Жұмыстар өндірісінің мерзімдік жоспарын жаса


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану

Бөлім:Құрылыс Техникалық

Цәк: «Арнайы құрылыс және Білім беру»

Пәні: «ҚЖӨТ»

Тақырыбы: Жұмыстар өндірісінің мерзімдік жоспарын жаса

Оқу түрі: кредиттік

Тобы: 1401-10-9б

Орындаған: Көшербай С.

Қабылдаған: Салыбекова Ж .

Қаратау 2013ж

Жұмыстар өндірісінің мерзімдік жоспарын жасау

Мерзімдік жоспар тас және құрастыру жұмыстарын қатарлап өндіруге жасалады. Жұмыстар номенклатурасына негізгі, қосымша және қосалқы жұмыстардың барлық процестері кіргізіледі. Мерзімдік жоспар жасағанда жұмыстар еңбек сыйымдылығы есептеледі. Жұмыс өндірісінің ұзақтылығы жұмыстардың негізгі түрлері қосымша және қосалқы түрлерімен қосарландырып және үйлестірілгеннен соң айқындалады.

Алымдар және пайдаланатын крандар санына байланысты жұмыстар өндірісін екі немесе үш алмасуға жоспарлауға болады. Бір кран және екі алым болса негізгі жұмыстарды бірінші және екінші шаналарда орындауға болады (бірінші алмасуда - тасшылар, екіншіде - құрастырушылар), ал қосымша және қосалқыларды - үшінші және бірінші алмасуларда үш алымдық жүйеде - жұмыстарды тек екі сменада өндіруге болады.

Үймеретті екі кранмен тұрғызғанда олардың біреуі тасшылармен, ал екіншісі құрастырушылармен істейді. Сонда негізгі тас және құрастыру жұмыстарын екі алмасуда орындауға болады, ал қосымша және қосалқыларын үшінші алмасуда (және тасшылармен істейтін кранды пайдаланып бірінші және екінші алмасуларда) .

Техникалық - экономикалық көрсеткіштер

Тасқынды әдіспен тас және құрастыру жұмыстарын қатар өндіру үйлесімді вариантын таңдау тас қалау өндірісі әдістерін (бөлек - тасқынды және конвейерлі - тасқынды), механикаландыру варианттары (крандардың типі және саны), жұмыстарды ұйымдастыруын (алымдар және звенолардағы жұмысшылар саны) салыстыру арқылы анықталады.

Сонымен салыстырылатын варианттардың негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштері: құрылыс ұзақтылығы, жұмыс бірлігінің құны және еңбек сыйымдылығы, тасшылар бригадасының алмасулық өндіруі.

Тас жұмыстарын қысқы жағдайда өндіру

Тас үймереттері қысқы жағдайдажылытусыз тәсілмен тұрғызылады, ол қолданатын ерітінділер түріне және олардың әр түрлі температуралық тәртіпте қату қабілеттілігіне байланысты екі түрлі болады.

Бірінші түрі - бұл 22 0 С дейін теріс температурада қатуын қамтамасыз ететін және келесіде маркалық беріктікалатын аязға қарсы қосымшалары бар ерітінділер қолдану. Жұмыстарды - 22 0 С ден төмен температурада өндіргенде ерітінділер маркалық мағыналарға жетпейді, сондықтан күш алушы түзілістер үшін ерітінділер маркасы әдетте бір - екі дәрежеге көтеріледі. Төсеу мезгілінде ерітіндіде оң температура болу керек. Бетон араластырғыштан шыққанда қоспаның қажетті температурасына байланысты ерітіндінің іріктеп алынған құрамындағы материалдарды жылыту бойынша анықталады.

Екінші түрі - қалау үшін кәдімгі ерітінділер пайдаланып (аязға қарсы қосымшаларсыз) мұздатып қатыру тәсілін қолдану. Теріс температурада қоспалар ішіндегі су қатып қалады, сондықтан цементтің гидратация реакциясы болмайды, олай болса қоспа қатуы да болмайды. Сонымен бірге қатқан судың көлемі ұлғайып (9%-ға), ол ерітінді саңылауларында үлкен қысым дамытады, одан цемент тасының кристалдық құрылымы жарым-жартылай бұзылады, ал бұл ерітінді беріктігін төмендетуге әкеліп соғады.

