Құрылыс құралымдарын құрастыруға нұсқаулар


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану

Бөлім:Құрылыс Техникалық

Цәк: «Арнайы құрылыс және Білім беру»

Пәні: «ҚЖӨТ»

Тақырыбы: Құрылыс құралымдарын құрастыруға нұсқаулар

Оқу түрі: кредиттік

Тобы: 1401-10-9б

Орындаған: Көшербай С.

Қабылдаған: Салыбекова Ж .

Қаратау 2013ж

Құрылыс құралымдарын құрастыруға нұсқаулар

Түсініктемеде элементтерді құрастыру технологиясы, түзілістерді құрастыруға дайындық, оларды құрастырудың негізгі тәсілдері: көтеру және жобалық орнына қондыру, дәлелде, кезеу, уақытша бекіту, құрастыру құрал-саймандарын қолдану, біріктірілетін бөлшектерді әлде арматураларды дәнекерлеу реті және ол жұмысты қабылдау, ұштасу жіктерінің сапасын тексеру және оларды бетондау, бетон қоспаларының сипаттамасын, маркасын және беріктікке жету шегін, ұштасу жіктерін салмақтау мезгілі және сол мезгілдегі бетонның қатаюы, сонымен қатар темір бөлшектерді тоттан қорғау шаралары жазылады. Бұл жерде құрастыру жұмысын жасағанда қауіпсіздік сақтау нұсқаулары көрсетіледі.

Құрастыру жұмысының мерзімдік жоспарын және жұмысшылардың ауысу графигін жасау

Мерзімдік жоспар жұмыс өндірісінің кезектігін, әр түрлі жұмыстың технологиялық ретімен істейтін мезгілін анықтайды. Мерзімдік жоспарға жұмыс көлемінің өлшерленген мезгілде орындалуы қаралады. мерзімдік жоспарда жұмыстардың ұзақтығы негізгі машиналарды толық пайдаланып, оның жұмыс өнімділігін артық орындауын ескере отырып қабылданады. Жұмыстарды жүргізу кезектілігі және олардың технологиясын өзара байланыстыру реті таңдалған құрастыру әдісінесәйкес анықталады. Құрылысты жылдамдату үшін жұмыстар кемінде екі алмасумен атқарылады. Жұмыс кестесіне тек қана объектідегі жұмыстар және құралымдарды ірілендіру жұмыстары енеді. Дайындық жұмыстары бұл тізімге кірмейді. Мерзімдік жоспар жұмысшыларға бірқалыпты және жұмысты үздіксіз орындау талабын қоюға тиісті. Сол үшін жұмысщылардың ауысу жоспары салынады (әр кәсіптің жалпы түрі) . Мерзімдік жоспар жұмысты орындау мезгілін көрсететін сызықтың үстіне аталған жұмысты күнделікті орындайтын жұмысшылар саны жазылады, содан соң тігіненжұмысшылар саны қосылады, яғни күнделікті істейтін жұмысшылар саны белгіленеді.

Күнделікті жұмысшылар саны белгіленген мамандық бойынша мүмкіншілігінше бірқалыпты болуына тырысу қажет. Жұмысшылардың ауысу графигінде әр кәсіптен жұмысшылар тұрақсыздығы 10-15% аспауға тиісті. Егер ол белгіленген мөлшерден асып кетсе, онда мерзімдік жоспарға өзгерістер енгізу қажет, оның жолы - әр процестердің басталу және аяқталу мерзімдерін, жұмыстардың технологиялық ретін бұзбай өзгерту керек.

Объектідегі қоймалардың ауданын және құрастыру алдындағы дайындық жұмыстар

Құрастыру жұмысы басталар алдында дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет, ол үшін құрылыс материалдарын және бөлшектерін сақтайтын негізгі және қамдану алаңдарды белгілеп тегістеу, қоймалар аралығына жолдар салу, құрастыру, жұмыс орнына, жолдарға және құрылыс алаңына жарық түсірілуі тиіс.

Уақытша сақталатын және жиналатын құрылыс құралымдары мен материалдарына көтеріп-тасымалдау механизмдері жететін қоймаларға қойылады. Объектілік қоймаларды жобалағанда олардың ауданын қысқартуға тырысу керек. Оған себеп болатыны құралымдарды қөлік үстінен құрастыруды ұйымдастыру.

Құрастыру технологиясының ретін мұқият сақтай отырып, қоймаларда құралымдар мен материалдардың қажетті қорын (объектілік қоймадан құрастыру әдісін қолданғанда) ескерген жөн. Сақталатын қор көлемі анықтама мөлшерімен белгіленеді және ол бұйымдар мен материалдардың түріне, тасымалдау қашықтығына байланысты.

Құрылыс қоймаларының ауданы құралымдарды сақтауға пайдаланатын жүк алаңдарынан және (оперативтік) жолдар, өтімдер, тиелетін көліктер тұратын орындардан құрылады.

Құрылыс құралымдарын сақтайтын қоймалардың қажетті аудандары анықталады.

Элементтерді жергілікті зауыттан жеткізген кезде олардың қорын құрастыру жұмысын үш тәулік үзілмей жүргізілуіне мөлшерленеді.

Құралымдар қоймада жоба жағдайларына сәйкес қатар-қатар үйілген жайда, ұстындар - көлденең сақталады. Болат арқалықтарды жатқызып сақтауға болады. Қатар-қатар үйіліп құрастырылатын құралымдардың астына және арасына ағаш төсеніштер қойылады. Ағаш төсеніштер әдетте жиналған түзілістердің енінен 200 мм артық болуы тиіс.

Әрбір жиналған құралымдардың көлденең аралығынан 0, 7 м өтім жолы қалдырылады. Үймереттердің ішкі бөлімдеріне жиналған құралымдардың аралығына кран және элементтерді жеткізетін көліктерге арналған жолдар қалдырылады.

Құрастыру жұмыстарын қауіпсіздік өндіру бойынша шарттар

Түсініктемеде және жобаның графикалықбөлімінде құрылыс құрастыружұмыстарын қауіпсіз тәсілдерімен өндіру бойынша мәселелерзерттеліп, шешілуі керек.

ҚМЕШ - 4 -80-ге сәйкес құрастырупландарына элементтерін құрастыру зоналарының тектері анықталып және белгіленукерек, элементтерінің тұрақтылығы жәнеқұрастырушылармен пісірушілердің етубойыншашарттар беріледі, құралымдарды строылау және ілмектенбосату тәсілдері көрсетіледі, биікке кісілер көтеру, қоршаула, сақтық жазула, плакаттар орнататын жерлер белгіленеді, құрылыс алаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер анықталады.

Жобаның графикалық бөлімін жасау және оны жасауға арналған нұсқаулар

Жобаның графикалық бөлімінде үймереттер мен ғимараттарды толық құрастыру және құралымдарды жеке құрастыру технологиясы бойынша ұйымдастырушешімдері көрсетіледі. Аталған осы екі мәселе өзара бөлек болып табылады, бірақ та жобалау кезінде олар бірге шешілуі тиісті. Көбінесе олардың біріне қабылданған шешім екінші шешімнің қабылдауына өте мол әсер етуі мүмкін.

Ватман қағазына үймереттерді толық салуға қабылданған қорытынды құрастыру шешімдері бойынша құрастыру үлгілері сызылады. Үймереттер мен ғимараттардың қимасы мен план сызбаларын қолдана отырып, оларды құрастыруын ұйымдастыру графика арқылы шешіледі.

Бұл сызбада көрсетілетіні:

- үймереттерді жеке құрастыру тасқындары және алымдарына бөлінуі;

- құралымдардың орны және салмақтары көрсетілген жеке блоктарға бөлшектеу;

- элементтерді құрастыру реті мен кезегі;

- жұмыс істеген кезде ашық болатын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кранның жұмыс алаңының шегі;

- элементтерді текшелеп жаю алаңдары және құрастырылатын элементтері бар тасымалдау құралдары тұратын орындар;

- кран жүретін және кран асты темір жолдардың, сонымен қатар кран мен көліктер жүретін уақытша жолдардың орындары;

- тұрақты механизмдер тұратын орындар;

- үймереттермен ғимараттардың құрастырған бөлімдерінің орнықтылығын қамтамасыз ететін шаралар (уақытша элементтерді бекіту, байланыстыру, нығайту, т. б. ) ;

- объектіге толық қатынасты, жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін сақтау (қауіпті жерлерді қоршау, электр тогынан қорғану, күнқағар орнату, құрастырушы механизмдерінің айналатын бөлшектеріне автоматикалық қорғаушылар орнату, т. б. ) .

Машина, механизмдер, шектік алаңдар, құралымдар үлгіде бір масштабпен сызылуы керек. Құралымдарды және олардың элементтерін орнату технологиясының шешімдері (планда) және оның көлденең қимасында жеке көрсетіледі. Көп қабатты үймереттерде бір секция толық көрсетіледі де, ал бір қабатты өнеркәсіп үймереттерге, типтік қабатының үлгісінен басқашатырларды, типтелмеген қабаттарды құрастыру улгілері көрсетіледі.

Жеке құралымдардыбөлек құрастыру технологиясын белгіленген сызбаларда төмендегілер көрсетіледі:

- орнатылған қалпындағы құралым әлде элемент;

- құрастыру кезіндегі құралым әлде элемент (жоғарғы, шеткі тұратын жағдайда) ;

- үймереттер мен ғимараттардың құрастыру алдындағы көрінісі;

- құрастырушы механизм тұратын орны және аталған элементті құрастыру кезіндегі олардың көрсеткіштері (жебенің құлаушы, көтеру биіктігі, көтергіштігі) ;

- құрастыру алдында элементтерді объектіні бойлай таратып қою үлгісі, мұнда элементтердің өлшемі үймереттің осіне сәйкес болуы қажет;

- тасымалдау құралытұратын орынның үлгісі (көлік үстінен құрастыру әдісіқ олданғанда), онда орнатылатын элементтің көлік үстіндегі көрінісі (үлгіде көліктің өлшемі мен тұратын жерлері белгіленеді) ;

- белгіленген орнынан кранның барлық элементтерді құрастыру құлашының қимылдарыкөрсетіледі;

- элементтерді дәлдеуәлде уақытшабекіту және іліп-көтеру құралдары (кондукторлар, тіректер, таяныштар, бұрандалар және т. б. ) ;

- құрастыру алдында элементтерге бекітілетін және қондырылатын жабдықтар;

- биіктікте жұмыс істеуге арналған белдіктерді бекітетін жерлер, құрастырушылардың орындары, сатылар, ағаштар, мінбелер және т. б. ;

- құрылыс алаңындағы ағаштар, мұнараларжәне т. б. ; жұмыс өндірісінің қауіпсіздігінсақтауға қажетті орындарды қоршау.

Құрастыру технологиясын көрсететін негізгі сызбалардың қатарына іліп-көтеру құралдырының, жинақтау жабдықтарының үлгілері сызылып, оның мөлшерлері (строптың ұзындығы, диаметрі, көтергіштігі, көтерілетін құралымдардың тізімі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабын плиталарын құрастыру құрастырудың техникалық схемалары
Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар
Құрастырылатын үймереттердің сипаттамалары
Жерасты суларының деңгейін жасанды төмендету
Өндірістік ғимараттарда шуды төмендетудің құрылыс – акустикалық әдісі жайлы мәлімет
Семей қаласында орналасқан бір қабатты өндірістік цехтың негізі мен іргетасын (Б-13) есептеп жобалау
Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері туралы
Конструкция бөгеттерімен ауадағы шуды оқшаулау
Жер бетіндегі топырақты тығыздау
Газ құбырының тиімді параметрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz