Құрастырылатын үймереттердің сипаттамалары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі
Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Бөлім:Құрылыс Техникалық
Цәк: «Арнайы құрылыс және Білім беру»
Пәні: «ҚЖӨТ»
Тақырыбы: Құрастырылатын үймереттердің сипаттамалары
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған: Көшербай С.
Қабылдаған: Салыбекова Ж .
Қаратау 2013ж
Құрастырылатын үймереттердің сипаттамалары
Құрастырылатын үймереттердің сипаттамаларында оның қолдануы мен типтері, көлемді-жоспарлау шешімдерінің ерекшеліктері мен сыртқы шектік өлшемі (габариттары) көрсетілген құралымдық үлгілері, ұстындардың торы, температуралық блоктары, аралықтардың саны мен мөлшері, қабаттар саны жазылады. Құрастырылатын объектінің құралымдар элементтерінің біріктірілген спецификациясымен аяқталады.
Құрастырмалы элементтерді саралау жасаған соң 9-шы графаның сандарын қосып, қорытындысын шығару қажет.
Құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын және көлемін анықтау
Құрама құралымдарды құрастыруға жұмсалатын еңбек сыйымдылығы мен машина уақытын анықтау үшін әр жинақталатын элементтердің уақыт мөлшерін анықтау қажет.
Құрама құралымдарды кещенді құрастыру процестеріне енетіндер: элементтерді көтеруге дайындау; ірілендіріп құрастыру; көтеретін жерге жеткізу; элементтерді қосалқы аспаптар және құралдармен (кейбір жағдайда қатты бекіту элементтерімен) жабдықтау және ілмектеу; көтеру; уақытша бекіту; тексеру және элементтерді жобалық орнына біржола бекіту. Осы барлық дәйекті процесс тізбесі түзіліс, элементтерін жинақтағанда жұмысты өндіру жобасында ескертілуі қажет.
Құрастыру жұмысының құрамына негізгі және қосалқы жұмыстар кіреді. Көбінесе қабылданған негізгі және қосалқы жұмыстар кіреді. Көбінесе қабылданған негізгі жұмыс өндірісінің әдісіне байланысты қосалқы жұмыстардың құрамы белгіленеді. Мысалы, ұстындарды орнатқанда кондукторлар пайдаланса, оларды қондырып және орнын ауыстыруға арналған қосалқы жұмыстар ескеріледі.
Негізгі және қосалқы жұмыстартек құрастыру жұмысының өндіру әдістері белгіленгенде және олардың құрамы белгіленген соң ғана біржола анықталады.
Әр құралымдар элементтерінің санын, олардың құрастыру салмағы мен сыртқы шектік өлшемін (габариттік) анықтай отырып алдымен негізгі жұмыстардың көлемі анықталады. Оларға кондукторларды, төсеніштерді орнату және орнын алмастыру, бекіту анкерлерін қондыру, қоршауларды орнату және т. б. жатады.
Қосалқы жұмыстарының көлемін анықтағанда олар элементтерді жинақтау мөлшеріндегі жұмыс құрамына енгенін әлдеенбегінін ескеру қажет.
Орнатылған құралымдарды біржола бекіту, түйістерді бітеу және бетондау, жіктерін өңдеу, бекіту, элементтерін тот басудан қорғау, дәнекерлеу жұмыстарының көлемі өзара бір топ болып құрылуы қажет, егер ол жұмыстар кешенді бригадасымен орындалмаса.
Крандарға әлде құрылыс құралымдарын құрастыру орнына жеткізу үшін салынған уақытша жолдардың, сонымен қатар мұнаралы кран астына төселетін темір жолдардың өзі жүретінкрандарды жинақтап және бөлшектеп талдауының, ірілендіріп құрастыруға арналған алаңдардың жұмыс көлемдері, егер осы көрсеткіштер варианттарды салыстыруға керек болған жағдайда әлде ол көлемдерді анықтау арнайы тапсырмада аталса ғана есептелінеді.
Бір қабатты өнеркәсіп үймереттердің жұмыс көлемін есептеудің сыйымдылығы - температуралық юөлімдер аралығындағы жұмыс көлемдерін есептеу; көп қабатты өнеркәсіп үймереттердің жұмыс көлемін - алымдар, температуралық блоктар мен секциялар аралығындағы есептелген әр қабаттың көлемдерін қосып, содан соң барлық қабаттағы көлемнің қорытындысын анықтау. Есептелген нәтижелері жазылады.
Алымдар мөлшерін және құрастыру әдісін таңдау
Қабылданған шешімдерді мұқият ойланып, олардың сыйымдылығы дәлелденген соң ғана жұмыс өндіру әдістерін таңдау қажет: жекеленген, кешенді әлде құрастырмалы, енімен әлде ұзындығын бойлай, көлденең әлде тік - тікпен, жеке элементтермен әлде блоктармен, еркін әлде бекітілген, үймереттер құралымдарының үлгісіне, жеке құралымдардың ерекшелігіне, оларды орнату кезегіне, құрастырушы кранның жүру үлгісіне, құрастыру кезіндегі құралымдарды орнату тұрақтылығын қамтамасыздандыруына, нақтылы жағдайда құрастыру орнына алып беру тәсілі үймереттерді толық және құралымдарды жеке құрастыру варианттарының мүмкіншілігіне байланысты таңдалады.
Бір қабатты өнеркәсіп үймереттерін құрастырғанда, іс-жүзінде сыннан өткен, құрастырмалы әдісі ұсынылады, яғни ұстындар мен кранасты арқалықтар жекеленген әдіспен, ал фермалар мен жамылғы тақталар кешенді әдісмен. Алымда негізгі қаңқалар орнатылған соң қабырға панельдерін құрастырған жөн.
Көп қабатты қаңқалы үймереттердің мықты кеңістік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ригелдерді, ұстындарды және жабын тақталарын кешенді әдіспен құрастыру ұсынылады.
Көп қабатты қаңқалы үймереттердің жеке элементтерін құрастыру әдісін таңдағанда оларды жазықтық және кеңістік блоктарға орнықты ірілендіріп, әр түрлі кондукторлар пайдаланып, әсіресе басқалардың артықшылығы бар топтасқан кондукторлар, рамалық-топсалы индикаторлар, тағы басқа құрастыру аспаптарын кеңінен қолдану қажет.
Үймереттердің құрастыру мезгілін қысқарту және жұмыстарды қауіпсіздікпен жүргізу үшін құрастыру жұмысын тасқынмен ұйымдастыруын ескеру қажет, онда үймереттер төмендегідей бөлшектенеді:
- бір қабатты - алымдарға және учаскелерге;
- көп қабатты - бөліктерге (отсектерге) және ярустарға, мұнда оның әрқайсынан мамандалған тасқын құрылады.
Үймереттерді және ғимараттарды жеке алымдарға бөлгенде оның көлемдік -жоспарлауын және құралымдық шешімдерін ескеру қажет. әдетте алымдар ретінде қайталатын аралықтар, секциялар, қабаттар (этаждар) және толық (мөлшері шамалаы) объектілер қабылданады. Құрылысты жүргізу кезінде әр секциядағы құралымдардың жеткілікті тұрақтылығын және кеңістік беріктілігін ескере отырып, үймереттер мен ғимараттар алымдарға бөлінуі қажет. Алымдардың шектері құралымдық бөлімдерге дәлме-дәл бірдей болуы қажет * температуралық және шөгінді жіктерге, т. б. Мұндай бөліктеу алымдардың жігінде жұмыстарды құрылыс өндірісіне қойылған мөлшерлі талаптарды бұзбай аяқтауға және бастауға және бір мезгілде қатарлас алымдағы жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.
Құрастыру және ілмек аспаптарын таңдау
Құрастыру және жүк көтергіш аспаптарды таңдау құралымдардың жеке элементтердің орнату тәсілін қабылдаған шешімдеріне және құрастыру өндірісінің әдістеріне тікелей байланысты, сондықтан құрастыру крандарды толық пайдалану мақсатымен көтерілетін элементтердің габаритін ескере отырып, сонымен қатар, кіші мөлшерлі және жеңіл салмақты элементтерді барынша толық пакеттеп, орнататын элементтерді блоктарға ірілендіріп отырып таңдалады.
Құрастыру және көтергіш аспаптардың құралым типтерінің қажетті тізімі толық техникалық әдебиеттерінде және анықтамаларға көрсетілген. Көбінесе осында берілген мәліметтерді пайдалану ұсынылады және таңдалған көрсеткіштер жазылады.
Жүк көтергіштер аспаптар ретінде көбінесе кең строптар, сонымен қатар траверсарларға бекітілген строптар қолданады.
Строптардың әр тармағына түсетін салмақ мына формуламен анықталады:
Мұндағы Q - көтерілетін жүктің салмағы; n- строптағы тармақтардың саны;
- строп тармақтарының еңістікке қарай бұрышы; К - еңістік бұрышына байланысты коэффициент.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz