Судың ластануы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.
Су біздің ғаламшарымыздың үстінде 3-3, 5 млрд жыл бұрын жер қыртысының газсыздануы салдарынан шыққан бу түрінде пайда болған деп есептеледі. Қазіргі кезде судың салмағы жер салмағының 0, 025%-ын құрайды және оның жалпы мөлшері 1, 6·10 9 текше шақырым болып саналады. Су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық, табиғи зат. Сондай-ақ ол толық құнарсыздығымен ерекшеленеді. Солай бола тұра жер әлеміндегі барлық тіршілік үшін қажет. Сусыз адам да, жан-жануарлар да, өсімдіктердің де тіршілік етуі мүмкін емес.
Су ең жақсы еріткіш болып табылатынымен өзінің жай заттарға ыдырауы қиын, химиялық енжар зат. Ол барлық табиғат ортасында: су буы және қар, жаңбыр, шық түрінде әуеде сығынды сулар түрінде жер қыртысының үстінгі қабатында, тіршілік шарасында, яғни тірі заттар құрамында болады. Сондай-ақ су шарасын, яғни жердің айрықша сулық белдеуін құрайды.
Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат - гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады.
Биосферадағы маңызды процестерге әсерін анықтайтын судың өзіне тән қасиеттері:
1) пТабиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар жойылатын, шашырайтын болса, ал су әртүрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай қасиетіне ие болатын бірден - бір ресурс.
2) Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемнің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемінің кемуі тән.
3) Ең жоғарғы тығыздығы +4°С-та байқалады. Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттер осыған байланысты болады. Мысылы, су қоймаларының терең қатуының болмауы.
4) Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
5) Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуге қабілеттігі. Теріс температурада қатты күйден (мұз, қар) бірден бу тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс сублимация деп аталады.
6) тБулану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
7) нДисперсті ортада, мысалы, ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйге өтуі. Мұндай жағдайда судың қасиеттері өте күшті өзгереді. (қозғалғыштығы, тығыздығы, қату не булану температурасы, беттік керілуі және т. б. Бұлардың табиғи және биологиялық жүйелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор.
8) Әмбебап еріткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Судың аталған және басқа да қасиеттері биосфералық процестерге, тірі ағзалар мен олардың мекен ету орталарына орасан зор әсер етеді.
Су - атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез процесінде) бірден-бір көзі. Ол геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) зат айналымдардағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады.
Адам ағзасындағы судың үлесі 60%-ға жуық, бірақ жекелеген мүшелер мен ұлпаларда ол 1%-дан 96%-ға дейін ауытқиды
Су байлықтарын сақтау - бүкілхалықтық іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі - ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су кодексі». Мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері - халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.
1 Судың ластану себептері
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
- химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
- физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
- өнеркәсіп орындары;
- ауыл шаруашылығын химияландыру:
- халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42%-дай болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар - химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық -түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Оның негізгі ластану көздері мыналар:
- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
- химиялық заттар және тыңайтқыштар;
- тұрмыстық қалдықтар;
- жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
- ірі құрылыс учаскелері;
- күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.
Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын -мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар - ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета полигондары, т. б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс -тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді.
Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші - биоиндикаторы болса керек. Қазіргі Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызады.
Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған.
Ақтөбе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.
Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы «Карбид» өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқыгнды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.
Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда.
Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.
1. 1 Суды ластаушы заттар
Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т. б. заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қолдық, мұнай және мұнай өнімдері) .
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын - шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады.
Судың жылулық ластануын да атап өтпеуге болмайды. Жылынған сулардың негізгі көзі жылу және атомдық электростанциялар болып табылады. Осы және басқа объектілерде суды салқындатқыш ретінде қолданады. Жылу электростанцияларында әрбір миллион киловатт энергияны алу 1, 5 - 2 км² суды жылыту арқылы жүреді. Жылытылған сулар арнайы салқындатқыштарда салқындатылып, қайтадан өндірістік процестерде пайдалануы керек. Бірақ, жылы сулардың айтарлықтай мөлшері су қоймаларына төгіліп, олардың жылулық ластануын туғызады.
Сулардың негізгі ластануы көбінесе олардың су объектілерінен тыс су жинағыш бассейндерде, айналымның бұзылуы нәтижесінде орын алады. Мұндай құбылыстар табиғи экожүйелердің (әсіресе орманды және батпақты) қайта құрылуы немесе бұзылуына байланысты.
Судың эвтрофикациясы деп - судың биогенді элементтермен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация (гр. тілінен аударғанда эу - жақсы, трофе - қоректену) - судың бай қоректенуі.
Эвтрофикация мысалында экологияның маңызды құбылыстары, тізбекті табиғи реакциялар, шектеулі факторлардың әсері, су және басқа жүйелік қағидаларды көруге болады.
Эвтрофикацияның нәтижесі - болдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі, су қоймасында органикалық заттар мен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болып табылады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін, оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын редуцент - ағзалардың санының артуына әкеледі.
Эвтрофикацияны табиғи және антропогенді факторлар туғызады.
Табиғи эвтрофикация баяу жүреді және су қоймасының маңызды грунт пен тау жыныстарының минералогиялық құрамына және химизміне байланысты болады. Су қоры мол және кристалдық жыныстардың арасында орналасқан су қоймалары эвтрофикацияға сирек ұшырайды. Олар мыңдаған жылдар бойы олиготрофты жағдайда, олай болса таза күйінде қалады. Мысалы: Байкал көлі.
Антропогенді эвтрофикацияға қазір барлық ішкі су қоймалары мен кейбір теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар жатады.
Эвтрофикацияны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар, мал шаруашылық кешендері, жылытылған сулар, рекреациялық әсерлер, ағын суларды ағынсыз суға айналдыру және т. б. адам қызметі туғызады.
Ластану - бұл судың бөгде заттармен немесе организммен, қанығуы, Олар судың құрамын бұзады және әр түрлі жағымсыз әсерлерге әкеледі: тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізеді. Халықтардың азаюына әкеледі. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету нашарлайды және халық шаруашылығының жағдлайы да төмендейді. Демалыс орындары азаяды.
Су қоймаларын ластаушы көздер
1) Өндіріс орындарының қалдықтары
2) Тұрмыстық сулар
3) Жаңбыр және қар сулары
4) Су тасымалдау көліктері
5) Өзен жағасынедағы құмдар және басқа да, жұмыс қалдықтары
6) Талшықты өсімдіктердің салынған сулары
7) Орманның ағуы
8) Суда жануарлар мен өсімдіктердің өліктерінің ағуы.
Өндірістік ағымдар:
Өндіріс ағымдарының сапалық құрамы өндірістің сипатын береді. Суды өндірісте қолдануда оның суреттелуі
1) Су орта ретінде (судан пайдалы қазбалар өндіру, кендерді байыту және т. б. ) өндіріс өнімдерімен байланыста, ол қатты және еритін қоспалармен ластанған.
2) Су шикізат ретінде (химиялық өндірісте, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде, фармацевтикада) . Тұрып қалған су арнайы ластағыштарға бай келеді.
3) Су аралас қолдану (метал өндіретін зауыттар құрылыс материалдарын, қағаз өндіру өнеркәсіптері) . Бастапқы екі категорияның ластану сипаттарына ие.
Өндірістік ағымдардың жіктелуі:
1) Агрегаттарды салқындатқаннан кейін түзілетін терминальді су көздері
2) Қышқыл су көздері яғни цехтарда түзілетін металдарды ерітетін қышқыл ерітінділер, құрамында көп мөлшерде темір тұздарының тотығуы кездеседі
3) Газ тәрізді заттарды жуу нәтижесінде түзілетін негізгі су көздері ерітінділерге (мысалы, кокстың газдан шығатын амиак жуындысы) айналады.
4) Көмір қазғанда электростанцияларда тазалағыш құрылғылар (скрубер) лайдан аллюминий алғанда байытқан фабрикалардан бөлінетін көп мөлшерде салмақты заттар су көздеріне түседі.
5) Көп мөлшерде органикалық заттары бар су көздері
Кәсіпорындардың суларды ластауы бойынша бөлінеді
а) Шартты таза, яғни сулы ортаны арнайы компоненттерсіз қолдану
б) Лас суларды шикізат немесе еріткіш ретінде қолдану.
Шаруашылықтың тұрып қалған судлары адам іс-әрекетінен пайда болған. Оларға тән:
1) Сапасының тұрақтылығы
2) Күнделікті көлемнің өзгерісі
3) Құрамында органикалық заттардың көп болуы; азот аммония-7-8г/л хлорид 8-9г/м фосфат 1-8г/м, калий 3г/м, қышқылдығы 5-7мг/л БПК-30-50мг/л.
4) Әлсіз негіз реакциясы
5) Жоғары бактериялық таралу (ішек таяқшасы 100, 000 және одан да көп 1 л-де)
Жаңбырдың тұрып қалған суларына тән.
1) Топырақтың сапасына әсер ететін аймақтың су қоймаларына құятын, жауынның сапасының әр түрлілігі
2) тСапасының үлкен ауытқулары, климаттық белдеулерге, жыл мезгілдеріне, ауа-райына байланысты.
Су транспортының ағымы бөлінеді фонда (шаруашылық - фекальді) және машинаның бөлінді сулары болып ажыратылады.
Су қоймаларына жиналатын барлық ағынды сулар ұйымдастырылған және таратылған болып бөлінеді. Ұйымдастырылған су ағымына
- кір болуының кілті белгілі
- судың шығарылу әсері анықталған
- су ағындарының көлемі белгілі
- табиғатты қорғау регламентациясын ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырылмаған су ағымдарына жатады:
- кір судың кілтінің көп болуы
- су құбырына келетін судың локализациясы белгісіз
- көлемі және сапасы белгісіз
- табиғаты қорғаудың регламентациясын ұйымдастыру және бақылау қиынға түседі.
1. 2 Жер үсті және жер асты суларының ластану көздері
Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді.
Суды 400-дей түрлі зат ластауы мүмкін. Егер судағы санитарлық-токсикологиялық (судың мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі) көрсеткіштері, сульфат, хлорид, нитрат, уытты ауыр металдар мөлшері шектеулі межеден артып кетсе, су ластанған болып есептеледі. Тағы суда араласқан оттегі мөлшерінің азаюы, радиоактивті элементтердің, ауруға ұшырататын бактериялардың пайда болуы да оның ластанғанын көрсетеді.
Өндірістік ластанудың көздері мыналар:
- электроэнергетика;
- химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп;
- ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;
- қара металлургия;
- түсті металлургия;
- машина жасау өндірісі;
- көмір өнеркәсібі;
- мұнай өңдеуші өнеркәсібі;
- жеңіл өнеркәсіп;
- құрылыс материалдары өнеркәсібі;
- тамақ өнеркәсібі;
- тұрмыстық жиынды сулары;
- өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;
- қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы.
Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын) және уытсыз болып келеді.
Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.
Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т. б. ) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.
Механикалық ластану суға әртүрлі механикалық қоспалардың (құм, шлак, балшық, т. б. ), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады.
Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жерүсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, улы газдардың (күкіртсутегінің, метанның) бөлінуіне әкеліп соғады. Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе әдеттегіден жоғары температурадағы сулардың, не басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
Шайынды сулар - адамның тұрмыстық не өндірістік қызметінде қолданылғаннан кейін шығарылатын сулар және елді мекендер территорияларынан, өнеркәсіптік объетілерден және ауылшаруашылық өрістерден атмосфералық жауын-шашынның нәтижесінде ағылатын сулар.
Өндірістік шайынды сулар технологиялық үрдістерде суды қолданғаннан кейін әртүрлі өнеркәсіптік объектілерден түседі. Ластаушы заттарға қышқылдар, сілтілер, әртүрлі металдар тұздары, күкірттік қосылыстар кіреді. Оның ішінде улылары, мұнай өңдеуші және мұнайхимиялық зауыттардың органикалық синтез, синтетикалық каучук және пластмасса өндіріс орындарының, коксхимиялық зауыттардың, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндіріс орындарының жуынды суларында болады.
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Су қоймалары үшін целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің жуынды сулары өте қауіпті. Осы мекемелердің жуындыларында ағаш үгіндісі, ағаш талшықтары, шайыр болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz