Бетон және темірбетон өндіру



Жобаға берілген тапсырма . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2

І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4
ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
ІІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .9
3.1. Бұйымның номенклатурасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .9
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . . . . . . 16
3.3. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу. .18
3.4. Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
3.5. Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .25
IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26
V.Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
VII. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема.
Бетон және темірбетон құрылыстың барлық саласында қолданылады. Басқа материалдармен салыстырғанда олардың жетістіктері көп. Конструкцияның жұмыс істеу уақыты, ағаш, маеталл және басқа материалдардан өндірілген бұйымдар мен конструкцияларға қарағанда әлдеқайда ұзақ. Олардың ірі жетістігі сол, материалдың (құм, шағыл,су) көп бөлігі ( 80-90% массасынан) – жергілікті материалдар; бастапқы материалдар мен дайндау әдістердің негізінде, әр түрлі физика-химиялық қасиеті бар бетон мен темірбетонды алуға болады; бетон мен темірбетоннан кез келген пішін мен өлшемдегі ( ірі өлшемді, жұқа қабырғалы, күмберздер мен оралмалы қабыршақтар) бұйымдар мен конструкцияларды өндіруге болады.
Ғимараттар мен құрылымдық құрылыстарда құрастырмалы темірбетонды бұйымдар мен конструкцияларды – іргетастық блоктар, қабырғалық панельдер жабылым плиталары мен қабатаралық плиталар, сатылы трлар, колонналар, арқалықтар, қақпалар қолданылады.
1. Баженов Ю.М. технолгия бетона: Учеб.пособие для вузов. – М.Высш.школа, 1978. - 455с.,ил.
2. Борщевский А.А., Ильин А.С. Механическое оборудование для производства материалов и изделий: Учеб.для вузов по спец. «Пр-во строит.изделий и конструкций». – М.:высш.,школа.,1987.-368 с.:ил.
3. Бисенов К.А.,Үдербаев С.С., Абиева Г.С. Құрылыс материалдары. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым,2008.-224 б.
4. Сәулеттік материалтану. Жоғары оқу орындарындағы сәулеттік және құрылыс мамандықтары студенттеріне арналған оқулық / Авт. А.Кулибаев, У.Бишімбаев, Е.Қасымов, Қ.Бисенов. – алматы: Издат Маркет, 2006.-504 б.
5. Үдербаев С.С С 19 Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі.
Оқу құралы.-Қызылорда, «Тұмар»,2007ж,-208 бет.
6. Колодзий И.И Формование сборных железобетонных изделий и конструкций: Учебник для сред.проф.-техн. Училищ.-6-е изд.,перераб. И доп.-М.:Высшая школа, 1983.-271 с., ил.- (Профтехнобразование). В пер.:55 к.
7. Цителаури Г.И Проектирование предприятий сборного железобетона: учеб. Для вузов по спец. «Пр-во строит.изделий и конструкций». – М.: Высшая школа, 1986,-312 с.: ил

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
4

І. Кіріспе Бетон және темірбетон құрылыстың барлық саласында қолданылады. Басқа материалдармен салыстырғанда олардың жетістіктері көп. Конструкцияның жұмыс істеу уақыты, ағаш, маеталл және басқа материалдардан өндірілген бұйымдар мен конструкцияларға қарағанда әлдеқайда ұзақ. Олардың ірі жетістігі сол, материалдың (құм, шағыл,су) көп бөлігі ( 80-90% массасынан) - жергілікті материалдар; бастапқы материалдар мен дайндау әдістердің негізінде, әр түрлі физика-химиялық қасиеті бар бетон мен темірбетонды алуға болады; бетон мен темірбетоннан кез келген пішін мен өлшемдегі ( ірі өлшемді, жұқа қабырғалы, күмберздер мен оралмалы қабыршақтар) бұйымдар мен конструкцияларды өндіруге болады.
Ғимараттар мен құрылымдық құрылыстарда құрастырмалы темірбетонды бұйымдар мен конструкцияларды - іргетастық блоктар, қабырғалық панельдер жабылым плиталары мен қабатаралық плиталар, сатылы трлар, колонналар, арқалықтар, қақпалар қолданылады.
Құрастырмалы темірбетон конструкциялары тағайындалуы мен толтырғыш түріне қарай жеңіл және ауыр, бірқабатты және көпқабатты, әрленген және фактуралы, қабатсыз болып бөлінеді. Қазіргі кезде құрастырмалы темірбетон мен конструкциялардың біруақытта массасын азайту мен өлшемдерін ұлғайту бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Мұндай шешімнің зілзалалы аудандарда ғимараттар мен үйлер салу кезінде маңызы зор, себебі олар жанбайды, шірімейді, пайдалану кезінде жеткілікті түрде тұрақтылығы мен шыдамдылығы бар.
Темірбетон алғаш рет Францияда жасалды, бастапқы кезде одан қарапайым бұйымдар дайындалды: терезе мен есік маңдайшалары, іргетастық блоктар, жабылым плиталары және басқалары. Кейінірек ғимараттың кейбір элементтерін темірбетоннан құймалы әдіспен дайындай бастады.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
5

Өзінің шығармашылығын темірбетонның эстетикалық қасиеттерін анықтауға арналған тұңғыш сәулетші О.Перре болды. Осы материалдардың маңызды жетістіктерінің бірі- тікелей конструкцияны дайындау процесінде әсемді беттерді алу мүмкіндігін қалыптастыру, XX ғасырдың басында темірбетоннан өзіндік конструктивті жүйе болып қалыптасты.
Қазақстан Республикасында құрастырмалы және құймалы темірбетон бұйымдарын XX ғасырдың 50-жылдарында гидротехникалық құрылыстардың салынуына орай шығара бастады.
Қазіргі кезде құрылыста құрастырмалы немес құймалы темірбетонды дайындау жөнінде үлкен тәжірибе жинақталған, оның технологиясын жетілдіру бағытында ғылыми-зерттеу жүргізілуде.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
6

ІІ. Өндіріс туралы жалпы мағлұмат Құрылыста қолданылатын темірбетон конструкциялары екі әдіспен дайындалады: тікелей объектіде (құймалы) және зауыттар мен полигондарда (құрастырмалы) қалыпталады.
Сом денелі конструкцияларды жасау үшін алдымен қалып жинастырылады. Қалыптың іш жағы бетон қоспасы жабысып қалмауы үшін майланады, осыдан кейін арматуралы каркас орнықтырылады және бетон қоспасы төселеді. Ашық ауада 7-10 тәулік қатайған соң, егер конструкция қоспасы беті қыздырылатын болса, онда 26-30 сағаттан кейін қалып ажыратылады. Қыс айларында температура 3-4°С жеткенде цементтің гидратациялану процесі тыйылады. Егер қатаймаған бетон мұзданса, конструкцияның соңғы беріктігі 50-60% дейін азаяды.
Құрастырмалы темірбетон элементтері арнайы зауыттарда немесе механикаландырылған алаңдарда ( полигондар ) дайындалады. Құрастырмалы темірбетон элементтерінен тұрғызылған ғимараттардың құндылығы, құймалы темірбетонды ғимараттарға қарағанда едәуір қымбат.
Арматуралы каркастарды дайындау. Темірбетон конструкцияларын дайындау кезінде әдетте арматуралық каркастар пайдаланылады. Дәнекерленген арматуралық каркастар көбінесе тұрғын және қоғамдық ғимараттарды тұрғызуда қолданылады. Кішігірім құрылыс объектілерінде, әсіресе, құймалы бетондарда арматуралы каркасты дайындау қолмен құрастыру әдісі арқылы іске асырылады. Мұндай әдісті жақын арада механикаландырылған арматуралық цехтар болмаған жағдайда қолданады. Бұл ретте өлшемдері бірдей арматураны каркаста жұмсақ болатты сыммен біріктіреді.
Механикаландырылған арматуралық цехтарда арматуралық сымдарды түзетіп кеседі, ал диаметрі 14 мм дейінгі арматуралық өзектерді арнайы машиналарда бөлшектейді.


Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
7

Арматуралық торлар мен каркастарды, арматураларды тікелей бірнеше нүктеде дәнекерлеуге мүмкіндік жасайтын, нүктелі дәнекерлейтін жабдықтарда дайындайды. Ол үшін торлы схема бойынша орныққан арматураларды қиылысу нүктелерінде қысып жақындастырады және олар арқылы ток жіберіледі. Нәтижесінде осы қиылысқан нүктелерде жоғары температура пайда болады және ұзақтығы 0,5 секунд уақытында арматураның сыртқы қабаты балқиды және пісіп бір-біріне жапсырылады.
Дайындалған арматуралық торлар мен каркастар қалыпқа орнықтырылады, бетон қоспасын төсеу арқылы темірбетонды бұйымдар мен конструкциялар қалыптасады.
Құрастырмалы темірбетон конструкцияларын дайындауда жұмысшы арматураларды тиімді пайдалану мақсатымен, оларды бетон қоспасын төсер алдында алдын ала кернейді. Арматураны кернеу темірбетон конструкцияларының майысуға беріктігін арттыру үшін өте үлкен маңызы бар.
Алдын ала кернеудің мағынасы мынадай: жұмысшы арматуралық өзектер бетон қоспасын төсерден бұрын тартылады және қалыпқа бекітіледі. Осыдан кейін қалыпқа бетон қоспасы төселеді. Қазіргі уақытта темірбетон зауыттарында арматураны алдын ала кернеудің бірнеше әдістері қолданылады:
1. Болатты арматура электртермиялық әдіспен кернеледі. Арматура электр тогымен қыздырылады және осы жағдайда тартылады. Кернелген арматураны тез арада төсейді және қалыпқа бекітеді. Салқындау кезінде қатты бекітілген арматура кернеледі. Содан соң бетон қоспасы төселеді.
2. Арматуралы өзек домкраттың жәрдемімен кернеледі. Мұндай жағдайда арматураның бір ұшы қалыпқа бекітіледі, ал екінші ұшы домкраттың жәрдемімен тартылады. Ең соңында қалыпқа бетон қоспасы төселеді.

3. Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
8

Темірбетонды арқалықтар мен фермаларды өндірістік жағдайында дайындау кезінде, олардың ішінде арнайы тесіктер қалдырылады. Болатты арматуралар осы тесіктер арқылы жіберіледі және домкратпен тартылады. Ең соңында тесіктер насостың жәрдемі арқылы цементті ерітінділермен толтырылады. Алдын ала кернелген арматуралы темірбетонды бұйымдар мен конструкциялар дайындау 20-30% болатты арматураны 50-60% бетон қоспасын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
9

ІІІ. Технологиялық бөлім 3.1 Бұйымның номенклатурасы
Тегеурінсіз темірбетон құбырларын центрифугтарда дайындауға болады. Центрифугалау - бетонды құбырлады және темірбетонды конструкцияларды дайындаудағы кеңінен танылған әдіс болып табылады. Центрифуга шөгінді және сүзгілі болып келеді.
Темірбетонды құбырларды, колонкаларды және басқа ұзындығы үлкен бұйымдарды арнайы қалыптарда-центрифугтарда дайындайды (3.1.1-сурет). Осы әдісті қолдану кезінде, 600-700 айнмин жылдамдықпен айналып туратын, металды қалыпқа бетон қоспасы төселінеді. Ортадан тебетін күштердің әсерімен, бетон қоспасы тығыз төселеді және бұйымның керекті пішіні қалыптасады.
Тегеурінсіз құбырларға арналған болат қалыптарды екі типте қолданады: біріншісі, диаметрі 500...1000 мм - ұзындығы 4200 м құбырлар, ал екіншісі, диаметрі 300 - 400 мм - ұзындығы 3200 м құбыр.
Қысымға төзімді құбырлардағы сияқты тегеурінсіз құбырлардың дайындалуы қалыпты дайындаудан басталады: тазартулар, майлау және құрастырулар. Қалыптың ішіне арматуралы каркасты орнықтырады. Осыдан кейін каркасты қалыпты центрифугаға орнатады.
Тегеурінсіз темірбетон құбырының өндірісін вертикальді қондырғыларда да жүргізуге болады. Құбыр дайындайтын қондырғы диаметрі 400 және 500 мм қалыпталған жартықалыпты рамадан (жақтаудан) тұрады. Тазартылған және майланған табандыққа екі арматуралы каркасты орналастырады (3.1.2 сурет).
Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
10

Құбырларды вертикалды қалыптауға арналған құрылғы
Содан кейін қалыпталған раманы горизонтальді жағдайға келтіреді және табандықпен қосады.
Қалыптау процесі 15 мин жүреді. Жоғарғы жағындағы жартықалыпты вертикальді жағдайға келтіреді, ал қалыпталған бұйымды табандықты ( поддон) булау камерасына ауыстырады. Бұл қондырғыда бір мезетте екі құбырды қалыптандырады. Қысымға төзімді құбыр шығаратын зауыттарды жобалағанда, сумен қамту және канализация жүйелері үшін ( 3.1.3-кесте ) үшсатылы технологияны қолданады.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
11

3.1.3-кестеҚысымға төзімді темірбетон құбырының сипаттамасы

Диаметр, мм
Қысым,МНм2
Құбырға арналған бетон көлемі
Құбырға кететін болат массасы, кг
Бұйымның жалпы массасы, кг

Жұмыс жағдайындағы
Сынақ жүргізгенде

500
1,5
1,0
0,6
1,6
1,2
1,0
0,61

47,67
42,87
34,17
1535
600
1,5
1,0
0,6
1,6
1,3
1,0
0,73
79,92
64,82
64,82
1825
700
1,5
1,0
0,6
1,6
1,3
1,0
0,87
103,37
92,37
74,37
2180
800
1,5
1,0
0,6
1,6
1,3
1,0
1,04
145,31
125,80
100,51
2620
900
1,5
1,0
0,6
1,6
1,2
1,0
1,18
200,1
165,0
135,1
2950
1000
1,5
1,0
0,6
1,6
1,3
1,0
1,43
245,80
198,30
169,80
3600

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
12

Центрифугалы темірбетон құбырлары өндірісіндегі қалыптар екі жартыцилиндрден тұрады. Ол ауытқу бұрандамасының көмегімен қосылады. Қысымға төзімді құбырларды дайындау процесі қалыпты дайындаудан басталады. Тазартылған және солидол жағылған екі жарты цилиндрді тұтастырғыш бұранда арқылы қосады. Бетонды және темірбетонды бұйымдарды центрифугалау арқылы қалыптағанда ең негізгі қондырғы болып центифуга және қоректендіргіш табылады. Құбырларды дайындау үшін негізінен центифуганың үш типін қолданады: роликті, осъті немесе сүмбілі (шпиндельді) және белдікті.
Роликті центрифугтар өзінің конструкциясының қарапаймдылығына байланысты кең таралған. Роликті бірорынды центрифугтардың өндірісте екі түрін шығарады: СМЖ - 104 Б және СМЖ - 106 Б. 145 - суретте көрсетілген қалыпталынатын орынның құрамына СМЖ-104 Б центрифугасы, СМЖ-425 ленталық қоректендіргіші 5 және қоғау қаптамасы 4 кіреді.

145-сурет. СМЖ-104Б роликті центрифуга және СМЖ-425 ленталық қоректендіргіш қалыпталынатын орын.

1-қалып; 2-шетжақты шудан қорғайтын қалқан; 3-шудан қорғайтын қаптаманың күштік белдемесі; 4-шудан қорғайтын қаптама; 5-СМЖ-425 ленталық қоректендіргіші; 6-центрифуганың электр қозғалтқышы; 7,9- центрифуга роликтері; 8-сақтандырғыш арқалығы; 10-жақтау (рама).

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
13

Центрифугтардың техникалық сипаттамасы СМЖ-104Б СМЖ-106Б
Қалыпталған темірбетон құбырының диамерті, мм 1000...1500 400...900
Құбырдың ұзындығы, мм 5155 5145
Құбырдың жоғарғы массасы,т 7,7 3,9
Қуаттылығы, кВт 55 42
Габаритті өлшемдер, мм
Ұзындығы 6060 6060
Ені 4640 4640
Биіктігі 3450 2850
массасы , т 14,8 14

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
14

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
15

146-сурет. Осьті центрифуга

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
16

3.2 Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау. Қысымға байланысты құбырларды тасымалдау бойынша тегеурінсіз
және төзімді деп екі түрге бөлінеді.
Тегеурінсіз бетонды немесе темірбетонды құбырлар тегеурінсіз құбырлар құрылысына арналған.
Тегеурінсіз құбырларға 0,05 МПа қысымда бақылау жасайды.
Қысымда төзімді құбырларды үш класқа топтастырады: I - 1,5 МПа
қысымды; II -1 МПа қысымды және III -0,5 МПа қысымды. Қысымға төзімді
құбырларға 1,8; 1,2 және 0,6 МПа қысымға сәйкес бақылау жүргізіледі.
Тегеурінсіз құбырлар кәдімгі арматуралы бетонды және темірбетонды
болуы мүмкін. Тегеурінсіз құбырларды горизонтальді немесе вертикальді қалыптарда және центрифугтарда дірілнығыздауды қолдану арқылы дайындайды, төменгі қысымға төзімді құбырларды - центрифуга арқылы, ал қысымға төзімді құбырларды - үшсатылы центрифуга технологиясы бойынша дайындайды.
Бетонды және темірбетонды құбырларарзандылығымен және ұзақтылығымен ерекшеленеді.
Бетонды және темірбетонды құбырлардың тегеурінсіз құбыр ретіндегі қызметтік уақыты 80...100 жылды құрайды, ал қысымға төзімді құбырлар - 75...80 жыл, сонымен қатар металды құбырлар 30 жыл қызмет көрсетеді. Тегеурінсіз бетонды құбырларды ( ГОСТ 200054 - 74 ) диаметрі 100-ден 1000 мм-ге дейін шығарады, ұзындығы 1000-нан 2000 мм-ге дейін болып келеді, тегеурінсіз темірбетон құбырларды ( ГОСТ 6482 - 79 ) - диамерті 400-ден 4000 мм-ге дейін, ұзындығы 5000-нан 3000 мм-ге дейін шығарады, ал қысымға төзімді темірбетон құбырларды - диаметрі 500-ден 1600 мм-ге дейін, ұзындығы 5000 мм-ге дейін шығарады.
Темірбетон құбырын мынадай салдар бойынша өндіреді (3.2.1 сурет): ең алдымен үшқабатты центрифугалы әдіс бойынша алдын ала кернелген бетон өзегін ( сердечник ) дайындайды. Содан кейін бұйымды булайды. Бірқабатты

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
17

центрифугада қысымның ықпал етуімен, бетон қоспасынан артық суды алып тастайды. Көпқабатты құбырларды қалыптағанда әрбір бетон қоспасының қабатын бөлек нығыздайды; пайда болған кеуектерді келесі қабатпен жабады және қысымға ьөзімді құбырдың жоғарғы суөткізбеушілігін қамтамасыз етеді.
Осындай әдіспен қалыпталған құбырлар 2,4 МНм2 дейін гидравликалық қысымды ұстап тұра алады.

3.2.1 сурет. Қысымға төзімді темірбетон құбырының өндірісінің технологиялық схемасы.
1 - қалыптар жиынтығы; 2 - арматураның созылуы; 3 - бетонды қоспаның қалыпқа жіберілуі; 4 - центрифугалау; 5 - қалыптағы бұйымды домалатып жылжыту; 6 - өзектердің булануы; 7 - қалыптарды шешу; 8 - өзектердің ваннада ұсталуы; 9 - жоғарыбріктікті сымның құйылуы; 10 - қоғау қабатының салынуы; 11 - қорғау қабатының жылу ылғалды өңделуі; 12 - құбырлардың гидросыналуы; 13 - дайын өнім қоймасы.


Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
18

3.3 Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу Бұйымдарды жылумен өңдеуге арналған периодты жұмыс атқаратын камералар жабық жылу жүргізілетін орындарда тасымалдауға арналған камера құрылымы келесі шарттар есептеледі:
oo Су, жер асты сулары болмауы керек;
oo Шөкпейтін босаң емес нормалық сипаттамасы
oo Сейсмалылығы 6 баллға дейін.
Жобада камералардың бес түрі қарастырылған(3.3.1-кесте)
3.3.1-кесте
Әр түрлі камера түрлерін үйлестіру
Камера түрі
Камера өлшемдері, мм
Бұйымның өлшемдері, м
Виброалаң түрі және жүк көтергіш
Автомат алған тартқыш
I
7200х2500х3500
2,0х6,0
СМЖ-187
10 т
СМЖ-226 А
II
7000х3750х3500
3,0х6,0
СМЖ-200 Б
15 т
СМЖ-46 А
III
7200х4240х3500
3,0х6,0
СМЖ-200 Б
15 т
2646 190
АИ
IV
8500х3750х3500
3,0х7,2
СМЖ-200 Б
15 т
СМЖ-46 а
V
14500х4000х4000
3,0х12
СМЖ-199 А
24 т
СМЖ-50 А
Камералардағы бұйымдарды ыстық бу негізінде жылумен өңдеу (СН483-7 б) арқылы жүргізіледі. Темірбетон бұйымдарының жылумен өңдеу режимдері Темірбетон өндірістерін технологиялық жобалау нормалары ОНТП - 7 - 85 бойынша қабылдайды.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
19

Бұл жоба бойынша жасалған камералар, тек пакет автоматты тартқыштармен жұмыс атқаруға арналған. Бұйымның биіктігіне қарай 4,5,6,7 қалып орналастыруға болатын СМЖ 294 ( V типті камера ) және СМД-293 ( I, II, III, IV типті камера ( формалары үшін пакеттеуші қондырғылар қарастырылған.
Қалыптар пакеттеуші корнштейніне орналастырылады да, камералардан автоматты тартқыштар көмегімен алынады.
Пакеттеушінің болат тірегіштері камера түбімен байланыспаған, монолитті темір бетонды арқалықтарға орналастырылады.
I-IV типті камералар биіктігі +3,5 м түбір тереңдігі -0,5 м, ал V типті камера биіктігі 4 м, түбір тереңдігі -1,2 м. Камера қақпағы минералды мақталы плиталармен оқшауланған темірден жасалынады. Камера қақпағының ашылуы қалыптау цехының көтергіш тасымалдаушы қондырғылармен қарастырылған. Берілген жобада (II типті) камералар үшін біртекті орналасқан жағдайда СМЖ - 527 қондырғыларының гидроцилиндрлері көмегімен қақпаның механизмі ашылу жолы қарастырылған. Камералардың үш жағына қамтамасыз етуге ыңғайлы темір алаңдар жобаланған.
Еңбек туралы заңға сәйкес, өндірістің жұмыс режимі жылдағы жұмыс күнімен, тәулігіне жұмыс ауысымының санымен және тәуліктегі жұмыс сағаттардың санымен анықталады. Құрастырмалы темір бетон цехтары мен өндірістері үшін: жылына есептік жұмыс тәулігінің саны - 303;
Жұмыс уақытының жылдық фондық төмендегі формуламен есептейміз.
oo Дәл сол теміржол көлігінен шикізаттар мен материалдарды түсіру - 303
oo Тәуліктегі жұмыс ауысымының саны - 2
oo ТВӨ үшін арналған жұмыс ауысымының саны - 2
oo Ауысым ұзақтылығы - 8 сағат.
К=303*Кисп (3.3.2)
Мұнда К-жылдағы жұмыс күндерінің саны;
Кисп- қолданылған қондырғылар коэффициенті, 0,9 тең.

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
20

К=303*0,9=273
Сонымен бірге жылдық есептік жұмыс уақытын есептейміз:

Фрас=К*С* Кисп (3.3.3)

Мұнда Фрас - жұмыс уақытының есептік фонды, сағат;
К - жылына тәуліктегі жұмыс саны;
Кисп - қолданылған қондырғылар коэффициенті, (0,8-0,95);

Өз.
Бет
№ құжат
Қолы
Күні
Бет
21

3.4 Материалдық балансты есептеу3.4.1-кесте. Жұмыс уақытының жылдық фондық есептеу


пп

Цехтың аталуы
Жылына жұмыс күндерінің саны
Тәуліктегі жұмыс ауысымының саны
Жұмыс ауысымының ұзақтылығы,с
Қолданылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темірбетон бұйымдарын өндірудің агрегатты-ағымды әдісі, қолданылуы бойынша арматуранын жіктелуі
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдары
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Қабатты сыртқы қыбырғалық панельдерді конвейерлік әдіс бойынша өндіретін цех
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Екі блокты бетон шпалдары, Моноблок бетон шпалы
Бетон және темірбетон өндірісі
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Портландцемент өндіру үшін шикізат материалдары
Пәндер