Дербес компьютерлердің желілері
І. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.26
2.1. Компьютерлік желі ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.8
2.1.1. Компьютерлік желілердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.8
2.2. Компьютерлік желілердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.10
2.2.1. Жергілікті және аймақтық.таратылған желілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.10
2.3. Негізгі желілік топологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.11
2.4. Желілік техникалық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.12
2.5. Желілік программалық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.14
2.6. Клиент.сервер технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.16
2.7.Желілік технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.19
2.8. Желілік принтерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.20
2.9. Мәліметтер базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.22
2.10. Компьютерлік желі жабдықтарының типтік құрамы ... ... ... ... ... ... 22.25
2.10.1. Желілік адаптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.25
2.10.2.Қайталағыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.26
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.29
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Біздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естідік. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен хабардармыз. Бұқаралық ақпараттық жүйеде «Ethernet... 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернетті жанжал... Интражелілер...» деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. «Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз», - деп өлеңде айтылатын сияқты... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша қарастырып өтейік.

1. Ақпараттану пәні бойынша барлық технологиялық мамандықтары үшін ОӘК, Алматы, 2004.
2. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.
3. В. Яворский, Ә. Смағұлова, А. Әміров. Компьютерлік желілер
4. Б. Бөрібаев. Информатика және компьютер. Алматы, Білім, 1995.
5. Биядилов Н. Б. Информатика негізі және ЭВМ. Алматы, 2001
6. Винницкая М. А. Информатика, информационные технологии и системы. Алматы, 2002.
7. Т. Б. Нұрпейісов, С. К. Баймухамедова, А. Ж. Молдақалықова. Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау. Алматы, ҚазҰТУ, 2003.
8. В. З. Аладьев и др. Основы информатики. – Москва, 1999
9. С. Симонович и др. Специальная информатика. – Москва, АСТпресс, 1999

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
М а з м ұ н ы :
І. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-2 6
2.1. Компьютерлік желі ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-8
2.1.1. Компьютерлік желілердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-8
2.2. Компьютерлік желілердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8- 10
2.2.1. Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-10
2.3. Негізгі желілік топологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-11
2.4. Желілік техникалық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-12
2.5. Желілік программалық құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2-14
2.6. Клиент-сервер технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-16
2.7.Желілік технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-19
2.8. Желілік принтерлер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20
2.9. Мәліметтер базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-22
2.10. Компьютерлік желі жабдықтарының типтік құрамы ... ... ... ... ... ... 22-25
2.10.1. Желілік адаптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-25
2.10.2.Қайталағыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-26
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27 -29
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .30
І. Кіріспе бөлім
Біздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естідік. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен хабардармыз. Бұқаралық ақпараттық жүйеде Ethernet... 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернетті жанжал... Интражелілер... деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз, - деп өлеңде айтылатын сияқты... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша қарастырып өтейік.
Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
Желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
Олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
Желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Компьютерлік желі ұғымы
2.1.1.Компьютерлік желілердің жіктелуі
Коммуникациялық желі - генерация функцияларын жүзеге асыратын объектілерден тұратын жүйе, желінің пункті (тораптар) деп аталатын өнімді өзгерту, сақтау және тұтыну, сондай-ақ пунктілер арасында өнімді тапсыруды жүзеге асыратын тапсыру сызықтары.
Коммуникациялық желінің ерекшелігі - пунктілері арасының арақашықтығының кеңістік учаскелеріндегі пунктілердің алатын орнының геометриялық мөлшерлерімен салыстырғанда анағұрлым алшақтығы. Өнім түрінде ақпарат, энергия, масса қатыса алады және ақпараттық, энергетикалық, заттық желілер тобын айыруға болады.
Ақпараттық желі - бұл коммуникациялық желі, мұнда ақпарат өнімді генерациялаушы, өңдеуші, сақтаушы және қолданушы ретінде болады.
Есептеу желісі - құрамына есептегіщ жабдық кіретін ақпараттық желі. Деректердің қайнар көзі және қабылдағышы болатын ЭЕМ және шеттегі құрылғылар есептеу желінің компоненттері болуы мүмкін. Бұл компоненттер деректердің шетті жабдықтауын құрастырады (ДШЖ немесе Data Terminal Equipment). ДШЖ ретінде ЭЕМ, принтерлер, плоттерлер, сондай-ақ автоматты және автоматтандырылған жүйелердің басқа есептеу, өлшеу жіне атқару жабдықтауы алға шыға алады. Мәліметтерді тарату, ортақ деректерді беру ортасы деп аталатын орталардың және құралдардың арқасында жүзеге асады.
Деректерді тарату ортасынан алынған немесе тапсырылған ДШЖ-ны дайындау, мәліметтер арнасының аяқталу аспабы (МКА немесе Data Circuit - Terminating Equipment) деп аталатын функционалды блокпен жүзеге асалы. МКА ДШЖ-ға конструктивті бөлек немесе қоса салынған блок болуы мүмкін. МКА және ДШЖ екеуі бірге желінің торабы деп жиі аталатын деректер станциясын білдіреді. АКД-ға мысал ретінде модемді келтіруге болады.
Есептеу желісі - бұл өзара байланысқан және келістіріле істелетін бағдарламалық және аппараттық компоненттердің - компьютерлердің, коммуникациялы жабдықтаудың, операциялық жүйелердің, желілі қосымшалардың күрделі кешені.
Желінің бағдарламалық-аппараттық құралдарының кешені көп қабатты үлгімен бейнеленуі мүмкін.
Кез келген желінің негізінде стандартталынған компьютерлік платформалардың аппараттық қабаты жатыр. Қазіргі уақытта желілерде әр түрлі кластағы компьютерлер кең және табысты қолданылуда - арнайы компьютерлерден басталып мэйнфреймдер мен супер ЭЕМ-ге дейін. Желідегі компьютерлердің терімі желімен шешілетін есептердің теріміне сай болуы қажет.
Екінші қабат - бұл коммуникациялық жабдықтау. Әйтсе де, компьютерлер желілердегі деректерді өңдеудің орталықтанған элементтері болғанымен, соңғы кезде коммуникациялы құрылғылардың рөлі ерекше. Кабельдік жүйелер, қайталауыштар, көпірлер, коммутаторлар, маршрутизаторлар желінің қосалқы компоненттерінен компьютерлердің қатарына айналды. Бүгінде коммуникациялы құрылғы мамандандырылған мультипроцессорды ұсына алады, оны кескіндеу және басқару керек.
Ақырғы пайдаланушы үшін желі - ең алдымен, өзінің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын желілік қызмет. Желілік қызметтерді орындау бағдарламалық құралдармен жүзеге асады. Негізгі қызметтер - файлдық қызмет және баспалар қызметі, әдетте желілік операциялық жүйемен пайдалануға беріледі, ал қосалқылар, мысалы, деректер, факс немесе дауысты тапсыру базасының қызметі жүйелік желілік қосымшалармен немесе утилиттермен жүзеге асырылады.
Желінің бағдарламалық платформасын құратын үшінші қабат операциялық жүйелер (ОЖ) болып табылады. Барлық желі жұмысының нәтижелігі, желілік ОЖ-нің негізіне жергілікті және таратылған қорлармен қандай басқару тұжырымдамалары негізге қойылғанына байланысты. Желіні жобалау барысында мынаны есте сақтау қажет: берілген операцялық жүйе желідегі басқа ОЖ-мен қаншалықты қарапайым бірлесіп әркет ете алады, ол деректердің қаншалықты қауіпсіздігі мен қорғанушылығын қамсыздандыра алады, ол қандай дәрежеде пайдаланушылардың санын өсіруге рұқсат бере алады, оны басқа үлгідегі компьютерге көшіруге бола ма және т.б. көптеген түсініктемелер.
Желілік құралдардың ең жоғарғы қабаты әр түрлі желілі қосымшалар болып табылады, мысалы, желілі деректер базасы, пошталық жүйелер, деректерді архивтеу құралдары, ұжымдық жұмысты автоматтандыру жүйелері және т.б. Әр түрлі қолдану облыстарына арналған қосымшалармен берілетін мүмкіншілік диапазонын ұсыну өте маңызды, олар басқа желілі қосымшалармен және операциялық жүйелермен қаншалықты бірге қосылғанын білу керек.
Есептеу желілері мына белгілер қатарымен топтастырылады.
Есептеу желілерін байланатын тораптар арасының қашықтығына байланысты былай бөледі:
аумақтық - маңызды географиялық кеңістікті қамтиды; аумақтық желілердің ішінде, сәйкесәнше, аймақтық немесе глобальды масштабтарға ие болатын аймақтық және глобальдық желілерді ерекшелеуге болады; аймақтық желілерді кейде MAN (Metropolitan Area Network) желілері деп атайды, ал аумақтық желілер үшін жалпы ағылшынша атауы - WAN (Wide Area Network); ерекше белгіленетін жалғыз глобальды желі Internet (осыда іске асырылған World Wide Web (WWW) ақпараттық қызметі қазақ тілінде дүниежүзілік өрмек деген мағынаны білдіреді); бұл өз технологиясы бар желілердің желісі. Internet-те интражелі ұғымы бар (Intranet) - Internet аймағында бірлескен желілер;
жергілікті (ЖЕЖ) - шек қойылған аумақты қамтиды (әдетте, станциялардың қашық шектерінде бір-бірінен он немесе жүздеген метрден көп емес, сирек 1..2 км); жергілікті желілер LAN (Local Area Network) деп белгілейді.
Желілерді желі жұмыс істейтін кәсіпорындардың масштабына байланысты былай бөледі:
бөлімдер (жұмысшы топтардың) - жалпылық жұмысты шешетін кішкене қызметкерлердің тобымен қолданылады. Бөлімдік желінің басты мақсаты - қосымша, деректер сияқты жергілікті қорларды бөлу. Әдетте, қандай да бір желілік технологияның негізінде жасалады, желіастына бөлінбейді. Жұмысшы топ немесе бөлім желісінің басты белгісі біркелкілік пен кішкене масштаб болып табылады, жергілікті болады;
кампустар - бөлек ғимарат немесе бір кәсіпорын аумағының ішінде бөлімдердің бірнеше желілерін қосады, бірнеше шаршы шақырым аумақты жаба алады. Жергілікті болатын басты желі және желіасты болады, әдетте әр текті компьютерлік жүйелерді қосады;
бірлестік (масштабты кәсіпорындар) - бір ғана кәсіпорын немесе мекеме орналасқан бір немесе бірнеше таяу ғимараттар алатын аумақты қамтитын, бір-бірімен байланысқан ЖЕЖ жиынтығы.
Қызмет көрсететін түрлеріне байланысты былай бөледі:
деректерді тарату желілері (ДТЖ) - тек қана компьютерлік трафикті беру қызметімен айналысады;
қызметті интеграциялаумен алынған желі - компьютерлік трафикті таратумен қатар, дауыс, бейне тапсыратын сервистерге сүйенеді.
Желі қандай стандартты технология негізінде құрылғанына байланысты былай бөлінеді: Ethernet, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, ArcNet, Token Ring, Token Bus, 100 VG AnyLan; (Integrated Services Digital Network).
Тапсыру ортасына байланысты былай бөлінеді:
желілік (коаксильді, өрілген будағы, оптикалық талшықты);
өткізгішсіз (инфрақызыл диапазонындағы радиоарналар арқылы хабар таратумен).
Қорларға ашық рұқсат етілген деңгей бойынша былай бөлінеді:
көпшілік (қоғамдық) - бәріне кіруге рұқсат етілген желілер;
жеке (бірлескен) - желіге ие кәсіпорын қызметкерлеріне қызмет ету немесе пайдаланушыларға байланысты, желі иелері ұсынатын белгілерді толықтыратын пайдаланушылар.
2.2. Компьютерлік желілердің түрлері
2.2.1.Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер
Жергілікті желіде (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программалады және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Құжаттарды бірге пайдалану;
Құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
Компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
Сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;
Қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.
Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Модем немесе алыста орналасқан север көмегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:
Электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;
Интернетпен байланысу.
Интернет дегеніміз - дүниенің әр түпкіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелері және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.
2.3.Негізгі желілік топологиялар
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологияның үш түрі болуы мүмкін.
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жұмыс станциясынығ істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқталады. Бұл топологияның кемшілігі - кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
2.4. Желілік техникалық құралдар
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады:
Ақпараттық құралдар:
Кабельдер;
Серверлер;
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Interface Card);
Концентраторлар;
Коммутаторлар;
Аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар);
Аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтан қатынас құру серверлері;
Аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер;
Серверлер. Клиентсервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating system) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтер тәрізді) да басқара алады.
Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем деген сөз осы құрылғының өызметіне байланысты шыққан, ол модулятордемодулятор сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлердіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
2.5. Желілік программалық құралдар
Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:
Желілік операциялық жүйеден,
Желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.
Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Macintosh немесе OS2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдалана отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу пироритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе графикті зерттеу рөлін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES тәрізділер жатады.
Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің (TCO, Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.
Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.
Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды. Желі администраторлары басқаруға арналған жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.
2.6. Клиент-сервер технологиясы
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Егер компьютерлер саны аз болып, олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істей береді.
Мәліметтердің компьтерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.
Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған - оның ке йбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік серверлер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бецнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы - көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Баспа сервері (принт-сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.
Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz