Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы "Асар" шаруа қожалығының жыртылған жерлерін кадастрлық бағалау


Кіріспе

Елдің негізгі табиғи байлығы - оның жер ресурстары, оның экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі. Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық құрылысты реформалау процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей басқаруымен және бақылауымен жер реформасын жүргізу қажеттілігін туғызды.

Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын жердің өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысанасы ретінде заң тұрғысынан танудың объективті қажеттілігін туғызады.

Осыған байланысты елдің жер ресурстары әлеуметін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу айрықша өзекті болып табылады.

Қазіргі кезде жерге орналастыру акценті жер кадастрын жүргізу, жердің және оған салық салудың жұмыс істеуі, жерді аймақтандыру схемаларын жерді ұтымды пайдалану мен оны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламалары, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің жер-шаруашылық орналасу жобаларын әзірлеу мақсаттары үшін жерді бағалауды қамтамасыз ету жағына ойысты. Республикада жер реформасы жылдары ішінде жер учаскелері мен жер пайдалану құқығын нарықтық жағдайларға тартуға, сондай-ақ жер нарығын дамытуға бағытталған жер қатынастары қалыптасып отыр. Қазақстандағы реформалар басталғанда, жер тек мемлекеттік меншік пен жерді ақысыз пайдалану болғандықтан, жер кадастрының мақсаттары, міндеттері мен мазмұны жоспарлы экономиканы ақпаратпен қамтамасыз етуге және ұжымшарлар мен кеңшарларға берілген жерді есепке алуға бағытталды. Жер учаскесінің жылжымайтын мүлік ретіндегі заңдық анықтамасы болған жоқ.

Осылайша, тәуелсіз мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры нарықтық экономика жағдайында жаңа жер қатынастары жүйесі мен жер пайдалануға жаңа тұрғыдан келуге сәйкес. Жер кадастры жылжымайтын мүлікке, яғни жерге құқықты қорғаудың басты кепілі жер ресурстары әлеуметтік тиімді басқарудың экономикалық қажеттігінің негізі. Республикада толық құнды мемлекеттік жер кадастрын жасау оны құру негізінде жүріп жатыр.

Мемлекеттің жер кадастарын жүргізу үшін ауылшаруашылық өндірісін жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды, алынатын өнімдердің және тұрғындардың өмір сүруінің экологиялық қауіпсіздігін жоспарлау мен басқару саласындағы бірқатар проблемеларды шешу үшін мемлекеттік басқару органдарында, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларда жерлер жағдайы туралы олардың әрі қарай дамуын болжау туралы толық және жан-жақты ақпараттар болуы қажет.

Жер салығы мен жалақысының ставкасы жердің нарықтық бағасынан белгіленеді, ал жер нарығының жеткіліксіз дамуы жағдайында жер учаскесінің кадастрлық құнынан шығады. Жер нарығы, әсіресе ауылшаруашылық жерлерінің нарығы Қазақстанда кең дамымаған және нарықтық бағасы әлі қалыптаспаған. Жер учаскесінің барлық сипаттамаларын ескеретін базалық ставкалар мен түзету коэффициенттері негізінде жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құны ауылшаруашылық мақсатындағы және өзге де санаттар жерлерін өңірлер облыстар, алқаптар түрлері, топырақтар типтері бойынша дифференцияланған жер салығын есептеу үшін негіз болуы керек. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры болып табылады.

Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограметриялық, кадастрлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру картографиялық және бағалау жұмыстарын топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да сапалық есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау жөнінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.

Жерге меншік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатында және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учачкелері мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады.

Мемлекеттік жер кадастры қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпартты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Жердегі өзгерістер Республикада жаңа жер құрылысын жасауға алып келді. Жер қатынастарының сипаттамаларындағы негізгі мәселе жерге мемлекеттік монополияны жою және жердің кей санаттарына жеке меншік енгізу; ақылы жер пайдалануға көшу, жерді сатып алғаны және пайдаланғаны үшін төлемдер енгізу; жерде шаруашылықтың барлық нысандарының тең дамуы үшін жағдайлар жасау; жылжымайтын жер мүлігінің нарығын құру болды. Осыған байланысты «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Асар» шаруа қожалығының жыртылған жерлерін кадастрлық бағалау» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың маңызы зор. Дипломдық жұмыстың мақсаты - шаруашылық қызметін талдауда, ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтау үшін суармалы егістікті бағалау, оның нәтижелерін қолдану болып табылады.

Дипломдық жұмыс барысында келесі материалдар қолданылды:

  1. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Асар» шаруа қожалығының жер пайдалану планы.
  2. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Асар» шаруа қожалығының топырақ картасы.
  3. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылдық округінің топырақ бонитетінің материалдары.

1. Мемлекеттік жер кадастрының теориялық және ғылыми

әдістемелік негіздері (әдебиетке шолу)

Материалдық игілік қайнар көзі және салык салу обьектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды обьективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс арнайы салық обьектісіне айналды.

Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды.

Кадастр сөзі латынның "салық салынатын заттардың тізімі" деген ұғым береді. Осыған байланысты алдымен кадастр деп салык салынатын заттардың тізімі тіркелген кітапты айтады. Есепке, бағалауға алынған обьектіге байланысты жер, су, орман және тағы басқа кадастрлар болып бөлінді. Сонымен, бір жақты түсінікте жер кадастры - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлардың басым түрлерінен жер кадастры өзінің обьектісімен ерекшеленді. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып
келеді. Ауылшаруашылығында жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауылшаруашылығында жер өндірістің ең басты кұралы болып табылады.

2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ешнәрсемен ауыстырылмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштердің даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.

3. Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады.
Ауылшаруашылығында жер өндірістің ең басты кұралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше жақсарады, сөйтіп оның құнарлылығы жоғарылайды.

4. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол
орнының тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.

Жердің айрықша ерекшелігі ауылшаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылык дақыл түрлері өсіріледі.

Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын-ала есептейді. Жалпы түрде жер кадастры былай бөлінеді:

  1. Жерлерді есепке алу.
  2. Жерлерді баяндау.
  3. Жерлерді бағалау.

Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады.

Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс тарихы және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.

Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде кұнарлылығы және пайдалылығы анықталады.

Кадастрдың осы аталған әр әрекеті өзінше бірқатар техникалык тәсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына толық сипаттама береді және салық салу обьектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді.

Кадастрды жүргізуге әр әрекеттің маңызы туралы сұрак әр кезеңде және әр елде әр түрлі қойылған. Бір жағдайда кадастрда ең басты жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда жерлердің жаратылыс тарихына немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді үйлестіруге көңіл бөлінген.

Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдың құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді. меншіктеу кұқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтык істер шешіле бастады.

Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілігі пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлылығы бойынша сипаттай бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар топтарға бөлінді, оған тарихтың көне ескерткіштері куә. Олар қазіргі дәуірге дейінгі көптеген жылдар бұрын жер және топырақтарды сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрының болғандығын куәландырады.

Жер кадастрлық материалдарды жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, баска да қажеттіліктер үшін пайдаланылады. Мысалы: жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақ эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау. Жер кадастрының негізгі міндеті - жер иеленушілер алатын пайданың бөлігін мемлекетке алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді.

Жер кадастры жерді арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болып жетіле берді. Ең алдымен зерттеу, есепке алу, бағалау, алқап түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру әдістерін, тәсілдерін жетілдіре түсті. Жаңа әдістерді, құралдарды қолдану нәтижесінде жүйелі түрде жер кадастрлық ақпарат дәлдігі жоғарылады, құжаттардың рәсімі, мазмүны жетілді. Жер кадастры арнайы дайындықты, білімді талап ететін күрделі шараға айналды.

Кеңес кезеңінде Қазақстанда қолданған жер кадастрының жүйесі барлык республикаларда ортақ болатын. Бұл жүйеде ең басты максат барлық жер қорының иесі мемлекет мүддесін қорғау болып табылатын. Одақтың ыдырауымен және Республикалардың егемендік алуымен байланысты жер қатынастары да түбегейлі өзгерді.

Жер кадастрының қазіргі кездегі мәнін дүрыс түсіну және оның эрі қарай дамуын алдын-ала білу үшін оның пайда болуы мен даму тарихын жақсы білген жөн.

Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдында жерді тіркеу, есепке алу, бағалау халық шаруашылығының ертеректегі даму кезеңдерінен басталып, көптеген белгілі өзгерістерден өтті. Бірақ олардың арасында әрқашан да бір белгілі байланыс болды. Сондықтан олардың дамуын, жетілу тарихын, шын мәнінде тұтас жүйе ретінде кеңестік жер кадастрының қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.

Кеңес мемлекеті құрылуы мен елімізде пайдаланылатын жерлерді тіркеу, есепке алу арнайы мемлекеттік әдіс ретінде жүргізіле бастаған. Ал жерлерді бағалау тек жеке жер мәселелерімен шаруашылық міндеттерді шешуде ғана жүргізілді. Жерді есепке алу, бағалау бірінші кезекте жерді үйлестіру қажеттілігінен туындады.

Жерді есепке алу бастапқы және күнделікті деп бөлінген. Ол әр болыстық бойынша жеке жүргізілген, үлестіруге жаткызылған, жатқызылмаған барлық жерлер есепке алынған. Есептік дачаның ауданы межелеу мәліметтері бойынша есептеліп әр учаскеге орналасуына байланысты тиісті есептік дачаға тіркелген, ал алқаптар ыңғайлы және ыңғайсыз деп бөлінген. Ыңғайлы алқаптарға - жайылым, шабындық, орман, бұта, бау-бақшалар, аула жерлері; ыңғайсыз алқаптарға - жыралар, құмдар, батпақтар, сулар есептелген. Жерді есепке алуды жүргізу нәтижесінде барлық болыстық жерлердің есептік тізімдері, карталары пайда болды.

Мемлекеттік жер кадастры мынадай жүмыс түрлерін қамтиды:

  • Жер учаскесінің кадастрлык ісін қалыптастыруды;
  • Жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
  • Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
  • Мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
  • Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
  • Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
  • Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
  • Жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталардыдайындау мен жүргізуді;
  • Жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
  • Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды.

Жер заңдары бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазакстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы. жер учаскесінің орналасуы, нысаналы пайдалануы, көлемі мен шекарасы олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерін бағалау туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Мемлекеттік жер кадастрында қамтылатын мәліметтер тізіміне сәйкес, оның негізгі құрам бөліктері белгіленеді.

  1. Жерді сандық және сапалық есепке алу;
  2. Жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды тіркеу;
  3. Жерді бағалау, топырақты бонитеттеу және экономикалык бағалау.

Жүргізілетін жерге орналастырулық және арнайы кадастрлық, соның ішінде бағалау жұмыстарының нәтижесінде жазба және сызба материалдар қамтитын, мәліметтер жасау мемлекеттік жер кадастрының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Бұл мәліметтер обьективтік және толық түрде сипатталуға тиісті:

  • Жерлердің табиғи немесе шаруашылық күйін, олардың көлемі менсапасын, нысаналы пайдалануын;
  • Жер пайдаланушылықтардың аудандары мен межелерін, олардынқұрамындағы алаптардың саны мен сапасын.

Осы күрделі міндетті орындау жүйелі түрде жер мониторингі мен инвентаризацияны жүргізуді талап етеді. Бұл мақсатқа жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру барысында жиналатын топографиялық, топырактық, геоботаникалық, су шаруашылығы және тағы да басқа іздестірулер мен зерттеулер материалдары, бұрын жасалған шаруашылықаралык және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары пайдаланылады. Осыған себепті жер кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстары өзара байланысты және тәуелді. Жерді бағалау нәтижелері жерге орналастырудың негізіне алынса соңғысының материалдары мен мәліметтері кадастрлық істерді жасауға қолданылады.

Соңғы Республика тәуелсіздігі жылдары нарыктык қатынастар мен ақылы жер пайдалану жүйесіне көшуге жерге қатысты келісім-шарттардың көбеюі мен дамуына байланысты елде толык масштабты жер кадастрын енгізу меселесіне зор көңіл бөлінуде.

Аграрлық саладағы жер қатынастарын әрі қарай реформалау жердің құндық бағалануына байланысты мәселелердің маңыздылығын арттыра түседі.

Құндық сипаттамалары тек ауылшаруашылық жерлердің межелерін анықтау мақсатымен Республика, облыстар және аудандар деңгейлерінде бағалық аймақтау жүргізілуде. Соның нәтижелері салық салу, жер нарығы, кепілдікке беру және тағы сол сияқты қажеттіліктерге пайдаланылады. Әрбір бағалау аймағына табиғи-экономикалық факторлары мен құндық көрсеткіштері жақын ауылшаруашылық жерлер енгізіледі. Содан кейін топырақ картасының сапасы мен алаптардың өнімділік қабілеттіліктері ескеріле отырып, жоғарыда аталған көрсеткіштер нақтыланады. Іс жүзінде бар материалдардың негізінде, бүкіл ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша, барлық әкімшілік облыстар және республика көлемінде ауылшаруашылық алаптарының түрлеріне қарай бағалық аймактау картограммалары жасалады.

Жер учаскелерінің бағалау қүнын анықтау әдістемесі мен реттілігін жетілдіру және жеке меншікке сатылатын немесе пайдалануға берілетін жерлерге төлем ақысының бағалык ставкаларын түзету жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Республикада 1997 жылдан бастап мемлекеттің қатысуымен көбінесе қалалар мен қыстақтарда ұсақ жер учаскелері жеке меншікке сатылуда.

Осымен қатар республика азаматтарына жеке қосалкы шаруашылықтарын жүргізуге, бағбандыққа және саяжай құрылыстарын салуға, жеке меншік үйлерін салуға төлемсіз 3, 5 мың га-дан астам жер учаскелері берілді. Бүл қосалқы жер нарығын қалыптастырудың негізі болып табылады. Соңғының қалыптасуына жер учаскелерін сату жөніндегі өткізілетін конкурстар мен аукциондар әсер етеді.

Олар жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың арасындағы келісім-шарттарды жүзеге асыру барысында қалыптасатын жер бағаларының негізін жасайды.

Аталған келісім-шарттар жер учаскелерін сату-сатып алу, мұраға қалдыру және сыйға тарту, жер учаскелерін немесе оларды пайдалану құқықтарын шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына не болмаса өндірістік кооперативтердің мүлкіне жарна ретінде тапсыру, жер учаскелерін немесе оларды пайдалану құқығын жалға беру жөніндегі іс-әрекеттерді қамтиды.

Соңғы жылдары мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру және жетілдіру процесі толық масштабты түрде жүргізілуде. Республикада жылжымайтын мүлік, сондай-ақ жер құқықтарын мемлекетгік тіркеуге алуға себепті жер-кадастрлық жұмыстарының көлемі едәуір артты.

Жер кадастрлық жұмыстарды уақытында орындау мақсаты мен мемлекеттік жер ҒӨО жанында аудандар мен облыстык маңыздағы қалаларда мамандандырылған өндірістік бөлімшелер құрылуда.

Жер кадастрын жүргізу жөніндегі жұмыстар негізінен жер кадастрлық карталарды құрастыруды және жер учаскелері туралы мәліметтерді автоматтандырылған жер кадастры жүйесіне енгізуді қамтиды.

Жер-кадастрлық жұмыстар алдымен жер учаскелерін сату-сатып алу жөніндегі келісім шарттарды рәсімдеу мен жер аукциондары мен конкурстарды өткізумен байланысты.

Қазақстан Республикасында жерге орналастыру және жер кадастры шараларының күрделі кешені жүзеге асырылып отырады. Бұл кешен жер заңдарына сәйкес жердің тиімді пайдаланылуын, жақсартылуын және қорғалуын, сондай-ақ жер реформасының іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін шаруашылық механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Толық түрде ол төмендегілерді қамтиды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық - аралық жерге орналастыру
Жерге орналастыру техникасы
Жерге орналастырудың жұмыстары
ОҚО Түлкібас ауданы «Шабыт» шаруа қожалығының ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау
Шаруа қожалығының жерге орналастыру жұмысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы Ордабасы ауданы «Бағлан» шаруа қожалығында жыртылған жерлерін орналастыру жобасы
Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануының құрылуы
ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Алматы облысы Ескелді ауданы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz