Сауын сиырға арналған мал фермасында сауын аппараттарын пайдалануды және ондағы сүт сақтау ыдысына конструкторлық өзгеріс енгізуді жобалау


Аннотация

Жоба тақырыбы: Сауын сиырға арналған мал фермасында сауын аппараттарын пайдалануды және ондағы сүт сақтау ыдысына конструкторлық өзгеріс енгізуді жобалау.

Дипломдық жобаның негізгі мақсаты қазіргі таңда пайдаланып келе жатқан сауын аппараттарын пайдалану арқылы және ондағы сүт сақтау ыдысына конструкторлық өзгеріс қарастырылған.

Дипломдық жоба 81 беттен, 15 суреттен, 7 кестеден тұрады.

Сонымен қатар дипломдық жобада еңбек қорғау, экология және бизнес жоспары қарастырылған.


Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 10

Анықтамалар . . . 11

Белгілер мен қысқартулар . . . 12

Кіріспе . . . 13

1 Аналитикалық бөлім . . . 15

1. 1 Тақырыпқа байланысты әдеби шолу . . . 15

2 Технологиялық бөлім

2. 1 Шаруашылықты комплексті механикаландыру жұмысы . . . 26

2. 2 Сиыр сауу және сүтті алғашқы өңдеу тасқынды

технологиялық желісіне қажетті есептеулер негізі . . . 27

2. 3 Сиыр сауу және сүтті алғаш өңдеудің жылдық,

тәуліктік, сағаттық есептеулері . . . 28

2. 4 Сиыр сауу және сүтті алғаш өңдеу процесіндегі

технологиялық әдісті таңдау негізі . . . 36

2. 5 Сиыр қора және қосымша құрылыс орындарының

негізгі жоспары . . . 37

2. 6 Технологиялық және қосымша қондырғыларды таңдау және

есеп бойынша негізгі қондырғылар спецификациясын жасау . . . 38

2. 7 Технологиялық қондырғыларға қажетті орындардың

ауданын есепте . . . 43

2. 8 Сиыр сауу және сүтті алғаш өңдеу орындарындағы қажетті

су, бу, электр қуаты мен жарық есебі . . . 50

3 Конструкторлық бөлім . . . 54

3. 1 Сүт сақтау ыдысының беріктігін дәлелдеу . . . 54

3. 2 Сүт сақтау ыдысының геометриялық сиымдылығын есептеу . . . 55

3. 3 Сүт ыдысына сүттің құйылу есебі . . . 56

3. 4 Сүт ыдысынан сүтті ағызу есебі . . . 58

3. 5 Сүт ыдысының жылу өткізгіштігі . . . 60

4 Еңбек қорғау

4. 1 Еңбек қорғауға қажет шаралар . . . 63

4. 2 Сиыр сауу және сүтті алғаш өңдеу цехында еңбек қорғау . . . 64

4. 3 Сүт жабдықтарына қойылатын санитарлық талаптар . . . 64

5 Экологиялық бөлім . . . 66

6 Экономикалық бөлім . . . 69

7 Бизнес-жоспар . . . 71

Қорытынды . . . 76

Пайдаланған әдебиеттер . . . 77

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жобада төмендегідей нормативтік сілтемелер қарастырылған:

-ҚР ОБД- Қазақстан Республикасының оқу білім департаменті

-ЖҰД- жоғары ұлықсат деңгейі

-МЕМ СТ 13264-88 - Сиыр сүті. Стандарт талаптар

-ТЖК - табиғи жарықтандыру коэффиценті

-МЕСТ 12. 40. 38-78- ер жұмысшыларға арнайы киiмдер

-МЕСТ 12. 4. 39-78 әйелдер жұмысшыларға арнайы киiмдер

-МЕСТ 20010-74- қолды қорғау-резиналық қолғаптар

Анықтамалар

Дипломдық жобада төмендегідей анықтамалар келтірілген:

-Гомогендеу - майлы шарларды ұсақ шарларға ыдырату мақсатында сүтті әрекетті механикалық өңдеу

-Сүтті стерильдеу- жоғары температурада жылумен өңдеу

-Сүт майы - кішкентай лецетиндік белок қабығымен қапталған майлы түйіршіктер ретінде болады

-Сүт майы- эртүрлі глицеринен тұрады. Сүт майы қаннықан және қанықпаған май қышқылдарынан тұрады

-Сүт қанты - (лактоза) табиғатта тек сүттен басқа қосылыстарда болмайтын көмірсутектің бір түрі

-Сиыр сүті - сиырдың сүт бездері жұмысының өнімі

-Сүт ферменттері- биокатализаторлар деп те аталады Олар белоктың, майдың, көмірсутектің үлкен бөлшектерінен кішкентай бөлшектерге дейін ыдырауға қатысады.

-Пероксидаза - тотықтыру процесін жылдамдатуға қатысатын фермент

-Каталаза - сут құрамындағы сутегінің асқан тотығын су және оттегі молекуласына дейін ыдыратады

-Липаза - сүт май қышқылымен глицеринге ыдырайды. Сүтке желін микроорганизімі арқылы келеді немесе суалуға жақындаған мал сүтінде болады

Протеаза - белоктардың ыдырауына септігін тигізетін фермент

-Фосфатаза - бүл фермент фосфор қышқылы эфирлерін фосфор қышқылына дейін ыдырайды

Белгіленулер мен қысқартулар

Дипломдық жобада төмендегідей белгіленулер мен қысқартулар енгізілген;

т-тонна

% - пайыз

м - метр

мм-миллиметр

мПа - мегаПаскаль

кг - килограмм

г - грамм

га - гектар

т. б. - тағы басқалар

д. а - деп аталады

Кіріспе

Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде - бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу және малдан алынатын өнім түрлерін өндіру және өндеу жұмыстарын технология бойынша атқаратын машиналар мен қондырғылардың жұмыстарын меңгере алатын маман әр шаруашылық үшін қажет екені өзекті мәселеге айиалып отыр.

Бұл орайда қазір республикамызда жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі мал шаруашылығы саласында атқарылар істердің ауқымы зор. Ал бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырудың басты шарттарының бірі - мал шаруашылығын интенсивті дамыту малдан алынатын өнім түрлерін молайту және өнімді сапалы дайындау. Жобаның өзектілігі. Малды аман сақтау мен оның өнімділігін арттыру және малдан алынатын өнім түрлерін сол шаруашылықта өндіріп-өңдеу яғни сату орындарына дейін дайындау мәселесінің алатын орны өзгеше.

Малдан алынатын өнімдердің бірі - сүт. Сүт - қоректік қасиеті жоғары, адам өміріне қажетті барлық заттар мен витаминдері бар, бірак тез бұзылатын өнім түрлеріне жатады. Сүт және сүт өнімдерінің сапасы көп жағдайда оларды дер кезінде өңдеуге немесе өнімге айналдыруға байланысты екені белгілі. Ал сиыр сауу кезінде малға кері әсерін бермейтін, біздегі әлі күнге дейін пайдаланып келе жатқан және жаңартылған сауын аппараттарымыз бен сауын қондырғыларымыз сүттің сапасына жақсы әсер ететін машиналар қатарына жатады. Осы аппараттар мен сауын қондырғылары арқылы сауылған сүт бірден сүт түтіктері арқылы (сыртқы ортамен жанаспай) сауын қондырғысының сүт сүзу бөліміне, одан сүт салқындату бөліміне, пастерлеу қондырғылары бар шаруашылықтар үшін пастерлеу бөліміне бірден өтуінің өзі сүттің жуық арада бұзылмай, ары қарай сүттен жасалынатын өзге өнімдерді шығару орындарына сапасы жоғары сүт ретінде жеткізуге болатынын дәлелдедік.

Еліміздегі сүттен өнім түрлерін шығару орындарына қышқылдығы өте төмен сүт өткізу шаруашылықтың негізгі мақсаты.

Сиырды сауу және алғашқы өңдеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастырғанда еліміздің өнеркәсіптік комитетінің ветеринария бас басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бас басқармасы бекіткен (2005ж. ) "Шаруашылықтағы сүт өнімін алатын орындар үшін санитарлық және ветеринарлық ережелерін" қатаң сақтау керек екені белгілі.

Біз осы ереже бойынша сүт алғымыз келсе міндетті түрде сиыр қорасында сүт сауудың және оны алғашқы өңдеуден өткізу желісінің біртұтас болған жағдайда ғана жоғары көрсеткіштерге жетуге болатыны белгілі.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді өнеркәсіптік технологияға көшіру, еңбек ұйымдастыруды жаңаша жолға қою, әр сиырдан алынатын сүт мөлшерін молайтып, оның сапасып жақсарта түсу, сүт өнімдерінің өзіндік құнын кеміте беру, қажетті жұмысшы күшін азайту, өндірістік қорларды неғұрлым дұрыс пайдалану - сұт қабылдау, өңдеу шаруашылықтарын интенсивтендірудің бірден-бір кепілі.

Малды дұрыс азықтандыру, күту, сүтті санитарлық және гигиеналық талапқа сай сауып алу, алғашқы өңдеуден өткізу, сақтау және тасымалдау, алынған сүттің сапасын қайта өңдеу кезінде төмендетіп алмау шараларының да маңызы зор.

Малды сапалы жемшөппен жеткілікті түрде азықтандырмау, сиыр сауатын техниканы тиімді, толық және дұрыс пайдаланбау, сүт сауатын ыдыстарды және сақтайтын орындарды таза ұстамау, сүтті жинау және салқындату ережелерін сақтамау салдарынан сүт сапасы төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай сүттің технологиялық құны едәуір кемитіндігі белгілі.

Осы тұрғыдан алғанда мал шаруашылығы қызметкерлерінің сүт технологиясының ерекшеліктерін және оның экономикалық тиімділікке тигізетін әсерін білгені жөн деп есептейміз.

Сиыр сауу кезіндегі ережелерді дұрыс ұстап, сауылған сүтті алғашқы өңдеуден өткізіп, сауда орындары немесе сүт зауыттарына тезірек жеткізетін болсақ ол сүттен алынатын өнім түрлері сапалы және тағамдық жағынан адам организімі үшін құны зор болар еді. Себебі сүттен жасалынатын небір тағамдар түрлерінің сапасы, сүттің тазалығы мен сапасына тікелей байланысты. Бұл талаптарды орындау үшін ірі қараны сұрыптау жұмысын жаңа деңгейге көтерумен қатар қазіргі кездегі шаруашылықтарда ұйымдастырыла бастаған ферма жанындағы сүтханаларды қажетті қондырғылармен барынша толық қамтамасыз етіп, оны тиімді пайдалана білу керек.

Дипломдық жобаның мақсаты сиыр сауу, сүт құрамы, оған әсер ететін жағдайлар, сапалы сүт алу жолдары, сүт майлылығын бірқалыпқа келтіру әдістері, сүт өңдейтін қондырғылар, оларды дұрыс пайдалана білу, сүтті сүзу, салқындату, пастерлеу айтылады. Және сүт сақталынатын ыдыстарға конструкторлық өзгеріс енгізу арқылы сүттің сапасының дұрыс сақталуына көмегін тигізуге болады деп есептейміз.

1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Тақырыпқа байланысты әдеби шолу

Сүт мал желінінде (сүт безінде) қаннан түзілетін күрделі, құрамында су, белок, сүт майы, сүт қанты, минерал заттар, витаминдер т. б. болады. Сүт осы заттардың бір-бірімен тығыз байланыстағы коллоидты құрылымы. Сондықтан да сүтті - полидисперсиялық система деп те атайды. Себебі кейбірі көзге көрінбейтін ионды немесе молекулалық (тұздар, сүт қанты) түрде кездессе, басқалары ірі дисперсия (майлар) түзеді.

Сүт желіндегі микроскоп арқылы ғана көрінетін альвеолаларда түзіледі. Желін мен альвеолалар арасында тығыз байланыстылық бар. Мал желіні неғұрлым үлкен болса сүт түзілетін альвеолалардың да көп болғаны, яғни сиыр сүтті болады. Сүт алвеолалардан сүт жолдарына, одан әрі қауақшаларға жиналады. Сүт түзілу үшін қажетті заттар қанмен келеді. Сондықтан желін қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Желіннен қайтқан қан сүт венасымен оралады. Бір литр сүт түзілу үшін мал организімінен 500 литрге дейін қан желін арқылы өтуі керек. Сонда сиыр күндік беретін сүті орташа 30 литр десек, желіннен орташа 15 тоннаға дейін қан өтеді деген сөз.

Сүттену процесінің үздіксіз жүруіне сәйкес жануарлардың желініне сүт жиналады. Желіннің әрбір бөлігі сүт безінен, дәнекер ұлпадан, сүт жылғаларынан және емшектен тұрады (1 сурет) . Сүт бездерінде жануардың қанынан сүт түзіледі, ол сүт жылғаларымен ағып келіп, емшекке құйылады. Сүт безінін маңызды бөлігі - безді ұлпа, ол көптеген майда ұяшықтардан -альвеолдардан тұрады.

Белгіленуі:1 - сүт бездері. 2 - дәнекер ұлпа, 3 - сфинктер, 4 - сүт цистериалары, 5 - сүт жылғалары, 6 - жүйкетамырлар, 7 - емшек, 8 - көктамыр.

9 - күретамыр.

Сурет 1. Сиыр желінінің құрылысы

Сүттін едәуір бөлігі желіннің ұяшықтары (альвеолдары) мен ұсақ сүт жылғаларында болады. Бұл сүтті шығару - малдың сүт бездерінің қозғаушы реакциясы арқылы жүзеге асатын ұзақ әрі күрделі құбылыс.

Сиырды машинамен сауу - көп еңбек сіңіруді қажет ететін күрделі процестердің бірі. Сиырды машинамен сауу - малды бағып, күтудің технологиясы мен әдістеріне байланысты түрліше жүргізіледі.

Жылына 2500кг сүт беретін сиыр сүтінен 100 кг май, 85 кг белок, 125 кг сүт қантын, 17 кг минерал тұздар, барлығы 3620 кг құрғақ зат алуға болады.

Сиырды саууға дайындағанда (желінін жылы сумен жуу, массаж жасау, емшек ұшындағы сүтті бөлек стаканға сауып алу) сүт альвеолалардан цистерналарға жинала бастайды. Осы мезгілде сиырдың желінінің ішкі қысымы 5 кПа-ға дейін жоғарылайды. Сиыр емшегі толық иігенге дейін 45-50 секундтай уақыт өтеді. Осы уақытта барлық дайындық жұмыстарын бітіріп сауын аппараттарын кигізіп іске қосу қажет. Барлық дайындық жұмыстары дегеніміз желінді жылы сумен жуудан бастап, таза сүлгімен сүрту, массаж жасау, бастапқы екі-үш тамшы сүтті бөлек ыдысқа сауып сауын аппараттарын кигізу.

Машинамен сауылатын сиырды таңдап алу үшін бірнеше талаптар қойылады. Олар сиыр желінінің мөлшері (желіннің аумағы 110-115см, тереңдігі 30см), оның пішіні (тостаған немесе ваннаға ұқсас төрт бөлігінің бірдей жетілуі) және орналасу ерекшеліктері. Машинамен сауылатын сиырлардың алдыңғы емшектерінен алынатын сүт барлық сауылатын сүттің 45-55%-ін құрауы керек.

Көп жылғы зерттеу көрсетіп отырғанындай емшек сфинктерінің каналы арқылы бір минутта 2-3 килограм сүт сауылады. Сауылатын сүт мөлшері кем болған жағдайда, яғни сауын аппаратындағы емшекке кигізілген резина қысылған кезде сауылған сүт қайтадан емшекке қарай тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда сүт толық сауылмайды деп түсінеміз.

Жалпы машинамен сауу жұмысына мынадай негізгі факторлар әсер етеді: сыртқы орта, сауын кезіндегі сауыншының жұмысы, іс қимылы, машинамен сауу кезіндегі мейірбандық, яғни сауу кезінде сауыншы арқылы іске асырылатып басқару жұмыстарының әсері және сауу жүйесінің қызметіне тікелей байланысты істі атқаратын механизм жұмысының сипаты.

Сиырды машинамен саууда дайындық жұмыстары маңызды орын алады. Ю. А. Цойдың тұжырымы бойынша барлық істелінетін жұмыстар екі топқа бөлінеді екен. Біріншісі - сауу қондырғысының типіне байланысты істелінетін жұмыстар мен соған жұмсалатын уақыты, екіншісі - қондырғылардың барлық типтерінде міндетті түрде орындалатын жұмыстар жатады.

Осы кезге дейін пайдаланып келген сауу машиналарының түріне, конструкциясына немесе сауу орнында осы жұмысты ұйымдастыру тәсіліне қарамастан, сүтті сорып алу физиологиясына негізделген тікелей сауыншылар атқаруға тиісті бірқатар жұмыс түрлері орындалды. Атап айтқанда сиырды машинамен сауу кезіндегі атқарылатын жұмыстардың барлығы рет-ретімен орындалуы керек. Міндетті түрде орындалуы тиіс жұмыстар қатарына мыналарды жатқызуға болады: сиыр саууға алғашқы дайындық, аппаратты іске қосу, емшекке сауын стакандарын кигізу, сауу, сауын аяқталғаннан кейін аппараттың жұмысын тоқтату, сауын стакандарын желіннен ажырату. Дайындық жұмыстарына орташа бір минуттай уақыт жұмсалса, сауу ісін атқаруға сауын аппараттарының түріне және сиыр сүттілігіне қарай 4-6 минут уақыт бөлінеді.

Сиыр сауудың әр түрлі жолдары бар. Табиғи жолы - бұзаудың емуі, қолмен сауу және машинамен сауу.

Сүт сауу аппаратының стаканы оның жұмысшы органы болып табылады. Оның жұмыс істеу принципі - үздік-үздік соруға негізделген. Сауу стаканы сауын аппаратының түріне қарай бір немесе екі камералы болып келеді. Стакан камераларында қажетті ауа қысымы болады.

Машинаның белгілі бір уақыт кезеңіндегі сиырға жасайтын физиологиялық біртекті әсері "такт" деп аталады, Тактылар жиынтығы "цикл" деп аталады. Бір циклдың ішіндегі абсолюттік қысым атмосфералық қысымнан 48-53 кПа-ға дейін өзгереді. Машинамен сауу кезінде сауу тәртібінің параметрлерін вакууммен өлшейді. Оны өлшейтін аспап вакуумметр деп аталады. Сонда әртүрлі конструкциялу сауу стакандарының камераларында ауасыздық 48-53 кПа аралығында болады.

Машинамен сиырды екітактылы және үштактылы аппараттарымен жұмыс істейтін вакуумды сауын қондырғыларымен сауады. Сауу машинасы сауу аппаратыан, бақылау-өлшеу аспаптарынан, реттегіш құрылғылардан, вакуумдік түзілістен, вакуум-насос пен электркозғалтқыштан тұрады.

Сауын машинасының құрамына злектрқозғалткыш (1), вакуум - сорап (2), вакуум - баллон (3), вакуум реттегіш, вакуумметр (5), вакуум -түтік (6) және сауу аппараты кіреді (2 сурет) .

Сауу аппаратының негізгі жұмысшы органы - сауу стакандары (10) . Оның жұмыс істеу принцитті үздік-үздік соруға негізделген. Сауу стаканы бір немесе екікамералы болып жасалады. Стаканның камераларында қажетті ауа қысымы болады.

Сауу аппараттарының жұмысы сүтті сауып, содан кейін оны ыдысқа құюға икемделген кейбір механизмдер көмегімен жұмыс атқаратын вакуум қызметіне негізделген.

Әрбір сауу аппараты сауу стакандарынан, коллектордан, пульсатордан, қақпақты сауу шелегінен, резеңке түтік пен шлангалардан тұрады.

Белгіленуі:1- электрқозғалтқыш, 2 - вакуум-сорап, 3 - вакуум баллон, 4 вакуум реттегіш, 5 - вакуумметр, 6 - вакуум түтік, 7 - сауын шүмегі, 8 - пульсатор, 9 - сауу шелегі, 10 - сауу стаканы, 11 - сүт шлангасы, 12 - коллектор.

Сурет 2. Сауын машинасының негіздік сұлбасы

Әрбір сауу аппараты сауу стакандарынан, коллектордан, пульсатордан, қақпақты сауу шелегінен, резеңке түтік пен шлангалардан тұрады.

Сауу стакандары - сиыр емшегінен сүт шығаруға тікелей қатысатын бірден - бір жетекші құрал.

Коллектор сауу стакандарынан сүт жинап, стакандар аралығындағы вакуумды реттеу үшін және үштактылы сауу тәсілінде емшекке тыныс беру үшін қолданылады.

Пульсатор тұрақты вакуумды айнымалы вакуумға айналдырады. Бұл үшін мұнда төрт камера орнатылған. Бұлар: тұрақты вакуум, айнымалы вакуум (басқарылатын камера), тұрақты атмосфералық қысым және айнымалы вакуум (жұмыс камерасы) камералары.

Камералар бір - бірінен клапандар мен резеңке мембраналар арқылы бөлінген. Айнымалы вакуумның жұмыс және басқарылатын камералары өзара канал арқылы жалғасады. Канал қимасын арнайы реттегіш бұрама арқылы өзгертіп отыруға болады, осының арқасында қалаған соғу (пульсадия) жиілігіне қоюға болады.

Пульсация дегеніміз - барлық тактылардың жұмыс істеуіне кететін уақыт жиынтығы.

Сиырды машинамен сауу кезінде желіндегі сүтті сарқа саууға тырысу керек. Табынға жаңадан қосылған сиырды машинамен саууға үйретіп, дағдыландыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуы керек. Өйткені малды машинаға үйрету кезінде шошындырмай, үргітпей ұстамдылық көрсетіп төзімді болу керек. Дөрекілік қора ішінің шуы немесе техниканың жағымсыз дыбыстары малды шошындырады да, сүт беру кеміп, кейде ұзақ уақытқа дейін сүт шықпай қалуы мүмкін.

Сиыр бұзаулағаннан кейін 8-10 күн өткен соң біртіндеп машинамен саууға үйрету керек. Машинамен саууға сиырдың жарамдылығын анықтайтын маңызды функциональдық көрсеткіштерінің бірі - саууға кететін уақыт пен сүт беру жылдамдығы.

Бірыңғайландырылған АДУ-1 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан және келтетүтіктерден, сауу шелегінен тұрады.

АДУ-1 сауу аппараты екітактылы және үштактылы етіп шығарылады.

Екі тактылы АДУ-1 сауу аппараты сүтті сүт құбырына жинайтын АДМ-8А типтес сауын қондырғыларында, сондай - ақ сүтті шелекке жинайтын ДАС -2Б сауын қондырғыларында қолданылады.

Сүтті сүт құбырына жинағанда, оны вакуум және сүт түтіктеріне жалғау
үшін шүмек-ұстағышты пайдаланады. (3, a сурет) .

Белгіленуі:a - сүт құбырына cаyyғa арналған аппараттың жалпы көрінісі: 1 - пульсатор, 2 - ұстағыш, 3 - коллектор, 4 - сүт түтігі, 5 - түтік, 6 - стакан гильзасы, 7 - copy резеңкесі, 8 - сақина, 9 - сүт шлангасы, 10 - айнымалы вакуум шлангасы, б - сауу стаканы: 1 - гильза, 2 - copy резеңкесі, в - коллектор бөлшектері: 1 - бұрама, 2 - таратқыш, 3, 6 - жоғарғы және төменгі корпустар, 4 - аралық төсем, 5 - клапан, 7 - тығырық, 8 - шплинт.

Сурет 3. Бірыңғайландырылған АДУ -1 сауу аппараты

Аппараттың сауу стаканы тоттанбайтын болаттан жасалған біртұтас гильзадан (1) және сүт түтігімен бірге жасалған copy резеңкесінен (2) тұрады (3, б - сурет) . Осылайша АДУ-1 сауу аппаратының сауу стаканы бар болғаны екі бөлшектен тұрады, бұл оны пайдалануды ыңғайлатады, әрі АДУ-1 аппараты жұмысының сенімділігін арттырады.

Пульсатор пластмассадан жасалған және төрт камерадан тұрады. Аппараттың екітактылы режимдегі жұмысы кезінде пульсация жиілігі минутына 70±8, ал үштактылы режимде - 60±5.

Коллектордың корпусы беріктігі жоғары мөлдір пластмасса -поликарбонаттан жасалған. АДУ-1 аппаратының екітактылы коллекторы басқа екітактылы аппараттардың коллекторына қарағанда көлемі үлкенірек етіп жасалған, бұл сауу кезінде вакуум режимін тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Коллектордың екі камерасы бар: сүт жинайтын және таратқыш. Сауын қондырғысының сүт құбыры коллектормен мөлдір сүт шлангасы (9) арқылы жалғанады (13. 10, a - сурет) . Бұл шланга пластифицирленген поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған, оның санитарлық - гигиеналық сапасы басқа материалдан жасалған сүт шлангаларынан анағұрлым артық, әрі ұзақ қызмет жасайды.

Ал төмен вакуумды АДУ-1-03 сауу аппараты АДМ-8А сауын қондырғысында пайдаланылады. АДН-1 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан, келтетүтіктерден және аппаратты бір уақытта вакуум және сүт түтіктеріне қосатын ұстағыш-шүмектен тұрады. АДН-1 аппаратының сауу стакандары АДУ-1 аппаратының стакандарымен бірдей, ал коллектор мен пульсатордың құрылыстарында айырмашылықтар бар.

АДУ-1-03 caуын аппаратының пульсаторы ДА-2М аппаратының пульсаторымен 81%-ға бірыңғайландырылған. Одан айырмашылығы: пульсатор корпусы мен камера (4П) корпусының арасында саңылаулы дросселі бар аралық сақина және резеңке төсеніш орнатылған, сондай-ақ мұнда реттегіш бұрама болмайды (4 сурет) . Дроссель сирексіту пульсациясының тұрақты жиілігін қамтамасыз етеді. Бұл аппараттың коллекторы - үшкамералы. Төменгі камера (1К) сүт жинайды, оның сыйымдылығы ДМ - 2М «Майга» аппаратының коллекторының сыйымдылығын қарағанда 1, 5 есе үлкейтілген. 2К камерасы - атмосфералық, ал 3К камерасы - таратқыш. 2К камерасы клапанмен жабылатын канал арқылы 1К камерасымен жалғастырылған. 2К камерасы 3К камерасынан иілгіш резеңке мембранамен бөлектелген, оған клапан жалғанады. Клапан 1К және 2К камераларын қосатын каналды ашып - жабады. 3К камерасы сауу стакандарының қабырғааралық камераларымен және пульсатордың екінші камерасымен байланысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Волга сауу аппараты
Шаруа қожалығы жағдайында сүт сауудың негіздемесі
Ағаш ыдыстарда сақталған сүт
Ірі қара төлін өсірудің маңызы
Сүт және қышқыл сүт өнімдерінің түрлері
Желін безінің аурулары
Сауылатын сиырдың желін ауруын диагностикалау
Сауын сиырдан сүт өндіру технологиясының санитариясы және гигиенасы
Жануарлардың сүт безінің жай-күйі
Ірі қараны күтіп - бағу жүйелері мен ұстау әдістерін гигиеналық тұрғыдан бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz