Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және кызметтері

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шықкан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін корғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардын айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытырандылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардыи дамуына мынадай кезендерді атап көрсетгі: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы - олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын) . Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардың ерекшелігі - олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тарбие, мәдеии қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары, Ал казір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер еткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863ж. Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады.

Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: I) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттын әр түрлі деңгейнде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партиянын мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады) ; 4) әр партия өзіне халықтын дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принииптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс әрекетін анықтау негіз болады. Олар партиянын бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердін (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүдесін көздейді. Партиялардық өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажетгігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай кызметтерді атқарады:

а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау,
тұжырымдау және негіздеу;

ә) олардың белсенділігін арттырып, жинактау;

б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б. ;

г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның
жұмысының бағдарламасын жасау;

д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

е) крғамдық, пікірді қалыптастыру;

ж) жалпы қоғамды, яғни оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

и) мемлекеттің, кәсподақтардың, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т. с.

Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінін санын көбейту, орталық, және жергілікті ұйымдардың материалаық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердін максаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

Қазіргі демократиялық, қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындагы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметгік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесс оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қарам-қайшылықтардың басы ашылады, әдеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленісгердің мүмкіншілігі азаяды.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электор ағын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-демократиялық, партияларды орта жіктегі кызметкерлер, интеллигенцил, ұсак, кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарынын даусын жинады. Демек, солардың мүлдесін де көздейді.

Сонымен, партия деп мешекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ, мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлексттік органдар кұруға, мемлекеттік маңызды шешімдер кабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.

§ 2. Саяси партиялардьш жіктелуі

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудін көптсген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партиялар-ды топтастырғаіща ұйымдастыру ерскшелігін басшылықка ала-ды, либсралдықдч>стүридсологиялық, басты назар аударады, марксистер болса таптык белгілеріне айрыкиіа мән береді.

Бүл мәселені терең зертгеген саясаттанушьтлардың бірі фран-цуз ғалымы М. Дювсрже XX ғасырдын 50 жылдарында сайлау-шылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадр-лық жане бүқаралық деп екіге беледі (оларды ұйымдық калып-часкдіі және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды) . Кадрлық деи қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аЗ партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Онын әрбір мүшесінің партия бнлеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлсйді, жарғы-сында каралған тортіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оган Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дін, Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либе-ралдық. -демократиялықпартиясы, -ясы, Шізеция орталық. партиясы жатады. Вщаралық партияда оиы үиемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелер!, белсснділері кйп болады. Бірак, олардың ресми мүшелері бол-майды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мүндайларға АКШ-тың республикалық, және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т. т.

60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломба-раның керсеткен екі партиясынан баскд вмбебип партиялар (уни-версалдық. немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі - партиянын мүше санын емес, сайлаушылар саныи көбейту ге тырысуда. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мүндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Аме-рика елдерінде тез етек алуда.

і_Саяси жүйедегі ршіі мен іигтей үііымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

1. Авангардтық партиялир (лениндік түжырымдама) . Олар-
дың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатгалады, өзінін бар-
лық мүшелершен партиянын. жұмысына белсенді қатынасуын
талап етеді. Мысалы, Үндістанңын. үлттық конгрссс партиясы,
б^рынғы СОКП.

2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты
үміткерлердін сайлау алдындағы науқанъш ұйымдастыру: к, ар-
жы жинау, үгіт жүргізу, т. т. Оларда тұрақты мүшелік, идеоло-
гиялық. негіз, ұйымдыққүрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы рес-
публикалық және демократиялық, партиялар. Сондықтан аме-
рикандық. азамат "Мен демократиялық партияның мүшесімін"
демейді, "Мен демократтар үшін дауыс беремін" дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партияларды жіктеп
Алаш орда партиясының бағдарламасы
Идеологиялық партиялар
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Саяси партиялардың атқаратын қызметтері
Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz