Дебиторлармен есеп айырысу есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І тарау. ДЕБИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ.

1. 1. Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу . . . 5

1. 2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі . . . 8

1. 3. Күмәнді дебиторлық борыштар . . . 12

ІІ тарау. БАСҚА ДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР.

2. 1. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық борыштарының

есебі . . . 15

2. 2. Есеп беретін адамдармен және басқа да дебиторлармен есеп айырысу есебі . . . 18

2. 3. Алдағы кезең шығындары және берілген аванстар есебі . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25

ҚОСЫМШАЛАР.

КІРІСПЕ

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - дебиторлық борыштар, яғни алынуға тиісті шоттар деп аталады.

Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар занды жане жеке тұлғалар дебитор болып табылады. Өтелетін (алынатын ) уакытына қарай алынуға тиісті дебиторлык борыштар жане ұзак мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Есеп беретін уақытынан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлык берешектер ағымдағы активтер қатарында есептелінеді.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады.

Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Дебиторлармен есеп айырысу есебі» деп аталады және де екі тараудан тұрады.

І тарауда дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру және күмәнді дебиторлық борыштар жайлы қарастырылған.

ІІ тарауда басқа да дебиторлық берешектер және аванстар есебі туралы жазылды.

Дебиторлармен есеп айырысу есебі шот жоспардың «Дебиторлық берешек және басқа да активтер» деп аталатын активтік шотта жүргізіледі. Осы активтік шот төмендегідей бөлімшелерден тұрады:

1210 - «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегі»

1290 - «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

1220- «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1280 - «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1620 - «Алдағы кезең шығыстары»

1610 - «Берілген қысқа мерзімді аванстар»

Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен толықтылығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат- әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

І тарау. ДЕБИТОРЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ

1. 1. Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу

Дебиторлық берешек - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің (бизнес контрагенттерінің) шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебитор берешегі - негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебитор берешегі - іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивидендтер мен проценттер, үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар) пайда болады.

Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптар кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактурамен расталады «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштың міндеттемелермен расталады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып саналады.

Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді. Субъектінің өндірістік- шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандармен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мысалы, субъектіге шартқа сәйкес орындалған жұмыс үшін 156700 теңге сомасында, ҚҚС сомасы - 25072 теңге шот ұсынылады. Бухгалтерлік есепте бұл операция мынадай жазбалармен көрсетіледі:

1. Орындалған жұмыстардың келісім-шарттық құнына:

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

6010 «Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс» шот кредиті - 156700.

2. ҚҚС сомасына:

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

3130«ҚҚС» шот кредиті - 18804.

3. Шотты төлеу келісім-шартқа сәйкес 30 күннен соң:

1040 «Ағымдық корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша шот дебеті.

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті - 175504.

Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемішілктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе борыштың өтелмеу қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.

1. 2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

1210 «Алынуға тиісті шоттар»

1130«Алынған вексельдер»

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары».

Бұл активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екенін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те аталады.

Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот-фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар-шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағандарында сатып алушылар бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін №11 журнал-ордер қолданылады.

Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде беліленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.

Вексель - бұл бір жақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты. Вексельді шығару мен айналым тәртібі Қазақстан Республикасының 28. 04. 1997ж. №97-1 «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі.

Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің өтімділігі жоғарғы активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдік өтелу мерзімі болып вексель бойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни вексель қызметінің аяқталатын уақыты есептелінеді.

Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жай және аударылатын болып бөлінеді.

Жай вексель (соло) - вексель берушінің алғашқы талабы бойынша төленетін еш нәрсесіз алдын-ала шартталмаған міндеттемесі бар векселі немесе белгілі бір уақытта вексель ұстаушыға вексельде көрсетілген ақша сомасын болашақта төлеу. Мұндай вексель бойынша вексель беруші төлеуші емес, үшінші тұлға (трассат) акцепт арқылы өзіне вексельді төлеуге міндеттеме қабыдайды. Алайда сол сәтке дейін вексель бойынша вексель беруші жауапты болады.

Аударылатын вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанта) еш нәрсесіз алдын-ала шартталмаған ұсынысы (бұйрық) бар вексельді үшінші тұлғаға (трассата), төлеуге бірінші вексель ұстаушыға «ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не болмаса вексельде көрсетілген ақша сомасын талап ету бойынша вексель.

Вексельдер сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге бөлінеді.

Пайызсыздық вексельдердің аталуы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі.

Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сала өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.

Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық, қазыналық болып бөлінеді.

Коммерциялық векселдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде рәсімделеді.

Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісімшаттарға жатпайтын әртүрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар рәсімделеді.

Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттіңішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқада кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны боцынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқамерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдалавнылады.

Вексельдың маңызды деректемесі (реквизиті) болып төлем мерзімі саналады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап отыруы қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.

1. 3. Күмәнді дебиторлық борыштар

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «Күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздарға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады.

Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар - Қазақстан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері-резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп жеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шаттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс - бұл жағдайда шығындар алдын-ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен және есепке алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау талап етіледі. Мысалы, егер субъект 15000 теңге сомасында күмәнді дебиторлық берешекті күтсе, күмәнді борыш бойынша шығынды көрсететін мынадай проводка енгізіледі.

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті.

1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шот кредиті 15000.

Күмәнді борыштарды бағалау жөнінде екі тәсіл бар: өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі және төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі.

Өткізу көлеміне байланысты процент тәсілі - үмітсіз борыштардың проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше есепті кезең ішінде тауар өткізу көлемін және күмәнді борыштар бойынша резерв пайда болуы үшін процентті белгілеуге арналған төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.

Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі - берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынадай категориялар бойынша жіктеу қажет:

  • өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;
  • 1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
  • 31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
  • 61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
  • 90 және одан да көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар.

ІІ тарау. БАСҚА ДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР

2. 1. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық борышының есебі

Жалпы кез-келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:

1220 «Еншілес серіктестіктердің борышы»

1230 «Тәуелді серіктестіктердің борышы»

1230 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы».

Сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.

«Шаруашылық серіктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатында негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестіктер, сенім серіктестіктігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысанында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдына жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді, серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапта толтырады және баланстарын жасайды.

«Бірлесіп бақылатын заңды тұлғаның» қаптысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және біріктілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үйлесімді (пропорционалды) біріктіру үшін есеп беретін пішімдердің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.

Егер субъект басқа субъектінің 50% тен асатын дауыс беруші акцияларына тікелей немесе жанама ие болса, инвестор бұл субъектіге бақылау қояды және негізгі шаруашылық серіктестігі болып танылады. Негізгі серіктес пен оның еншілес серіктестіктері топ құрады. Аналитикалық есеп әрбір еншілес серіктестік бойынша жүргізіледі. Егер инвестор басқа субъектінің 50-нен кем дауыс беруші акциясына ие болса, мұндай жағдайда да инвестелетін объект тәуелді субъектіге айналады.

Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:

  • Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға ұйым ақша бергенде:

Дт «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірге бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,

Кт «Негізгі қызметтен алынған кіріс» немесе аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады. Бас жане еншілес (тәуелді) серіктестертдің арасында жасалған есеп айырысулар 1220, 2120 жане 1220-1230 шоттары бойынша салыстырлып, тексеру актісінің негізінде дебиторлық жане кредиторлық қарыздары жабылуы мумкін, ол кезде өтелген дебиторлық қарыз сомасына:1220, 2120 шоттары дебеттеліп, 1220-1230 шоттары кредиттеледі. Есеп айырысу шоттары арқылы бас кәсіпорынның және еншілес серіктестерінің есеп айырысуы жургізіліп қана қоймайды, сонымен қатар бір еншілес (тәуелді) серіктестіктің екінші бір серіктестікпен есеп айырысуы да жүргізіледі. Бұл жағдайда мәлімдемелер үш данада жазылады.

Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін 1220, 2120 шоттары пайдаланады.

2. 2. Есеп беретін адамдармен және басқа да дебиторлармен есеп айырысу есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептеледі.

1420 «Алынуға тиісті құн салығы»

1270«Есептелген пайыздар»

1251 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы»

1410«Өзге де дебиторлық борыштар».

Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

1420 «Алынған тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төлеген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып табылады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төлеген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Дт - Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстармен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:

Дт «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

Кт «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе

Дт «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

Кт «Басқадай несиелік борыштар мен аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

«Есептелген пайыздар» шотында ұйымдардың шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алынған вексельдері үшін пайыз түрінде ашатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алынатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады.

- Жалдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар бойынша проценттер есептегенде:

Дт: «Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,

Кт: «Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі кірістер деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,

- Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына:

Дт: «Ақшалар» шоттарының тиістілері,

Кт: «Есептелген проценттер» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Сонымен қатар «Басқадай дебиторлық борыш» шотында төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.

Субъект қызметкерлеріне кассадан шаруашылық шығындарына және іссапар бойынша шығындарға берілетін ақшалай аванс есеп берілетін сома деп аталады. Ақша беру тәртіп кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен реттеледі. Іссапарлар бойынша есеп айырысуда қызметкерлердің іссапарларына байланысты шығындарды өтеуін мынадай мөлшерлері белгіленген. Салық кодексінің 93 бабы 1 тарауы басшылыққа алынды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесi
Біріккен кәсіпкерлік туралы
ҚР Ұлттық банкінің дебиторлық борыштар есебінің ақпараттық жүйесі
Дебиторлық берешектің түрлері
Дебиторлық қарыздың аудиті
Дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Дебиторлық берешектің аудиті
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz