ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 15-06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жиенбеков Айнабек Нұрланович

ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

050806 - мамандығы - «Агроинженерия»

Шымкент, 2013ж.

Ф. 7. 15-07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. к. Ж. А. Алдияров

“”2013ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау

050806 - мамандығы - «Агроинженерия»

Орындаған Жиенбеков Айнабек Нұрланович

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. к., доцент Манабаев Н. Т.

Шымкент, 2013 ж.

Ф. 7. 15-08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРОӨНЕРКӘСІП ФАКУЛЬТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

Мамандығы: 050806-Агроинженерия

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. к. Ж. А. Алдияров

“”2013ж.

Дипломдық жоба орындауға

ТАПСЫРМА №11

Студент Жиенбеков Айнабек НұрлановичАП-09-3к

Жоба тақырыбы : ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау

Университет бойынша 19. 11. 2012 ж. №3-172 С бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 28. 04. 2013 ж.

Жобаның бастапқы мәліметтері: Мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылатуды үйрену

Жеке тапсырма:Арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бөлімдері
Орындалу мерзімі
Кеңесші
№: 1
Бөлімдері: Аналитикалық бөлім
Орындалу мерзімі: 25. 02. 2013 жыл
Кеңесші: Манабаев Н. Т.
№: 2
Бөлімдері: Технологиялық бөлім
Орындалу мерзімі: 20. 03. 2013 жыл
Кеңесші: Манабаев Н. Т.
№: 3
Бөлімдері: Тіршілік қауіпсіздігі
Орындалу мерзімі: 30. 03. 2013 жыл
Кеңесші: Сарыпбекова Н. К
№: 4
Бөлімдері: Қоршаған ортаны қорғау
Орындалу мерзімі: 7. 04. 2013 жыл
Кеңесші: Қарымсаков Қ. Е.
№: 5
Бөлімдері: Экономика
Орындалу мерзімі: 14. 04. 2013 жыл
Кеңесші: Кембаева Р. С.
№: 6
Бөлімдері: Бизнес жоспар
Орындалу мерзімі: 20. 04. 2013 жыл
Кеңесші: Ускенов М. Қ.
№:
Бөлімдері: Қорытынды
Орындалу мерзімі: 26. 04. 2013 жыл
Кеңесші: Манабаев Н. Т.

Графикалық материалдар тізімі

Сызулар атаулары
Парақ саны
Орындалу мерзімі
Кеңесші
№: 1
Сызулар атаулары: Тегістегіштердің сұлбасы
Парақ саны: 1
Орындалу мерзімі: 1-10. 04. 2013ж
Кеңесші: Манабаев Н. Т.
№: 2
Сызулар атаулары: Егістік профил жазу-ң принцип сұлб-сы
Парақ саны: 1
Орындалу мерзімі: 11-15. 04. 2013ж
Кеңесші: Манабаев Н. Т.
№: 3
Сызулар атаулары: ПГС-2, 4А құрылғы-ң технол-қ сұлбасы
Парақ саны: 1
Орындалу мерзімі: 16-20. 04. 2013ж
Кеңесші: Манабаев Н. Т.
№: 4
Сызулар атаулары: Қатаөр-н ңдеу мех-ция деңгейін анық-у
Парақ саны: 1
Орындалу мерзімі: 21-23. 04. 2013ж
Кеңесші: Манабаев Н. Т.
№: 5
Сызулар атаулары: Экономикалық бөлім
Парақ саны: 1
Орындалу мерзімі: 24-26. 04. 2013ж
Кеңесші: Кембаева Р. С.

Тапсырманың берілген күні16. 01. 2013 ж.

Дипломдық жоба жетекшісі Манабаев Н. Т.

Тапсырманы орындауға алған студент ЖиенбековА. Н.

Тақырыбы:ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау

Топ студенті АП- 09- 3К Жиенбеков А. Н.

Кеңесшілері:

Тіршілік қауіпсіздігі Экономика бөлімі

(Ғылыми дәрежесі, атағыТегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағыТегі, аты, жөні)

(күні, қолы) (күні, қолы)

Қоршаған ортаны қорғау Бизнес жоспар

(Ғылыми дәрежесі, атағыТегі, аты, жөні) (Ғылыми дәрежесі, атағыТегі, аты, жөні)

(күні, қолы) (күні, қолы)

Норма бақылау

т. ғ. к., аға оқытушы Есимов Е. Қ.

(күні, қолы)

Мазмұны

Аннотация . . . 7

Нормативтік сілтемелер . . . 8

Анықтамалар . . . 9 Белгілер мен қысқартулар . . . 10Кіріспе . . . 11

1 Аналитикалық бөлім . . . 13 1. 1Жерді суландыру мен суғару жүйесі . . . 13

1. 2 Еліміздіңсуғармалы егісін суғарудың экономикалық тиімділігі . . . 15

1. 3 Ауыл шаруашылығында суғармалы егіншіліктің алатын орны . . . 16

1. 4 Негізгі суғармалы егіс шаруашылығында ұйымдастырылатын аудандардың табиғаты . . . 23

1. 5 Суғармалы егіндерді жүйекпен суғару технологиясы . . . 25

1. 6 Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштерге қойылатын агротехникалық талаптар . . . 28

1. 7 Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштің құрылымдық ерекшеліктері . . . 29

2Технологиялық негіздеу бөлімі . . . 36

2. 1 Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері . . . 36

2. 2. Уақытша суғару арықтарын тегістеу кезіндегі топырақтың жалпы сипаттамасы . . . 36

2. 3 Уақытша суғару арығын қазу және тегістеу кезіндегі топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері . . . 37

2. 4 Топырақтың ылғалдылығы . . . 41

2. 5 Уақытша суғару арығының дамбасындағы топырақтың қаттылығы . . . 45

2. 6 Уақытша суғару арығының дамбасындағы топырақтың көлемдік тығыздығы . . . 46

2. 7 Топырақтың болатпен және топырақтың топырақпен сырғанау үйкеліс коэффициенттері . . . 47

2. 8 Ығысудың меншікті кедергісі . . . 47

2. 9 Уақытша суғару арықтарын тегістеу технологиясының дамбаның түзілу

сапасына әсері . . . 48

3 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 53

3. 1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау . . . 54

3. 2 Көлемдік жоспарлау шешімі . . . 54

3. 3 Санитарлық-техникалық іс-шаралар . . . 55

3. 4 Ауа алмастыруды есептеу . . . 55

3. 5 Табиғи және жасанды жарықтандыруды есептеу . . . 56

3. 6 Техника қауіпсіздігі . . . 57

3. 7 Электр қауіпсіздігі . . . 57

3. 8 Өртке қарсы іс-шаралар . . . 58

3. 9 Азаматтық қорғаныс . . . 58

4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 60

4. 1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау . . . 61

4. 2 Атмосфераға тасталынатын зиянды заттар мөлшерін есептеу . . . 62

4. 3 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар . . . 64

5 Экономикалық бөлім . . . 65

5. 1 Бастапқы мәліметтерді таңдау . . . 65

5. 2 Базалық тегістегіш агрегаттының жұмыс өнімділгін анықтау . . . 65

5. 3 Жаңа тегістегіш агрегаттың экономикалық тиімділігін есептеу . . . 66

5. 4 Ұсынылған технологияның экономикалық тиімділігін есептеу . . . 67

6 Бизнес-жоспар . . . 72

6. 1 Түйін . . . 72

6. 2 Өнімнің сипаттамасы . . . 73

6. 3 Өндірістік жоспар . . . 74

6. 4 Маркетинг жоспары . . . 76

6. 5 Ұйымдастырушылық жоспар . . . 77

6. 6 Жұмыстардың орындалу тізбесі . . . 79

6. 7 Жобаның тәуекелділігін талдау . . . 79

Қорытынды . . . 82

Пайдаланған әдебиеттер . . . 83

Аннотация

«ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау» тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 21-кесте, 17-сурет, 20-теңдеу, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Дипломдық жоба мақсаты ауыл шаруашылығындамақта өсіруді ілгері қарай дамыту жолындаМақтарал ауданындағы шаруа қожалықтарындағы суғармалы егістіктегі суғару арықтарын қазу технологиясын жетілдіру. Шаруа қожалық жағдайында озық технологияны қолдану негізінде энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы қажетті техника түрін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру болып отыр.

Дипломдық жобада шаруашылық жағдайында суғармалы егістіктегі машиналар жүйесін негіздеп пайдалануды ұйымдастыру, суғармалы егістіктегі суғару арықтарынның сапасын жоғарылату технологиясының жетілділдірілген нұсқасын негіздеу қарастырылған.

Дипломдық жобада суғару арықтарын суғаруарықтарын қазу сапасына әсері, суғару арықтарындағы топырақтың физика-механикалық қасиеттері зерттеліп үйренілді және жаңа арық тегістеу технологиясы менарыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағышы жаратылып қолданысқа ұсынылады.

Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылды.

Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді.

Бизнес-жоспар жасалынды.

Нормативтік сілтемелер

1. ОСТ-70. 4. 2-80 «Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері»

2. ОСТ -70. 12. 1-84 «Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері»

3. «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы» құжаттары

4. Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки

5. ГП 902-2-403, 86 құжаттары

6. СН и П 11-33-85 құжаттары

7. МЕСТ 12. 1. 004-85 құжаттары

8. СН 4088-20 және МЕСТ 12. 1. 005-76 құжаттары.

Анықтамалар

Фракция - топырақ түйіршіктерінің өлшемі

Дамба - суғару арықтарын қазғанда пайда болатын үйінді топырақ

Дренаж - жабық кәріз түтіктер

Скважина - бұрғыланған су көзі

Лоток - бетон арықтар

Филлоксерлер - өсімдік биті

Оптимал ылғалдылық - топырақтың 16-18% ылғалдылығы

Топырақтың физика - механикалық қасиеті - ылғалдылық, тығыздық,

деформациялық ығысу, сырғу кедергісі.

Белгілер мен қысқартулар

АШК- ауыл шаруашылық кешені

МК- бас канал

ВМК -бас канал тармағы

НК- су жинағыш канал

ВК- су қашырғыш канал

ПК- қорғау каналы

СР- жинау каналы

ПӘК-пайдалы әсер коэффиценті

КБН-0, 35 А- арық қазу жабу машинасы

Д-241А- грейдер тегістегіш

Д-271 А- бульдозер тегістегіш

ЗОР-500- канал тегістегіш

БУ-100 Б -кавалер тегістегіш.

Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы ауыл шаруашылығы өркендеген аймақ болып есептелінеді. Мақтарал ауданы облыс бойынша құнды ауылшаруашылық дақылы мақта өсіретін негізгі аймақ болып табылады. Бірақта, кейінгі жылдарда ауа - райының қолайсыздығы, климаттың жағдайына байланысты қуаншылық және су тапшылығы сезілері дәрежеде байқалып келеді. Осыларды есепке алып ауыл шаруашылығы егіндерін суғару арықтарының сапасын жақсарту және судан үнемдеп пайдалану көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Суды үнемдеп пайдаланудың бірнеше техникалық, агротехникалық шаралары бар. Солардың ішінде суғаруда жерді тегістеу, жер қиялығын сақтау, суғару арықтарының сапасын жақсарту су үнемдеудегі негізгі технологиялардың бірі болып есептеледі.

Кейінгі жылдары жердің шаруа қожалықтары мен үй шаруашылық жеке меншіктеріне таратылуы салдарынан бұрыннан орындалып келе жатқан жерді тегістеу жұмыстарына мән берілмеуде. Ауыл шаруашылық өндірушілердің техникамен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, жанар-жағармай бағасының жоғарылап кетуі, олардың тиімді агротехникалық мерзімде барлық жұмыс кешенін орындауға мүмкіндік бермейді.

Статистикалық мәліметтер облыста ауыл шаруашылығының техникамен қамтылуы 1, 1% өте төмен деңгейде екендігін көрсетеді. Ал ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту стратегиясы жергілікті ауыл шаруашылық машина құрылысын өркендетуді талап етеді.

Мелиорациялық жұмыс кешенінде тегістеу жұмысы жетекші орын алады, бірақта жер тегістеуге жетерлі мән берілмеуі себепті көпшілік суғармалы алқаптың тегіс еместігі, жер бедерінің әртүрлі деңгейдегі ойлы-қырлы беттерден тұратындығын көрсетеді. Қазіргі күнде жүйекпен суғару әдісі, негізгі суғару түрі болып, осыған орай реттелген суғару жүйесін жүргізу тегістелмеген алқапта үлкен қиындық тудырады. Бұл қиындықтан шығуда, суғармалы алқапта тек көлемді және қиын тегістеу жұмыстарын жүргізумен табысты меңгеруге болады.

Тегістелген жерлерге егін егілгенде агротехникалық жетістіктерінің бірі - топырақты өңдеу үшін жетілу мерзімінің біркелкілігі, сапалы тұқым себу, су шығынын қысқарту, жоғары деңгейде егін қатараралығын өңдеу, жоғары өнім алу мүмкіндігін береді.

Суғармалы егіншілікте интенсивті технологиядан пайдалануда егістік алқаптардағы жерді тегістеу, суғару арықтарының сапасын жақсарту жұмысы шешуші іс-шаралардың бірі болып, егін өнімдерін жоғары көтеруді қамтамасыздандыру және егіншіліктегі барлық технологиялық процестерді максимал механикаландыруға мүмкіндік береді.

Тегістелген алқапты суландыру барысында барлық танап топырағы біртегіс ылғалданады, нәтижесінде су шығыны күрт қысқарады. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда суғару арықтарының сапасын жақсарту жұмысы есебінен суғару нормасы 27, 5 -35, 0 % дейін үнемделеді, қосымша алқапты суғару мүмкіндігі туады. Суғару жүйегінің ұзындығын 300-350 м-ге жеткізу және суғару ағымын 70-80 л/с -ке көтеруге мүмкіндік береді. Тегістелмеген жерлерде бұл көрсеткіш 20 л/с -тен аспайды.

Бұның барлығы суландыру жұмыстарының жоғары сапалы болуына, жұмыс өнімділігі 3, 5-4 есе арттыруды қамтамасыз етеді, өте ұқыппен тегістелген танапта суғаруды механикаландыру мен автоматтандыру мүмкіндігін туғызады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде бұл негізінен ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен енгізумен және технологиялық процестерді орындайтын құралдарды аз энергия мен материалдар шығынымен жасаумен байланысты болады.

Нарықтық қатынастың дамуы әсіресе кіші өнім өндірушілер үшін машиналарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындарды айтарлықтай арттырды. Осы уақытқа дейін Қазақстанда техникалық сервиспен айналысатын кәсіпорындар торабы жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасының АШК-дегі қазіргі заманғы машиналар паркі әртүрлі және қымбат бағалы техникалардан құралған. Сонымен бірге ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өткен техникалар саны 50 пайыздан жоғары. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу әсіресе соңғы жылдары, техниканы ауылға алып келу азайған кезде олардың жұмыс істеуге қабілетті жағдайын сақтаудың еріксіз және қажетті шарты болып табылады.

Инженерлік қамтамасыз ету төмен, ол өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығында қарқынды түрде орын алуда. Тракторлар, автомобильдер және комбайндар паркінің қысқаруына байланысты қолда қалған техникаға жүктелу деңгейі артады, оларды жұмыс істеуге қабілетті жағдайда ұстап тұру шығындары жоғарылайды. Машиналардың жұмыс істеуге қабілетті жағдайының төмендеуі агротехникалық мерзімдердің бұзылуына алып келеді, сәйкес, алынатын өнімнің кемуіне келіп соқтырады.

Сонымен бұл жобаның негізгі мақсаты Мақтарал ауданны шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде бар егістік көлемінен ұтымды пайдалану болып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында суғармалы егіншілік алқабын ұлғайту ұсынылған - бұл келешекте көк-өніс, мақта, қызылша, дән, т. б. ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың үлкен қоры.

Бұл диплом жұмысының мақсаты - уақытша суғару арықтарының сапасын жақсарту, жүйекпен суғару әдісі мен техникасын жетілдіру болып табылады.

  1. Аналитикалық бөлім

1. 1 Жерді суғару және суғару жүйелері туралы түсініктемелер

Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суғару жүйелері жасалады.

Дегенмен су қоймалары құрылыстарын салу және жергілікті су қорларын қайта бөлу арқылы суғармалы егіншілік шаруашылығы сумен толық қамтамасыз етілмейді, олар тек өзендер суын маусымдық және көпжылдық реттеу арқасында су қорын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады.

Сондықтан бұл мәселені шешу үшін республикамыздағы жер асты суларының мол қорын толық пайдалану мен суғару жұмыстарын ұйымдастырғанда суды тиімді және үнемді пайдаланудың алатын орны зор.

Суды пайдалану шығынын азайтумен күресу-суғармалы егіншіліктің тиімділігін арттырдың негізі шарты болып саналады. Осындай күрделі мәселені шешу суғару жүйелерінің техникалық жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан бұрын салынған және жаңадан салынатын суғару жүйелерін техникалық жағынан жетілдіру мәселесіне қатал талаптар қою қажет.

Техникалық және дәнді дақылдарды, мал азықтық шөптерді, көкөністі және басқаларын суғарудың шаруашылықтық маңызы бар.

Қазіргі күнде ҚР территориясында жүйекпен суғару 85%, чекпен суғару 12%, палмен суғару 3%-ды қамтиды. Бұл барлық әдістер жердің су жүру бағытына қарай ұқыпты тегістелуін талап етеді.

Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суғармалы егістерді ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады. Ал қуаңшылық аудандарда жер суғару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып, елімізде мақта, күріш, жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.

Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның жеткіліксіз және жыл бойы өте құбылмалы болуының салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады. Сондықтан, бұл аймақтарда жыл сайын дәнді, техникалық және мал азығы дақылдары мен көкөністің мол өнімін тек суғару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады.

Егісті суғару еліміздің тек оңтүстік топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарында ғана тиімді болып қоймай, сондай-ақ дымқылдығы артық аймақтарда да өте тиімді.

Арнаулы суғарудың түріне топырақты тазарту, жылыту мақсаттарымен жүргізілетін суғару жұмыстары жатады. Суғарудың топырақты тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы артық тұздарды шаю және өсімдіктерге зиянкес жәндіктерді құрту үшін ұйымдастырылады.

1. 2Жерді суландыру мен суғару жүйесі

Жерді суландыру . Жерді суландыру деп сусыз және суы өте аз аудандарда көлемі өте аз учаскелерді суғару және сумен жабдықтау үшін қолданылатын гидротехникалық кұрылыстар мен шаралардың, жинағын айтады. Жер суландыру құдықтар, бөгеулер, каналдар, бас саға құрылыстары және су жеткізгіштер жасау арқылы, көбінесе суғарумен бірге жүргізіледі. Әдетте бұл құрылыстар табиғи суағару жүйесіне қосымша жасалып, көпшілік жағдайда жер сғару үшін де пайдаланылады.

Елімізде суландыру жұмыстары тың және тыңайған жерлерді игеру және сусыз және суы тапшы аудандарда мал шаруашылығының негізін жасау мәселелеріне сәйкес кеңінен жүргізілді. Ал Қазақстан, бойынша бүгінгі күні 1400 млн га жайылым суландырылған. Келешекте шөл, шөлейт және таулы аудандарда 26 . . . 28 млн гектар жайылым суландыру жоспарланып отыр.

Суғару жүйесі. Суғару жүйесі деп, белгілі жерді суғаруға арналған су көздері мен бас саға, тұрақты және уақытша тілінетін ка­налдар, гидротехникалық құрылыстар, жолдар, өндірістік үйлер мен байланыс құрылыстары және жүйені басқару комплексін айтады (сурет 1) .

1 - су көзі, 2 - бас саға құрылысы, МК - бас канал, НК - тау жақтағы канал,

Р-1, Р-2, IX- У-1 және т. б. таратқыш каналдар, 0-1, 0-2 ж. т. б. - уақытша тілінетін

каналдар,

В1, В-2 - бірінші реттегі су жинағыштар, В-1-2 - екінші реттегі су жинағыштар,

GP-1 - бірінші реттегі таратқыштардан су қашыртатындар.

Сурет 1. Суғару жүйесінің схемасы

Сонымеи бірге жүйеге суғармалы жерге орналасқан орман алқаптары да жатады.

Бірінші суретте керсетілген жүйелі түрде пайдаланылатын суға­ру жүйесінің элементтерін талқылайық (сурет 1) .

1. Су көздері (өзен, бөген, көл, жер асты сулары, сарқын сулар және т. б. ) суғармалы алқапты сумен толық қамтамасыз етулері керек. Сонымен бірге су өзінің сапасына қарап суғаруға жарамды болуы керек.

2. Бас саға құрылысы сулы су кездерінең бас каналға жіберіп тұрады.

3. Арық-атыз жүйесіне су таратқыш каналдар және реттегіш арық-атыз жүйесі жатады. Су таратқыш каналдар суды су көздерінен суғармалы жерге жеткізіп тұрады. Су таратқыш каналдарға бас каналдар мен оның тармақтары, шаруашылық аралық, шаруашылық және шаруашылық ішіндегі су таратқыш-каналдар жатады.

Бас канал (МК) және оның тармақтары (ВМК) суды бас сағадан жер бетіне рет-ретімен орналастырылатын таратқыш каналдарға жібереді.

Шаруашылық аралық каналдар суды бас каналдан бірнеше шаруашылықтардың жеріне жібереді.

Шаруашылық таратқыш каналдары суды әрбір шаруашылық жеріне жеткізіп, ал шаруашылық ішіндегі су таратқыш каналдар суды бригадалар, ауыспалы егіс алқаптарына және жекеленген суару учаскелеріне таратып тұрады.

Таратқыш каналдар құрылыстары суғару жүйесін пайдаланудың барлық мезгіліне тұрақты өтіп жасалады.

Ал реттегіш арық-атыз жүйесі жерді беткейлеп суғарғанда уақытша тілінетін құлақ арықтардан, оқ арықтар мен оман арықтардан, тақталап суғару арықтарынан және бороздалар мен атыздардан құрылады.

Ал жерді жақбырлатып суғарғанда реттегіш жүйесі болып жаңбырлатқыш машиналар мен құбырлар саналады; сондай-ақ егісті астыңғы жағынан суғарғанда оған жер асты құбырлары жатады.

Уақытша тілінетін кұлақ арықтар, оқ арықтар мен оман арықтар суғармалы учаске ішінде суды суғару бороздаларына тақталап суғару алқаптарына және атыздарға таратуының арқасында ол топыраққа сіңіп, ағым түріндегі күйінен топырақ дымқылды күйге көшеді. Уақытша тілінетін кұлақ арықтар және оқ арықтар мен оман арықтары кезекті суару жұмыстарын жүргізу алдында арнаулы машиналар арқылы тілініп, одан кейін (жерді қопсыту, егінді ору және жерді жырту алдында) тегістеліп тасталады.

4. Су жинағыш-қашыртқы жүйесіне тау жақ каналдары (НК), су қашырту каналдары (ВК), қорғау каналдары (ПК) және шеткі қашырту каналдары жатады (СР-3) .

Тау жақ каналдары жоғары жатқан алқаптардан ағатын не­сер және тасқын суларын суғармалы жерден бұрып жіберу арқасында арық-атыз жүйесін су эрозиясынан сақтайды.

Ал су жинағыш каналдар суғармалы жерде пайда болатын не­сер сулары мен арық-атыз жүйесінен және суғару учаскесінен ағатын суларды жинап арнаулы су қабылдағыштарға жібереді.

Шеткі қашыртқы каналдары әдетте суғару каналдарының жалғасы болып саналып, каналдарды босатуға және ондағы артық суды су қабылдағыштарға жібереді.

5. Коллекторлы-дренаж жүйесі құрғату арықтары (керіз) мен әр дәрежедегі коллекторлардан құралады. Құрғату арықтары ыза суды қабылдап, алқаптардан ағызып жіберуінін. арқасында оның деңгейі төмендейді. Ал коллекторлар суды құрғату арықтарынан қабылдап, су қабылдағыштарға жібердді.

6. Гидротехникалық құрылыстар жүйе арқылы өтетін суды реттеу, оның мөлшері мен жылдамдылығын және каналдағы су деңгейін анықтау үшін жасалады . Сондай-ақ олар арқылы су жолдармен сай-салалардан өткізіледі.

7. Жолдар, телефон және электр жүйелері мен баскару-өндірістік құрылыстар суғаружүйесін пайдалану үшін жасалады. Кейбір жағдайларда суғару жүйесі ешқандай элементтерсіз де ұйымдастырыла береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақытша суғару арықтарынның сипаттамасы
Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштің құрылымдық ерекшеліктері
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру туралы ақпарат
Жергілікті бюджет жайлы
Ауыспалы егістіктің құрамы
Шитті мақта мен мақта-талшығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың маркетингтік басқару
Мақтаның түкті шитін егіске жасанды қабықтандыру тәсілімен ұнтақ дайындау қондырғысын жобалау
Топырақ қабатын терең қопсыту
Суғармалы егістікте суды үнемдеудің механикаландырылған технологияларын қолдануды ұйымдастыру, тегістеуге арналған лазер нұрымен басқарылатын тегістегішті жобалау
Мақта шиті тұқымын себуге арналған себу аппараты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz