шарт бағасынан
сатып алу қымбатқа түседі. Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен
көрсетілген іс жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатып алуы қымбатқа
түсетін шетел валютасымен көрсетілген сыртқы қарыз өседі.
2.3. Халықаралық есеп айырысу баланстары.

Кез келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени
қатынастары оның халықаралық пен айырысу баланстарында жалпы қорытынды
көрініс табады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық
көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі, ол ұлттық табысты елдер
арасында қайта бөлуді көрсетеді. Сондықтан жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық
табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы
есептеледі:
Халықаралық пен айырысу баланстарының негізгі түрлері мыналар:
- төлем балансы;
- есеп айырысу балансы;
- халықаралық қарыз балансы.
Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шетелге
төлеген валюталық санасымен оған шетелден түскен сомманың ара-қатынасы
белгілі бір мерзімнің және бір күндік төлем балансы болады. Бір күндік
төлем балансы статистиканың көрсеткіш ретінде жарияланбаса, ол белгілі бір
күндік орындалуға тиіс төлемдер мен түсімдердің арақатынасындағы өзгертеді
көрсетеді: белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт арасындағы төлем
мен түсімдердің арақатынасын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық
қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге
көмектеседі:
Егер валюталық түсім төлемнен артық болса, онда төлем балансы активті;
ал егер төлем түсімнен артық бола, онда төлем балансы пассивті деп аталады.

Есеп айырысу балансы деген бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қойған
валюталық талаптары мен міндеттемелерінің арақатысы. Бұндай талаптар мен
міндеттемелер тауарлар мен қызметтерлі экспорттау нәтижесінде, сондай – ақ
заемдар мен несие бергенде пайда болады. Есеп айырысу балансы: белгілі бір
мерзімнің және белгілі бір күнге деп екіге бөлінеді.
Белгілі бір күнтізбектік мерзімнің мен айырысу балансының активтік
тауарлары бір елдің шетел мемлекеттеріне қойған жаңа талаптарымыз соммасы
мен оның шетелден алған инвестициясын көрсетеді: Пассивтік тауарлары, елдің
неше және шетел инвестициялары бойынша жаңадан туындайтын міндеттемелерін
көрсетеді.
Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір
мерзімге жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс. Ол осы елдің шетелге
барлық талаптары мен міндеттемелерінің қай уақытта пайда болғаны және қай
уақытта өтелуі керектігіне қарамастан олардың арақатынасын көрсетеді. Оның
активтің сальдосы мемлекеттің неше және инвестицияны өзіне тартқаннан көрі
басқаға бергендігі және ол несие беруші ретінде болашақта валюталық
түсімдерді алатындығын көрсетеді. Белгілі бір күнге жасалған есеп айырысу
балансының пассивтің сальдосы мемлекеттің нетто борышқор ретіндегі
позициясын сипаттар, сырттай түсімдермен қамтамасыз етілмеген шетелге
болашақтағы төлем мөлшерін көрсетеді:
Төлем балансы мен есеп айырысу баланстарымыз бір – бірінен негізгі
айырмашылығы:
- төлем балансына тек іс – жүзінде жүргізілетін түсімдер мен төлемдер
кіреді, есеп айырысу балансына елдің шетелге қойған талаптары мен
міндеттемелері кіреді;
- есеп айырысу балансында барлық алынған және берілген несиелер
көрсетіледі, оның ішінде төлем балансына кірмейтін өтелмеген несиелер
ол көрсетіледі;
- төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы – активтің
немесе пассивтің бірі сәйкес келмейді, әдетте олар қарама – қарсы
болады, ал төлем балансы әлсін - әлсін әсіресе, ағымдағы операциялар
бойынша, пассивтің болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынастар
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар
Валюталық жүйе және оның түрлері
Халықаралық валюталық қатынас
Валюталық жүйелер
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Дүниежүзілік валюта айналымы
Пәндер