Еңбекақы формалары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

I тарау. Еңбекақы формалары . . . 5

1. 1. Еңбекақы түрлері мен нысандары . . . 5

1. 2. Қосымша еңбекақы есебі . . . 10

1. 3. Еңбекақының талдамалық және топтамалық есебі . . . 18

II тарау. Еңбекақы жүйелері . . . 21

2. 1. Еңбекақы және тарифтік жүйелер . . . 21

2. 2. Еңбекақы нысандары мен жүйелері . . . 22

2. 3. Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар және төлемдер . . . 31

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша

Кіріспе.

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді. Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Еңбекақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетіт төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны.

Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру. Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе ұйымның кететін шығындарын барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т. б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т. б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

- демалыс уақыттарына ақы төлеу;

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; - кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі экономикалық жүйеге байланысты. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімде еңбекақы формалары қарастырылған. Осыда еңбекақының түрлері мен нысандары, қосымша есебі, синтетикалық және аналитикалық есебі қарастырылған.

Екінші бөлімінде еңбекақы жүйелері қарастырыған. Ал бұнда еңбекақы тарифтік жүйелері, еңбекақы нысандары мен жүйелері, жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар және төлемдер туралы мәліметтер қарастырылған.

I тарау. Еңбекақы формалары.

1. 1. Еңбекақы түрлері мен формалары.

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

  1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
  2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
  3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шаттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:

  1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
  2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қағамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
  3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
  4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
  5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
  6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
  7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
  8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай - ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.

Мерзімдік еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік - техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

  1. Жай мерзімді;
  2. Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қыскартуға ынталандыру мақсатына қолданады. Еңбекақы есептеудің төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

  • тікелей кесімді;
  • кесімді сыйлықты;
  • үдемелі кесімді;
  • аккордтық;
  • жанама кесімді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірілген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да - күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай - ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.

Мерзімді еңбекақыны есептеу.

Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндылығына төленетін қосымша төлемдер, өнімді өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем және тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелінетін төлемдер жатады.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік (календарьлық) ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.

Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 11000 теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен (әлеуметтік қордан) төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені +3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбеақы ұйымның есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз (11000/22) . Содан кейін алынған нәтижені (500 теңге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда көрсетілгенжұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000 теңге болады. (500•(15+3) ) =9000 теңге. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда, олардың бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқадай қосымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады.

Кесімді еңбекақыны есептеу.

Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.

Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысында төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі, саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмысының саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға ( жасап шығаруға, орындауға ) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірілген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақы табылады.

Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиын құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылады. (1-қосымша)

Қосымша табыс коэффициенті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана/4бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын =26 теңге 10 тиын)

Егер кәсіпорындарда өнім өндірудің тапсырмасын артығымен орындағаны, жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны және тағы басқалар үшін сыйақы берілетін болса, онда ол сома бригаданың жұмысшылары мен қызметкерлерінің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына үйлесімді (пропорционалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың табысын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу коэффициентіне қарай бөлу әдісі кеңінен қолданылуда. Ол үшін бригададағы жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір мүшелеріне ай сайын олардың еңбекке қатысу коэффициентін анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін арттырған жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін және құралсаймандарға немқұрайлы қарағаны және тағы басқа кемшіліктері үшін төмендету коэффициенті беріледі. Жұмыстағы жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты ұйымдарда әр түрлі төмендету және жоғарылату коэффициенті қарастырылады. Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі деп аталатын кесімді және мерзімді еңбекақыдан басқа әр түрлі қосымша еңбекақы болып табылатын бір жолғы сыйақылар және жәрдемақылар төленуі мүмкін.

  1. 2. Қосымша еңбекақы есебі.

Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу.

Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам күнінің алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмысшы-қызметкердің еңбекақылары былайша төленеді. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы ісептеліп төленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.

Жасөспірімдерге еңбекақы төлеу.

Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайында жұмыс күнінің ұзақтығы 16-18 жас аралығындағы жас өспірімдер үшін 7 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жас өспірімдер үшін 5 сағаттан аспауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді. Ал істеген жұмыстары, өндірген өнімдері үшін, сондай-ақ атқарған қызметтерінің саны мен көлеміне қарай еңбекақының кесімді түрі бойынша еңбекақы алатын жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс сағаттары үшін белгіленген тарифтік мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді.

Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем.

Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған жас сәбилі (балалы) аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін жұмыс уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек болмауы тиіс. Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және олардың үзілісте болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбекақылары бойынша еңбекақы төленеді.

Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа төленетін төлем.

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындалған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Яғни мұндай себептермен жұмыста болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Басқаша айтатын болсақ бұндай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстар мен тапсырмаларды атқарған немесе орындалған уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақысы сақталады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:

• Соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;

• Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына, пленумдарына, съездеріне қатысу;

• Әскери комиссариаттың шақыруына бару

• және тағы басқа жұмыстар.

Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Қызметкерлердің жұмыс уақыттары
Нарық шартындағы еңбек ақы
Әртүрлі шет елдердегі жұмысшыларды ынталандыру және қызметтерін жетілдіру реформалары
Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару
Жалақы есептеулерiнiң - топтамалық есебi
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Еңбекақы теориясы
ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ
Еңбектің және оның төлемақысының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz