Органикалық химия лабораториясында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері


МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе бөлім . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім . . . 4-8
2. 1. Органикалық химия лабораториясында жұмыстарды орындаудың ережелері . . . 4
2. 1. 1. Жалпы ережелері . . . 4-5
2. 1. 2. Лабораториялық ыдыспен және шыныдан жасалған бұйымдармен жұмыс жасау ережелері . . . 5-6
2. 1. 3. Жеңіл жанатын және жарылыс қауіпті заттармен жұмыс . . . 6
2. 2. Химия лабораториясында жарақаттанған адамға көрсетілетін алғашқы көмек . . . 6
2. 2. 1. Жаралар және уланулар кезіндегі бірінші көмек . . . 6-7
2. 2. 2. Жергілікті өртті және жанған киімді сөндіру . . . 7
2. 2. 3. Химиялық күйік алған адамға алғашқы көмек . . . 7-8 ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 9 ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 10
Кіріспе
Лабораториялық жұмыстар келешек маманның теориялық және практикалық дайындығын жетілдіретін, оқу процесінің маңызды түрі болып табылады.
Бұл жұмысымда органикалық химия лабораториясында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері және негізгі аспаптардың және қондырғылардың жинау тәсілдері көрсетілген, химиялық зертханада жұмыс жасау барысында келеңсіз оқиғалар орын алғанда (мысалы, қышқылға күйіп қалу, қауіпті жарылыстар, өрттер, т. б. ) көрсетілетін алғашқы көмек түрлері келтірілген.
Лабораториялық жұмыстарға нұсқаулардың «теориялық бөлігі» қысқаша түрде баяндалғаны туралы студенттер білуі тиіс, сондықтан лабораториялық жұмыстарға дайындалу кезінде, ұсынылған әдебиеттер бойынша теорияны терең оқу қажетті.
2. 1. Органикалық химия лабораториясында жұмыстарды орындаудың ережелері
2. 1. 1. Ж алпы ережелері
Практика жағынан органикалық заттардың барлығы әртүрлі дәрежеде улы, ал олардың көпшілігі отқауіпті және жарылысқауіпті болып табылады. Сондықтан органикалық химия лабораториясында жұмыстарды орындау кезінде, қажетті сақтандыру ережелерін сақтау қажет. Бұл ережелерді сақтау жұмыскердің өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен ғана емес, сонымен қатар жұмысты бірге орындайтын серіктестерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Жалпы жағдайда берілген экспериментті жасауының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сақ болушылық амалдарының сипаты жұмыстың түріне тәуелді болады. Бірақ та лабораторияда жұмыскерлердің әрқайсысы үшін міндетті түрде орындауы қажетті жалпы ережелері бар. Оларға жататындар:
- органикалық практикумды орындаушылардың әрқайсысында мақтақағазды кездемеден тігілген жұмыс халаты болуы керек;
- лабораторияда жалғыз жұмыс істеуге болмайды, себебі қайғылы оқиға кезінде, азап шеккен адамға ешкім көмек көрсете алмайды және апаттың зардаптарын ешкім жоя алмайды;
- тазалықты, тыныштықты, тәртіпті және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет, себебі жұмыстағы әрбір тәртіпсіздік, шапшаңдық, салақтылық көптеген жағдайда жұмысты қайта орындауға және ауыр зардаптары бар қайғылы оқиғаларға әкеледі;
- лабораторияда жұмыс істеушілердің әрқайсысы отқа қарсы қорғаныс аспаптары қайда орналасқаны туралы білуі қажет. Оларға келесі заттар жатады: отсөндіргіштер, себілген құмы бар жәшіктер, асбесттен немесе киізден жасалған көрпесі және бірінші медициналық көмекті көрсету үшін қажетті, медикаменттері бар дәрі қобдишасы (ерітінділер: калий перманганаты, бор қышқылы, калий гидрокарбонаты, йод ерітіндісі, валериан тамшылары, жара таңғышы, күйіктен майлары) ;
- лаборатория ішінде темекі тартуға, тамақ жеуге және химиялық ыдыстан су ішуге қатаң тыйым салынады;
- жұмысқа кіріскен кезде, пайдаланылатын және синтездендірілетін заттарының қасиеттерін алдын-ала оқып білу қажет. Экспериментті бастағанға дейін, жұмыс орындаудың техникасын және сонымен бірге аспаптың сызбасын жақсылап ұғу қажет. Жұмыстың жоспары, реакциялардың теңдеулері, қажетті анықтама берілгендері, есептеулері жұмыс журналында жазылынуы тиіс. Жұмысқа тек қана оқытушының рұқсатын алудан кейін кірісуге болады;
- лабораториялық бөлмедегі ескі-құсқысымен және ауаның ластануымен барлық тәсілдермен күресу қажет. Лабораториялық үстелдердің үстінде портфельдерді, дорбаларды және тағы басқа бөтен заттарды ұстауға тыйым салынады, лабораторияда сырт киімді ілуге және аяқ киімді қалдыруға болмайды, раковиналарды қағазбен, құммен және басқа қатты заттармен қоқыстауға болмайды, раковиналарға еріткіштердің, қышқылдардың, сілтілердің, реакциялық қоспалардың қалдықтарын, жаман иісі бар, көз жасы ағуына әсер тигізетін, отқауіпті заттарды құюға тыйым салынады. Ауаның ластануы мүмкін болатын барлық жұмыстарын тартып шығару шкафтарында өткізу қажет;
- беттің немесе қолдың терісіне заттар тимеу үшін, жұмысты тиянақты түрде орындау қажет, себебі бұл заттардың кейбіреулері теріге және шырышты қабықшаларына қоздырғыш әсерін тигізеді;
- қандай да болса заттардың дәмін көруге қатаң тыйым салынады. Заттарды иіске зерттеуін, ыдысқа еңкеймей және толық кеудемен ауаны жұтумен емес, қолдың жеңіл қозғалысымен оның буларын өзіне қарай абайлап бағыттаумен ғана өткізуге болады;
- әрекетті аспаптарды байқаудан тыс қалдыруға болмайды;
- заттар сақталынатын, барлық банкаларда, склянкаларда және тағы басқа ыдыстарда бұл заттардың атауымен этикеткелер болуы тиіс;
- пробиркелерде және колбаларда сұйықтарды және қатты заттарды жылытқан кезде, ыдыстардың ауыздары өзінен және жұмыс істеушілерден басқа жаққа бұрып тұруына көз салу қажет. Ыстық массаның кенет лақтырып тастауы кезіндегі жара алмас үшін, ашық жылытатын ыдыстарға үстінен қарауға болмайды;
- жұмысты аяқтағаннан кейін, суды, электраспаптарды өшіру қажет, жұмыс орнын тәртіпке келтіру керек.
2. 1. 2. Лабораториялық ыдыспен және шыныдан жасалған бұйымдармен жұмыс жасау ережелері
Оқу лабораторияларында апаттардың және қайғылы оқиғалардың елеулі бөлігі шыныдан жасалған заттармен дұрыс емес және абайсыз жұмыс жасаудың салдарынан болады. Беттің, қолдың кесулері, күшті жылытылған шыныға абайламай тиген кезіндегі қолдың күйіктері және шыны жарықшақтарының көзге тиюі айрықша жиі кездеседі.
Шынымен жараларды келесі жағдайларда алуға болады: вакуумның ішінде айдауды өткізген кезде, вакуум-эксикатордан ауаны эвакуациялау кезінде, Бунзен склянкасынан шөгінділерді сору кезінде, пробиркаларға шыны трубкаларын абайламай енгізу кезінде, жеңіл ұшалатын заттары бар, тығыз жабылған ыдысты жару кезінде, ішкі көлемі айналадағы атмосферамен қатынас жасамайтын, дұрыс емес жиналған аспаптарды жылыту кезінде, қорғанысы жоқ қолдармен шыны трубкаларды және таяқшаларды сындыру кезінде; заттың үлкен көлемі бар ампулаларды дәнекерлеу кезінде жараларды алуға болады.
Шынымен жұмыс істеуі кезінде жаралардың алатын санын, кейбір негізгі ережелерді сақтаумен елеулі төмендетуге болады: шынымен жұмыс істеу кезінде, қорғаныс көзілдіріктерін қолдану қажет және қолдарын саусақты қолғаппен немесе орамалмен қорғау қажет; экспериментті бастағанға дейін, синтезді өткізу үшін жинаған аспаптарды және оларға бастапқы заттарды енгізуге дейін, оқытушыға көрсету керек; пробиркаларға шыны трубкаларды қондыру кезінде, бұл трубкалардың ұштарын кішкене балқытып, оларды сумен немесе глицеринмен сулау қажет, бұл кезде трубканы саусақтармен пробкаға қондырылатын ұшына жақын ұстау қажет, операцияны қолды орамалмен орап өткізу керек.
2. 1. 3. Жеңіл жанатын және жарылыс қауіпті заттармен жұмыс
Препаративті органикалық химияда эфирлер, спирттер, бензол, ацетон және тағы басқа сол сияқты отқауіпті ерітінділерді жиі пайдалану қажет. Бұл заттармен ерекше абайлап жұмыс жасау керек, себебі олардың булары тез жануы мүмкін. Келесіні есте сақтау және атқару қажет:
- бұл ерітінділерді отқа жақын, жылы орындарда немесе жылытатын аспаптардың жанында ұстауға болмайды;
- оларды ашық отта, отқа жақын немесе ашық ыдыстарда жылытуға болмайды, оларды тек қана кері сулы мұздағышы бар сулы моншада жылытуға рұқсат беріледі;
- бұл ерітінділерді тек қана сулы мұздағышы бар сулы моншада лабораториялық үстелдің үстінде айдауға болады;
- көп сақталған эфирді алдын ала тотықтардың бар болуына тексергеннен кейін айдау қажет;
- егер лабораторияның ішінде көп жеңіл жанатын сұйық төгілсе, онда барлық жанғыштарын және электржылытқыш приборларын сөндіріп, әйнектерді ашып, төгілген сұйықты шүберекпен немесе орамалмен жинау қажет.
2. 2. Химия лабораториясында жарақаттанған адамға көрсетілетін алғашқы көмек
2. 2. 1. Жаралар және уланулар кезіндегі бірінші көмек
Термиялық күйіктер кезінде, күйіп кеткен жерлерін калий перманганатының ерітіндісімен немесе этил спиртімен мол сулау қажет, ал ауыр күйіктер кезінде - күйіктерге арналған майды жағу керек.
Қышқылдармен күйген кезде, күйіп кеткен жерін тез арада судың көп мөлшерімен, ал содан соң тағам содасының 3 %-ды ерітіндісімен жуу қажет. Сілтілермен күйген кезде, теріні сумен жуғаннан кейін, сірке қышқылының 3 %-ды ерітіндісімен сулап, ал содан соң қайтадан сумен жуу қажет. Судың ішінде ерімейтін, денеге түскен органикалық заттарды осы заттардың еріткішінің көп мөлшерімен жуу қажет, ал содан соң спиртпен жуып, майды жағу қажет. Қышқыл немесе сілті көзге тиген кезде, тез арада оларды судың көп мөлшерімен жуып, ал содан соң сода ерітіндісінде немесе бор қышқылында суланған, тампонмен өңдеп, және қайтадан сумен жуу қажет.
Кездейсоқ жағдайда адамның ішіне реактивтер түссе, көбірек су ішу керек. Сонымен қатар: қышқылдармен уланған кезде, екікөмірқышқылды содасының 2 %-ды ерітіндісін ішу керек, сілтілермен уланған кезде, 2 %-ды сірке немесе лимон қышқылының стақанын ішу қажет. Улану кезінде уланған адамды таза ауаға шығарып, қолдан дем алдыруын жасап, дәрігерді шақыру қажет.
2. 2. 2. Жергілікті өртті және жанған киімді сөндіру
Жанғыш сұйық жанған жағдайда, барлық жанғыштарын сөндіріп, жалынды асбесттік орамалмен жауып немесе құммен көміп тастап, немесе көмірқышқылды газы бар отсөндіргішін пайдалану қажет. Суда еритін отқауіпті заттарды (спирт, ацетон және т. б. ) сумен сөндіруге болады. Егер де суда ерімейтін зат жанса (мысалы, эфир, бензол, бензин, скипидар), онда өрт сөндіру үшін суды пайдалануға болмайды, себебі өрт қауіпі жойылмай, жану ошағы үлкейе түседі.
Киімдер жанған жағдайда, сол адамның үстін жүнді, киізді немесе асбесттік көрпемен, халатпен немесе басқа киіммен жабу қажет. Ешбір жағдайда оған қашуға мүмкіндік беруге болмайды, себебі қозғалыс жалынды ұлғайтады.
2. 2. 3. Химиялық күйік алған адамға алғашқы көмек
Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайту керек. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі салқын көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz