Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушылар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі
Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану Бөлім:Құрылыс Техникалық
Цәк: «Арнайы құрылыс және Техникалық пән»
Пәні: «философия»
Тақырыбы: «Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушылар»
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған: Бұршақбаев М.
Қабылдаған: Қожабергенова Р.
Қаратау 2011
Жаңа дәуірдегі философияның негізін қалаушылар
Рене Декарт
Декарт Рене (1596-1650), француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. «Әдіс жөніндегі пікірлер», «Бірінші философия жөніндегі ойлар», «Философия бастамасы» т. б. еңбектерінде адамзаттың дүниені тану жолдарын түсінудің тың тұжырымдарын жасады. Абай Декарттың еңбегімен жете танысып, оның жан мен тән, индукция мен дедукция, Алланың ақиқаттығы, ғылымның адам игілігіне қызмет етуі тиіс деген тұжырымдарын қостады және ол туралы «Қарасөздерінде» өз көзқарасын Шығыс философиясымен байланыстыра отырып пікір білдірді. Әуезов абайтану саласындағы барлық еңбектерінде Декарттың Абайдың философиялық көзқарастарына әсерін ерекше атап өтеді. Ол «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845- 1904) » атты (1959) монографиясында Абайдың да «терең ойдың телміріп соңына ермей», адам жаратылысы туралы дуалистік жолда болғанына, жаңа идеалистік санадағы Декартқа кебірек жақындағанына талдау жасайды (20 томдық шығармалар жинағы, 1985, 20-том, 166-бет) .
Гоббс Томас
Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.
Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".
Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген. Ең маңызды жаратылыс заңы:
бейбітшілікке үмтылу;
бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.
Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.
Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.
Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.
Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.
Фрэнсис Бэкон
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.
Методология
Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.
Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методология теориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф. Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р. Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді.
И. Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г. Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми милософиялық методология - жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.
ҚАЙШЫЛЫҚ - 1) диалектиканың басты категориясы ретінде - өзара бірлік және өзара сіңісу ахуалында тұрған нысан немесе жүйенің бірін-бірі жоққа шығаратын, бір-біріне қарама-қарсы келетін жақтарының өзара әрекеттесуі. Қайшылық жалпыға бірдей сипатта, табиғатта да, ойлау жүйесінде де, санада да кездеседі. Белгілі бір мағынада қайшылық қарама-қарсылықтардың бір-бірін жоққа шығаруы (күресі) мен бірлігін, тұтастығын білдіреді. Болмыстың Қайшылыққа құрылғандығын алғаш байқаған грек ойшылы Гераклит дүниені үздіксіз қалыптасу деп қарағандықтан, оның әрбір кезеңін, қалпын екі жақта көрді: дүниенің негізі - от, ол бірде жанып, бірде өшіп тұрады. Оның пікірінше табиғат, бүкіл ғарыш - ұдайы өзгеріп, дамып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz