ОҚО шаруа қожалықтарында қант қызылшасын егіп өсіруді механикаландыру және технологиялық картасын жасау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

1. Аналитикалық бөлім . . . 10

1. 1 Ауыл шаруашылығында қызылша өсіру жағдайы . . . 10

1. 2 Қант қызылшасын күгіп-баптау мен жинауға қолданылатын машиналар-

ды жіктеу . . . 11

1. 3 Агротехникалық талаптар . . . 12

1. 4 ССТ-12А аспалы қызылша сеялкасы . . . 12

1. 5 Егістікті күтуге арналған машиналар . . . 15

1. 6 Қызылша жинауға арналған машиналар . . . 17

1. 7 Пәлек жинауыш КС-6Б машинасы . . . 19

2. Технологиялық бөлім . . . 23

2. 1 Ауыл шаруашылық дақылын өсіру (қант қызылшасы) технологиялық

сұлбасы . . . 23

2. 1. 1 Дақылды өсіру технологиялық картасын есептеу . . . 27

2. 1. 2 Қызылша өсіру технологиялық бағалық көрсеткіштері . . . 27

2. 2 Тұқым себуге және тыңайтқыштар енгізуге қойылатын

агротехникалық талаптар . . . 32

2. 3 Трактор мен АШМ- ның қысқаша техникалық және пайдалану

сипатамалары . . . 32

2. 4 Трактордың пайдалану көрсеткіштерін есептеу . . . 33

2. 5 Трактор қуатының тепе -теңдігі . . . 35

2. 5. 1 Трактордың ілмектегі тарту күші: . . . 35

2. 6 Трактордың тарту сипаттамасының дұрыс есептелгендігі қуат тепе-

теңдігі бойынша жүргізіледі: . . . 36

2. 7 Аталған операцияны орындайтын

жобалау . . . 37

2. 7. 1 Агрегатты құру және жұмысқа дайындау . . . 38 2. 7. 2 Агрегаттың кинематикалық сипаттамасы . . . 38

2. 7. 3 Агрегаттың жұмыс орнын ұйымдастыру . . . 41

2. 7. 4 Агрегаттың жүріс тәсілі . . . 43

2. 8 Ауысым режимінің жобасы . . . 43

2. 9 Агрегат жүрісінің техникалық экономикалық көрсеткіштері . . . 44

3 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 47

3. 1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау . . . 48

3. 2 Көлемдік жоспарлау шешімі . . . 48

3. 3 Санитарлық-техникалық іс-шаралар . . . 49

3. 4 Ауа алмастыруды есептеу . . . 49

3. 5 Табиғи және жасанды жарықтандыруды есептеу . . . 50

3. 6 Техника қауіпсіздігі . . . 51

3. 7 Электр қауіпсіздігі . . . 51

3. 8 Өртке қарсы іс-шаралар . . . 52

3. 9 Азаматтық қорғаныс . . . 52

4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 54

4. 1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын

жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау . . . 55

4. 2 Атмосфераға тасталынатын зиянды заттар мөлшерін есептеу . . . 56

4. 3 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар . . . 58

5 Экономикалық бөлім . . . 59

5. 1 Бастапқы мәліметтерді таңдау . . . 59

5. 2 Технологиялық картаның экономикалық тиімділігін есептеу . . . 60

6 Бизнес-жоспар . . . 65

6. 1 Түйін . . . 65

6. 2 Кәсіпорынның сипаттамасы . . . 65

6. 3 Өнімнің сипаттамасы . . . 67

6. 4 Өндірістік жоспар . . . 67

6. 5 Маркетинг жоспары . . . 69

6. 6 Ұйымдастыру қызметінің жоспары . . . 71

6. 7 Жұмыстардың орындалу тізбесі . . . 73

6. 8 Жобаның тәуекелділігін талдау . . . 73

Қорытынды . . . 75

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 76

Кіріспе

Ауыл шауашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайға жалпы талдау. Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:

▪ ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы - 222, 6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10, 8%) - егістік жерді, 5 млн. га (2, 2%) - пішіндік жерді, 189 млн. га (85%) - жайылым жерді алып жатыр;

▪ ауыл тұрғындарының саны - 7, 3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47, 2%-ын құрайды;

▪ топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5%-ға жуығы жатыр;

▪ елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады - 150-320 мм. ;

▪ теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады;

▪ маусым аралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс ету, көкніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;

▪ солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс, қызылша, мақта) көбінше әртараптандырылған.

▪ 2008 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47, 5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 қызметкерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды;

▪ бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар;

▪ мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиісілі;

▪ ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 жылды құрайды; ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 70%-ы - 1991 жылға дейінгі өндірілгендер;

▪ ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қызмет көрсету ұсыныстарының шектеулігі.

Дүние жүзілік банктің бағалауы бойынша несие ресурстарына деген қажеттіліктің қанағаттанбағандығы ең керітартпалық бағалар бойынша жылына шамамен АҚШ-тың 1 млрд. долларына бағаланады.

Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда қомақты қаржы ресурстарымен қосымша күшейтілген АӨК мен ауылды дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданды.

Машина -трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы. Республикада 137, 2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45, 5 мың астық жинайтын комбайндар, 15, 2 мың дестелегіштер, 90, 7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.

Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26, 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған. Өткен жылы 4, 2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45, 0 млрд. теңгеге сатып алынды:

тракторлар - 1117 дана; астық жинайтын комбайндар - 1605 дана; тұқым сепкіштер - 819 дана; егіс кешендері-394 дана; дестелегіштер- 308 дана.

Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы. Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады.

Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады.

Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15 % ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік- өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.

Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ.

Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ.

Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде.

Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Ауыл шаруашылығында қызылша өсіру жағдайы

Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, ал мал шаруашылығына тиісті жем - шөп қорын жасау болып табылады.

Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде талай-талай ірі шаралар жүзеге асырылды. Әсіресе Қазакстанның ауыл шаруашылығында екі ірі аграрлық-экономикалық өзгеріс болды. Оның бірі - тың және тыңайған жерлерді игеру. Елімізде 42 млн гектардан аса тың және тыңайған жерлер игерілді, соның ішінде 25, 6 млн гектары біздің республиканың үлесіне тиеді.

Екінші жүргізілген ірі шара - егіншіліктің ірі топырақ қорғау жүйесін енгізу болды. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жергілікті аймақтық климат- топырақ ерекшеліктерін ескермей жерді түренді плугтармен қайыра жыртудың әсерінен топырақ жел эрозиясына ұшырады. Осы апатты тоқтату мақсатымен А. И. Бараев атындағы Бүкілодақтың астық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін жасап, оны өндіріске кеңінен кіргізді.

Міне, жүргізілген осындай шаралардың арқасында ауыл шаруашылық дақылдарының, оның ішінде дәнді дақылдардың өнімі артты.

Бүгінгі күн талабына сай алда тұрған басты міндеттердің бірі - әр аймақтың климат - топырақ ерекшеліктерін еске ала отырып, өндіріске ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің интенсивтік технологиясын және басқа прогрессивті агротехникалық шараларды енгізу арқылы егіннің шығымдылығын молайту және әр гектар жерлердің берекесін арттыру.

Мал азықтық тамыр жемістерді өндіруді арттыру мен олардың өзіндік құнын төмендету ең алдымен осы дақылдардың өнімдерін арттыру, оларды өсіруде жиынтық механикаландыруды игеру жолдарымен іске асуға тиіс.

Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз өсіріледі. Қазақстан Республикасындағы мал азықтық тамыр жемістердің егіс көлемі шамамен 50 мың га, оның ішінде мал азықтық қант қызылшасы 12 мың га. Қазақстан Республикасындағы орташа өнімі 70-80 ц/га аспайды, дегенмен Солтүстік Қазақстанның жекелеген шаруашылықтарында әр гектардан 450-500 ц дейін тамыр -жемістер жиналуда.

Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша, мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыр жемістерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы -оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы жасалды.

Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендігінен бұл дақылдан өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.

Қант қызылшасының адам өмірінде алатын орны айрықша. Ол-негізгі тағамдық дақыл. Қант қызылшасынан жоғары сапалы қант дайындалады. Қант өндірісінде негізгі шикізат көзі ретінде пайдаланылады. Олардың кейінгі қалдығы малға жем болады.

Қант қызылшасы негізінен Қазақстанның солтүстік, батыс облыстарында, сонымен қатар орталық және шығыс облыстарында кеңінен таралған. Оңтүстік Қазақстан облысының сармалы аудандарында дакөптеп егіледі. Сондықтан астық проблемасын түбегейлі шешуге облысымыздың да, әсіресе солтүстік облыстардың қосатын үлесі зор.

1. 2 Қант қызылшасын күгіп-баптау мен жинауға қолданылатын

машиналарды жіктеу

Бұрынғы КСРО-да жыл сайын 3, 5 миллион гектардан астам қант қызылшасы егіледі. Қант қызылшасын өндіру жөнінен Кеңес Одағы дүние жүзінде бірінші орын алды.

Сондықтан өнеркесіпте машиналардың түрі мен саны көп шығарылатыны соншалық, олар қант қызылшасын күтіп-баптау мен жинау жөніндегі барлық операцияны механикаландырып, белгіленген агротехникалық мерзімде өткізуге мүмкіндік береді.

Қант қызылшасы егістігіне арнап топырақты күзде әзірлеу жалпы жұмысқа арналған машиналармен жүргізіледі. Перспективті технологияда жер жыртуды екі ярусты ПЯ-3-35 соқасымен жүргізу ұсынылады.

Тұқым себу алдындағы өңдеуді жалпы пайдаланылатын машиналармен де, сондай-ақ тиісінше жұмыс органдармен жабдықталған арнаулы УСМК-5А қызылша культиваторымен де жүргізуге болады. Ылғалы көп және суармалы аймақтарда КГС-4, 8 өсімдік қоректендіргіш культиваторы қол-данылады. Қант қызылшасын пунктирлі немесе пунктирлі-ұялы әдіспен сепкенде 12 қатарлы CCT-12A сеялкасы жене суармалы қызылша егу жағдайында 8 қатарлы ССТ-8 сеялкасы қолданылады.

Қант қызылшасы егістігінде топырақты жаппай қопсыту өсімдік көктеп шыққанға дейін З-ОР-0, 7 жеңіл тісті тырмалармен немесе РБ-5, 4 ротациялы жұмыс органдармен жабдықталған 2КРН-2. 8М және УСМК-5А культиваторларымен жүргізіледі.

Топырақтың қатар аралығын үстеп қоректендіру немесе өңдеу УСМК-5, 4, 2КРН-2, 8М культиваторларымен жүргізіледі. Бұлардан басқа қатар аралықтарды қоректендірмей өңдеуге КФ-5, 4 фрезерлі культиваторы қолданылады.

Себу алдында, сепкенде және Өсімдікті күтіп өндеу кезінде культиваторлы, сеялкалы агрегатпен топыраққа гербицидті, сұйық минералды тыңайтқыштарды тұтас немесе жол-жол енгізу үшін және қант қызылшасының зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу үшін улы химикаттарды себуге ПОУ, ПОУ-С қоректендіргіш-бүріккіш пайдаланылады.

Қызылша егісін сиретуді қатар бойынша және оған бұрыштап та жүргізуге болады. Қатар бойынша сирету үшін УСМП-5, 4 сиреткіші шығарылады. Перспективтік технологияда қатар бойынша жүргізілетін автоматты ПСД-2, 7 сиреткішін қолдану ұсынылады. Егістік көлденеңінен тиісті жұмыс органдары бар тырмалармен, культиваторлармен сиретіледі.

Қызылшаны КСТ-ЗА, КСТ-24 қызылша комбайндарымен жинайды, сондай-ақ бөлектеп жинау үшін алты қатарлы БМ-6 жапырақ жинаушы және өздігінен жүретін КС-6 пен РКС-6 түбір (қызылша түбірін) жинайтын машиналар комплексін немесе төрт қатарлы жапырақ жинаушы БМ-4А, түбір жинаушы РКС-4 машиналар комплексін қолданады, үйілген қызылшаны тиеу СНТ-2ДБ, ПС-100 немесе өздігінен жүретін СПС-4, 2 тиегіштерімен жүзеге асырылады.

1. 3 Агротехникалық талаптар

Қант қызылшасы егісіне арналған топырақ кесектерінің диаметрі 20 мм-ден аспайтын және қопсыту тереңдігі белгіленген тереңдікке сәйкес (алшақтық 1-1, 5 см-ден тиіс) өңделуге тиіс; топырақтың бетін тегістеу қажет. Тұқымды егу кезінде бір-бірінен біркелкі қашықтыққа орналастыру және белгіленген тереңдікке енгізу (алшақтық ±1 см-ден аспауы тиіс) қажет. Міндетті түрде түзулеп себіледі: қатараралықтардың ен айырмашылығы бір жүрісте ±1 см-ден, түйісетін жерде ±5 см-ден аспайды. Белгіленген тұқым себу нормасы және себу процесіндегі тыңайтқыш тұрақты болуға тиіс, ал себілген аланда жота және трактор немесе сеялка доңғалағының ізі қалмауы тиіс.

Қатар аралықтарды өңдеуде және үстеп қоректендіруде қопсытудың белгіленген тереңдігінен және тыңайтқыш енгізу нормасынан ауытқушылық болмауға тиіс.

Қорғау аймағының ені белгіленген мөлшерден - + 1см ауытқымауы тиіс. Қызылша өсімдігін зақымдауға, сондай-ақ оларды топырақпен жабуға болмайды, арамшөпті толық жойған жөн. Жинау кезінде түбір мен жапырақты ластамай жинау қажет. Түбірдің жапырақпен бірге кесіліп кететін балаусасы жалпы түбірдің 5%-нен аспауы тиіс. Қызылшаны қабылдау пунктіне жинаған күні жеткізеді немесе қалыңдығы 15см топырақпен жауып қояды.

1. 4 ССТ-12А аспалы қызылша сеялкасы

ССТ-12А аспалы қызылша сеялкасы (сурет 1) сұрыпталған қант қызылшасының тұқымын (1 гектарға белгіленген тұқым саны бойынша) дәл пунктирлі және пунктирлі-ұялы әдіспен бір мезгілде минералды тыңайтқыш енгізе отырып себуге арналған; қатараралықты 450мм етіп себуге есептелген. Қосымша жалғастырушы біліктер арқылы қант қызылшасын суармалы аймақта егіп-күту үшін оны қатараралығын 600мм-ден сегіз қатарлы етіп қайта жабдықтауға болады. Сеялканы арнаулы тетіктермен комплектілегенде қант қызылшасының, тарының, қарақұмықтың, сояның, бұршақтың (ірі сорттарынан басқасын) түйіршіктелген тұқымын себеді.

Сеялка МТЗ-80 және Т-70С тракторларына агрегатталады. Ол рамадан, аппараттар жетегінің механизмі бар екі пневматикалық тіреуіш доңғалақтан (1), тыңайтқыш сепкіш алты аппараттан (5), тұқым сепкіш он екі секциядан, маркерлерден, екі басқыш тақтайдан және тұтқалардан тұрады.

Сеялканың рамасы бір секциялы, түтіктерден пісіріліп жасалған. Раманың алдыңғы жағына СА-1 автоматты тіркемесі бекітілген. Оны раманың ортасына немесе 225мм солға қарай жылжытып қондырады, мұның өзі сеялканы доңғалақты немесе шынжыр табанды отамалы тракторларға (із аралығы 1800мм және 1350мм) тіркеуге мүмкіндік береді, мұнда сошниктер трактордың із аралығымен жүрмейді. Автоматты тіркемелер дәл жүгері сеялкасындағыдай жасалған. Дискілі тыңайтқыш сепкіш АТД-2 аппараттары қолданылады. Тұқым сепкіш секциялар параллелограмды аспалы механизмдерден, тұқым бункерінен, сепкіш аппараттан (себуші дискі - 10, тарағыш ролик - 8, түрткіш - 15), сырғымаүлгісіндегі құрама сошниктен (тыңайтқыш бағыттаушы - 16, тұқым бағыттаушы - 17), қырғылардан (14), сошник тереңдігін реттейтін механизмнен (11), ішінде атмосфералық қысым сақтаған камерасыз резеңке шиналы тапаушы доңғалақтар (13) мен шлейфтен (12) тұрады.

Тұқым және тыңайтқыш сепкіш аппараттардың жетегі орталықтандырылған және тербеліс подшипниктеріне орнатылған тіреуіш пневматикалық доңғалақтардан (1) жүзеге асырылады. Өлшемі 5 - 10 әр доңғалақтан айналыс тікелей шынжырлы беріліс арқылы алты тұқым сепкіш және үш тыңайтқыш сепкіш аппараттарға беріледі.

Сеялка жұмысының технологиялық процесі былайша өтеді. Тыңайтқыш сепкіш (5) аппараттан тыңайтқыш өткізгіштерге (7), одан тыңайтқыш бағыттаушы (16) арқылы екі аралас қатарға түседі.

Сошниктің тыңайтқыш бағыттаушысының артынан борозда ернеуінен құлаған топырақ тыңайтқышты жауып, тыңайтқыш пен тұқым арасын бөліп тұратын қабат пайда болады. Тұқым бункерден себу дискісінің (10) ұяшықтарына келеді. Дискінің әрбір ұяшығына бір дәннен түсіп, артық тұқым роликпен (8) алынып тасталады. Одан әрі дискі ұяшығында тұрған тұқым сепкіш аппарат корпусының қабырғасымен төмен түседі. Ұяшықтың төменгі бөлігіндегі тұқым түрткіш (15) арқылы бірінен соң бірі сошник сүңгімесі жасаған, тапталған борозда түбіне тасталады. Тұқым мен тыңайтқыш салынған борозда қырғылармен (14) көміледі. Қырғылардан кейінгі топырақ тұқымды топырақ тұқымды топыраққа жанастыра доңғалақ арқылы (13) тапталады. Тапаушы доңғалақтан кейін топырақ тегістеледі және аздап шлейфтермен (12) қопсытылады.

Сеялка жылжымалы штангілері бар дискілі маркерлермен жабдықталған. Маркерлер трактор кабинасынан басқарылатын гидрофитциялы механизмдермен түсіріліп, көтеріледі.

Сеялканы тасымалдау кезінде маркерлер рамаға салынады, бұл сеялканың биіктігін кішірейтіп, агрегаттың тасымалдануын жақсартады.

Сеялкаға раманың көмекші брусына кронштейндермен бекітілген екі

басқыш тақтай қойылған. Басқыш тақтайдың алдында тұтқа бар, себушінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін артына арқалық бекітілген.

Оң жақтағы басқыш тақтайға серіппелі із қалдырғыш орнатылған. Із қалдырғыш себу агрегаты егістікті жүріп өткен соң егістіктің қатараралықтарын көктеп шыққанға дейінгі өңдеуі үшін, трактордың культиватормен қоса келесі өтуіне қажет борожда жасайды.

Сеялка себуші мен тракторшының аралық байланысын жүзеге асыру үшін электр сигналмен жабдықталған. Ол кнопкалы қосқыштан, кабельден және штепсельді айырдан тұрады. Қосқыш оң жақ басқыш тақтайдың сол жақ тірегіне бекітілген.

а- жалпы көрiнiсi; б - схемасы; 1- доңғалақ; 2, 3, 4- шынжырлар, 5- тыңайтқыш сепкiш аппарат; 6- тыңайтқыш, 7-тыңайтқыш өткiзгiш; 8-тарағыш ролик; 9-тұқым; 10-себушi диск, 11-сошник жүрiсiнiң тереңдiгiн реттейтiн механизм; 12-шлейф; 13-таптаушы доңғалақ, 14 - қырғы, 15 - түрткiш, 16 - тыңайтқышты бағыттаушы, 17-тұқымды бағыттаушы, 1 8-шынжыр, 19-серiппелер.

Сурет 1. ССТ-12А сеялканың схемасы

1. 5 Егістікті күтуге арналған машиналар

УСМ К-5, 4А (сурет 2) өсімдік қоректендіргіш-культиватор қатараралықты өңдеуге және қатар арасы 45см және 60см қант қызылшасы өсімдігін қоректендіруге, сондай-ақ себу алдында топырақты жаппай өғдеуге арналған.

Жұмыс органдары мен тетіктерді жинап алуға байланысты УСМК-5, 4А культиваторы мынадай операцияларды атқарады:

бір мезгілде арамшөпті отап, топырақты қопсытып, жерді тұқым себу алдында өңдеу;

өсімдік көктеп шыққанға дейін топырақты тұтас қопсыту және арамшөптерді жоя отырып, 3см тереңдікке дейін топырақ қабыршығын уату;

шабықтау, қатараралықты өңдеу кезінде жұмыс органдарының алымы аймағындағы арамшөптерді құрта отырып, ұсақ және терең (16см-ге) қопсыту;

минералды тыңайтқышпен үстеп қоректендірумен бір мезгілде белгіленген тереңдікте топырақты қопсыту;

ССТ-12 сеялкасының маркерін пайдалана отырып, егін көгін шоқтау;

УСМК-5, 4А өсімдік қоректендіргіш-культиваторы рамадан (2), жұмыс органдары секцияларынан (3), айыры бар тіреуіш-жетек доңғалақтарынан (1) және тыңайтқыш сепкіш аппараттардың жетек механизмдерінен, қоректендіргіш тетіктерден, тырмаларды асуға арналған құрылғылардан (4) және автоматты тіркеуіш құрылғысынан тұрады.

Тікбұрыш формасындағы рама айқыш тартпалармен жалғасқан негізгі және көмекші брустан (түтіктерден) тұрады. Раманың алдыңғы бөлігіне автоматты ілініс құрылғысы бекітіледі. Культиватордың беріктігі мен қаттылығын күшейту үшін шпренгель орнатылған.

1-тiреуiш-жетек доңғалағы, 2-рама, 3-жұмыс органдарының секциясы,

4-тырманы асуға арналған қондырғы, 5-тырма, 6-қалыпқа келтірушi серiппе.

Сурет 2. УСМК-5. 4А культиватор-қоректендiргiштiң жұмыс органдарын топырақтың өсiмдiк себер алдында комплектiлеу схемасы

Жұмыс органдарының секциялары негізгі брусқа құрсаулар арқылы бекітілген. Ол алдыңғы және артқы кронштейндерден, грядильден, жалғастырғыш құрсаудан, тұрақтандыру серіппесінен, ішінде атмосфералық қысымы бар шиналы тіреуіш катоктан, жақтау ұстағыштардан және жұмыс органдарынан тұрады. Ол қатараралық 60см болғанда 8 секциядан құралады. Тіреуіш-жетек доңғалақтары жеке қатаң рамаға орнатылған, ал құрсаулар арқылы культиватордың рамасына бекітілген. Беріліс механизмі қозғалысты, тіреуіш-жетек доңғалақтарынан қарсы жетек арқылы тыңайтқыш сепкіш аппараттарға береді.

Тыңайтқышпен қоректендіргіш тетік үш жетек білікшелермен және тұтқалы басқыш тақтайлармен өзара жалғастырылған алты АТД-2 тыңайтқыш сепкіш аппараттан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант өнеркәсібі
ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау
Күріш дақылын өсіру технологиясының негізгі бағыттары және қалыптасуы
Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығын дамытудың экономикалық мазмұны
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Өндіріске енгізу
Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz