Саяси қозғалыс



Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1.жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2.экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.Мысалы, Жаңа Өзендегі әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3.ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанада “Азат”, “Желтоқсан” партиялары солай туған болатын.
Мәселен, Қазақстнанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық – саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 щілдесінде құрылды. Басты мақсатын «Халықаралық, Одақтық шарпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстананның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу » деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанады, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратын, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, «Желтоқсан», «Алаш» партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға ( славяндық «Лад», «Русская община», казактар бірлестіктері ) олардың осы тұрғыдағы іс - әрекеттеріне тойтарыс беруге белсене кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұғымы, жұмысынң біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпы халықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптпсады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптпрды да біріктіруі мүмкін. Кобіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


Жамбылов. Д «Саясаттану» оқулық
Кенжебаев.М «Саясаттану негіздері»

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды
өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан
қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси
қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру
тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси
тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар
себеп болады: 1.жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына
тікелей жеткізе алмайды.Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;
2.экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп
болады.Мысалы, Жаңа Өзендегі әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда
Бірлік деген ұйым құрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта
Парасат деген ұйым дүниеге келді; 3.ұлттық мәселелердің шешілмеуі.
Мысалы, Қазақстанада “Азат”, “Желтоқсан” партиялары солай туған
болатын.
Мәселен, Қазақстнанның азаматтық Азат қозғалысы қоғамдық –
саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 щілдесінде құрылды. Басты мақсатын
Халықаралық, Одақтық шарпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа
қоғамдастық шеңберінде Қазақстананның шынайы мемлекеттік егемендігіне
қол жеткізу деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанады, қазақ халқын
отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті
заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа
үндеулер таратын, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады,
Желтоқсан, Алаш партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы
ұйымдарға ( славяндық Лад, Русская община, казактар бірлестіктері )
олардың осы тұрғыдағы іс - әрекеттеріне тойтарыс беруге белсене
кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік құру жолында алғашқы саты болуы
мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұғымы, жұмысынң біріңғай
бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның
әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың
жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпы халықтық,
азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптпсады. Бұл
ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып бастарын қосады, тіпті өзара
айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптпрды да біріктіруі
мүмкін. Кобіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар
консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып
бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп
отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және
оның пайда болуы; үгіт – насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс
кезеңі; саяси қозғалыстың ошу сатысы.
Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін
білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін
ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялық комек көрсететін, өзін
- өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдарда адамдардың
мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болды. Қазіргі заманда
ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне
қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым – қатынастарының әр
алуандағын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық,
жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық жергілікті көлемде ресми және
бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар,
кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық
одақтар, әртүрлі ерікті қоғамдар жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы
миллиондаған адамдар өзін - өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір
меткбінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қоғамдық – саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған
алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
4.Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми – техникалық, оқу –
ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық мәдени, спорттық, қорғаныс, діни т.б).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айырықша көзге түсетіні –
кәсіподақтар. Кәсіподақ дегеніміз бір мамандықтың немесе өндірістің
бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым.
Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англида 18
ғасыр басында пайда болды.Кейінірек олар өеркәсібі дамыған барлық
елдерде қалыптпсады. Себебі капитализмнің әкелген аяусыз қанауына
төтеп беру үшін жалданушы жмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз
мүдделерін қорғауға мәжбүр болды.Кәсіподақтар олардың еңбегі мен
тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар
өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және
әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның омір сүруіне қажет
ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен
олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси
пратиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс
істеген елдерде ең үлкен роль атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар
арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбританаия, Германия,
Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында
социал – демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай
идиологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны
күшейте тусуге және олардың өкімет басында ұзағырақ болуына
мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға
келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының
нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа
кіргендей болады. Мұндайларды жауапты кәсіпорындар деп атайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партияларды жіктеп
Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
Алаш қозғалысы басталуы, тұтастығы, қатысушылары
Түркістан өлкесіндегі кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс (1918-1924 жылдар)
Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылу себептері
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Қазақстандағы саяси қоғамдық қозғалыстар
Азат азаматтық қозғалысы
Алаш қозғалысының зерттелуі
Пәндер