Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы



КІРІСПЕ

1 Қазақстанның таулы аймақтарының орналасу ерекшелігі
1.1 Қазақстанның биік таулы өлкелерінің таралу аймақтары ... ... ... ... ...8
1.2 Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің
орналасу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Оңтүстік Қазақстан обылысының Қаратау жотасының таулы аймағы...12

2 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы
мен оның рекреациялық маңызы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауының физикалық.
географиялық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Таулы аймақтардың климаты және ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.4 Таулы аймақтардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесі ... ... ... ... ...28
2.5 Оңтүстік Қазақстан таулы аймақтарының рекреациялық маңызы ... ... ..33
2.6 Оңтүстік Қазақстанда туризмді дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... .39
2.7 Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік туристік аймақтар ... ... ... ...43

3 Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтыларының
рекрациялық маңызы
3.1 Аса биік таулы аймақтардың ландшафтыларының рекрациялық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.2. Биіктігі орташа таулы аймақтардың ландшафтылары ... ... ... ... ... ... .53
3.3. Аласа таулы аймақтардың ланшафтылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
3.4 Қазақстанның ландшафтылық физикалық.географиялық
аймақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу әсем көркін еске салатын алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр. Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан. Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м) бар.
1. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық және экономикалық географиясы» Шымкент 2008,22-30 беттер.
2. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 беттер
3. «Қазақстан Ұлттық энциклодедиясы» Алматы 2005, 3 том
4. «Қазақ Совет энциклодедиясцы» Алматы 1975, 2 том
5. Атамекен газеті, Алматы 2005, №88
6. Шымкент келбеті газеті Шымкент 2007, №82
7. Интернет. Ak orda.kz. сайты
8. А. Басшов «Экология және таза су проблемасы» Алматы 2003,12-25 беттер
9. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «Гоеграфия» Алматы 2007,114-116 беттер
10. Ұ. Есназарова «Қазақстанның физикалық географиясы» Алматы 2002,245-247 беттер
11. Н.В. Нелина «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматы 2004,104-110 беттер
12. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер.
13. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
14. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2005,3-20 беттер.
15. Егеменді Қазақстан 2005-2006,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28.
16. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 беттер.
17. «География және табиғат» 2006, №6
18. Ш.Шайық "Орошаемые сероземы Южного Казахстана, Алматы,Өктем, 2001, 1-61. с."
19. Куришбаев Ахылбек Кахигулевич, Гумусовое состояние основныхпахотных почв Казахстана и пути его регулирования Алматы, 1977 г.. 10-1 Істр.
20. А. Бигалиев , Е. Жамалбеков, Р. Білдебаева, Қазакстан топырағы және оның экологиясы. Алматы. "Сенат" 1995 ж.
21. В.П. Ковриго, И.С. Кауричев, Л. М. Бурлакова. Почвоведение сосновными геолопій. Москва. "Колос", 2002г.
22. Т.Тазабеков. Е. Тазабекова, Орысша - казакша топырактану түсіндірме сөздігі, Алматы "Ана тілі" 1994ж.
23. А.М. Дурасов, Т. Тазабеков "Почвы Казастана."
24. Т. Тазабеков. Е. Тазабекова. Топырақтану түсіндірме сөздігі, Алматы "Рауан", 1993ж.
25. Жаршы №5, 2002ж.. 60 бет,

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл дипломдық жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының
географиясы мен оның рекрациялық маңызына тоқталған.
Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайы мен
Оңтүстік Қазақстан облысының рекрациялық маңызының ерекшелігіне, таулы
аймақтардың физ географиялық жағдайына жажақты талдау жасаған. Дипломдық
жұмыс үш тараудан, қосымшадан, қорытынды және қолдланылған әдебиет
тізімдерінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Қазақстанның таулы аймақтарының орналасу ерекшелігі
1.1 Қазақстанның биік таулы өлкелерінің таралу аймақтары-------------------
8
1.2 Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің
орналасу ерекшелігі------------------------- --------------------------
--------------10
1.3 Оңтүстік Қазақстан обылысының Қаратау жотасының таулы аймағы---12

2 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы
мен оның рекреациялық маңызы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық
ерекшелігі------------------------- -----------------------------------
-------------------15
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауының физикалық-

географиялық орны------------------------------- ---------------------
---------------21

2.3 Таулы аймақтардың климаты және ішкі сулары---------------------------
---26
2.4 Таулы аймақтардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесі------------------
-28

2.5 Оңтүстік Қазақстан таулы аймақтарының рекреациялық маңызы----
------33

2.6 Оңтүстік Қазақстанда туризмді дамыту жолдары-------------------------
----39
2.7 Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік туристік аймақтар--------
-------43

3 Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтыларының

рекрациялық маңызы

3.1 Аса биік таулы аймақтардың ландшафтыларының рекрациялық

маңызы----------------------------- -----------------------------------
--------------------49

3.2. Биіктігі орташа таулы аймақтардың ландшафтылары---------------------- --
-53

3.3. Аласа таулы аймақтардың ланшафтылары----------------------- ------------
----55

3.4 Қазақстанның ландшафтылық физикалық-географиялық
аймақтары-------------------------- -----------------------------------
--------------------58

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
----------------64

Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------------------
------------68

КІРІСПЕ

    Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран
ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның
солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы
алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра
қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу әсем көркін еске салатын
алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы
атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер
түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан
көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр.
Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына
иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы
шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.
Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.
Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың
батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-
шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең
биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс
шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м)
бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың
(Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі
2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан
554 солтүстік батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең
биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына
тіреледі. Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан
су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне
адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза
тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың
кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі. Облыс аумағының жер
бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан
түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық
табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер
сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын
көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен
желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық
әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір
жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Тақырыптың көкейтестілігі:
Ордабасы, Қазығүрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және
Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы
жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа
негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі. Бұдан
өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап
саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған.
Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді
өрістетуге қолайлы: осы бағытта Тау самалы демалыс лагері маңында аспалы
жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету
тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жүмысын жандандыруға,
инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. Біркөлік санаторийі қалыпқа
келтіріліп, іске косылуда. Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері
маңайындағы санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам
ауданындағы Манкент шипажайы келушілер саны арттыра түсуде.
Ақсу-Жабағылы қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар
қатарына жататын Батыс Тянь-Шаньның көрікті жері. Қорық 1926 жылы кұрылған.
Оның иелігіңде бай өсімдік пен жануарлар дүниесі камтылған. Мұнда жануарлар
мен кұстардың 55-тен аса түрі және 200-ден аса өсімдік түрі бар. Олардың
көпшілігі Қызыл Кітапқа енгізілген. Тянь-Шань көзтартар жоталары мен
сайлары, Ақсу өзенінің арнасы ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық.
Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер -Ақбиік
ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да
көптеген көрікті табиғат қойнаулары. Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын
2003 жылы өңірімізге келген ЮНЕСКО Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап
өтті. Комиссия осынау көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын
табиғат бұрышын алдағы уақытта сақтау үшін шекаралас үш мемлекетті күш
біріктіруге шақырды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барабар Жабағылы қорығы
да ұлт мақтанышы болып табылады.
Мәселеннің өңделуі: Қазақстан Республикасының ақпарат көздері мен
Қазақстанда жарық көрген мәліметтерге, жергілікті жердің ақпарат көздеріне
сүйенеді.
Диплом жұмысының мақсаты:
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның
рекрациялық маңызы ашу. Таулы аймақтарда орналасқан табиғаты керемет
аймақтарға талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы:
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық
ерекшелігі;
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында туризмнің дамуы;
- Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында орналасқан демалыс
аймақтарының жағдайы;
- Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің орналасу
ерекшелігі;
Зерттеу пәні: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның физикалық
географиясындағы тақырыбында оқушылардың білімі мен тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі.
Тәрбиелік құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның
физикалық географиясындағы таулардың реакрациялық маңызын ашу тақырыбында
оқушылардың білімін қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қортындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Қазақстанның таулы аймақтарының орналасу ерекшелігі

1.1 Қазақстанның биік таулы өлкелерінің ерекшелігі

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы
Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань жатады. Биік таулы
аймақтың аласа таулардан айырмасы — жер бедерінің биік және күшті
тілімденгендігі.
Алтай. Қазақстан жеріне Алтай таулы өлкесінің оңтүстік-батыс бөлігі
кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп
үшке бөлуге болады.
Оңтүстік Алтай солтүстікте Бұқтырма өзені мен оңтүстікте Қара Ертіс
өзенінің аралығыңда жатыр. Батысында орасан зор Бұқтырма бегеніне тіреледі.
Шығысында ол Табын-Богдо-Оло шекаралық тау торабымен ұштасады. Бұл жерден
батысқа және оңтүстік-батысқа қарай биіктіктері 2500—3500 м бірнеше жоталар
тарайды (Сарымсақты, Нарым және Оқтүстік Алтай). Бұл жоталардың шығыс
бөлігі төбесін қар мен мұздықтар басқан үшкір шыңды нағыз биік тауға
айналады. Батысқа қарай олар аласарып, тау бөктері қыраттарына ұласады.
Батыс немесе Кенді Алтайдың Қазақстан жеріне батыс cілемдері кіреді.
Олардың бастылары: Листвяға мен Холзун жоталары. Листвяға Қазақстан мен
Алтай өлкесінің шекарасында жатқан Қатын жотасындағы Алтайдың ең биік
нүктесі — Мұзтауға (4506 м) жақын жерден басталады [1].
Батыс Алтайдың шығыс бөлігі қатты тілімденген және шыңдарын мәңгі кар
мен мұздықтар жауып жатқан биік таулы келеді. Сондықтан бұлардың кебісін ақ
тау деп атайды. Батысқа қарай таулар аласарады да, кескіндері жұмырланып,
беткейлері келбей түседі. Батыс Алтайдың жер койнауынан кептеген пайдалы
казбалар ашылды. Олар: мыс, мырыш, қалайы, коргасын, вольфрам, күміс, алтын
және тағы басқа металдар. Сондықтан да ' Батыс Алтайды Кенді Алтай деп
атайды.
Қалба жотасы — Алтай тауларының Ертіс өзенінен батыска қарай созылған
жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері Сарышоқы (1606 м). Батысында жота
бірте-бірте аласарып, Сарыарқамен ұласады.
Қазақстан Алтайы тақтатас, құмтас, туф, гранит сияқты алуан түрлі
шегінді және магмалық жыныстардан түзілген.
Алтайда өзендер мен көлдер көп. Бұл — Алтайдың туристер жиі аралап
тұратын ең керікті жерлерінің бірі.
Сауыр-Тарбағатай көршілес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін
құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-
Тарбағатайдың солтүстігінде Зайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл
қазаншұңқыры жатыр. Сауыр (3816 м)—Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік
жотасы. Қазакстан жеріне оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Солтүстік
беткейіндегі шаткалдарда шағын мұздықтар бар. Тарбағатай Сауырға карағанда
аласа, бірақ одан үзынырак келеді.
Жоңғар таулы өлкесі Казақстан жерінде Жоңғар Алатауының солтүстік,
солтүстік-батыс бөлігі және оның көптеген сілемдерінен құралады. Бұл тау
жүйесі солтүстігіндегі Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігіндегі Іле езені
аңғарының аралығында шығыстан батысқа карай 450 км-ге созылып жатыр [2].
Қытай мен Қазақстан шекарасында, Жоңғар Алатауының солтүстігінде,
Жоңғар қақпасы деп аталатын тауаралық ойыс бар. Ол Ебінұр (Қытайдағы)
көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады.
Жоңғар Алатауының бас массиві биіктіктері 4000 м-ден астам катар жатқан
екі — Солтүстік және Оңтүстік жотаға бөлінеді. Жонғар Алатауының бас
массивінің төбесінде мәңгі кар мен мұздықтар жатады. Жоңғар Алатауы гнейс,
кристалды тақтатас, кварцит, мәрмәр және әктас жыныстарынан түзілген. Өзен
аралықтарында граниттер жер бетіне шығып жатады. Жоңғар Алатауының
солтүстік беткейі көлбеу келеді, ал онтүстік беткейі едәуір тік болады. Бұл
таулардың ерекшелігі тау төбелерінде тегістелген жазықтар орын алады. Олар
түрлі биіктіктерде сатылы орналасып, бір-бірінен кертпештермен бөлінген.
Тянь-Шань таулы өлкесі. Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр.
Республика жерінің шеңберіне Орталық Тянь-Шань мен Батыс Тянь-Шаньның бір
бөлігі, Солтүстік Тянь-Щань түгел дерлік кіреді.
Орталық Тянь-Шань Қазақстанда Хан-Тәңірі биік тау торабы (6995)
шеңберінен Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларының түйіскен жерінен
басталады. Хан-Тәңірі — Қазақстанның ең биік нүктесі.
Хан-Тәңірі массивінен батысқа карай бірнеше жоталар тарайды. Олардың ен
үлкені — Теріскей Алатауы. Теріскей Алатауының шығыс тармағы арқылы
Қазақстан Қырғызстанмен шектеседі. Теріскей Алатауының беткейлері көптеген
шатқалдармен тілімденген, тау шоқтықтарын мәңгі қар көмкеріп жатыр. Орталық
Тянь-Шань гранит және басқа атпа жыныстардан, сондай-ақ тақтатас және
әктастан түзілген.
Солтүстік Тянь-Шаньға: Кетпен жотасы, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы және
Шу-Іле таулары, Қырғыз Алатауы жатады.
Кетпен жотасы Орталык Тянь-Шаньнан едәуір биік (2300 м-ге дейін) Кеген
тауаралық жазығымен бөлінеді. Ол батысында Күнгей Алатауымен ұштасады да,
шығысы Қытайға ұласып кетеді. Оның төбелері тегіс, онда ежелгі мұз басудың
іздері сақталған. Жотаның солтүстік беткейлері көлбеу, ал оңтүстік
беткейлері едәуір тік. Бұл екі беткей де Іле алабындағы өзендермен
тілімдеген.
Күнгей Алатауының Қазақстанға шығыс бөлігінің солтүстік беткейі жатады.
Бұл — Тянь-Шаньның ең биік жоталарының бірі.
Күнгей Алатауының солтүстік беткейі біраз көлбеу келеді. Ол Шелек және
Кемін өзен жүйелерінің ағын суы әрекетінен күшті тілімденген. Осы
өзендердің басталар жерінде Шелек-Кемін тау торабы жатыр. Осы жерде Күнгей
Алатауы Іле Алатауымен түйіседі.
Іле Алатауы — Тянь-Шаньның солтүстгіндегі ең биік тау жотасы. Ол
шығыстан батыска қарай 350 км-re созылады. Ең биік нүктесі — Талғар шыңы
(4973 м). Осы жерден бастап Іле Алатауы шығысы мен батысына карай аласара
береді. Солтүстік Тянь-Шаньның басқа бөліктері сиякты биік Іле Алатауында
да тегістелген учаскелер (сырттар) едәуір орын алады. Олардан биігірек
мәнгі кар мен мұздықтар жамылған үшкір, сүйір, жалаңаш шындар көрінеді.
Мұздықтардың ішіндегі ең үлкені — Корженевский мұздығы (12 км) жотаның
онтүстік беткейінде жатыр. Таудың солтүстік беткейінде, Алматы каласына
жақын жерде Тұйықсу мұздығы бар [3].
Іле Алатауы ежелгі шегінді және атпа жыныстардан — құмтастан,
порфирден, гранит пен гнейстен түзілген. Іле Алатауының оңтүстік беткейі
тік және аз тілімденген. Солтүстік беткейі біраз көлбеу, бірақ көптеген
өзендермен күшті тілімденген.
Тянь-Шаньның басқа бөліктері сияқты, Іле Алатауы жоталарында жер
сілкінулер едәуір жиі байқалады. Соңғы ең күшті жер сілкіну Алматы қаласы
маңында 1911 жылы болған.
Тау көлдері, сарқырамалы, ағыны қатты өзендері, тік беткейлі, терең
шатқалды биік таулар мыңдаған туристерді қызықтырады. Етегінде Алматы
қаласы және елді мекендер бар, бұл таулар — халықтың дем алатын әсем, әрі
көрікті жерлері.
Іле Алатауының солтүстік-батысында Шу- Іле таулары жалғасып кетеді.
Бұлар шөгінді және атпа жыныстардан түзілген, көп бүлінген ескі таулар.
Қырғыз Алатауы Күнгей және Іле Алатауларының батысында жатыр, бұл
таулардан Шу өзені ағып өтетін Буам шатқалы арқылы бөлінеді. Қазақстанға
жотаның тек батыс бөлігінің солтүстік беткейлері ғана кіреді. Қырғыз
Алатауы өте күшті тілімденген және биік таулы тік құз, шыңды альплік жер
бедерімен ерекше көзге түседі.

1.2 Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан тау жүйесінің орналасу
ерекшелігі

Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Талас Алатауынан басталып, одан
оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан жоталармен ұласады. Аса ірісі Өгем
мен Қоржынтау және Талас Алатауы ішінара Қазақстан жеріне кіреді, әрі батыс
шетінің жер бедері биік таулы келеді.
Қазақстанға түгелдей кіретін Қаратау-Тянь-Шаньнің күшті бұзылған ең
шеткі солтүстік-батыс жотасы. Оның оңтүстік-батыс беткейлері біраз көлбеу
келеді. Жотаның солтүстік-шығыс беткейі тік және жартасты, құзды.
Қаратау–пайдалы қазбалардың қазынасы. Тау қойнауының құрамына қорғасын,
мырыш және басқада түсті металл кен орындары кездеседі. Таудың оңтүстік-
шығыс бөігінен фосфорит кені табылды [4].
Егеменді Қазақстанның алдында тұрған экономикалық, экологиялық
мәселелерді шешуде қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасын әр
қырынан, жан – жақты зерттеудің маңызы артып отыр.
География ғылымдарының алдында табиғи ортаны қорғау мен оның қорларын
тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау міндеттері тұр.
Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан аймағында жатқан Қаратау жотасының
қазіргі ландшафтың жағдайын қарастырсақ.
Ол Қазақстандағы ірі тау жүйесі Тянь – Шаньның жотасы. Осы жотаны
зерттеп тексерген ғалым Н.А.Северцев Тянь – Шаньға экспедиция
ұйымдастырған. Олар Тянь – Шаньның батыс және солтүстік сілемдерін
зерттеген. Таулардың қойнауындағы жыныстарды жинап, геологиялық-
геоморфологиялық талдау жасайды.
Арал – Каспий бассейінімен Қызылқұмды зерттеу жолында саяхатшы
Қаратау тауларында, Іле Алатауында, Түргенде, Үшмерке алқаптарында зерттеу
жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу барысында Тянь – Шань тау жүйесін аймаққа
бөліп қарастырады.
Тянь – Шань таулы өлкесі - Азия материгіндегі ең ірі
таулардың бірі. Тау жоталары орналасу бағытына қарай бөлінеді, олар:
солтүстік Тянь – Шань, орталық Тянь – Шань, батыс Тянь – Шань, шығыс Тянь
–Шань болып бөлінеді.
Қазақстан территориясына Тянь – Шань тау жүйесінің солтүстік және
батыс бөлігі қарайды. Батыс болігіне ендік бойымен орналасқан Талас
Алатауы, Өгем, Піскем, Сандалаш, Шатқал, Алай,Түркістан, Қаратау жоталары
кіреді.
Таулы жүйе ертедегі дәуірлер протерезой, каледон, герцен
қатпарларынан альпілік орогенезде қалыптасқан. Тау қыраттары ендік бойында
орналасқан тау аралық кезектесіп келетін тектоникалық құрылымдардан тұрады.
Қазақстандағы Тянь – Шань тау жүйесінің мұздануының жалпы көлемі 857 км.
кв. Өзендер жүйесі аралас қоректенеді,мұздық, қар суларымен, көктемгі –
жазғы ұзақ тасқындармен ерекшеленеді.
Климаттық жағдайы, өсімдік жамылғысы, топырағы жоғарғы белдеуге тән.
Тянь – Шаньның ландшафтық зоналылығы солтүстігімен онтүстігінде түрліше,
сондықтан Тянь – Шань тау жүйесі бірнеше провинцияларға бөлінеді. Соның
ішінде Қаратау жотасы өз алдына жеке провинцияны құрайды [5].
Қаратау жотасы – түгелдей Қазақстан жерінде созылып жатыр, ол
экзогендік процестердің әсерінен қатты бұзылған жота. Абсолюттік биіктігі,
шыңы Бессаз - 2176 м. Солтүстік - батыс бағытқа қарай сілемі 420 км –
ге созылады. Протерезой эрасының тақта тасымен карбон дәуірінің әктасы,
құмтас конгломераттарынан түзілген. Қойнауы пайдалы қазбабайлықтар
полиметалл Ащысай, Мырғалымсай, Байжансайда фосфорит Ақсай, Жанатас,
Шолақтау кендері рудаларға өте бай. Қарату жотасының бедері , беткейі
шұғыл ассиметриялы, солтүстігі тік болып келеді. Қыраттың жотасы жайпақтау,
шың мен құздары онша көп емес. Орта Азияда Қаратау жотасы суық арктикалық
ауа массасының онтүстікке өтуіне кедергі келтіріп , климат түзуде маңызды
роль атқарады. Жылдық жауын – шашын мөлшері 200 мм –ден 600мм арлығында
өзеріп тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы -4 – 6 градус, жаз
айында шілде айында орташа температура 22- 25 градус шамасында.
Өзендері қар суымен және аралас қоректенетін көктемгі максимумдық
ағынмен ерекшеленеді, оған жататын өзендерге Боралдай, Бөген., Шаян және
т. б. өзендер. Қаратау жотасы шөлді зонада орналасқан, сондықтан топырағы
да, өсімдіктері де түрлілігімен ерекшеленеді. Тау алды аңғарда -
эффемерлік өсімдіктер өседі. Топырағы ашық және сұр топырақ.800 м – 1200 м
биіктікте кездеседі. Одан жоғары 1200 – 2100 м биіктікте таудың каштан
және қара топырақ, өзен шатқалдарында ағаш – бұталы селдіртоғай кездеседі.
Табиғи ресурсы түрлі минералды шикізаттардан тұрады. Таукенөндіру өндірісі
полиметалдар, қорғасын, мырыш кен орындарын зерттеп ашқан оларға, Кентау,
Ащысай, Байжансай, Жаңатас жатады. Тау беткейлері табиғи жайылым және
шабындық суғармалы жерлерден тұрады.

1.3 Оңтүстік Қазақстан обылысының Қаратау жотасының орналасу ерекшелігі
Қаратау жотасының оңтүстік – шығысын қамтитын Қаратау – Жаңатас
таукендері жердің бұзылуына және шаңды ауа массалары тарауына әсер етеді.
Жер асты суларының құрамының бұзылуына әкеп соғады. Осылайша экологиялық
жағдайды шиеленістірді. Осыдан келіп қорғалатын аймақтар пайда болды. Ақсу
– Жабағылы қорығына қарайтын бөлімдері Ақбастау және Қарабастау
палентологиялық көмумен айналысады. Қаратаудың оңтүстігіндегі Боралдай
өзеннің аңғарында, сазды тақтасты жерлерде түрлі балықтардың,
молюскалардың, тасбақалардың, носекомдардың, көптеген өсімдіктердің, бұдан
150 млн жыл бұрын юра дәуірінде кездескендерін көруге болады.
Қаратау қыратының оңтүстік шығысында Берқара ботаникалық қорықшасы
ұйымдастырылған, онда шалғынды – далалы белдеуде, теректі – шетенді сирек
тоғайда кездесетін өсімдіктермен қатар жергілікті берқара терегі қорғалады.
Сонымен қатар Қаратау қыратының солтүстік – батыс бөлігін қамтитын
Қаратау қорығы құрылған. Онда жергілікті жердің өсімдіктерінің 100 –ге жуық
түрі Ирандық және Жерортатеңіздік флора, таулыдалалы және таулышағынды
ландшафты фауна алып жатыр [6].
Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан аймағында жатқан Қаратау жотасының
қазіргі ландшафтың жағдайын қарастырсақ.
Ол Қазақстандағы ірі тау жүйесі Тянь – Шаньның жотасы. Осы жотаны
зерттеп тексерген ғалым Н.А.Северцев Тянь – Шаньға экспедиция
ұйымдастырған. Олар Тянь – Шаньның батыс және солтүстік сілемдерін
зерттеген. Таулардың қойнауындағы жыныстарды жинап, геологиялық-
геоморфологиялық талдау жасайды.
Арал – Каспий бассейінімен Қызылқұмды зерттеу жолында саяхатшы
Қаратау тауларында, Іле Алатауында, Түргенде, Үшмерке алқаптарында зерттеу
жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу барысында Тянь – Шань тау жүйесін аймаққа
бөліп қарастырады.
Тянь – Шань таулы өлкесі - Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі.
Тау жоталары орналасу бағытына қарай бөлінеді, олар: солтүстік Тянь – Шань,
орталық Тянь – Шань, батыс Тянь – Шань, шығыс Тянь –Шань болып бөлінеді.
Қазақстан территориясына Тянь – Шань тау жүйесінің солтүстік және
батыс бөлігі қарайды. Батыс болігіне ендік бойымен орналасқан Талас
Алатауы, Өгем, Піскем, Сандалаш, Шатқал, Алай, Түркістан, Қаратау жоталары
кіреді.
Таулы жүйе ертедегі дәуірлер протерезой, каледон, герцен қатпарларынан
альпілік орогенезде қалыптасқан. Тау қыраттары ендік бойында орналасқан тау
аралық кезектесіп келетін тектоникалық құрылымдардан тұрады. Қазақстандағы
Тянь – Шань тау жүйесінің мұздануының жалпы көлемі 857 км. кв. Өзендер
жүйесі аралас қоректенеді,мұздық, қар суларымен, көктемгі – жазғы ұзақ
тасқындармен ерекшеленеді.
Климаттық жағдайы, өсімдік жамылғысы, топырағы жоғарғы белдеуге тән.
Тянь – Шаньның ландшафтық зоналылығы солтүстігімен онтүстігінде түрліше,
сондықтан Тянь – Шань тау жүйесі бірнеше провинцияларға бөлінеді. Соның
ішінде Қаратау жотасы өз алдына жеке провинцияны құрайды.
Олардың ішінде сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жергілікті
жердің бірнеше түрлі фаунасы мен флорасы бар, оған жататындар:
1. Сүтқоректілерден: Қаратау қойы, ақтөс сусар, тас сусары, Индия
жайраны.
2. Құстардан: қара тырна, жыланшы, бүркіт, жұршы, ителгі, ақбауыр
буылдырық.
3. Бауырмен жорғалаушылар: қызылжалаң абжылан, сарыбауыр кесіртке.
4. Өсімдіктерден: беріқара терегі, Недзев алмасы, Түркістан құлпынайы,
Картов ұшқаты, Альберт қызғал-дағы, сергей пиязы, Илорни шырышы, кекек,
түрпі, әулиеата аққабағы, Маргарита өжірі, тұран пиязы, Введен қасқыржемі,
Қаратау ырғайы, Қаратау шөмішгүлі, таусағыз, мыңжапырақ кездеседі.
Қазіргі эколгиялық шиеленісу деңгейі пайдалы қазбаларды өндіру
аймақтарында қанағаттанарлық жағдайда, бірақжазықты жерлердегі шалғындықтар
малдардың әсерінен эрозияға ұшырап антропогендік шөлденуге әкеліп соғуда.
Экологиялық аймақтардың шиеленісуі:

1. Экологиялық жағдайдың шиеленісуі таудағы тасты жыныстардың
үгілуі

топырақтың ылғалдануына әкеліп соғады.

2. Қаратау – Жанатас таукені Қаратау жотасының оңтүстік – шығысын
қамтиды. Онда фосфоритті кендер орналасқан . Ірі карьерлердегі ашық
жыныстар жердің бұзылуына әкеліп соғады, күшті шаңды ауаларды таратады.
3. Кентау өнеркәсіб торабындағы Ащысай полиметал кен орындарынан шыққан
сулар жер асты суларының құрамын бұзады. Бұл аймақтың жер бетін қайта өңдеу
қажет [7].

Қорғалатын аймақтар

Экологиялық жағдайдың күшейтілуі пайдалы қазба байлықтардың түрлерінің
азаюы, өзен аңғарларының ластануы, жер бетінің күшті бөлшектенуі, таудағы
орманды белдеудің жойылуы, топырағының желдің әсерінен эрозияға ұшырауына
әкеліп соқты. Осының салдарынан қорғалатын аймақтар пайда болды. Ол
Қаратау қорығы, солтүстік батыс бөлігін қамтиды. Онда жергілікті
өсімдіктердің 100 – ге жуық түрі, Ирандық жэне Жерортатеңіздік флора,
таулыдалалы, таулышалғынды аймақтың фаунасы алып жатыр. Қаратау қыратының
оңтүстік – шығысында Берқара ботаникалық қорықша бар, онда шетенді сирек
тоғай, жергілікті берқара терегі кездеседі. Қаратаудың онтүстігінде
Бұрындай өзенінің аңғарында, сазды тақтатасты жерлерде түрлі балықтардың,
моллюскалардың, тасбақалардың, насекомдардың, көптеген өсімдіктердің юра
дәуірінде кездескен бұдан 150 млн жыл бұрынғы теңіз бассейіндерін
кездестіруге болады.

2 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның
рекреациялық маңызы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының рекреациялық
ерекшелігі

Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның
ғажайып табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
    Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран
ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның
солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы
алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра
қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу әсем көркін еске салатын
алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы
атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер
түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік қуан
көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр.
Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына
иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы
шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.
Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.
Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың
батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-
шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең
биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс
шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м)
бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың
(Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі
2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан
солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік
нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына
тіреледі. Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан
су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне
адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза
тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың
кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі. Облыс аумағының жер
бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан
түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық
табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер
сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын
көрсетеді. Ордабасы, Қазығүрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар
және Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол [8]. Қазақы
тазы жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа
негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі. Бұдан
өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап
саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған.
Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді
өрістетуге қолайлы: осы бағытта Тау самалы демалыс лагері маңында аспалы
жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету
тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жүмысын жандандыруға,
инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. Біркөлік санаторийі қалыпқа
келтіріліп, іске косылуда. Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері
маңайындағы санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам
ауданындағы Манкент шипажайы келушілер саны арттыра түсуде. Ақсу-Жабағылы
қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар қатарына жататын Батыс
Тянь-Шаньның көрікті жері. Қорық 1926 жылы кұрылған. Оның иелігіңде бай
өсімдік пен жануарлар дүниесі камтылған. Мұнда жануарлар мен кұстардың 55-
тен аса түрі және 200-ден аса өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл
Кітапқа енгізілген. Тянь-Шань тауының көзтартар жоталары мен сайлары, Ақсу
өзенінің арнасы ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Түлкібас ауданындағы
бақылауға алынған табиғи ескерткіштер -Ақбиік ауылындағы ғажап үңгір,
Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да көптеген көрікті
табиғат қойнаулары. Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын 2003 жылы
өңірімізге келген ЮНЕСКО Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап өтті.
Комиссия осынау көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын табиғат
бұрышын алдағы уақытта сақтау үшін шекаралас үш мемлекетті күш біріктіруге
шақырды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барабар Жабағылы қорығы да ұлт
мақтанышы болып табылады [9].
ҚАЗЫҒҰРТ
Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан
Қазығұрт тауының даңқы ертеден-ақ шыққан. Бұл жер “Г. Казгурта Ата” деген
белгімен 1777 жылғы Иван Неленьев құрастырған “Бұрынғы Жоңғар-қалмақ
иеліктері мен Сібір губерниясының оңтүстік бөлігі арқылы ағатын Ертіс өзені
картасында” және атақты неміс саяхатшысы һәм географы Александр Гумбольдт
(1769-1859 жж.) картасында белгіленген. Ғылыми әдебиетте оны алғаш рет
біздің өңірде 1864 жылы болған Н.С.Северцев сипаттайды. Ол оның екі басты
тік тау екенін және айналасында тұратын қазақтар, Шымкент пен Сайрамдағы
тұрғындар Нұх пайғамбар кемесі тоқтаған тау деп санайтынын алғашқылардың
бірі болып қағаз бетіне түсірген. 1868 жылдың желтоқсанында орыс
саяхатшысы А 554 .П.Федченко Қазығұрт асуынан аса қиындықпен өткенін,
арбасы тау жотасынан аунап, құдай сақтап, қалың қарға жантайып барып тұрып
аман қалғанын жазады.
Санкт-Петербургте 1872 жылы шыққан “Түркістан топографиясы” атты
Н.А.Маевтың кітабында жергілікті халық аңыздары негізінде Қазығұрт ата тауы
әлемдік топан судан соң Нұх пайғамбар кемесі келіп тоқтаған биіктік деп
көрсетіледі. Князь В.И.Масальский құрастырып, 1913 жылы

Санкт-Петербургте шығарған “Атамекеннің толық географиялық сипаттамасы.
Түркістан өлкесі” атты еңбекте де Қазығұрт тауы туралы аңыз келтіріледі.
Онда: “Екі басты Қазығұрт тауының даңқы өлкенің мұсылман халқына Қазығұрт
ата жерленген орын және топан судан соң Нұх кемесі тоқтаған жер ретінде
кеңінен танымал. Осы түркістандық Арарат жөнінде аңыз- 5b4 41;ңгімелерде
қазақ ақындары қобыз бен домбыраның сүйемелдеуімен Қазығұрт басындағы
кемеде аман қалған жануарлар туралы жырлайды”, – деп жазылған.
“Қазығұрттың басында кеме қалған” үлгілерін атақты фольклор жинаушы
Әбубәкір Диваев 1896 жылы орыс оқырмандарына жария етті. Ә.Диваевтың
жазбаларындағы аңызда Қазығұрт атаны Алла-тағала Жер мен Көкпен қатар
жаратқаны айтылады.
Қазығұрт ата қабірінің орнын алғаш сипаттаған белгілі геолог және
географ И.В.Мушкетов болды. Ол тау басына 1874 жылы көтеріліп, “қазақтың
Арарат тауында” ауырып қалғанын жазады. “...На ней находится могила святого
Казыкурта с неизбежным священным деревом, кажется единственным на всем
Казыкурте и увешанным разноцветными тряпочками – символ уважения
правоверных к могиле святого. За свою дерзость забраться на вершину
киргизского Арарата, я поплатился 554 болезнью и потому не мог сделать
полного пересечения Казыгурта на западном конце”.
Қазығұрт тауының ең байырғы археологиялық ескерткіштері біздің
заманымыздың V-ІІІ ғасырларына жататын обалар болса керек. Оларды ертедегі
көшпенділер тұрғызғаны күмән туғызбайды. Рабат ауылы қасында диаметрі 60
метр, биіктігі 3,5 метр үлкен оба барын 1948 жылы белгілі археолог А.Н.
Бернштам жазып кетіпті [10].
Таудың үстіңгі бөлігінде археологтарды тастан қаланған крест-айшық
қызықтырып келді. Оның ұзындығы 32 метр, ені 4 метр. Оны бірде
христиандықпен, бірде Зороастр дініндегілермен байланыстырып келгендер
болды. Алайда соңғы кезде бұл крест – айшықтың бұрынғы заманда емес, ХХ
ғасырдың бірінші жартысында ж 5b4 асалғаны анықталып отыр. Қазығұрт тауы
бөктерінде киелі орындар аз емес: Ақбура, Көзді ата, Шілтер ата (“Ғайып
ерен қырық шілтен). Олардың әрқайсысы жөнінде жеке әнгіме етуге боларлық.
Қазығұрт атауы алғаш рет ІХ ғасырдың араб географы Ибн Хордадбех
шығармасында Шаш –Ташкенттен Испиджаб – Сайрамға баратын жолдағы елді
мекен ретінде аталады. Х ғасырда Қазығұртты араб географтары әл-Истахри,
әл-Макдиси атайды.
ХVІ ғасырда Қазығұрт тауы Зайн ад-Дін Васифидің “Таңғаларлық оқиғалар”
атты еңбегінде Убайдулах-хан жорығын әңгімелеу барысында аталады. Хан 1537
жылы маусым айының 10-ы күні тау бөктерінде то&# 554 1179; тап Алла-
тағалаға мінәжат етеді.
Әбілғазының шежіресінде Салар-Казан-Алпе жөніндегі байырғы өлең
жолдары келтіріліп, онда аталған батыр Қазығұрт баурайында тастарды
жылжытып жаттыққаны айтылады екен. Ғалымдар Салар-Казан ІХ ғасырда өмір
сүрген тарихи тұлға деп санайды. ХІV ғасырда Исках ибн Исмаил Ата Қазғурди
деген тарихи тұлға болған. Оның “Хадикаи ал-арифин” атты шығармасы белгілі.
Ол өзін Қазғұрди дегеніне қарағанда осы Қазығұрт іргесіндегі елді мекенде
не туған, не болмаса онда көп жылдар бойы тұрған. Орта ғасырдағы Қазығұрт
атты елді мекеннің қай жерде болғаны әлі де нақты анықталмай отыр. Атбұлақ
ауылы қасында “Қышқорған рабат”, Ақпан ауылы қасында “Ақпан рабат”,
Қазығұрт ауылы қасында 554 “Шұқырбекет рабаты” атты байырғы елді мекен
орындары болған екен. Бұлар Ұлы Жібек жолы Қазығұрт тауы бөктерімен
жүргенін куәландыратын тарихи ескерткіштер. Зерттеу жұмыстары жүргізілсе,
көптеген жаңа тарихи ескерткіштердің табылатынына күмән жоқ.
Қазығұрт тауының табиғи-мәдени байлықтарын қорғап таныту мақсатында көп
жұмыс керек-ақ. Жапониядағы атақты Фудзияма тауы іспетті Қазығұрттың үлкен
суретін көптеп шығарудан бастап, оның қайталанбас табиғатын, тарихи
жәдігерлерін қорғайтын арнайы мекеме қажет. Тарихи Ұлы Жібек жолы бойында
орналасқан, жалпы ғаламдық аңызы мен әсем табиғаты бар мұндай тау жер
бетінде кемде кем. Осы ерекшеліктерін ескеріп, Қазақстан атынан әлемдік
табиғи-тарихи ескерткіштер қатарына ұсынып көру де қажет. 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысы бойынша:
      1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкiбас
ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемелерi Оңтүстiк
Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң коммуналдық меншiгiндегi мүлiктiк кешендер
ретiнде республикалық меншiкке қабылдансын.
      2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы
қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге
асырсын.
      3. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкiбас
ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетiнiң "Сайрам-Өгем" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк
мекемесiне (бұдан әрi - мекеме) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт
және Төле би аудандарының аумағындағы босалқы жер санатынан жалпы алаңы
11100 гектар жер учаскесi алынып қойылсын және олар тұрақты жер пайдалану
құқығымен мекемеге берiлсiн.
      5. Осы қаулыға қосымшада көрсетiлген мекеменiң жер учаскелерi ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң санатына жатқызылсын, ал осы аумақтағы
ормандар "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары" мемлекеттiк орман
қорының санатына жатқызылсын.
      6. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi осы аймақ шегiнде
экологиялық жүйелердiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке
тыйым сала отырып, мекеме жерiнiң айналасында күзет аймағын белгiлесiн.
      7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң
шекарасын белгiлесiн.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен:
      1) мекеме туралы Ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      9. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылға арналған
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн қаражат есебiнен
және шегiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      10. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N
214 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының
лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген 2-бөлiмде:
"Шарын мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi 46" деген жолдан кейiн мынадай
мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi 105";
      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр
мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi
N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж.,
N 14, 168-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы
ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-1-жолмен
толықтырылсын:
"21-1. "Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi мемлекеттiк
мекемесi";
3) "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19
шiлдедегi N 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005
ж., N 30, 387-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 104-1-жолмен толықтырылсын:
"104-1. Сайрам-Өгем мемлекеттiк 149053  Қазығұрт, Төлеби  және        
Қазақстан Республикасы ұлттық табиғи паркi  реттiк нөмiрлерi 106 және 111
11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.  

 
кесте 1
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң "Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи
паркi"мемлекеттiк мекемесiне тұрақты жер пайдалануға берiлетiн Оңтүстік
Қазақстан облысының аумағындағы жер учаскелерiнiң экспликациясы

Жер санаты және ауыл шаруашылығы Алаңы, га
Рс алқаптары
1 Қазығұрт ауданы -  
1) босалқы жер (жайылымдар) 2000
2) орман қорының жерi: Өгем ормандарды 74573
және жануарлар дүниесiн қорғау  
мемлекеттiк мекемесi  
жиыны: 76573
2 Төле би ауданы -  
1) босалқы жер (жайылымдар) 9100
2) орман қорының жерi: 36409
Төле би ормандарды және жануарлар  
дүниесiн қорғау мемлекеттiк мекемесi  
жиыны: 45509
3 Түлкiбас ауданы -  
орман қорының жерi: Түлкiбас ормандарды 26971
және жануарлар дүниесiн қорғау  
мемлекеттiк мекемесi  
жиыны: 26971
   Барлығы: 149053

2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауының физикалық-географиялық
орны

Қаратау тауы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, қатты
тілімденген таулы жотасы. Қаратау таулы жотасы солтүстік-шығысында –
Мойынқұммен, солтүстігінде – Қызылорда қаласымен, оңтүстік-батысында –
Қызылқұммен шектесіп жатыр. Негізінен Тянь-Шань таулы өлкесі тау
жоталарының орналасуы бағытына қарай төрт таулы жоталарға бөлінеді.
Олар:
1) Солтүстік Тянь-Шань
2) Орталық Тянь-Шань
3) Батыс Тянь-Шань
4) Шығыс Тянь-Шань
Ал, Қаратау таулы жотасы Тянь-Шаньнаң оңтүстік-батыс сілемі.
Яғни, Қаратау таулы жотасы Батыс Тянь-Шань таулы жотасына кіреді.
Қаратау таулы жотасы Талас Алатауының батысымен ұштасып, солтүстік-
батысқа қарай 420 км-ге созылып, бірітіндеп аласарып, Сарысу мен
Шу өзендерінің атырауына жетіп бітеді. Биік жері – Бессаз тауы
(2176 м), Қаратау таулы жотасы қатарласа жатқан екі екі жотадан
тұрады. Олар:
1) Кіші Қаратау таулы жотасы;
2) Оңтүстік Батыс Қаратау таулы жотасы.
Бұл екі таулы жота тау аралық ойыспен бөлінген [11]
Қаратау таулы жотасы протерозой эрасының тақтатасы мен карбон
дәуірінің әктасы, құмтас конгломераттарынан және девон кезінің
жанартаулық тау жыныстарынан түзілген. Жазық өңірлері негізінен
кембрийлік, девондық, карбондық жыныстардан (құм,тас, тақта тас),
таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құм, тас,
граниткогамерат) жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті
шөгінділеріне толған.
Қаратау таулы жотасы ерте бор дәуірінде қызыл сарғыш топырақтан
құралған. Бор дәуірінің климаты құрғақ және аридті болады Мұның өзі
қызыл топырақтың көп таралғанын көрсетеді.
Қаратау таулы жотасы төменгі силурда және жоғарғы силурда
лавалармен ерекшеленеді. Қаратау таулы жотасынде эффузивті тау
жыныстары аз тараған. Қаратау таулы жотасынде үштік дәуіржыныстары
құмды-сазды болып басталады.
Солтүстік-шығыс Қартау немесе Кіші Қаратау төменгі палеозойдың
құм тас және тақта тасынан, аралыық ойыс девонның қызыл түсті
шөгінділерінен, ал оңтүстік-батыс Қаратау карбонның құм тастары мен
конгломераттан тұрады. Карсты жерлер де көп, сонымен қатар
кайназойдың әк тасы, құм тас, саздақты шөгінділері кездеседі. Тау
үсті тегістелген жазық, беткейлері үлкенді-кішілі шатқалдармен
тілімденген, тік жақпар тасты.
Қаратау жотасы – түгелдей Қазақстан жерінде жатыр, ол экзогендік
процестердің әсерінен қатты тілімденген жота. Қаратау таулы жотасы
Талас Алатауынан Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып, солтүстік-
батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Ол солтүстік-батыс (Үлкен)
Қаратау және (Шығыс) Кіші Қаратау таулы жоталарына бөлінеді.
Қаратау таулы жотасына негізгі жотамен қатар Боралдай тау, Үлкен
Ақтау сияқты оған қатар орналасқан бірнеше тау жотасы кіреді.
Қаратау таулы жотасының көлденең қимасының ассиметриялы оңтүстік-
батыс баурайы көлбеу Қарашық, Баялдыр т.б. өзендерінің аңғарларымен
қатты тілімденген. Жоғарғы бөлігінде 100 – 400 м, орта бөлігінде
500 – 600 м және етегінде 60 – 250 м тереңдікке дейін жетеді. Өзен
аралықтарында құрылымдық қырқалардың рельефі тән Су айрық
жоталардың бойында кейде үстірт тәріздес учаскелер кездеседі.
Оңтүстік-батыс Қаратаудың ізбестен, құмнан, алеврометтен және
интрузивтік жыныстардан тұратын солтүстік-шығыс баурайына тар өзен
аңғарлары бар тік баурайлар тән, мұнда төбелі учаскелер сирек
кездеседі.
Қаратау таулы жотасы солтүстік-батысында бірітіндеп төмендеп,
жекеленген шоқырларға ауысады және Қызылқұм мен Бетпақдала
шөлдерінің шекарасы маңында көрінбей кетеді.
Кіші Қаратау үшін төбесінің жайпақ болып келуі және солтүстік-
шығыс баурайының айтарлықтай тілімденуі тән.
Сипатталып отырған аумақта байқалатын тектоникалық қозғалыстар
таулардың геоморфологиялық құрылысы мен қатпарлы құрылысында өз ізін
қалдырған. Жас көтерулер тау рельефінің әртүрлі сатыларынан
жасалады, ал тау етегі мен тау аралықтарында аккумулятивтік рельеф
қалыптасты. Осыған байланысты аумақта рельеф үш генетикалық типін
бөліп көрсетеді. Олар:
1) Денудациялық – тектоникалық таулар;
2) Эрозиялық – денудациялық пласты жазықтар;
3) Аккумулятивті жазықтар.
Денудациялық-тектоникалық таулардың рельефі мұздықты-нивальдық биік
тау белдеуін, эрозиялық-денудациялық орта тау белдеуін және аридті-
денудациялық тау бөліктерін біріктіреді.
Эрозиялық-денудациялық орта тау белдеуі Қаратау тау жотасында
кездеседі. Рельеф 1800-2500 м биіктікпен сипатталады. Су айрық
жоталардың ұштары сүйір, дегенмен жайпақдары да кездеседі.
Аңғарлардың кескіні V тәріздес, баурайларының тіктігі әртүрлі, олар
қиыршық тастармен және қой тастармен көмкерілген. Шұңқыр түріндегі
карстар, сайлар кездеседі, олар болуы мүмкін сел ошақтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратау таулы жотасы
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Талдықорған облысының ландшафтық, геоэкологиялық жағдайлары
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы аймақтарына физика географиялық сипаттама
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Оқушылардың білімін бағалау
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Шекаралас аймақтар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Қонақ үй шипажайлары
Пәндер