Сыртқы жарнама есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

І тарау. Сыртқы жарнаманың негізгі ерекшеліктері

1. 1 Сыртқы жарнаманы шаруашылық әдісімен айқындау

1. 2 Шетелдік жабдықтаушыдан сыртқы жарнаманы сатып алу.

1. 3 Туристік компаниялардағы сыртқы жарнаманың ерекшеліктері

ІІ тарау. Сыртқы жарнама есебінің ерекшеліктері

2. 1 Сыртқы жарнама. Сатып алу, орнату, пайдалану.

2. 2 Жабдықтаушыдан сыртқы жарнаманы сатып алу

2. 3 Жарнаманы орналастыру шығыны

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі жарнама қызметі.

3. 1 ҚР сыртқы экономикалық жарнама қызметі және оның даму бағыттары

3. 2. ҚР - ң экономикалық жарнама қызметін реттеудің нысандары мен әдістері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Жарнама - тұтынушыларға хабарлау және сұранысты туғызу мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және тағы басқа туралы ақпарат.

Әдетте жарнама қызметімен мамандандырылған жарнама агенті, яғни тауары мен қызметін өткізу үшін сатып алушыны іздеп табуға ұмтылатын тапсырыс берушінің жарнамасын және жарнама құралдарын өңдеп, дайындайтын шығармашылық қызметкерлер мен коммерсанттардан тұратын тәуелсіз кәсіпорын.

Жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-ші жылдың 5- ші қыркүйегіндегі № 845 қаулысымен және Алматы қалалық мәслихатының 1998- ші жылдың 30- шы қыркүйегіндегі І шақырылған 22 сессиясының «Алматы қаласында жарнамалық - ақпараттық өнімді орналастыру Ережесін бекіту туралы» шешімімен реттеледі.

Бұл құжаттармен жарнаманың жалпы талабы, орналастырудың тәртібі мен шарттары, жарнаманы ( транспорт, афиша, плакат, сервис объектілерін көрсетуші сілтемелер және тағы басқа) орналастырудың келісімі мен төлемақы тәртібі белгіленеді.

Автокөлік жолының бағыттаушы жолағындағы жарнаманы орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің қожайыны жол органдарына өзінің деректемелерін, орнавластыру орны көрсетілетін нобайы ( түрі, түсі, көлемі) жапсырылады.

Жол органдары өтінішке сәйкес ( немесе басқа орынды ұсынып) объектіні орналастыру орнын анықтайды, сондай - ақ объектінің көлемі мен көркемдігі қолданыстағы нормативті - техникалық құжаттардың талабымен қаншылықты сәйкес келетінін тексереді.

І тарау. Сыртқы жарнама есебінің ерекшеліктері

1. 1 Сыртқы жарнама. Сатып алу, орнату, пайдалану.

Жарнама - тұтынушыларға хабарлау және сұранысты туғызу мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және т. б туралы ақпарат.

Әдетте жарнама қызметімен мамандандырылған жарнама агенті, яғни тауары мен қызметін өткізу үшін сатып алушыны іздеп табуға ұмтылатын тапсырыс берушінің жарнамасын және жарнама құралдарын өңдеп, дайындайтын шығармашылық қызметкерлер мен коммерсанттардан тұратын тәуелсіз кәсіпорын.

Жағымды шешім қабылдаған жағдайда объектіні жолға бекітеді және оның төлқұжаты рәсімделеді: төлқұжаттың қолдану мерзімі, объект және оған келу тәсілі юойынша қозғалысты ұйымдастырудағы автокөлік жолында жарнаманы орналастыру сызбасы, сондай - ақ объект түрі.

Төлқұжаттың қолданылу мерзімі әдетте бір жылдан артық болмайды.

Төлқұжат тараптар арасында бекітілген келісімшатқа сәйкес төлемақы төлегеннен кейін беріледі.

Жарнама объектілерін орналастырудың төлемақысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыс департаменті белгілейді: жұмысты өндіру құқына ордер мен келісімшартты рәсімдеуді де қоса қамтитын автокөлік жолындағы бағыттаушы жолаққа жарнаманы орналастыруға төлқұжат жасау үшін бір жолғы төлем жүзеге асырылады.

І - ІІ техникалық категориядағы жолдарда және қалаға кіре берісте жарнама орнатуға арналған төлқұжатты келісу мен жасау үшін төлем жол категориясына қарамастан 20- ны, қалған категориядағы жолдарға - 15, ал кейбір көрсеткіштерді орнатуға бес айлық көрсеткішті құрайды.

3 шаршы метрге дейін алаңды қамтитын жарнамалық ақпаратты орналастыру мен ай сайынғы төлем мөлшерлемесі тең белгіленеді:

Жол категориясы
Бір айлық есеп көрсеткішіндегі төлем мөлшерлемесі
Жол категориясы:

Қалаға кіре беріс

І, ІІ

ІІІ

ІV

Бір айлық есеп көрсеткішіндегі төлем мөлшерлемесі:

25

20

10

5

Аса көлемді жарнамалық ақпаратты орнатуда төлемнің ай сайынға мөлшерлемелері 3 шаршы метрге қатысты жарнамалық қағаз алаңының үйлесімді өсуінен артады.

1. 2. Жабдықтаушыдан сыртқы жарнаманы сатып алу.

Жабдықтаушыдан сыртқы жарнаманы сатып алуда мына бухгалтерлік жазбалар жүргізіледі:

Операция мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

ДТ

КТ
Сомасы
№: 1
Операция мазмұны:

Жарнаманы дайындау бойынша жұмысты орнындағаны үшін алдын ала төлемақы берілді:

жұмысты орындауға берілген авнс

Шоттар корреспонденциясыДТ: 1030
КТ: 1210
Сомасы: 34568
№: 2
Операция мазмұны: Тауарды сату бойынша шығындар есептелді
Шоттар корреспонденциясыДТ: 7110
КТ: 1210
Сомасы: 29800
№: 3
Операция мазмұны: Зиянды өтеуге
Шоттар корреспонденциясыДТ: 1420
КТ: 1210
Сомасы: 4768
№: 4
Операция мазмұны: Жарнаманы дайындау жұмыстары бойынша жұмысты орындауға берілетін алдын ала төлемді есепке алу
Шоттар корреспонденциясыДТ: 1210
КТ: 1610
Сомасы: 34568

1. 3. Жарнаманы орналастыру шығыны

Жарнаманы орналастыру шығыны былай көрсетіледі:

  • Жарнаманы орналастырудың төлқұжаты мен келісімшартын ресімдеу есептеледі (жол органдарымен, мәслихатта) :

811 «Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар»шот дебеті

687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті 15500;

  • ҚҚС сомасына;

331 «Зиянды өтеуге ҚҚС» шот дебеті

687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті 2480;

  • Жарнаманы орналастыруға төлқұжат пен келісімшартты ресімдеу үшін (жол органдарымен, мәслихатта) аударылды:

687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 17980;

  • Жарнаманы орналастыру:

811 «Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шот дебеті 41980

201-206, 208 «Материалдар» шот кредиті 3

681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті 1

635 «Әлеуемттік салық» шот кредиті 1890.

ІІ тарау. Сыртқы жарнаманың негізгі ерекшеліктері

2. 1 Сыртқы жарнаманы шаруашылық әдісімен айындау

Жарнаманы шаруашылық әдісімен дайындауда бухгалтерлік жазбаларды жүргізу керек:

  • Жөнелтпе құжат негізінде жарнаманы дайындау жұмысын орындауға материалдар босатылды:

811 «Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шот дебеті

201-206, 208 «Материалдар» шот кредиті 6,

  • Жар дайындаумен айналысатын жұмысшылардың еңбекақысы есептеледі:

811 «Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шот дебеті 2

681 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті

  • Жарнаманы дайындаумен айналысатын жұмысшылардың еңбекақы қорындағы мөлшерде әлеуемттік салықты аудару жүзеге асырылды:

811 «Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шот дебеті

635 «Әлеуемттік салық» шот кредиті 3780

2. 3 Шетелдік жабдықтаушыдан сыртқы жарнаманы сатып алу.

Егер жарнама шетелдік жабдықтаушыдан сатып алынса, мынадай жолмен көрініс табатын сыртқы экономикалық қызмет бойынша операциялар пайда болады:

  • Кедендік баж, кедендік алым және ҚҚС қосылатын, келіп түскен жарнама сомасына (148, 2 алу күніндегі бағам бойынша 500 долларға есеп айырысу құжатына сәйкес) :

222 «Тауарлар» шот дебеті, қосымша шот «Жарнама өнімдері» 99021

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті (500 долл. * 148, 2) 74100

687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті 11263

633 «ҚҚС» шот кредиті 13658

Кедендік баж = 74100 * 15% = 5

Кедендік алым = 74100 * 0, 2 % = 148

ҚҚС = (74100+5 + 148) * 15% = 12804

  • келіп түскен жарнамалық өнім үшін (500долл. * 148, 8) шетелдік жабдықтаушыға аудырылды:

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

431 «Валюталық шоттағы ақша» шот кредиті 74400,

  • жағымсыз бағамдық айырмашылыққа:

844 «Бағамдық айырмашылығы бойынша шығындар» шот дебеті

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 400,

  • егер ақшалай қаражатты аудару күнінде доллар бағамы 148 теңгені (500 долл. * 148) құраса:

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

725 «Бағамдар айырмашылығынан алынатын табыс» шот кредиті 100,

Сыртқы жарнаманың қолданылу мерзімі бір жылға дейін болғандықтан, ол негізгі құрал-жабдықтың негізгі құрамына кірмейді. Сондықтан сатып алумен және орналастырумен байланысты шығындар кезең шығынына жатқызылады және былай есептен шығарылады:

343 «Болашақ кезең шығындары» шот дебеті

222 «Тауарлар» шот кредиті 99021,

Келісімшартта ескертілген мерзімнің аяқталуы бойынша:

811 «Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша» шот дебеті

343 «Болашақ кезең шығындары» шот кредиті 99021.

2. 3 Туристік компаниялардағы сыртқы жарнаманың ерекшеліктері

Туристік компониялардағы сыртқы жарнаманың ерекшеліктері

Қазіргі жағдайда туризмнің дамуы қарқын алып келеді. Ол туоистік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикаында туристік нарық мына бағыттарда бөлінеді:

  • келу туризмі - Қазақстанға келетін шетелдіктерге жарнама көрсету арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.
  • Кету туризмі - Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс-жақын шетелдерге жарнамалық сапарларын ұйымдасытру;
  • Шоп-туризмі - «желқайықтармен» жарнамалық қызмет ету;
  • Ішкі туризм - ел ішінде отандық туристермен жұмыс;
  • әлеуметтік -мемлекеттің әлеуемттік мқтаждықтарға бөлетін қаражатынан демеу көрсетілетін саяхат.
  • өздігінші - туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын, жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.

Бұған қоса, туристік бизнестің өзінің ерекше терминологиясы бар:

  • турист - уақытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе бір түнеп қана қайтатын, денсаулығын түзеуге, ел көріп, жер тануға, кәсіби іссапармен, спорттық, діни немесе ешқандай мақсатсыз, бірақ ақысы төленгендіктен елге келетін азамат:
  • туристік ресурстар - табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге арналған әлеуметтік - мәдени объектілер, сондай-ақ туристердің рухани қажетін өтейтін, олардың күш-жігерін молайтуға ықпал ететін басқа объектілер;
  • туристік индустрия- қонақүйлер мен басқа да орналастыру құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілеренің, ойын-сауық құралдары мен объектілерінің, танымдық, іскер, емдеу, спорт және басқа тағайындаудағы объектілердің және туропенраторлық пен турагенттік қызметті жүзеге асыратын субъектілердің, сондай-ақ экскурсиялық қызмет көрсету мен жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету субъектілерінің жиынтығы:
  • тур-туристердің орналастычру, жүктерін тасу, тамақтандыру бойынша қызмет көрсетудің, экскурсиялық қызмет, жарнамалық қызмет көрсетудің жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсетуі мен сапардың мақсатына қарай болатын басқа да қызмет көрсетудің кешені;
  • туристік азық-түлік - туристерге өткізуге арналған турға құқық;
  • туристік азық-түліктің жылжуы - туристік азық-түлікті өткізуге бағытталған шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, туристік жобаларды сату, каталог, буклет шығару және т. б. бойынша туристік ақпарат орталығын ұйымдастыру) ;
  • туроператорлық қызмет - заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті қалыптастыру, жылжыту және өткізу қызметі;
  • туристік жолдама - туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын құжат;
  • туристік кепілхат (ваучер) - тур құрамына кітерін қызмет көрсетуге туристің құқын белгілейтін және оны көрсету фактісін растайтын құжат;
  • туристік кәсіпорын - туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұлға, ерекшеленген шаруашылық бірлігі.

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі жарнама қызметі.

. 1 ҚР сыртқы экономикалық жарнама қызметі және оның даму бағыттары

Сыртқы байланыстарға мыналар жатады:

1. Сыртқы сауда;

2. Шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды мекемелердің мүлкіне акциялар және басқа құнды қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар-мемлекет аумағында шаруашылық және басқа қызметті жүргізу үшін табиғи ресурстарды пайдалану жөнінен мүліктік құқыққа ие болу; меншікті жалдау, республиканың халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы; шетелдік несиелер мен заемдарды алу және беру сыртқы экономикалық қызметтің осы формасымен байланысты;

3. Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;

4. Шетелдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа жеке адамдарды ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Сыртқы экономикалық жарнама қызметіне сонымен қатар шетелдерде өндірістік өнеркәсіп және басқа объектілер салуға экономикалық және техникалық көмек көрсету де жатады; алайда, қызметтің бұл түрі қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен жоқтың қасы.

Еркін экономикалық аймақтарды қалыптастыру өзгеше ерекшелігі бар қызмет болып табылады, ол шетелдік капиталды, технологияны аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге тарту мақсатымен құрылған айрықша экономикалық құқылық тәртіптегі арнайы аумақ.

Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есептік және несие қатынастарының негізіне жұмсалынған.

Сыртқы экономикалық жарнама қызметін қайта құру көптеген шаруашылық заңдарда қаралған.

Нарыққа көшу жан-жақты байланыстарды дамытатын ашық тұрпаттағы экономиканы талап етеді.

Сыртқы экономикалық қызмет реформасының негізіне республика аймақтары, кәсіпорындары, ұйымдардың сыртқы нарықтағы дербестігін қамтамасыз ету деңгейінде коммерциялық операциялар жүргізу құқығын беріп, мемлекеттік органдардың қызметін бұл операцияларды реттеу және ынталандыруға жұмылдыру үшін сыртқы экономикалық қызметті орталықтан арылту және мемлекет иелігіне алу көзделеді.

Сыртқы экономикалық кешенді басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларға (кеден баж салықтары, валюта курсы, банк проценті) ауыстырылады.

Сыртқы экономикалық қызметтің, стратегиялық бағыты - ұлттық валютаның біртіндеп еркін өтімділігі мен валюта нарқын дамыту шараларын әзірлеу және енгізу.

Валютаның нарық курсы сыртқы экономикалық қызметтің экспорт пен импортты кеңейту жөнінде негізгі элементтердің бірі болуы тиіс. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарық курсы бойынша еркін сатылатын ішкі нарық құрылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы жарнама есебі мен аудитінің әдістемелік негіздері
Ұйымдағы стратегиялық менеджмент
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
Жарнамалық шығындарға аудит жүргізудің негізгі кезеңдері мен әдістемесі
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Сыртқы нарыққа шығу стратегиясы
СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ЕСЕБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алымдар мен төлемақы түрлері және оларды есептеу мен төлеу тәртібі
Кәсіпорынның микроортасына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz