Шетелдік валютамен жасалатын операциялар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
1.1. Қазақстан Республикасындағы операцияларды реттеу ... ... ... ... ... ... ... .4.7
1.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.10
1.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі ... ... ... ... ... 10.12

ІІ бөлім. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНК ВАЛЮТАСЫНЫҢ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1. Халықаралық банктік есеп айырсу нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.31
2.2. Банктің валюта.айырбас операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... .31.35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37 қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Кіріспе
Қазақстан Республикасының белгіленген заңына сәйкес ел ішіндегі әр түрлі операциялар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың бір-біріне төлейтін төлемдері тек қана ұлттық валюта түрінде жүргізілуі тиіс. Ұйымдардың резидент емес заңды тұлғалармен орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шетелдік валюта түрінде қаржы төлеуі немесе қаржы қабылдауы арнайы құжатты қажет етеді. Сондай-ақ шетелдік валюта бойынша операция жасау үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар 1996 жылғы 24 желтоқсандағы нөмірі 54-1 санды «Валютаны реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңын және 1997 жылғы 23 мамырдағы Ұлттық банк басқармасы бекіткен нөмірі 206-санды «Қазақстан Республикасындағы валюта бойынша жасалатын операциялардың ережесін» басшылыққа алуы тиіс.
Шетелдік валюта – дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды, дайын өнімдерді сату, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау барысында қолданатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері болып табылады.
Таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы «Шетелдік валютамен жасалатын операциялар».
1. Радостовец В.В. "Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп", 2000 ж.
2. Кендриксен Е.С. "Бухгалтерлiк есептер жинағы",1996 ж.
3. Макаров К.Г. "Бухгалтерлiк есептеу теориясы", Москва-1996 ж.
4. Монопольская М.А. "Бухгалтерлiк есептеу". Москва-1998 ж.
5. Ханули Ч.Ш "Бухгалтерлiк есеп және басқарушылық аспектiлерi",1997 ж.
6. Құнтөлеуов А. "Бухгалтерлік есеп негіздері". Ақтөбе, 2002 ж.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын бекітіу туралы» 2002 жылғы 18 қыркүйектегі №438 Жарлығы.
8. Журнал «Бухгалтер и налоги» №1 июльАлматы,2002 жыл.
9. Журнал «Бухгалтер и налоги» №2 август Алматы,2002 жыл.
10. Журнал «Бухгалтер и налоги» №3 сентябрь Алматы,2002 жыл.
11. Міржақыпова С.Т. "Банктегі бухгалтерлік есеп".Оқулық – Алматы: Экономика 2004 ж.
12. "Бухгалтерлiк есеп туралы"ҚР Президентiнiң 1995жылдың 26 желтоқсанындағы №2732 заң күшi бар бұйрығы.
13. №3" Бухгалтерлiк есептеу стандарты"ҚР бухгалтерлiк есеп туралы комиссясының 1996жыл 13 қарашадағы қаулысы.
14. "Бухгалтерлiк есептiң регистерлерiн жүргiзу иструкциясы"1997 жылдың 24 қарашасындағы. №72 бұйрығы.
15. ҚР валюталарды реттеу заңы және 2001жылдың 20 сәуiрiндегi ереже.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
1.1. Қазақстан Республикасындағы операцияларды
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . 4-7
1.2. Валюталық шоттарды ашу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8- 10
1.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың
есебі ... ... ... ... ... 10-12

ІІ бөлім. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНК ВАЛЮТАСЫНЫҢ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1. Халықаралық банктік есеп айырсу
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 13-31
2.2. Банктің валюта-айырбас операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ...31-35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .36

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..37
қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..38

Кіріспе
Қазақстан Республикасының белгіленген заңына сәйкес ел ішіндегі әр
түрлі операциялар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың бір-біріне төлейтін
төлемдері тек қана ұлттық валюта түрінде жүргізілуі тиіс. Ұйымдардың
резидент емес заңды тұлғалармен орындалған жұмыстар мен көрсетілген
қызметтер үшін шетелдік валюта түрінде қаржы төлеуі немесе қаржы қабылдауы
арнайы құжатты қажет етеді. Сондай-ақ шетелдік валюта бойынша операция
жасау үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кәсіпорындар мен
ұйымдар 1996 жылғы 24 желтоқсандағы нөмірі 54-1 санды Валютаны реттеу
туралы Қазақстан Республикасының заңын және 1997 жылғы 23 мамырдағы Ұлттық
банк басқармасы бекіткен нөмірі 206-санды Қазақстан Республикасындағы
валюта бойынша жасалатын операциялардың ережесін басшылыққа алуы тиіс.
Шетелдік валюта – дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды,
дайын өнімдерді сату, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау барысында
қолданатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша
бірліктері болып табылады.
Таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы Шетелдік валютамен жасалатын
операциялар.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде валюталық қатынастарды реттеу
және заңдылықтарды атқару. Қазақстан Республикасында валюталық
реттеудің негізгі органы республиканың заңдылықтарына сәйкес
валюталық реттеудің қызметерін атқаратын Ұлттық ванк болып
табылатыны туралы. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар
валюталық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде
жүргізілуі. Валюталық бақылау агенттері ретінде валюталық
операцияларды жүргізу кезінде жүктелген уәкілетті банктер мен
банктік емес қаржылық мекемелер туралы жазылған.
Жұмысымның екінші бөлімінде өкілетті банктер Қазақстандық аударымды
жіберушілердің шетелге импортталатын тауар, тауарлық құжаттар немесе
қызмет көрсетулер және т.б. бойынша құжаттардың құнын шетел
валютасында төлеу тапсырысын орындайды, егер олардан шартында өзара
шарт құнын аванспен яғни тауарды тиегенге дейін төлеу туралы ереже
көрсетілген бойынша өзара шарт бойынша авансты төлеу үшін
қолданылуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі таңдағы шетел валютасының
ұйымдастырылуын зерделеу, сондай-ақ міндеттері мен мақсаттарын ашып
көрсету. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу.
Бұл курстық жұмыстың міндеті:
1. Шетел валютасының жалпы түсінігін ашып көрсету;
2. Шетел валютасындағы банктік операцияларды зерттеу;
3. Валютаны реттеудің объектілері мен валюталық құндылықтарын
қарастыру;
4. Кейбір шетел валютасындағы операциялар Ұлттық банкке
тіркелуі қажет екенін анықтау.

І. Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі
1.1. Қазақстан Республикасындағы операцияларды реттеу
Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен
әрекеттерді экспорттау – импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында
шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бейрезидент
тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле
кезінде теңге және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге
асырумен байланысты.
Әрбір егеменді мемлекетке заңды төлем құралы ретінде сол елдің
ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие,
инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудан қажетті
жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу
немесе сату нысанасында бір валютаны басқа валютаға айырбастау
болып табылады. 21 ҚЕХС сәйкес валюталық операция – бұл шетел
валютасында деноминациялатын немесе ондағы есепті талап ететін
операция.
Осындай айырбастарды жүргізу үшін валюталық нарық қызмет етеді,
яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы
шетел валютасын ұлттыұқ валютаға айырбастау немесе сату жүзеге
асырудың ресми орталықтары.
Валютаны айырбастау операциялары ежелде ауыстыру ісі нысанында
ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып бірақ қазіргі
түсініктегі валюталық нарық ХІХ ғасырда қалдыптасты. Олар
келесідегідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
• Байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар
бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті
интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты
интернационалдандыру күшейеді;
• Операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз
жасалынады;
• Валюталық операциялар техникасы сәйкестіндірілген, есеп
айырысулар банктің корреспонденттік есепшоты арқылы жүзгізіледі;
• Валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында
валюталық операциялардың кең көлемде дамуы;
• Алып-сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен
байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі;
олардың қатысушылардың саны бірден өсті және олардың құрамына
банктер мен ұлт аралық корпорациялардан (ҰАҚ) басқа заңды және
жеке тұлғалар жатады;
• Банктер мен ұйымдарға шетел валютарында несие және қарыздарды
тарту және ұсыну;
• Тұрақты экономикалық жағдайларда тәуелсіз өздерінің биржалық
тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның
тұрақсыздығы.
Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді
қамтиды:
• Халықарылық есеп айырбасулардың уақытылы жүзеге асырылуы;
• Валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
• әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардың өзара
байланысы;
• банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің
әртараптандырылуы (диверсификациясы);
• валюталық бағамды реттеу;
• қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-
сатарлық пайдасы;
• эконмиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты
жүргізу.
Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық – бұл
банктердің, брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе ұлт
аралық корпорациялардың (ҰАТ) жиынтығы. Банктер банкаралық н,арықта
және тауарлы - өнеркәсіп клиентурасында 85-95% валюталық мәмілелер
жасайды.
Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республикасының
резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.
Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтармен
жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және
бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздар
міндеттеме, қымбат металдар) жатады.
Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге
бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден
валюта аудару және керісінше және тура инвестициялар, қаржылық
несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар
жатады.
Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды
Ұлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни
үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың
лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге
құқы бар:
• шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың
шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;
• заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын
сатып алу және сатуды жүзеге асыру;
• валюталарды сатып алу сатуды жүргізу;
• шетел мемлекеттердің банктерімен корреспонденттік қатынастарды
белгілеу;
• өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;
• шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
• халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды
жүзеге асыру.
Валюталық операцияларды жүзеге асыруға берілген банктер уәкілетті
деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі
фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелермен филиалдардың
шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп
айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта
саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілген валюталық
шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл
атқарады.
2000. жылдың сәуірінен бастап Ұлттық банк теңгенің еркін
қалқымалы бағамын белгіледі. Ол Ұлттық банк қатысуынсыз
валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық
валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жағдайда
валюталық реттеудің маңызы кенеттен өседі, негізі
міндеттері келесілер болып табылады:
• Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін валюталық
операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын
нормативтік құқықтық актілерді шығару, валюталық операциялар
субъектінің құқықтары мен міндеттері, валюталық заңдылықтарды
бұзғаны үшін жауапкершілік;
• Валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау;
• Валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көлемін және
құрылымының жағдайын талдау.
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:
• Валюталық операциялар объектілері мен субъектілерін, валюталық
операциялар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жіктелуін,
валюталық құндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын
валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;
• Сипатына, субъектісіне, объектісіне, көлеміне байланысты белгілі
валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;
• Шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау;
• Валюталық операцияларды тіркеу;
• Валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;
• Валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;
• Валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс.
(Қазақстан 1992 жылдың ортасынан бастап халықаралық валюта
қорының (ХВҚ) мүшесі болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінен
бастап ХВҚ келісім баптарының VІІІ бабына енді,
онда мемлекеттердің өздерінің валюталарының айырбасталымдылығын
қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған, яғни ағымдағы валюталық
операциялар бойынша шектеулер енгізбеу).
Валюталық реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып
табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты – Қазақстан Республиуасының
резидент және бейрезидент тұлғалардың валюталық операция жүргізу
кезінде заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың
негізгі бағыттары:
• Заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталық операциялардың
сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті
лицензиялар мен куәліктердің болуы;
• Шетел валютасындағы төлемдер шарт жағдайына сәйкестігін тексеру;
• Валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп берудің
толықтығын және объективтігін тексеру.
Валюталық қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы
валюталық заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық
реттеудің негізгі органы республиканың заңдылықтарына сәйкес
валюталық рететудің қызметерін атқаратын Ұлттық ванк болып табылады.
Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеудің
заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық
реттеу бойынша негізгі нормативтік актілер 1998 жылдың 24
желтоқсанында Валюталық реттеу туралы заңға толықтырулар мен
қосымшалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында
жүргізілетрін валюталық операциялардың принциптері мен тәртібін
валюталық операция субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін,
валюталық заңдылықтар – бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық
бақылау агенттері ретінде валюталық операцияларды жүргізу кезінде
жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер
болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесідей валюталық
шектеулер қолданылады:
• резеденттер арасында жүргізілетін операциялар бойынша барлық
төлемдер тек қазақстандық валютада жүргізілуі керек, тек Ұлттық
банктің нормативтік құқықтық актілерінде, салық және кеден
заңдылықтарында көрсетілген жағдайлардан басқа;
• банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыруда уәкілетті
емес банктер және ұйымдардың шетел валютасын сатып алуға,
сатуға және айырбастауға болмайды;
• қызмет және тауар, несие ретінде резиденттер алатын шетел
валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарында міндетті
түрде есептелуі керек.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық
міндеттемелерді орындау мақсатында және күтпеген жағдайлардың туындау
кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және тоқтауға
құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы заңды күші бар ҚР
Ұлттық банк шетел валютасы жүргізілетін операцияларға қажетті
операциялар енгізуге құқы бар. Қазақстан Республикасының Валюталық
реттеу туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
резиденттерінің экспорттық операцияларына валюталық төлем және
экспорттық валюталық түсімді міндетті сату тәртібіне шек қоя алады.
Соңғысы нақты уақытта уақытша тоқтатылған.

1.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық
шот ашу қажет. Егер заңды тұлғаның бенкте теңгелік шоты болмаса,
онда оны ашу үшін келесі құжаттар қажет:
● нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесі;
● заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы;
● уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;
● салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;
● Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі
туралы куәлік.
Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер,
мәмілелер көшірмесі бар заңдық іс жасалынды.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық
шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- шот ашу үшін арыз;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- клиенттің салық есебіне тіркелгендігін растайтын салық
қызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат;
- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті
орган берген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін
құжат көшірмесі.
Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар жариялануы қажет:
уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып
алынған экспортты валюталық түсім, жарғылық капиталға салым, қаржылық
көмек, қайырымдылықтар, сыйлықтар, несиелер, қарыздар, валюта. Заңды
тұлғалар шетел валютасындағы несиені тек бейрезидент тұлғалармен
есеп айырысу үшін және шетел валютасында алынған банктік несиелер
бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана ала алады. Клиенттердің
валютаны сатып алуы валюталық қаражаттарды сатып алуға берілетін
арыз арқылы және кросс-операция бойынша жүзеге асырады, ал сату
валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізінде жүргізіледі.
Клиент валюталық шоттан тауарды импорттау бойынша
келісімшарттарды алдын ала тқлеуді жүзеге асыру кезінде банкке
сәйкесөзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет.
Ұсынылатын құжаттар негізінде валюталық шот ашу кезінде тоғыз
таңбалы саннан тұратын нөмір бөлінеді.
000 000 000
1 2 3
Мұндағы: 1 – валютаның коды;
2 – шоттың баланстық нөмірі;
3 – клиенттің нөмірі.
Онда шоттың ашылған күні, клиенттің атауы, нөмірі және қосымша
ақпараттар жазылаитын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы
жүргізіледі. Сол уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот
бойынша ақша қаражаттарымен байланысты барлық материалдар жиналатын
заңды іс және дербес шот көрсетіледі.
Жоғарыда айтылғандай, банктер шетел валютасында операция жүргізу
үшін лицензия алулары қажет ҚР Ұлттық банкі лицензиялауды
заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында
қолма-қол есеп айырысу негізінде бөлшек сауда және қызмет
көрсетулермен байланысты әрекет, резиденттердің мемлекет заңдылықтары
бойынша құқықтарына сәйкес шетел банктерінде және қаржы
институттарында шоттар ашумен байланысты қызметтерге лицензия
беріледі.
Кейбір шетел валютасындағы операциялар Ұлттық банкке тіркелуі
қажет, мысалы, 100 мың АҚШ жолларынан асатын ақша қаражатының
бейрезиденттен резиденттердің пайдасына өтетін қапитал қозғалысымен
байланысты. Ұлттық банк капитал қозғалысымен байланысты валюталық
операциялардың келесі тіркеу тәртібі белгіленген:
- 180 күнге дейінгі алынатын несие;
- 180 күн мерзімінде резиденттердің экспорттық мәмілелерін
бейрезиденттердің несиеленуіне байланысты есеп айырысуларды
жүзеге асыру;
- 180 күн мерзімінде резиденттердің импорттық мәмілелерін
бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды
жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттердің инвестициясы;

- жылжымайтын мүліктерге мүліктік және басқа да құқықтар
төлемдеріне аударымда;
- бейрезиденттердің 180 күн мерзімінде резиденттердің
экспорттық мәмілелерін несиелеумен байланысты есеп
айырысуларды жүзеге асыру.
Валюталық операциялар бойынша есеп және есеп беру тәртібі және
нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі мен статистикалық
уәкілетті мемлекеттік органдарының келісіміне сәйкес Қазақстан
республикасы Ұлттық банкпен бекітіледі және Қазақстаннның заңды
және жеке тұлғалары міндетті түрде орындалуы керек.
Республикадағы барлық заңды және жеке тұлғалар Қазақстан
Республикасы Ұлттық банк және өкілетті банктерге олардың сұрауы
бойынша, валюталық реттеу заңының талаптарын орындау мақсатында
қажетті ақпараттар мен қаражаттарды ұсынуға міндетті.
Жекелеген валюталардың ұзақ немесе қысқа позицияларында бірінші
кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өлмеген мәмілелермен байланысты
олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелермен валюталық
операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.
Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы талаптар мен
міндеттерінің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақты валюта
бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есептелінеді,
ал тең келмеуі кезінде – ашық.
Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу
мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған табыспен
басқа сату мәмлімесімен жабады. Ұлттық банк валюталық позиция
көлемін шектемейді.
Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген
талаптардан жоғары болса ашық валюталық позиция қысқа болуы мүмкін
және егер сатып алынған валюталар бойынша талаптар оларға деген
міндеттемелерден жоғары болса, онда ұзақ болуы мүмкін.
Қатаң валюта бойынша ашық валюта позициясына мәлімет банктің
жарғылық капиталының 30% құрауы керек, ал ұзақ валюталық позиция
жұмсақ валюта бойынша 5%, валюталық нетто-позицияның жарғылық
капиталдың 50% құрауы керек.
Банктік операциялардың жіктелуі жалпы банктік критерийлері
бойынша, сондай-ақ тек волюталық операцияларға ғана тән басқа да
белгілері бойынша жүзеге асады. Сонымен, олар келесідей жіктеледі:
- Қазақстан Республикасы аумағында жасалынатын;
- валюталық құндылықтардың Қазақстан шекарасына өтумен
байланысты;
- Республикадан тыс жерде банктер жасайтын.

1.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың
түрлері кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі
дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну және мерзімді мәмілелер кең
қолданылады, соңғылары валюталық реттеу обьектілері болып табылады.
Жетпісінші жылдардан бастап биржада фьючерстік және опционды
валюталық мәмілер дамыды. Бұл алып-сатарлық мәмілені және валюталық
тәуекелден саұтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталық
операцияларды көп банктер жүзеге асырады, мерзімді операциялар мен
своп мәмілелерін негізінен ірі банктер, ал опционды операцияларды
ірілендірілген банктер жүзеге асырады. Жедел ұсыну валюталық
операциялары өте кең таралған және төленген мәміле көлемінің 90**
құрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндегі бағам бойынша мәмілеге
отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып – сату шартына байланысты
банк – контрагенттерінің оны жеткізуінде.
Свифт электрондық байланыс құралының, банкаралық электронды
аударымдар жүйесінің, мысалы, АҚШ – та ЧИПС, Лондонда ЧАПС және т.с.с.,
компьютерлік өңдеудің кең таралуы бүгіннен ертеңге дейін немесе ертеңнен
келесі күнге дейінгі бір күндік депозиттерді орналастыру операцияларын тез
жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкіндік береді. Алайда дәстүрлі валюталық
операция негізінде спот мәмілесі және базалық бағам ретінде телеграфты
аударым бағамы деп аталатын стоп бағамы танылып қалады. Осы бағам
негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: валютаны
жеткізудің қысқа мерзімінде бір реттік мәміле үшін бағам ретінде
мерзімдік.
Жедел ұсынумен байланысты валюталық операциялар валюталық жайғасымының
ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір тәуекелді өз мойнына
алады. Банктер спот операциясының көмегі арқылы өз клиенттерінің шетел
валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде
қапыл ақшалардың бір валютадан басқаға аусуы төрелік және алып –
сатарлық операцияларды жүзеге асырады.
Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фьючерстік) – шарт
жасаған кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгілеген
уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын
валюталық мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық операциялардың екі
ерекшелігі байқалады:
1.шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интервал бар, яғни
валютаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күннен бастап кезең осы ретінде
(мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12, ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім
шегіндегі кез келген кезең.
2. операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы мәміле
жасалған кезде тіркеледі.
Спот және форвард мәмілесі бойынша валюта бағамының арасындағы
айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, спот бағамы бойынша жеңілдік
(дисконт – dis немесе депорт - D) ретінде немесе егер жоғары болған
кездесыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе
валюта қолма – қол операцияға қарағанда қымбат айырбасталады дегенді
білдіреді. Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма қолға
қарағанда төмен екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы
көлемі спот бағамына қарағанда тұрақты. Сондықтан банк аралық нарықта
мерзімді мәмілелердің бағамын белгілеу кезінде көбінесе сыйақымен дисконт
анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйақы
спот бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт әдісі бойынша емес, сандық
белгіде белгіленетін мерзімдік мәміле бойынша валюта бағамы аутрайт
бағамы деп аталады.
Шетел валютасында жасалатын мерзімді мәмілелер келесі мақсаттарға
жүргізіледі:
• Комерциялық мақсаттағы валюта айырбасталымы.түсімдерді валюталық
тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлнмднрді сатып алуы немесе сатуы;
• Валюталық бағымның төмендеуіне байланысты болатын шығындардан
шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық капитал салымдарын
сақтандыру;
• Бағам айырмасы есебінен алып – сатарлық пайда алу.
Валюталық опцион сатып алу – сату (лат. Орito, optionas – таңдау) –
келісілген мерзім аяқталғанға дейін мәмілені жасау кезінде белгіленген
бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жағы сатып
алу – сату мәмлесі кезінде сатып алу ( call мәмілесі – сатып алушы
опционы) немесе сату ( put мәмілесі – сатушы опционы) құқығын таңдауға
мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны (сыйақы ) төлеу шарты
кезіндегі келісім. Опцион жағдайындағы мәмілелер банк үшін тәуекелі
жоғары, сондықтан ол,клиентке аз табысты бағамын белгілейді. Опцион
бойынша сыйақы мөлшері опциондық шарттың аяқталу күніндегі жедел
мәміле бойынша валюта бағамының есебі арқылы анықталады. Опционды
мәмілелер сыйақы көлемінен асып түсетін, бағамдық ауытқулар кезінде
тиімті болады. Негізінен валюталы опцион валюталық тәуекелді
сақтандыру үшін қолданады. Опциондармен тек қана банкаралық нарықта
ғана емес, сонымен қатар биржаларда қор және тауар биржасында
саудаласады.
Жетпісінші жылдардан бастап батыс елдерінде қалқымалы валюталық
бағымға өту барысында валюталық фъючерстер дамыды.
Валюталық фъючерс – мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгіленген бағам
бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаның стандарттық көлемін
сатып алу немесет сату міндеттемесін білдіретін келісім. Стандарттық
шарттарда барлық жағдайлар реттелген:сома, мерзім, кепілді депозит, есеп
айырысу тәсілі.Фъючерстермен сауда жасау крилингтік үй арқылы жүзеге
асырылады: ол әрбір сатып алушы үшін сатушы, ал әрбір сатушы үшін сатып
алушы болып табылады.
Қолма – қол және мерзімді операцияларға сәйкес валюталық мәміленің әр
түрлі своп мәмілесі болып табылады. Своп (ағылшын .swap – айырбастау
) – бұл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір уақыты шартты мәміле
бойынша жедел жеткізу жағдайындағы екі волюталық сатылу-сатып алуын
қарастыратын волюталық операция болып табылады. Своп операциясы
бойынша қолма-қолма мәміле спот бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен бірге клиент қолма-қол мәміле бойынша сатушы және сатып
алушы бағамының арасындағы айырма маржа кезінде үнемдейді. Своп
операциялары банктер үшін өте қолайлы болып табылады: олар ашық
позициясыз өтеді, оның тәуекелсіз қажетті волютамен уақытша
қамтамасыз етеді. Своп операциялары тек волютамен ғана емес,
сонымен қатар пайзбен де жасалынады. Своп мәміле нысанында
банктер волюталарды, несиелерді, депозиттерді, пайыздық
мөлшерлемелерді, бағалы қағаздарды немесе басқа да құндылықтарды
айырбастауды жүзеге асырады.
Спот немесе форвард жағдайында шетел волюталарын немесе
бағалы металдарды сатып алу шартына банк қол қойған кезде,
келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 6405 Банктің шетел волютасын сатып алу – сату бойынша
шартты талаптары.
Кт 6999 Банктің шетел волютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Және бір уақытта осы өткізбеден теңге эквивалентінде келесі
өткізбе жасалады:
Дт 6999 Банктің шетел волютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Кт 6905 Шетел волютасын сатып алу-сату бойынша шартты
міндеттемелер.

ІІ. Халықаралық банк валютасының операциялар есебі
2.1. Халықаралық банктік есеп айырсу нысандары
Экспорт-импорт операцияларының жүзеге асыру кезінде халықаралық
банктік есеп айырысудың келесідей нысандары қолданылады:
- құжаттамалық аккредитив;
- құжаттамалық инканссо;
- банктік аударым.
Құжаттамалық аккредитив
Құжаттамалық аккредитив – экспортшы пайдасына төлемді жүргізу
туралы клиент – импортшы тапсырысы бойынша берілетін банктік шартты
ақшалай міндеттемесі немесе аккредитивте көрсетілген анықталған
сомада және бекітілген мерзімде басқа банктің төлемді жүзеге
асыруды қамтамасыз ету.
Құжатты аккредитив өз кезегінде банктің бенефициарға өзінің
тапсырыс берушісінің есебінен егер бенефициар аккредитивте көрсетілген
құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда кесілген валютада
белгілі соманы төлеуге беруі.
Банк сатып алушы мен сатушының арасында делдал қызмет
атқарады. Олар арқылы бірқатар операциялардан кейін төлем жүзеге
асырылады: сәйкес аккредитивті құжаттарды ұсынуға қарсы бенефициар
акцептелген вексельді төлеу немесе төлемді жүргізу міндеттемесі
нысанындағы келісімге байланысты аккредитивте көрсетілген соманы
банктен алады. Құжаттамалық аккредитив арқасында бенефициар сатып
алушының төлем қабілетіне және оның төлеуге дайын болуына
байланыссыз және тауарды түсіргеннен кейін бірден өтімді қаражаттар
алуы мүмкін.
Төлемді қамтамасыз етудің құралы ретінде құжатты аккредитив
әсіресе сатып алушылар мен сатушылардың ойларының қақтығысуын
бәсеңдету үшін қажет:

• Сатушы өзара шартта көрсетілген тауарды жеткізілімі үшін оған
төленетін сома валютада берілетініне сенімді болғысы келеді;
• Сатып алушы тауар жеткізілінбейінше ақша төлегісі келмейді;
Құжаттамалық аккредитив өзінің ерекше артықшылығына ие:
• Әлемде барлық елдермен операция жүргізу кезінде қамтамасыз ету
құралы ретінде қолданылуы;
• Сатушыға тиесілі соманы игілікпен билеу;
• Төлем жағдайы қатынасындағы иекемділік;
• Қысқа мерзімді қаржыландыру қаражаты ретінде қолданылуы;
• Ерекше халықаралық құқыққа сенімділік.
Жоғары айтылғандай, аккредитив төлемді қамтамасыз ету қызметімен
қатар несие қызметін де орнайды. Сатып алушы банктің төлемді жүзге
асыру міндеті сатушының өз банкінен несие алуын жеңілдетеді.
Белгілі жағдайларда аккредитив импортшы банкке несие үшін негіз бола
алады, яғни банк аккредитивті операцияларды жүзеге асыру кезінде
таураға деген меншікті растайтын құжаттарды басқаруы мүмкін, себебі
тауар жөнелте құжаттары жөнелтілген жүкті беру талаптарын
қуәландырады. Құжаттарды беру жолы арқылы тауарды иемдену құқығы да
беріледі.
Клиенттерге аккредитив какредтитвті ұсыну немесе аккредитивке
өтініш негізінде ашылады.
Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, ашуға
тапсырмада аккредитив түрінің көрсетілуін ексеру керек, себебі егер
сәйкес белгілері болмаса, онда бұндай аккредитив қайтарып алынбайды.
Аккредитивтің түрлері қамтамасыз ету көлемі туралы дағдаластықпен
және өзіне тәуекелді алу кезінде анықталады.
Аккредитивті қайтарып алу
Кез келген уақыта эмитент-банк өзертуі немесе жоюы мүмкін, көп
жағдайда беефициарды алдын ала ескертпей аккредитивтің бұйрық
берушісінің айтуы бойынша жасалынады. Сондықтан бұндай аккредитив
банктің ешқандай құқықты төлем міндеттемесін тудырмайды. Тек эмитент-
банк немесе оның корреспондент-банк құжт бойынша төлемді жүзеге
асырған кезде аккредитивтің қайтарып алу заңды күшін жояды.
Сонымен қайтарымды аккредитив бенефициарға жеткілікті қамтамасыз
етуді ұсынбайды. Оны корреспондент-банк ешқашанда растамайды және
өзара сенім орнаған бір-біріне танымал әріптестер арасында іскерлік
қатынастарда ғана қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда қайтарымды
аккредитив сирек қолданылады.
Қайтарып алынбайтын аккредитив
Бенефициарға жоғары деңгейлі сенімділік береді, егер ол аккредитив
шартын орындаған болса оның жеткізілімдері мен қызметтеріне төлем
жүргізілді. Қацтарып алынбайтын аккредитив эмитент-банк төлемінің
қатаң міндеттемесін құрайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив кезінде,
аккредитивті өзгерту немесе жою бенефициардың және де жауапты
банктердің келісімдерін талап етеді. Егер сатушы аккредитив шартын
өзгеткісі немес жойғысы келсе, онда ол сатып алушыдан элимент-
банкке сәйкес тапсырмаларды беруін талап етуі керек.
Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу туралы бенефициарға
коррнспондент-банк хабарлайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив расталуы
және расталмауы мүмкін. Қайтарып алынбайтын расталмалмаған
аккредитив кезінде корреспондент-банк бенефициарға аккредитивтің
ашылуы туралы міндеттенеді. Бұл жағдайда ол төлемнің ешқандай
меншікті міндеттемелерін алмайды және нәтижесінде бенефициар ұсынған
құжаттар бойынша оны жүргізуге міндетті емес.
Себебі, бенефициар шетелдегі элимент-банкке сенеді, қайтарып
алынбайтын расталмаған аккредитив тек саяси тәуекел және қаражаттарды
аудару тәуекелі маңызды емес болған жағдайда ғана жалпылама болып
табылады. Егер корреспондент-банк аккредитив ашқан банктермен жақсы
қатынаста болса, сондай-ақ тұрақты саяси ашқан экономикалық жағдайда
сүйенетін болса, онда ол құжат бойынша төлемдерді мақсатында жүзеге
асырады.
Егер корреспондент-банк бенефйциарға аккредитив бекітсе, онда ол
аккредитивке сәйкес жән берілген уақытта құжаттар бойынша төлем
жүргізуге міндетті болып табылады. Бұл жағдайда бенефициар
аккредитивті ашқан банктің міндеттемесімен берге заңды тең құнды
және корреспондент-банктің дербес міндетіне төлем жүргізді. Сондықтан
ол үшін қамтамасыз ету деңгейі мәнді жоғарылайды. Себебі көп
жағдайларда бұндай аккредитивке экспортшы еліндегі банктер ұшырайды,
бекітетін саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі ерекше
болып табылады.
Экспортшыға Үй банкімен расталған, яғни экспортшы еліндегі
банктерге аккредитив айтарлықтай кепіл береді. Егер төлемнің түсу
мерзімін анықтау мүмкін болса, онда маңызды валюталық тәуекел
валюталық мерзімді өзара шарттармен сақталуы мүмкін. Бірақ, егер ең
басынан төлем мерзімі анықталмаған болса да, валюталық
операцияларға қатысушы банктер көп жағдайларда тиімді шешімдерді
ұсынуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай аккредитив нысандары бенефициар үшін
қамтамасыз ету деңгейімен ерекшеленеді. Аккредитив түрлері мен
конструкциялығы оларды пайдалануға байланысты болады.
Аккредитивтің негізгі түрлеріне келесілер жатады:
• Ұсыну бойынша төлемдер;
• Төлемді ұзарту бойынша;
• Бенефициардың траттаны акцептілеуін қарастыру;
• Бенефициардың тратталарды сатып алуын қарастыру;
• Қызық ескертпе;
• Жаңартпалы;
• Стенд бай
• Аудармалы.
Төлемді ұсыну бойынша аккредитив
Аккредитивтің кең қолданылатын түрі болып табылады. Бенефициармен
есеп айырысу аккредитивтегі шарттар орындаған кезде қажетті
құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асады. Банктер құжаттарды алғаннан
кейін жеті банктік күннен аспайтын мерзім ішінде сәйкес уақытқа
құжаттарды тексеруге құқығы бар.Экспортшының шотына қаражаттарды
есептеу кезінде валюталық күні аккредитив валютасына байланысты
болады.
Төлемді ұзарту бойынша аккредитив
Бенефициар төлемді құжатты берген кезде емес, аккредитивте
көрсетілген біршама кеш мерзімге алады. Аккредитивтерге сәйкес
құжатарды ұсынғаннан кейін, бенефициар өкілетті банктен төлем
мерзімі келген күні төлемді жүзеге асырады, келісімін алады.
Сондықтан импортшы құжаттарды иемденуге, оларды сатылу және сату
бағасы бойынша дебеттенгенге дейін ие болады. Экономикалық жоспарда
төлемді ұзарту бойынша аккредитив тратта акцептін қарастыратын
аккредитивке сәйкес келеді, тек төлемді ұзарту бойынша аккредитив
вексель сияқты дисконтталмайды, себебі бұнда бухгалтерлік талап
қана қолданылмайды. Анықталған жағдайларда төлемді ұзарту бойынша
талапты банк авансыоауы мүмкін. Бұл тек эмитент-банк немесе банк
бекітушісі үшін ғана мүмкін. Вексельді есептеу кезінде көптеген
мүмкіндіктер болады.
Тратта акціптімен аккредитив бойынша шарттарды орындалғаннан кейін
аккредитивті ашқан эмитент-банк немесе акциптпен қамтамасыз етілген
корреспондент-банктің оған қайтаруын талап ете алады. Төлем орнына
тратта акциепті жасалады. Акцептелген траттаны ол өз банкіне беруі
немесе мерзімі келген күні төлеу үшін қолдануы мүмкін. Акцепті
қарастыратын аккредитив бойынша трата 60 күннен 180 күнге дейін
қызмет етеді. Тратта акцептін қарастыратын аккредитив импортшыға төлем
мерзімін кепілдеу үшін қызмет етелі: төлем мерзімі басталғанға дейін,
ол тауарды одан әрі сата алаады және түсім есебінен акцепті
төлеуі мүмкін. Осыдан келіп, импортшы мәмілеге сәйкес несие
алмайды.
Траттаны сатып алу аккредитиві
Негоциация түсінігінде бенефициардың траттаны ұсынуына қарсы, негоцияға
өкілетті банктердің қаражаттарды төлеуі жатыр. Қаражат төленбеген
құжаттарды тексеру негоциация болып табылмайды. Бенефициар дұрыс
құжаттарды ұсыну кезінде, эмитент банк векселді немесе құжаттарды ұсыну
кезінде, эмитент – банк вексельді немесе құжатты төлеуді кепілдендіреді.
Коммерциялық аккредитивтің көп өолданылатын нұсқасы – тратта негоциясымен
байланысты аккредтитв. Кейбір жағдайларда белгілі банктерде таңдау
шектелген. Коммерциялық аккредитив бойынша комиссияны төлеу бенефициар
жүзеге асады.
Авансты аккредитив
Қызыл ескертпе аккредитивін қолданған кезде сатушы корреспондент –
банктен келісілген соманы талап ете алады. Соңғысы,негізінде аккредетив
бойынша жеткізілетін тауарды алу немесе өндірісті қаржыландыру үшін
арналған. Аванс түбіртек (квитанция) бойынша төленеді және бенефициардың
жазбаша міндеттемесін жөнелтім құжаттарына мерзімінде ұсыну керек. Аванс
төлеу аккредитивті ашқан банктің жауапкершілігі негізінде корреспондент –
банк есебінен жүзеге асады. Егер сатушы уақытында қажетті құжаттарды
ұсынбаса немесе авансты өтемесе, онда корреспондент – банк аванс сомасына
пайызды дебеттейді.
Сондықтан бұл аккредитивке бұйрық берушіден ұстап қалады. Бұрын аванс төлеу
құзыретін корреспондент – банк қызыл сиямен белгілеген, санда қызыл
ескертпе аккредитиві деген атқа ие.
Жаңартпалы аккредитив
Егер сатып алушы тапсырыс тауарларының белгілі бір бөліктерін белгілі
уақыт аралықтарында жеткізуге бұйрық берсе (жеткізілім топтамасы туралы
келісімшарт), онда төлем ішінара жеткізілім құнымен сәйкес өтелетін
жаңартпалы аккредитив бойынша жүзеге асуы мүмкін. Жаңартпалы аккредитив
кезінде келесі ескертпелер болуы мүмкін: 100000 USD аккредитив сомасы
1200000 USD жалпы сомасына дейін автоматты түрде он бір рет жаңарып
отырады. Алғаш 100000 американдық долларды пайдаланғаннан кейін, бірден
келесі ішінара төлем күшіне енеді және 1,2 миллион американдық доллар
сомасына дейін қайталанады. Көбінесе жаңартпалы ескертпеде бөлек
транштардың пайдалану мерзімі тіркеледі. Жаңартпалы аккредитивтер жиынтық
және жиынтық емес болуы мүмкін. Жиынтық, яғни пайдаланылмаған немесе толық
пайдаланылмаған үлес сомасы қатысты үлеске қосылуы мүмкін. Жиынтық емес
жағдайда, керісінше, уақытында талап етілмеген ішінара сомалардың
пайдалану мерзімі өтеді.
Резервті аккредитив
Стенд бай аккредитивтері ең алдымен Құрама Штаттарында қолданылады
және АҚШ федералды штаттарының заңдық хұкіміне сәйкес банктер бере алмайтын
бізде қабылданған кепілдерді ауыстырады. Алайда Еуропада да аккредитивтің
осы түрі қолданылады. Стенд бай аккредитивтері кепіл құралы болып
табылады.
Резервті аккредитивтер келесідей төлем және қызметтер арқылы
кепілдендіріледі:
• ұсыну бойынша төлемге жататын вексельдер бойынша төлем;
• банктік несиелерді өтеу;
• тауар жеткізімдерін төлеу;
• келісімшарт бойынша тауарды жеткізу;
• жұмысты орындау немесе мердігерлік шартты орындау.
Банкке аккредитив бойынша бұйрық берушінің өз міндеттемесін орындамағаны
туралы өтінішпен бірге аккредитивке сәйкес барлық құжаттарды (жөнелтім
құжаттарының көшірмесі) ұсына отырып, оның орындалуын талап етеді.
Банктер несиелерге байланысты бағалы қағаздар бойынша өздерінің жеке
міндеттемелерін орындау кепілі ретінде өз есебінен резервті
аккредитивтер ашады. Одан әрі банктер аккредитивтің осы түрі арқылы
жеткізілген тауарлар үшін жабдықтаушылырды кепілдейді.
Аудармалы аккредитив
Халықаралық сауда қажеттілігіне негізделеді. Ол сауда делдалына
клиенттің аккредитивтік қаражаттың қандай да бір жабдықтаушыға беруі
мүмкін және сол арқылы меншікті қаражаттарды шекті пайдалану мәмілесін
рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сауда делдалына оның сатып
алушысы қайтарып алынбайтын аккредитивті шығарады. Соңғысы трансферабель
ретінде нақты көрсетілуі керек. Сауда делдалы банктен өз пайдасына
аккредитив ашу туралы хабарлама алған кезде, ол соңғысына аккредитивті
екінші бенефицинар деп аталатын өз жабдықтаушысына аударуды тапсыруды.
Бірақ, банк аккредитивті өзі келісімі берген шекте және тәртіпте ғана
аударуға міндетті. Аудару бойынша шығындар сауда делдалы есебінен жүреді,
сандықтан да аударушы банк оған алдын ала дебеттеуге құқылы. Жабдықтаушы
тауарды тиеп және құжатты ұсынғаннан кейін, ол авизолаушы немесе растайтын
банктен шартты төлемді алады. Құжаттар аударушы банкке түседі де, сауда
делдалына дебеттеледі. Соңғысы аударушы банкке сатып алушыға шығарған
өзінің фактура – шотын береді және оның орнына өзінің жабдықтаушы шотын
алады. Жабдықтаушы шотындағы сомадан сауда маржасынан жоғары болатын
делдал шотындағы сома сауда делдалының кредитіне жазылады. Аудармалы
аккредитивке мынадай қасиеттер тән: аудармалы аккредитив құжаттары арқылы
негізгі аккредитив бойынша есеп айырысу жүргізілуі мүмкін. Бірақ
төмендегідей сәйкессіздіктер болуы мүмкін:
• аккредитив сомасы және тауар бірлігінің бағасы төмендетілуі мүмкін;
• қызмет ету мерзімі қысқартылуы мүмкін;
• құжатты ұсыну үшін соңғы мерзім қысқаруы мүмкін;
• егер негізгі аккредитивте тауарды жіберу күні белгіленбесе, онда
жіберу мерзімі қысқаруы мүмкін;
• сақтандыру зтеуінің пайыздық мөлшерлемесі негізгі аккредитив
ұйғарымының орнын толтыру мөлшерлемесін жоғарылату үшін жоғары болуы
мүмкін;
• сауда делдалы одан қалған қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.
Сонымен бірге сауда делдалына сауда маржасына көбейтілген
жабдықтаушының берген фактура - шотын өзінің жеке шотына ауыстыруға
құқылы. Осыдан келіп ақырғы сатып алушы сауда делдалының пайдалы маржасы
туралы ешқандай мәлімет алмайды. Шынында фактураны айырбастау кезінде банк
сауда делдалының жедел ынтымақтастығы мүмкіндігіне сенім артуы керек: егер
ол алғашқы талап бойынша жаңа шот бермесе, банк екінші бенефициар
фактурасын аккредитив ашқан банкке жіберуі мүмкін. Белгілі жағдайларда
негізгі аккредитив бойынша төлемді дұрыс жүргізгісі келсе оны пайдалануға
мәжбүр. Жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін банк көп жағдайларда сауда
делдалдарынан аккредитивті аудару тапсырысымен бірге фактура - шотын
ұсынуды талап етуі мүмкін.
Негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзімі аудармалы аккредитивтің
қызмет ету мерзіміне сәйкес келеді. Бұл жабдықтаушының аудару туралы хабар
еткен банкке негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзіміне дейін құжаттарды
беруін білдіреді. Негізгі және аудармалы аккредитив бір құжат арқылы
төленеді. Егер, сауда делдалы сатып алушы мен жабдықтаушы бірін – бірі
білмесін десе, ол жабдықтаушыдан оның жеке басын белгілеуге мүмкіндік
бермейтін бейтарап құжаттарды талап етеді. Сонымен бірге ол негізгі
аккредитивте ақырға сатып алушының атау болмауын қадағалауы керек.
Аудармалы аккредитивті тек бір ғана рет аударады. Екінші бенефициар
негізгі аккредитив шотында екі рет аудармалы депкөрсетілген болса да оны
аудара алмайды.
Алайда екінші бенефициардың бірінші бенефициарға кері аударуды
жүргізуі аккредитивті екінші рет аудару деп табылмайды. Және сол уақытта
бірінші бенифициар негізгі аккредитивті егер ішінара жеткізу рұқсат
етілген болса, бірнеше жабдықтаушыларға үлестіруі мүмкін. Осындай
үлестірме аударымдар бір аударымдар ретінде танылады.
Аккредитивті аудару және тапсыру алдында бірінші бенефициар аударушы
банкі аккредитивтегі өзгерістер туралы екінші бенефициар ға хабардар етуі
керек. Бұл шешімнің үлкен маңызы бар. Егер аккредитив бірнеше бенефициарға
аударылған болса, онда оның әрқайсысы өзгерісті алып тастауға құқылы.
Кей кезде сауда делдал аккредитив бойынша өз талабын қандай да бір
жабдықтаушыға аударғысы келеді, бірақ аккредитив жағдайы аударуды
жібермейді. Бұл кезде оның игілігінде екі мүмкіндік болады:
• бэк ту бэк аккредитивті (өтемақылық);
• Аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия).
Бэк ту бэк аккредитиві
Коммерсант – делдалдың банкі жабдықтаушы пайдасына қарама- қарсы
аккредитив ашады. Бірақ бұл оған осы кезде пайда болатын қосымша
тәуекелдерді сақтандыру мүмкін болған кезде ғана дайын болады. Осыдан банк
жаңа аккредитив бойынша төлем орны ретінде болады. Кері жағдайда
корреспондент - банк пен өздерінің арасында құжаттар жоғалса, аккредитив
сомасы жоғалады. Ол сонымен қатар, фактура – шотты кедергісіз аудару
кепілдендірілуін талап етуі мүмкін. Себебі, коммерсант пайдасына ашылған
негізгі аккредитив қарсы аккредитивтегі жабдықтаушы шотына пайдалануы
мүмкін емес.
Аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия)
Бенефициар аккредитив бойынша түсімі тоығымен немесе ішінара
субжабдықтаушының пайдасына қайта табыстауы мүмкін (цессия - өзінің құқын
басқа тұлғаға беру). Осыған байланысты мыналар жазылған: аккредитифте
аудармалы екені көрсетілмесе, цессия құқығына тиісті емес: бенефицинардың
аккредитив бойынша тапсырмасын борышқор банктен өтініш алады, онда соңғысы
оған иелігіне аккредитив бойынша түскен соманың белгілі бір бөлігін төлеуі
туралы уәде береді. Бұл мүмкіндікті әдетте өндіріс кәсіпорындары
қолданады.
Құжаттарды тапсыру, аудармалы аккредитивке қарағанда бенефициардың ісі
болып қалады.
Осылайша цессия шартты қамтамасыз етуді ғана ұсынады: Төлеу тек аккредитив
бойынша төлемді жүргізгеннен кейін ғана болады, ал бенефициардың аккредитив
жағдайына сәйкес құжаттарды мерзімінде ұсынуы бойынша цессионер ешқандай
кепіл алмайды. Сондықтан борышқор арасындағы сенімділік қатынасты
білдіреді. Егер импортшы сатып алу сату шартын қол қойғаннан кейін
келісілген жағдайға сәйкес экспортшының ұсынысын қабылдаған болса, онда
оған сатып алушының пайдасына аккредитив ашуына иемденеді. Аккредитив ашуға
тапсырманы импортшы банктен оның жабдықтаушысына төлем туралы міндеттемесін
беруге талап етеді. Банк бұл талапты тек оны қайтадан аккредитивті
қарастыратын болған жағдайда ғана орындайды. Себебі ол тауарды тек жалғыз
кепіл ретінде қарастыра алмайды, әсіресе ол үшін қызмет етуші нарқ болмаса.

Аккредитив ашу үшін ол белгіленген нысандағы банктік бланкіде үш
данадағы өтініші толтырылуы керек. Өтініш басшының қолымен және мөрімен
рәсімделуі керек. Клиенттен аккредитив ашуға өтініш операционды бөліммен
соңғысының ағымдағы валюталық шотында белгіленген бағаға сәйкес тартылатын
аккредитив ашуға комиссия есебінен қажетті ақша қаражаттарының сомасы
болғанда ғана алынады. Әрбір экспорт импортты мәмілесіне мәміле куәлігі
ресімделеді. (6- қосымша).
Аккредитив ашуға өтініште импортшы келесідей негізгі деректеме
ұсынуға міндетті:
• аккредитив түрі (қайтарып алынатын, қайтарып алынбайтын,
трансферабелді, басқа банк растаған немесе растамаған аккредитив);
• импортшының атауы мен орналасқан жері;
• бенефицинардың атауы және толық мекен – жайы;
• аккредитивті өтеу мерзімінің орны, күні, айы;
• бенефицинар -банктің (авизолаушы банктің) атауы және мекен – жайы;
• аккредитив сомасы және валютасы;
• тауарды сипаттау, тиеу мерзімі (СІҒ, ҒОВ және т.б.) тауар жеткізілетін
ел;
• ішінара тиеу және жеткізу мүмкіндігі;
• тауарды жеткізу мерзімі;
• жабдықтаушылардың төлеуге жұмсалатын құжаттар тізімі;
• құжатты ұсыну мерзімі;
• жабдықтаушы тиеуге ұсынатын құжаттардың тізімі;
• төлем шарты: құжатты ұсыну немесе ұзарту мерзімі бойынша;
• аккредитив бойынша қандай шығындар және кімдер алып жүреді.
Аккредитивтің қызмет ету мерзімі сатып алынатын тауарлардың санына және
сипатына байланысты белгіленеді және ол нақты болуы керек . Әдетте
аккредитифтер 60-150 күнге, ал кей жағдайларда одан да ұзақ мерзімге
ашылады. Есепті операционды бөлім клиенттен өтінішті алғаннан кейін оның
дұрыс толтырылғандығын тексереді. Қателері бар өтініштер клиентке қайта
толтыруға беріледі. Аккредитив ашуға алынған өтініш келесі тәртіп бойынша
орындалады:
• клиенттің валюталық шотында қаражаттардың болуы және қол немесе мөр
үлгілерінің карточкасы бар өтініштің бірінші данасы шетел қатынастар
операциялар бөліміне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялар түрлері
Шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар
Валюталық операциялар есебі жайлы
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны
Валюталық операциялар есебі
Валюталық операцияларды тіркеу
Шетелдік валюта операцияларының есебі
Шетелдік валюталармен жасалатын операциялар
Ұлттық валюталардың айырбас бағамы
Пәндер