Тас жұмыстарын қауіпсіз өндіру бойынша шаралар

Тас жұмыстарын өндіру жобасында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелерін ерекше мұқиятты шешу керек. Жобада зерттеп жасалған шаралар ҚМЕ III - 4 - 80 талаптарына сәйкес келу керек.

Тас қалауды орындағанда ағаштар және мінбелер, қорғаныш күнқағарлар және қоршаулар орнатқанда, биікте сыртқы және ішкі қабырғалар қалағанда ерекше сақтану шараларын қолдану керек.

Ені 1, 5 м тіреуішті жабын түрінде жасалған инвентарлы қорғаныш күнқағарлар көкжиекке 20 бұрышпен сыртқы қабырғалардың барлық периметрі бойынша жасалу керек. Күнқағарлардың бірінші қатары жерден 6 м көп емес биіктікте орнатылады және осы деңгейде үймеретті барлық биіктігіне дейін қалағанша қалады. Күнқағарлардың екінші қатары бірінші қатардың үстінен 6 - 7 м биіктікте орнатылады, содан-соң қалау жүрісі бойынша әр 6 - 7 м сайын қайта орналастырып отырады (2 қабаттан кейін) .

Тас қабырғаларды қорғаныш күнқағарларсыз орнатуды 7 м артық емес биіктікте рұқсат етіледі, бұл жағдайда жерде үймереттің периметрі бойынша қабырғадан 1, 5 м кіретін есіктер үстіне 2х2 м қалқалар жасалады.

Төменгі қабаттың мінбелер биіктігі жабын деңгейінен биік 2 - 3 қатар қабырға қалауға мүмкіншілік беру керек, бұл жоғары қабаттың бірінші ярусын қалауының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Тас қалағанда жұмыс жабынның ені 2, 5 м тең алынады. Сонымен кірпіш табандықтары және ерітінді жәшіктері сөйтіп қойылады, тек жұмыс зонасында ені60 см кем емес өтіс қамтамасыз ету үшін мінбелердің жабын деңгейі қалау деңгейінен 15 см кем емес болу керек.

Қабылдау алаңшаларда, басқыштарда, өтулерде, қабаттардағы ашық ойықтарда қоршаулар жасауды ескеру керек.

Жобада тас қалауын қысқы жағдайда орындағанда көрсету керек: ерітінді мезгілде рұқсат етілетін қабырғалар және тіректердің шекті биіктігін; күш алушы құралымдар және аралық дуалдар үшін еритін мезгілдегі уақытша бекіткіштерді; қысқы қалау үшін қолданатын ерітінділер маркасы және қатыру температурасын төмендететін химиялық қосымшаларды.

Тас қалау үшін пайдаланатын ағаштар мен мінбелер

Қабырғалар тасын қалаудаеңкең қолдану алған ЦНИИОМТП және Промстройпроект құралымының металл құбырлы ағаштар.

ЦНИИОМТП құралымдық ағаштарында тіреулер алынып - салынатын қамыт арқылы көлденең және бойлық байланыстармен қосылады, ал қамыттар тіреулердің немесе көлденең байланыстардың қай жері болса да бекіте алынады.

Промстройпроект құралымдық ағаштары план бойынша тік бұрышты және жай келбетті үймереттер үшін қолданылады, ал ЦНИИОМТП құралымдық ағаштарын қай пішінді үймереттер болса да пайдалануға болады.

Ағаштардың ең үлкен биіктігі - 40 м, жұмыс ярусы биіктігі - 1 м, жұмыс жабыны ені - 1, 8 ал қабырға бойы 2м, мүмкіндік жүк - 2500 Н.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері
Құрылыс құралымдарын құрастыруға нұсқаулар
Жерасты суларының деңгейін жасанды төмендету
Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарды басқару негізі
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар
Ұйым персоналының мотивациясын басқарудың және оның ролін кәсіпорын қызметінің тиімділігіне ықпалын тигізуін қарастыру
Басқару қызметтерін ұйымдастыру
Сеттік әлде мерзімдік жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz