Оңтүстік Қазақстан обылысы Ордабасы ауданы «Бағлан» шаруа қожалығында жыртылған жерлерін орналастыру жобасы


Аннотация
Бет: 70 сурет: 7 әдебиет: 20
Дипломдық жобада Оңтүстік Қазақстан обылысы Ордабасы ауданы « Бағлан » шаруа қожалығында жыртылған жерлерін орналастыру жобасы жүргізілген. Шаруашылық территориясының жер көлемі 118, 2га.
Жобаның жүргізілу мерзімі және сметалық, техника-экономикалық көрсеткіштері анықталған. Құрылымдарды пайдалану, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.
Дипломдық жұмыс бет түсініктеме жазбадан және А1 форматтағы 7сызбалы картадан құралған.
Мазмұны
Аңдатпа 4
Белгілер және қысқартылған мәндер 6
Терминдердің түсінігі 7
Төлқұжат 8
Кіріспе 9
І. Бөлім: Жерге орналастырудың ғылыми негіздері 10
1. 1. Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны 10
1. 2. Жерге орналастыру техникасы 13
1. 3. Жерге орналастырудың құрлымы 18
1. 4. Жерге орналастырудың экологиялық - экономикалық мәні 20
ІІ. Бөлім: «Бағлан» шаруа қожалығының табиғи - климаттық жағдайы 24
2. 1. Географиялық жағдайы 24
2. 2. Рельефі 24
2. 3. Климат 24
2. 4. Өсімдігі 26
2. 5. Топырағы 26
2. 6. Гидрография мен гидрологиясы 26
ІІІ. Бөлім: Ішкішаруашылық жерлерін орналастыру жобасын құрудағы дайындық жұмыстары 28
3. 1. «Бағлан» шаруа қожалығының жобасын құру 28
3. 2. Танаптар мен жұмысшы учаскелерін жобалау 33
3. 3. «Бағлан» шаруа қожалығында жыртылған жерлердегі ауыспалы егіс түрлерін және көлемдерін анықтау. 36
І V. Бөлім: Эканомикалық есептеулер 38
V. Бөлім: «Бағлан» шаруа қожалығының қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуы 43
VІ. Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау 50
VIІ. Бөлім: Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 52
Қортынды 65
Түйін 66
Қосымша 67
Қолданылған әдебиеттер 68
Белгілер және қысқартылған мәндер
ШҚ - шаруа қожалығы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
АҚ - Акционерлік қоғамдар
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
ӨК - өндірістік кооперативтер
ҚР - Қазақстан Республикасы
ШАЖО -шаруашылық аралық жерге орналастыру
ІШЖО - ішкішаруашылық жерге орналастыру
ШФҚ -шаруашылық фермерлік қожалығы
а. ш - ауыл шаруашылық
ж. т - жерді түгендеу
га - гектар
ц - центнер
км - километр
м - метр
см - сантиметр
мм - милиметр
м/с - метр/секунд
т. б. - тағы да басқа
т. с. с. - тағыда сол сияқты
Терминдердің түсінігі
Жер кадастры - жер учаскесі туралы ақпарат және тіркеу жүйесі.
Сот тәртібінде мойындау - жерге және меншікке құқық ресіми түрде берілетін процесс.
Бағалау - меншіктің нарық құнын анықтау.
Жерді пайдалану кадстры - пайдаланатын жер учаскесін тіркеу.
Жер -жер беті үстіндегі ауа, материалдар және топырақпен байланысты барлық обьектілер.
Жер учаскесі - меншіктің гомогендік құқығы тарайтын және бірыңғай меншік болып келетін жер учаскесі.
Жер реформасы - жерді пайдалану, иелену сапасындағы өзгерістермен байланысты әр түрлі процестер.
Жер кадастры - құқық титулын табыстау туралы құжаттарды тіркеу үшін пайдаланатын публикалық кадастр.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану - жерді экологиялық және экономикалық тұрғыда ресурс ретінде пайдалану мен байланысты әрекет.
Жерді иелену - жерді құқықты жүзеге асыру формасы.
Геодезиялық тор - жер бетіндегі орындарды дәл анықталған пунктердің кеңестік жүйесі.
Геоақпараттық жүйе - кеңестік сипаттамаларын пайдаланып, жер туралы мәліметтерді жинау, сақтау, тексеру, қорыту және беру жүйесі.
Сервитут - басқаның (сервитутпен ауыртпалықтанған мүлік құқықтығынан басымдылығы бар жер иеленушінің басым учаске) құқығы, біреудің мүлігін пайдалану шектеулі құқығы.
Демаркация - әр жер учаскесінің шекарасын жерде белгілеу.
Жерді табыстау - жерге меншік құқығын беру.
Жер құны - әр түрлі әдістермен анықталатын меншік құны.
Жер учаскелерін тіркеу - құқықтық титулды табыстау бойынша құжатты тіркеу формасында немесе жерге меншіктік құқықты тіркеу жолымен жерге құқықтарды тіркеу процесі.
Иелену - жерге меншік құқығын жүзеге асыр әдісі.
Шекаралау (описание) - бөлуші сызықтар (межа) бағыттары және ұзындықтарын, жанама учаскелер аттарының көмегімен жер учаскесін бейнелеу.
Жалға беру құны - жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалға беру төлемінің сомасы негізінде анықталатын бағасы.
Жерді бөліп беру - жеке меншікке, иеленуге немесе уақытша пайдалануға берілген жер учаскесінің межелерін жер бетінде көрсету жөніндегі жерге орналастыру іс-қимылдары.
Жерге орналастыру жобасы - жерге орналастырулық жобалық шешімдер, олардың графикалық бейнеленуі, негізделуі және сипаттамасы қамтылған экономикалық, техникалық және жоспарлау құжатының жиынтығы.
Төлқұжат
№
Р/с
Өлшем
бірлігі
Кіріспе
Ұсынылып отырған дипломдық жобада бұрынғы колхоз және совхоздардың негізінде құралған акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің (АҚ, ЖШС, ӨК) және т. с. с. агроқұрлымдардың ішкішаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың түрлерінің бірі. Жобада келтірілген материалдар жерге орналастырудың қазіргі мақсат-міндеттерімен сәйкес жаңа Жер Кодексін ескере отырып жасалған. Бұл дипломдық жобада өзара байланысты бірқатар мәселелелер қамтылып, олардың көлемінде ішкішаруашылық жерге орналастырудың мазмұны, ондағы қарастырылған мәселелерді шешу реттілігі келтірілген. Жоба жеті бөлімге топтастырылған:
Бірінші бөлімде - жерге орналастырудың теориялық негіздері, ұғымы, мақсаты міндеттері және оның анықтамасы берілген.
Екінші бөлім - шаруа қожалықтың табиғи - климаттық жағдайы оның ішінде (географиялық жағдайы, рельефі, климат, өсімдігі, топырағы, гидрография мен гидрологиясы) қарастырылған.
Ал үшінші бөлімде - жобаның ортақ құрама бөлігі болып табылады, яғни шаруа қожалығының жобасын құру, танаптар мен жұмысшы учаскелерін жобалау, шаруа қожалығында жыртылған жерлердегі ауыспалы егіс түрлерін және көлемдерін анықтау келтірілген.
Жалпы жер қорын, әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы жерді пайдалану күрделі мәселе. Оның шешімін ауылшаруашылық айналымына өнімділігін жоғары және экономикалық тиімді жақтары қарастыру төртінші бөлімде келтірілген.
Бесінші бөлім - шаруа қожалығының қазіргі жағдайы мен болашақтағы даму жоспары қаралған.
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қалдықтар мен зиянды заттарды жою мәселелері алтыншы бөлімде көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сәйкес «Азаматтық қорғаныс» және «Тіршілік қауіпсіздігіде» келтірілген.
І. Бөлім: Жерге орналастырудың ғылыми негіздері
1. 1. Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастыарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс - шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін - ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық - экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттелікті қалыптастыруды септейді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру - жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтежесінде қойылатын экологиялық қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізгі, ал жерге орналастыру өкіметінің және оның атқарушы оргонның осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болсада жермен еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергиялық процестерінің ерекшеліктнрін ескере отырып, территориялық нагіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты құралы ретінде пайдаланатын, ауылшаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлығымен, өндіріс процесінің нәтежелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушілер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Ауылшаруашылық саласында жерге орналастыру ауыл шаруашылық алқаптарының құрамын, өндірістік бөлімдердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайлымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндеттері ағындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мыналарына саяды:
- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
- жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
- жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;
- топырақтың құнарлығын ұдайы өндіру, тбиғи ортаны сақттау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;
- жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру және дамыту;
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат - міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс - қимылдарын қамтиды:
- Республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру сызбаларын (жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
- жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетіне көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;
- елді мекен шегараларын (шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
- әкімшілік - территориялық құрлымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи территориялардың және басқа да ерекше пайджоспарудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
- ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
- жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
- топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақ, геобатаникалық және басқа зерттеу - іздестіру жұмыстарын орындау;
- жер кадастры мен мониторингін жүргізу;
- жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;
- жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.
Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру - техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асуы мен тығыз байланысты.
Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ) Ш кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелген. Жерді бөліп беру, тарату елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру, жер учаскелерін игеруге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс-қимылдар да жерге орналастыру міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жақсартыу және қорғау жөніндегі республикалық, облыстық және аймақтық сызба - болжаулар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл болжау және жобалау құжаттарында республиканың, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15 - 20 жылдың ішінде орналастыру мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуға тиісті.
Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қалалардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың санылығы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территор-иялардың пайдалану тиімділігін жоғарлатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуға қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған жобалардың елді мекендерге қатысты-ларында, аса маңызды, оларға соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық, әсіресе мал азығы алқаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.
Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау, рекреациялық және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территория-ларды реттестіру және мәдени аймақтарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдастыру.
Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік-территориялық құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) шекараларын жер бетіне түісру жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруға болады.
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі-шаруашылық жерге орналастыру және ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау болып табылады. Жердің ауылшаруа-шылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылуының нәтижесінде, агроландшафттың экология тепе-теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барысында жеке іс-қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен инвентаризация (ж. т. ) жүргізіледі. бұның нәтижесінде арнайы жер қорын қалыптастыруға қажетті жер учаскелері де анықталып отырады.
Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс жоба-ларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа анторпогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау (қалпына келтіру) жобалары жасалады.
Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеуіздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті - ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.
1. 2. Жерге орналастыру техникасы
Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік - экономикалық және құықтық негіздері техникалық, бірнеше кезекте, геодезиялық әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық техника көптен бері жерге орналастыру жобаларымен сызбалардың жоспар-картографиялық негізін жасауға, ал жобалау аяқталғанан кейін оларды жар бетіне түсіруге қолданады.
Ол арқалы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс-қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі.
Бұл:
- Жоспар-картографиялық негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;
- Іздестіру және топографиялық - геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;
- Жоспар-картографиялық материалдарды жасау дәлдігі;
- Жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жобалау және жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;
- Жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс-қимылдар.
Жоспар-картографиялық негіздің таңдаулы жобалау жобалау жұмыстарының түрлері мен жобалау көлеміне байланысты. Мысалы, обылыстық және аудандық жерге орналастыру сызбаларын, ал кей кезде шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасағанда көбінесе 1:1 және 1:5 масштабтағы жоспардар пайдаланылады. Ішкі-шаруашылық жерге орналастыру жобаларының масштабы жер пайдаланушылықтың көлеміне тікелей байланысты, соңғысы ауыл шаруашылық кәсіпорнының мамандандырылумен себептеледі. Дала аймақтарындағы жер пайдаланушылықтардың ауданы 15-50 мың га аралығында. Бұнда көбінесе 1:25000, шөл және шөлейт аймақтарындағы 50-150 мың гектарлық жер пайдаланушылықтарда - 1:5000 немесе 1:2000 масштабта жасалады.
Іздестіру және топаграфиялық - геодезиялық жұмыстар ведомстволық нұсқаулар бойынша жүргізіледі. Соңғыларында бұл жұмыстарды жүргізу реттілігі, жер аудандарының бір гектарына алынатын үлгілер мен өлшемдер саны, топырақ контурларын картаға түсіру дәлдігі және басқалары көрсетіледі. Нәтежиесінде, жобалық шешімдердің негізі болып табылатын, белгілі бір масштабтағы топырақ, геобатаникалық, топографиялық карталарда контурлар мен межелерді бейнелеу дәлдігі қамтамасыз етілуге тиісті. Тым толық және нақты жоспар - картографиялық материалдарды жасау зеріттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы мен уақыт көлемін едәуір көбейтеді. Жерге орналастыруда қолданатын плпн - картаграфиялық жұмыстар аэрофототүсіру және жер бетінде түсіру жұмыстарының нәтежесінде әзірленеді.
Жоспарлы-картографиялық материалдар қашанда қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек. Бұл мақсаттар үшін оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және жоспарға (картаға) енгізеді. Жерге орналастырудың жоспарлы-картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердің кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдаланылуын сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек.
Жерге орналастыру жобаларын жасағанда және жер кадастырын жүргізгенде негізгі картаграфиялық материалдар болып табылатын топографиялық жоспардар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл жоспардар толықтығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастыруды жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.
Аэрофотосуреттер, фотожоспаршеттер және басқа осы тәріздес материалдар дайындық және зеріктеу жұмыстарын, сондай-ақ аумақта рекогносцировка жүргізу барысында пайдаланады.
Аэрофототүсіріс материалдары аудандары бойынша үлкен емес жер пайдаланушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайдаланушылар жерді есепке алу барысында жер пайдаланудың фотожоспарлары және фотожоспаршеттері қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және сол сияқты байланысты түрліше болуы мүмкін. Топографиялық жоспардар, аэрофотосуреттер мен фотожоспаршеттер ауқымды территорияларды (100 км астам) алынатын жобалық жұмыстарды жүргізгенде пайдаланылады. Жер бетінде түсіру әдістері көбінесе шағын ауданды, қаржы мен еңбекті мол талап ететін объектілерде (гидротехникалық, табиғатты қорғау, эрозияға қарсы бағытталған) қолданылады.
Жерге орналастырулық жобалау нәтежесінде жобалық жоспарда қажетті дәлдікпен , экономикалық тұрғыдан негізделген учаскелердің аудандары мен межелері графикалық түрде көрсетіледі.
Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынандай жобалау тәсілдері қолданылады:
- аналитикалық (координаттар бойынш) ;
- графикалық (жоспарда өлшемдік сызықтар арқылы) ;
- механикалық (жоспаример арқылы) ;
Аналитикалық жобалау тәсілі арқылы есептелген аудандардың салыстырмалы қателіктері 1/2000 шамасында, ал механикалық жобалауда - 1/300 болуы мүмкін.
Жобаны жер бетіне түсіргенде мынадай әдістер пайдаланылады:
- өлшеу әдісі (арнайы құралдар арқылы) ;
- бұрышты өлшеу тәсілі (теодалит және т. б. арқылы) ;
- графикалық - мензула әдісі.
Аналитикалық жобалау барысында жасалған тексеру өлшемдері мен сызықтарды өлшеу әдісі арқылы жер бетіне түсіру айырмашылығы 1/500 аспауға тиісті.
Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық жоспарын жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды.
Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді-мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржол тораптары, т. б. жерлерде жоспардар жасау үшін жүргізіледі.
Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістерімен, сонымен қатар әртүрлі бұрыштық және ұзындық қиылыстырулар көмегімен анықтайды.
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады. Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолдағы бар барлық картографиялық құжаттарды (жоспарды, картаны, профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің сызбасын жасап, каталогтан координаттарын жазып алады.
Далалық жұмыстарға:
1. жергілікті жерді рекогносцировкалау (байқап қарау) және пункттер-
ді бекіту;
2. бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;
3. жердегі заттарды, контурларды түсіру;
4. жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыс-
тыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz