Темірбетон қадаларын өндіретін цех


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет

Жобаға берілген тапсырма . . .

І. Кіріспе . . .

ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . .

ІІІ. Технологиялық бөлім . . .

3. 1. Бұйымның номенклатурасы . . .

3. 2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . .

3. 3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . .

3. 4. Материалдық балансты есептеу . . .

3. 5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу . . .

3. 6. Қондырғылардың өнімділігі және саны . . .

3. 7. Сапаны бақылау шаралары . . .

3. 8. Жобаның технико - экономикалық көрсеткіштері . . .

IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . .

Қауіпсіздік техника шаралары . . .

V. Қорытынды . . .

VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

VII. Графикалық бөлім:

Технологиялық схема.

Кіріспе

Қазақстан Республикасында құрастырмалы және құймалы темірбетон бұйымдарын ХХ ғасырдың 50 - жылдарында гидротехникалық құрылыстардың салынуына орай шыға бастады.

Темірбетонның конструктивті және көркемдік мағынасын толығымен пайдаланып, салынған құрылымдық объектілердің ең көбі, соңғы он жыл еншісінде. Әсіресе, оны спорттық құрылыстарынан байқауға болады.

Қазіргі кезде құрылыста құрастырмалы немесе құймалы темірбетонды дайындау жөнінде үлкен тәжірибе жинақталған, оның технологиясын жетілдіру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Темірбетон- мен болаттың бірлесуінен жақсы үйлесім табатын және де өзінің механикалық қасиеттерімен өте ерекшеленетін құрылыс материалы болып табылады. Бетон басқа тас материалдары сияқты қысылатын күшке жақсы кедергі болады, бірақ ол сынғыш болғандықтан, созылатын күштерге әлсіз қарсылық көрсетеді. Бетонның созылғандағы беріктігі сығылғандағы беріктігіне қарағанда 10-15 есе кіші болып табылады. Осының нәтижесінде бетонды созылмалы кернеу тудыратын конструкцияларды дайындау үшін қолдану тиімсіз болады. Ал созылғандағы беріктігі өте жоғары шекке жететін болат темірбетон элементтерінде туатын созылмалы кернеулерді қабылдауға қабілетті.

Құрама темірбетон саласының өндірістік процестерді автоматтандыру мен ресурс сақтағыш озық технологиялар мен технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып, толық зауыттық дайындығы бар жаңа тиімді конструкциялар өндіруді ұйымдастыруға ықпал етеді. Бұл бәсекеге қабілетті, арзан өнім шығарылымын және байланыстырғаштар, арматура, жылулық және энергетикалық шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді. Бір мезгілде қайта ашылып және қайта құрылып жатқан өнеркәсіптер нарық талабына сәйкес басқа өнімдер жинағын шығаруға тез қайта құрылуға мүмкіндіктері болуы керек. Иілімдерге тап болған құрылыс элементтері үшін темірбетон қолданған орынды болып табылады. Мұндай элементтермен жұмыс

жасағанда кернеудің созылымды және қысатын екі түрі пайда болады. Бұл ретте болат- бірінші, ал бетон- екінші кернеуді қабылдайды және темірбетон элементі толықтай иілгіш жүктемелерге ойдағыдай қарсы тұрады. Осыған сәйкес бетон мен болат жұмысы темірбетон атты бір материалда үйлеседі. Құрама темірбетон конструкцияларын дамытуда негізгі бағыты болып олардың өлшемдерін ірілету, беріктігін жоғарылату, салмағын төмендету, зауыттық дайындығын жоғарылату, мәңгілігін ұзарту және бағасын төмендету болып табылады.

Ғимараттар мен үймереттердің құрама конструкцияларын ірі өлшемді бұйымдар мен элементтер дайындау үшін бетонның әртүрлі-ауыр, жеңіл және дәнді бетон түрлері көбіне арнайы тағайындалған (жылуизоляциялық, дыбысизоляциялық, гидроизоляциялық және тағы басқа) материалдармен қиылысады және құрама конструкциялары мен мәнгіліктің экспуатациялық қасиеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді.

Темірбетон өнеркәсібі бұйымдар мен конструкциялардың кең номенклатурасын шығарады және ол азаматтық тұрғын үй, өнеркәсіп, энергетикалық, транспорттық және құрылыстың басқа түрлерінде нәтижелі түрде қолданады. Құрама темірбетоннан жасалған тұрғын үй және азаматтық құрылыстарда ғимараттардың барлық бөлігі орындалады.

ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат

Біздің елімізде өндірістік және азаматтық құрылыста 90 % шамасында бірыңғай типті темірбетон конструкциялары қолданылады. Яғни завод талабында технологиясында дайындалған бұйымдар. Бұл талаптарға бұйымның шекті салмағы, оның пішіні және өлшемі, армирлеу түрі және т. б.

Әртүрлі бұйымдар мен конструкцияларды дайындау әдісі номеклатураға, әрбір әдістің технологиялық ерекшеліктеріне және өндіріс көлеміне байланысты таңдалынады. Өндіріс әдісінің ең маңызды көрсеткіші болып бұйым өндірісінің техника-экономикалық көрсеткіші болып табылады.

Темірбетон бұйымының номеклатурасы көп. Өндірістің негізгі шарты болып бұйым түрлерінің максимальді қысқаруы табылады.

Темірбетон конструкциялары келесідей болып жіктелінеді: қолдану аясы бойынша - өндістік, тұрғын-азаматтық және құрылыстың басқа да түрлеріне; ғимараттар мен үймереттерде тағайындалуы бойынша - іргетас, жабын, қабырға және т. б. элементтеріне; геометриялық формасы бойынша - тақталық, блоктық және т. б. ; көлденең қимасының құрылымы және формасы бойынша - тұтас, қуысты, қабатты, массивті және т. б. ; армирлеу сипатына байланысты - бетонды және темірбетонды, бетон түріне байланысты - ауыр, жеңіл, ұялы.

Біртектес бұйымдар типтік өлшеміне, маркасына байланысты бөлінеді.

Дайындау технологиясы бұйым формасына, оның габаритіне және салмағына, бетон түріне және армирлеу сипатына байланысты анықталады.

Кәсіпорынның рентабельділігін қамтамасыз ететін оптимальді қуаты қаржының жұмсалуымен, өнімнің өзіндік құнымен, транспорт шығынымен онықталады.

Құрылыстың белгілі бір түріне (тұрғын, өндірістік) арналған комплекті өнім шығаратын темірбетон зауыттың өнімнің белгілі бір түрін дайындайтын экономикалық жағынан тиімді бірнеше технологиялық линиясы болады.

Номеклатураға және дайындалатын өнім түріне байланысты құрама темірбетон өнеркәсібі кәсіпорынның келесідей түрлеріне бөлінеді: мамандандырылған - үй құрылысы комбинаттары (ДСК) ; үй құрылысына арналған іріпанельді цехтар мен заводтар (КПД) ; үй құрылысына арналған көлемді-блокты зауыттар (ОБД) ; зауыт құрылысы комбинаттары (ЗСК) ; ауылдық құрылыс комбинаттары (ССК) ; тар көлемде мамандандырылған зауыттар және арнайы тағайындалған бұйымдар мен құбыр, ЛЭП опоры, шпал өндіретін цех, темірбетон бұйымдарының универсальды зауыттары, өндіріс кәсіпорындарының комбинаттары, темірбетон бұйымдарының комбинаттары.

Мамандандарылған кәсіпорындар типтік ғимараттар мен үймереттерді монтаждау үшін сериялық бұйымдар мен конструкциялар шығарады. Осындай кәсіпорындардың жекеленген технологиялық линиялары толық мамандандырылған.

Үй құрылысы комбинаты әр түрлі тұрғын үйлерге арналған комплекті бұйымдар мен конструкциялар шығарады - сыртқы және ішкі қабырға панельдері, жабын тақталары, санитарлық-техникалық кабиналар, баспалдақтар, сондай-ақ олардың монтажын шығарады.

Біздің елде ірі панельді үй құрылыстары өте көп және қуаттылығы жылына 9-16 қабатты үй салуға есептелген 100-140 мың м 2 үй ауданы комбинатының жобасы жасалды.

Үй құрылысына арналған көлемді-блокты зауыттар тұрғын және қоғамдық ғимараттарының құрылысы үшін көлемді темірбетон элементтерін дайындайды. Зауыт құрылысы комбинаттары бірыңғайландырылған номеклатурада құрама темірбетон конструкцияларын өнеркәсіптік ғимараттарға өндіруде: фермалар, кранасты бөренелер, бағаналар, қабырға ж әне жабын тақталары және т. б. осындай кәсіпорындардың қуаттылығы жылына 200 мың м 3 құрама темірбетон бұйымдары.

Тар көлемде мамандандырылған зауыттар стандартты, бір түрлі темірбетон конструкцияларын шығарады. Мұндай зауыттарға темірбетон шпал зауыты, ЛЭП және т. б. жатады. Мұндай заары сапалы материалдан жасайды.

Универсалды зауыттар мен полигондар кең көлемдегі номеклатурада әр түрлі бұйымдар шығарады. Мұндай зауыттарда жабдықтар аз механизацияланған, мамндандырылған қондырғылар аз болып келеді.

Құрама темірбетон конструкцияларын дайындау үшін кең диапазонды бетон қолданылады. Яғни тығыздығы, беріктігі, аязғатөзілімдігі және сусіңіргіштік қасиеті бойынша мықты. Мысалы, көтергіш темірбетон конструкциялары үшін маркасы М150 - М500, тығыздығы 1200 - 2000 кг/м 3 ; қоршау контрукциялары үшін М50 - М100 маркалы жеңіл бетондар қолданылады, тығыздығы 700 - 1000 кг/м 3 .

III. Технологиялық бөлім

3. 1. Бұйымның номенклатурасы

Темірбетон бұйымдарының номенклатурасы

3. 1. 1- кесте

Бұйым
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %
Бұйым: Іргетас
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 4, 2
Бұйым: Қада, шпунты
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 4, 2
Бұйым: Іргетас блоктары
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 1
Бұйым: Бағаналар
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 3, 9
Бұйым: Ригелдер
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 2, 4
Бұйым: Балкалар және ферма жабындары
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 5, 4
Бұйым: Жабын тақталары
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 7, 8
Бұйым: Аражабын тақталары
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 26
Бұйым: Қабырғалық панельдер
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 16, 5
Бұйым: Санитарлы - техникалық кабеналар және желдеткіш блоктар
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 3, 2
Бұйым: Баспалдақ адымы, ауданы, балконды тақталар
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 1, 6
Бұйым: Маңдайша
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 1, 7
Бұйым: Тоннель және канал элементтері
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 4, 1
Бұйым: Резервуарлар және силостар
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 2, 6
Бұйым: Құбырлар
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 1, 4
Бұйым: ЛЭП тіреуіштері
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 1, 8
Бұйым: Көпір элементтері
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 1, 2
Бұйым: Басқалары
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 10
Бұйым: Барлығы
Өндіріс көлемі, құрама темірбетон бұйымдарының жалпы шығарылымы %: 100

Негізінен құрама темірбетон бұйымдары мен конструкциялар келесі қасиеттер бойынша жіктеледі: бетон түрі, оның тыңыздығы, армирлеу түрі, ішкі құрылуы және атауы, белгіленуі.

Бетон түріне және байланыстырғыштың қолданылуына байланысты цементті бетондар ауыр кәдімгі тығыз толтырғыш, аса ауыр бетондар және кеуекті толтырғыш негізіндегі жеңіл бетондар, ұялы бетондар және арнайы бетондар - ыстыққа, химиялық төзімді, декаративті болып ажыратылады. Тығыздығы бойынша бетондар аса ауыр 2500 кг/м 3 көп, ауыр бетон тығыздығы 1800 - 2500 кг/м 3 , жеңіл бетондар 500 - 1800 кг/м 3 , өте жеңіл 500 кг/м 3 төмен болып жіктеледі. Армирлеу түріне байланысты алдын ала кернеуленген және кәдімгі арматура болып бөлінеді.

Ішкі құрылымына байланысты бетондар біртұтас және қысты, бір бетоннан дайындаоған түрі - бір, екі немесе көпқабатты әр түрлі шикізат түріне байланысты бөлінеді.

Бір түрлі темірбетон бұйымдарының ерекшелігі бірөлшемдері, мысалы бұрыштық, қабырға блоктары, терезе рлды тақтайшасы т. б. Олар маркалар бойынша бөлінеді.

Құрама темірбетон бұйымдары аталуы және белгіленуіне байланысты: тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, өндірістік ғимараттар, ауылшаруашылық үймереттер, тасымалдау, гидротехникаоық құрылыс және жалпы бұйым атауы болып бөлінеді. Бұйым зауыттан максималды күйде дайындарып шығарылады және тұтынушыға аяқталған, жиналған күйде, қосымша бөліктерді қажет етпейтін күйде тұтынуға жіберіледі.

3. 2. Бұйымды өндірудің технологиялық схемасы.

Бетон жайғастырғыш: Бетон жайғастырғыш
БАЦ: БАЦ
БАЦ: Арматура цехы
БАЦ: Тербелгіш алаң
БАЦ: 1
Қалыпты орнату
БАЦ: 2
Пуансонды орнату
БАЦ: 3
Бетон араласпасының төменгі қабатын салу
БАЦ: 4
Бетон араласпасының жоғарғы қабатын салу
БАЦ: 5
Тығыздау
БАЦ: 6
Бастырғыш шитін көтеру
БАЦ: 7
Тығыздау
БАЦ: 8
Пунсонды алу
БАЦ: 9
Бастырғыш шитін көтеру
БАЦ: 10
Ілгіштерді тазалау
БАЦ: 11
Қалыпты алу
Эстакада: Эстакада
Эстакада: Кернелетін арматураны беру
Эстакада: Арматура қаңқаларын, бөлшектерін беру
Өздігінен жүретін арба: Өздігінен жүретін арба
Шұңқыр камера: Шұңқыр камера
Қалыпты дайындау посты: Қалыпты дайындау посты
Борттарды ашу: Борттарды ашу
:
Қалыпты тазалау, майлау: Қалыпты тазалау, майлау
Қалыпты дайындау посты: Керілген арматураны жіберу
Қалыпты дайындау посты: Керілетін арматураны орнату
Қалыпты дайындау посты: Бұйымды қалыптан алу, маркілеу, ұстау
Қалыпты дайындау посты: Қалыпты жинау
Қалыпты дайындау посты:
Борттарды ашу:
:
Қалыпты тазалау, майлау:
Қалыпты дайындау посты: Өздігінен жүретін арба
Борттарды ашу:
:
Қалыпты тазалау, майлау:
Қалыпты дайындау посты: Дайын өнімдер қоймасы
Борттарды ашу:
:
Қалыпты тазалау, майлау:
Қалыпты дайындау посты: Бадья
Борттарды ашу:
:
Қалыпты тазалау, майлау:
Қалыпты дайындау посты: Автосамосвал
Борттарды ашу:
:
Қалыпты тазалау, майлау:
Қалыпты дайындау посты: Свалка
Борттарды ашу:
:
Қалыпты тазалау, майлау:

Бұйымды өндіру тәсілінің техника - экономикалық тиімділігін және қалыптау посттарының өнімділігін дұрыс таңдап алуына байланысты. Құрылыс бұйымдарын өндіруде үш өндіру тәсілдерін қолданамыз:

  • агрегат - ағынды;
  • конвейерлі;
  • стендті.

Өндіріс агрегат - ағынды әдіс көпірлі кран көмегімен бір посттан екінші постқа жылжытып отыратын жылжымалы қалыптарда бұйымдарды шығаруды қарастырады. Агрегат - ағынды әдісінде технологиялық процесс жеке жұмыс орнында белгілі кезекте өндірілетін жеке өндірістік операциялардан тұрады. Агрегатты - ағынды тәсіл икемді технологиялық нобайлар қатарына жатады, ал операцияларды уақыт аралығында жайғастыратын және машиналары мен механизмдер өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұйымның бір түрін өндіруден екінші түріне ауысу құрал - жабдықтарды ауыстырмай - ақ қалыпты өзгерту арқылы өтуге болады. Бұл әдіс салыстырмалы аз күрделі шығынды талап етеді. Агрегатты - ағынды әдістің кемшіліктері болып бірқатар қол операцияларын жүргізу қажеттілігі және де шұңқыр камераларда бұйымды жылумен өңдегенде жұмыс режимінің бұзылуы ол өндіріс процестерінің автоматтандырғанда белгілі қиындықтарға әкеліп соғады.

Өндірістік конвейірлі әдісі берілген ритмнен конвейер принципі бойынша шығарылу процесінде бұйымды бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына орын ауыстырып отырылуы қаралады. Бұл әдіс бойынша бұйымды қалыптау әр - түрлі қалыптарда және жылумен өңдеу үзіліссіз істейтін тунельді камерада жүргізіледі. Крнвейерлі технологиялық процестердің механикаландыру және автоматтандыру жоғары дәрежеде пайдаланады. Кемшіліктеріне өндірісті ұйымдастырғандағы күрделі шығындардың жоғарлығына және жаңа бұйым шығаруға өткенде құрал - жабдықтарды қайта орналастырудың қажеттілігі.

Өндіріс стенд әдісі - бетон алаңында стендте орналасқан жылжымайтын қалыптарда бұйым өндіріледі. Стендтік әдіс ұзын өлшемді конструкциялар, бұйымдар шығарғанда кеңінен қолданылады. Стендтік әдістің артықшылығы барлық технологиялық операциялар: бетон араласпасын жайғастыру, тығыздау, жылумен өңдеу процестері бір орында термоформольде жүргізіледі. Кемшілігі - формалардың бағасы қымбат.

Келтірілген темірбетон бұйымдарының өндіріс тәсілдерін салыстыруда олардың негізгі техника - экономикалық көрсеткіштері арқылы өнеркәсіптік ғимараттар үшін технологиялық процесті ұйымдастырудың негізгі бағытын таңдап алуға болады.

Жоғарыда келтірілген технологиялық әдістердің мінездемелерін ескере отырып және жасалынатын бұйымдардың өлшемдерін еске алып отырып жабын плитасын өндіру үшін агрегат - ағымды технологияны таңдап алынды.

Агрегатты - ағынды тәсіл икемді технологиялық нобайлар қатарына жатады, ал операцияларды уақыт аралығында жайғастыратын және машиналары мен механизмдер өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұйымның бір түрін өндіруден екінші түріне ауысу құрал - жабдықтарды ауыстырмай - ақ қалыпты өзгерту арқылы өтуге болады. Бұл әдіс салыстырмалы аз күрделі шығынды талап етеді.

Агрегатты ағын технологиясының ұзақтығы, бұйымды қалыптау циклының ұзақтығымен анықталады.

Агрегатты ағын әдісі кең түрде таралған және кішігірім шығын кезіндеде ол кең номенклатуралы бұйымдарды шығара алады. Бұл технологияның ерекшеліге ауысым және перенакладка арқылы басқада түрдегі бұйымдарды шығарады.

Өндірістегі агрегатты ағын әдісінде бұйымды қалыптау әртүрлі агрегатты қалыптарда болады, мысалы, центрифугада, дірілдеткіші бар қалыптаушы қондырғыларда және тағы басқа.

Қалыптау циклы ұзақтығының максимальды мүмкіндігі

3. 2. 1- кесте.

Бұйымның атауы
Діріл алаңының өлшемі, м
3*6
2*12
Бір қалыптағы бетон көлемі, м 3
1, 5 дейін
2, 5 дейін
3 дейін
5 дейін
Бұйымның атауы: Бірқабатты күрделі емес конфигурация
Діріл алаңының өлшемі, м: 12
15
22
28
Бұйымның атауы: Бірқабатты күрделі конфигурация
Діріл алаңының өлшемі, м: 15
20
34
40
Бұйымның атауы: Көпқабатты немесе офактурленген панел
Діріл алаңының өлшемі, м: 30
35
45
52

3. 3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар

Беріктілік, пайдалану ұзақтылығы және бетонның тағы да басқа қасиеттері шикізат материалдарының сапасына байланысты болады.

Цемент.

Цементтің түрі мен маркасы бетонның беріктілігімен анықталады. Ауыр бетондар үшін келесі цемент маркалары ұсынылады:

Егер цементтің маркасы бетонның маркасынан жоғары болатын болса, онда микротолтырғыштар қолдану керек, яғни майдаланған тау жыныстары мен өндірістік қалдықтар (доменді шлактар, күлдер және тағы басқа)

«Бетон маркасы, класы және цемент маркасының бетонға тәуелділігі»

3. 3. 1-кесте.

Бетон класы
В 7. 5
В 10
В 15
В 25
В 30
В 40
В 45
Бетон класы: Бетон маркасы
В 7. 5:

М

100

В 10: М 150
В 15: М 200
В 25: М 300
В 30: М 400
В 40: М 500
В 45: М 600
Бетон класы: Цемент маркасы
В 7. 5: 300
В 10: 300
В 15: 400
В 25: 400
В 30: 500
В 40: 550-600
В 45: 600

Әртүрлі жылу ылғалдылық жағдайында қатаятын бетондар үшін цемент таңдағанда, цементтің минералогиялық құрамын, майдалау жұқалығы мен құрамындағы минералогиялық және тағы басқа толтырғыштарды ескерген жөн.

Су.

Бетон араласпасын дайындау үшін және бетонға су себу үшін құрамында зиянды химиялыө қоспалар жоқ ауыз су мен табиғи су қолданылады. Зиянды химиялық қоспаларға: сульфаттар, минералды және органикалық қышқылдар, майлар және тағы басқа жатады. Өндірістік, ағынды және шалшықты суларды пайдалануға болмайды.

Бетон үшін судың жарамдылығын химиялық анализ арқылы анықтайды, сонымен қатар бетон үлгілерін беріктікке сынау арқылы анықтайды. Егер 28 тәулікте қатайған, бетон үлгісінің беріктілігі, кәдімгі ауыз судан жасалған бетон үлгісінің беріктілігінен жоғаоры болса онда бетон дайындауда пайдаланылатын су жарамды деп есептелінеді.

Құм.

Қатты тау жыныстарының қирау нәтижесінде пайда болған дәндерінің ірілігі 0, 14-тен 5 мм-ге дейінгі табиғи құмды ауыр бетон дайындау үшін майда толтырғыш есебінде пайдаланылады. Құмның химиялық құрамы тау жыныстарына байланысты әртүрлі болады. Көбінесе кварцты және слюдалы құмдар кездеседі. Оның ішінде әкті құм көрек кездеседі.

Табиғи құм 3 түрге бөлінеді: өзенді, теңізді және таулы. Өзенді және теңізді құмның дәндері домалақ, ал таулы құмның дәндері бұрышты болып келеді. Ол бетонның байланысу қасиетін жақсартады. Бірақ таулы құмның құрамында теңіз және өзенді құмға қарағанда зиянды химиялық қоспалар көп болады.

Жасанды құмды қатты және тығыз тау жыныстарынан ұсақтау арқылы алады. Олардың құрамында зиянды химиялық қоспалар кездеспейді. Бірақ та құмды ұсақтау қымбатқа түседі, сондықтан оны беріктігі жоғары бетон өндірісінде қолданылады. Ауыр бетон дайындау үшін құмның құрамы мен құнына баситы назар аударады. Бетон дайындауда құмның дәндерінің құрамынынң маңызы өте зор. Ауыр бетонда құм ірі толтырғыштар арасындағы қуыстарды толтырады, сонымен бірге осы қуыстар цемент қамырымен толтырылады. Бірақ цемент қамырының шығынын азайту үшін қуыстылығы төмен құмдарды пайдаланған жөн. Құмның дәндік құрамы дәндерінің әр түрлі өлшемдерімен сипатталады.

Құмды дәндік құрамына байланысты ірі, орташа, майда және өте майда түрлерге бөлінеді.

3. 4. Материалдық балансты есептеу

Өндірістегі агрегаттты-потокты әдіс бойынша жылдық өндірімділіктің есебі N, м³ мына формула бойынша анықталады:

N = 60 h C V T N = \frac{60hCV}{T}

Мұндағы, h - бәр тәуліктегі жұмыс сағатының саны;

С- бір жылдағы жұмыс күнінің саны;

V- бір уақытта формаланатын өнім көлемі, м³

T-формалау циклы, мин.

ОНТП - 7-86-ға сәйкес максималды формалау циклы 3. 4. 1-кестеден алынады.

Агрегатты-потокты торабы жұмыс циклының максимал өнідірімділігі

Формаланған

өнім сипаты

Өнім ұзындығы
6 м-ге дейін
6 м-ден жоғары
Бір формовкадағы бетон көлемі, м³
1, 5-ге дейін
1, 5 . . . 3, 5
3, 5-ке дейін
3, 5 . . . 5
Формаланғанөнім сипаты: Оңай конфигурациялық бір қабатты өнім
Өнім ұзындығы: 12
15
20
25
Формаланғанөнім сипаты: Бір форма күрделі конфигурациялық бір қабатты өнім
Өнім ұзындығы: 15
20
30
35
Формаланғанөнім сипаты: Күрделі профилді ірі габаритті көп қабатты өнім
Өнім ұзындығы: 20
30
35
40

N, м³ импульті конвейердің жылдық өнідірімділігі мына формуламен есептеледі:

N = 60 h C V T N = \frac{60hCV}{T}

Мұндағы, h - тәуліктегі жұмыс сағатының саны;

С- бір жылдағы жұмыс күнінің саны;

V- бір уақытта формаланатын өнім көлемі, м³

T-конвейер ритмі, мин.

Қысқа стендлер мен форма күшінің айналымдылығы -1 тәулік. N, м³ қасиеттік қондырғының жылдық өндірімділігі мына формуламен есептелінеді:

N = c D m V k N = cDmVk

Мұндағы, С - бір жылдығы жұмыс күнінің саны,

D - касетаның айналымдылығы, тәулік.

m - бөлік саны

V-өнім көлемі, м³

k-кассеттегі бөлім санының есеп коэфициенті (кассеттегі бөлік саны 8 . . . 14) .

Үздіксіз жұмыс істеп тұратын конвейердің жылдық өндірімділігі N, м³ мына формуламен есептелінеді:

N = C h f V l + Δ l N = \frac{ChfV}{l + \mathrm{\Delta}l}

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сульфатқа төзімді портландцемент сипаттамалары
Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштері
Іргетас конструкцияларын күшейту
Қадалы іргетасты есептеу
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Кесте - Қатаю ұзақтылығының ауыр бетон беріктілігіне әсері
Бетон араласпасын жайғастыру
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz