Негізгі мәліметтер және жоба құрамы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану

Бөлім:Құрылыс Техникалық

Цәк: «Арнайы құрылыс және Білім беру»

Пәні: «ҚЖӨТ»

Тақырыбы: Негізгі мәліметтер және жоба құрамы

Оқу түрі: кредиттік

Тобы: 1401-10-9б

Орындаған: Көшербай С.

Қабылдаған: Салыбекова Ж .

Қаратау 2013ж

Негізгі мәліметтер және жоба құрамы

Тас жұмыстарын өндіру жобасын жасау үшін негізгі мәліметтері болып әр алуан салаларына тағайындалған үймереттер мен ғимараттар жұмыс сызбалары, құрылыс ауданы және жұмыс орындау мерзімі саналады.

Тас жұмыстары өндірісін жобалау ҚМЕ 11 - 17 -78 талаптарына сәйкес жасалу керек.

Жұмыс өндіру жобасы түсініктемесінде тас және құрастыру жұмыстарының көлемі мен еңбек сыйымдылығының есептеуі; жұмыстарының көлемі мен еңбек сыйымдылығының есептеуі; жұмыстар өндірісінің тәсілдерін таңдауы, тасшылар мен құрастырушылар бригада құрамдарын іріктеуі; алымдар, ярустер шамасын және сандарын анықтауы; крандар таңдауы, жұмыс өндірісінің қабылданған әдістерін баяндауы, техникалық - экономикалық көрсеткіштерді есептеуі, мерзімдік жоспар жасауы және жұмысты орындау мерзімін дәлелдеуі; жұмысты қысқы уақытта және ыстық жағдайларға өндіру бойынша шаралар келтіріледі.

Жобаның графикалық бөлімінде үймеретті алымдар мен кесінділерге бөлуі; кран жұмысының зоналары, оның тұрақ және материалдар қоятын орындар; тасшылар жұмыс орнын ұйымдастыруы және олардың алымнан алымға ауысу жүйесі, жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе циклограмма көрсетілуі керек.

Жұмыстар көлемін және еңбек сыйымдылығын анықтау

Жұмыстар көлемі жұмыс сызбалары бойынша келесі өлшеу бірліктерімен есептеледі:

Үймереттердің қабырғаларын кірпіштен қалау - текше метрмен, аралық қабырға орнату - шаршы метрмен, жабын және аралық жабыр тақталарын, балкон тақталарын, саты басыштары мен алаңшаларын құрастыру - даралап, құрамалы темір-бетон құралымдардың аралық жіктерін құю - метрмен, терезе және есік боктарың орнату (балташылар үшін) - метрмен, қалау үшін мінбелер орнату - пакетпен, құрылыс материалдарын көтеру: кірпіш даралап, ерітінді - текше метрмен, аралық жабын тақталарын, балкон тақталарын, саты басқыштары мен алаңшаларын құрастыру - даралап, құрамалы темір-бетон құралымдардың аралық жіктерін құю - метрмен, қалау үшін мінбелер орнату - пакетпен, құрылыс материалдарын көтеру: кірпіш даралп, ерітінді - текше метрмен.

Тасшылар қалау жолы бойынша орындайтын қуыс темір-бетонды маңдайша, іздер, жабынды, карниз және балкон тақтаары қабырғаға тірелетін жерлер көлемдері қалау көлемінен шығарылмайды.

Терезе және есік ойықтарының көлемдері, сына тәрізді маңдайша және блоктан жасалған ауа тазартқыш өңеш көлемдері қалау көлемінен шығарылады.

Тас қалау көлемдерінің есебін сыртқы және ішкі қабырғалар үшін бөлек жүргізу керек. Есеп нәтижелерін жұмыстар көлемінің ведомосына жазу керек.

Кірпіш үймереттерді тұрғызу кешенді процесінің еңбек сыйымдылығы жұмыстың әр түрі үшін анықталады.

мұндағы - кешенді процестің жалпы еңбек сыйымдылығы, адам - күн; - тас қалау еңбек сыйымдылығы; адам-күн; - құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығы, адам күн; - қосымша және қосалқы жұмыстардың еңбек сыйымдылығы (терезе және есік блоктарын орнату, мінбелер орнату, құрамалы темірбетон құралымдарының аралық жіктерін құю, кірпішпен табандық қалау және жіктерге құятын ерітінді көтеру және т. б. ) адам-күн.

Тас жұмыстарын өндіру тәсілін таңдау

Құрамына тас жұмыстарынан басқа құрамалы құралымдардың элементтерін құрастыру, мінбелер мен ағаштар орнату және ауыстыру және жұмыс орнына материалдар әперу кіретін тас қалау кешенді процесс болады.

Тас жұмыстарын өндіру негізіне тасқынды әдісті қою керек. Осы мақсат бойынша барлық өндіру процесі орындауы қатар және нақты ырғақпен ұйымдастырылып жай процестерге бөлінеді.

Қабырғалары кірпіш және жабын мен аралық жабындары, саты басқыштары мен алаңшаларын құрастыру - даралап, құрамалы темірбетон құралымдардың аралық жіктерін құю - метрмен, терезе және есік блоктарың орнату (балташылар үшін) - метрмен, қалау үшін мінбелер орнату - пакетпен, құрылыс материалдарын көтеру: кірпіш даралап, ерітінді - текше метрмен. Балкон тақталары және құрамалы және құрамалы темірбетон құралымдардан жасалған үймереттерді тұрғызғанда дербес процесс ретінде бөлек жүзеге асыратын қабырғалар қалау және қабаттар аралығының жабынды тақталарын орнату жетекші процесс болып саналады. Басқа құрамалы құралымдық элементтерді құрастыру, кірпіш қалау процесімен бірге (маңдайша, саты басқыштары және алаңшаларды орнату) немесе жабындылар құрастырумен (аралық қабырғалар, балкон тақталарын құрастыру) бір мезгілде жүргізіледі.

Жұмысты тасқынды өндіруді қамтамасыз ету үшін тұрғызатын объектілерде жасалатын жұмыстар еңбек сыйымдылығы бойынша бірдей алымдарға бөлінеді. Алымдар саны жетекші процестер санына тең немесе еселі алынады. Осыған байланысты үймереттеді кірпіштен тұрғызу екі алым немесе көп алымдық жүйе бойынша орындалады.

Екі алымдық жүйесінде үймерет план бойынша екі тең алымға бөлінеді: біріншіде қалау, ал екіншіде - мінбелер орнату жұмыстары жүргізіледі. Бірінші алымның бірінші ярусының қалауы аяқталғаннан соң тасшылар екінші алымға, ал құрастырушылар бірінші алымға ауысады. Жұмыстардың осындай бір ізділігі үймереттің әр қабатын тұрғызғанға дейін сақталады және бұл тасқынның көлденең нобай дамуы деп аталады.

Бірақ құрамалы элементтерді құрастыру және қабатта мінбелерді орнату бойынша процестер еңбек сыйымдылығы әдетте тас қалау уақыт шығындарынан аз, сондықтан бұл жағдай құрастырушылар және балташылар звенолары тоқтап қалуына әкеліп соғады. Сондықтан тасшылар мен құрастырушылар, балташылар мен такелажшылар мамандандырылған звеноларын кешенді бригадаға біріктіреді. Бригадада жетекші болып тасшылар звенолары саналады.

Екі алымдық жүйе бойынша жұмысты сонымен қатар тік нобай арқылы ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда тас қалау қабаттың барлық биіктігінде ярустер бойынша бір алымның шегінде жүргізіледі. Мінбелер орнатуды және жұмыс орнына материалдар дайындауды екінші немесе үшінші алмасуда өндіреді.

Секция саны бестен көп үймереттерді тұрғызу процесінде және тағы ұзын бойлы үймереттер құрғанда жұмыстар көп алымдар жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Бұл үшін үймереттерді ұзындығы бойынша орнатылатын мұнаралы крандар санына байланысты бірнеше дербес учаскелерге, ал әр учаске - екі алымға бөлінеді.

Мұнаралы крандарды бір жағынан орнатқанда (үймерет ені 18 м артық) учаскелер алымға бойлай бөлінеді.

Сонымен қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес крандар жұмысын әр учаскелерде ұйымдастыру керек.

Кірпіш қалау өндіріс процесін бөлік - тасқын немесе конвейрлі - тасқын (айнымалы) әдісімен ұйымдастыруға болады.

Тасшылар бригадасы бөлік - тасқын әдісімен жұмысты қабат шегіндегі алымда жүргізеді, ал алымдар тағы кесінділерге бөлінеді және жеке звеноларға арналады. Алымда кесінділер саны бриғададағы звенолар саны бойынша алынады. Бөлік - тасқынды әдіспен жұмысты “екілік” “үштік” “төрттік” “бестік” және “алтылық” звенолары жүргізеді.

Конвейрлі - тасқын (айнымалы) әдісінде кесінділер бөлініп шықпайды, ал ”алтылық” звенолары қалап жатқан қабырғаны бойлай алым бойынша жылжиды және әр звено бір қатар қалайды. Бұл әдіс 2 - 3 кірпіш жеңілжәне орта күрделі қабырғалары бар, 40 % дейін ойығы және аз көлемді ішкі қабырғалары бар пішіні күрделі емес үймереттерді тұрғызғанда тиімді. “Алтылық” звеносында “екілікпен ” істейді. Бірінші “екілік” қатардың сыртқы шек қатарын, екінші - ішкі және үшінші - шойманы (забутканы) . “Екілік” алымды айналып үздіксіз жылжып отырады.

Тасшының жұмыс орның ұйымдастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс объекті жобасының құрамы, технологиялық шешімдері
Автоматтандырылған жүйелерді жобалау мен олардың сатылары туралы негізгі түсініктерді анықтау
Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі
Өндіріс көсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сактық қадағалау. Студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу-әдісгемелік құрал
Жобаның мәні
Жобаны басқару процестері
Аурухананың тіркеу орнының автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың құрамы
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру теориясы
Бақылау мерзімі қолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz