Арматура түрлері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі
Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Бөлім:Құрылыс Техникалық
Цәк: «Арнайы құрылыс және Білім беру»
Пәні: «ҚЖӨТ»
Тақырыбы: Арматура түрлері
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған: Көшербай С.
Қабылдаған: Салыбекова Ж .
Қаратау 2013ж
Арматура түрлері
Арматура негізгі жабдықталу құрамына кірмейді, бірақ оның жұмыс орындаутын қамтамасыз ететін тетіктер мен құрылыстар;
темір бетон құрылғыдағы қаңқалар және езектер.
Арматура (латынша: аrmatura - құралдандыру, жабдықтандыру) - машиналардың, құралымдардың және ғимараттардың негізгі бөлігінің құрамына енбейтін, бірақ олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы (әдетте бір қалыпты) құрылғылар мен бөлшектер жиынтығы. Арматура қолдану мақсатына қарай:
құбыр өткізгішті арматура
электр машинасын жасаудағы арматура
электр жүйелеріндегі арматура
электр қуатын жеткізу желілеріндегі арматура
жарық техникасындағы арматура
металлургия пештеріндегі арматура
құрылыс арматурасы болып бөлінеді.
Құбыр Арматурасы су, бу, газ және жанармай жүретін құбырларда, сондай-ақ химиялық, тамақ т. б. өнімдер қайта өңделетін өнеркәсіптерде;
электр машиналарын жасаудағы Арматура электр машиналарының ток жеткізуші және қосалқы бөлшектерінде;
электр жүйелеріндегі Арматура қалқандарда, патрондарда, ажыратып-қосқыштарда т. б. ;
электр қуатын жеткізу желілеріндегі Арматура оқшаулағыштарды бағанаға, ал сымдарды оқшаулағыштарға бекітуге арналған бөлшектер мен тетіктер құрамында;
жарық техникасындағы Арматура жарық ағынын реттеуге және көзді өткір жарық сәулесінен қорғауға, электр тогын жеткізуге, электр шамдарын бекітуге және оларды сынып қалудан сақтауға арналған жарық беретін құрылғылардың бөлшектері құрамында;
металлургия пештеріндегі Арматура пештің ыстыққа төзімділігін арттыруға және оның сыртқы бетін салқындатуға қажетті металл бөлшектері құрамында;
құрылыс Арматурасы құралымды күшейту үшін темір бетонда өзек, сым, каркас, тор т. б. түрінде қолданылады.
Ол әр түрлі пішінде жасалады . Арматуралық металл ретінде көміртекпен аз легирленген болат пайдаланылады. Қазақстанда Арматура Қарағандыда, Теміртауда, Павлодарда шығарылады.
Арматуралық жұмыстар
Бетон және темір бетон конструкцияларына өзек ретінде есілген, ыстық немесе салқын күйінде бедерленген арматуралар қолданылады.
Арматура дара, торлы қаңқа түрінде болады. Ол темірбетонның сызықтық ұлғаю коэффициентін арттырады. Ал бетон арматураны қорғаныш қабаты арқылы тоттан, оттан, сақтайды. Қорғаныш қабатының қалыңдығы 10 - 25 мм-ден кем болмауы керек. Темірбетон арматуралар қолдану шартына, дайындау әдістеріне, пішініне, материалына байланысты арматуралық болаттар кернелетін және кернелмейтін болып бөлінеді.
Пішініне және дайындау әдісіне байланысты ыстық күйінде бедерленген Ф 6 -90мм-ге дейінгі жеке өзекті салқын күйінде созылған Ф - 3 -8 мм дөңгелек сым темір түрлерінде кездеседі. Арматура болаттары прокаттан біржола бекемденіп шықса, ыстықтайсозылған арматура деп аталады. Жеке өзекті ыстықтай созылған арматура деп аталады. Жеке өзекті ыстықтай созылған арматура болаттарына А-I А-II А-IV А-V шартты белгілері беріледі. Егерде арматура прокаттан шыққаннан кейін арнайы термиялық бекемдеуді қажет етсе, термиялық бекемделген арматура деиміз. Термиялық бекемделген жеке өзекті арматура болаттары қосымша «Т» индексімен белгіленеді.
Салқын күйінде соғылған болат сым (В-I) кернелмейтін темір-бетон конструкцияларында қолданыладыда соған орай кәдімгі арматуралық сым деп аталады. Ал В - II класты салқын күйінде созылған болат сым алдын ала кернелген темір-бетонда қолданылады да аса берік арматуралық сым деп аталады.
Кәдімгі арматуралық бұйымдар үш, жеті, тоғыз, он, сым еспелері мен сым арқандарға бөлінеді.
Соңғы жылдары құрылыста әр түрлі теріс әсерлерге төзімді пластикалық арматура көп қолданылатын болды. Пластикалық арматуралардың диаметрі - 3 - 6 мм, созу күшіне беріктік шегі 150 180 Мпа, серпімділік модулі 45000 - 5 Мпа, көлемдік массасы - 1, 9 т/м 3 -ге дейін жетеді.
Арматуралық болаттар қолдану алдында тазаланады, кесіледі, конструкциялардың формасына қарай иіліп, қажет болса салқын күйінде созылып нығайтылады.
Арматура жұмыстары негізгі екі жүйеге бөлінеді. Дайындау жұмыстары - арматураны түзету, кесу, ию; құрастыру жұмыстары- жеке өзектерден сымдардан тор, жазық және тік қаңқалар пісіру. Арматуралық, торлар, жазықтық және көлемдік қаңқалар, арматуралық бұйымдар арнайы заводтарда, құрылыс аланындағы шеберханаларда жасалады. Ірі арматуралық қаңқлар, арматура-қалып түріндегі қаңқалар арнайы ашық стендтерде жасалады. Арматуралық болаттарды ИО - 35В, СМ-338Д, СМ-759, ИБ-032 станоктарында түзетіп, кеседі. Аталған станоктар арматуралық сымдар кесуге арналған, 40-35В станогында жеке өзекті бедерленген арматура иіп, кесуге болады.
Темір -бетонның экономикалық тиімділігін арттыру, арматура, цемент толтырғыштар шығынын азайту, еңбек өнімділігін арттыру үшін арматуралық торлар, жазық және көлемді қаңқалар қолдану керек. Жоғарғы кестеде құрылыста жиі кездесетін арматура торларының сипаттамалары берілген.
Арматуралық торлардың, жазық қаңқалардың өзектерінің жалғасатын жерін қуатты ток күшімен балқытып, қысып біріктіру арматура құрастырудың негізгі түрі. Бұл әдісті контактілік, (түйістіру) нүктелік немесе электрлік - механикалық әдіс деп атауға болады. Ені 1000мм-ден асқан соң көп нүктелі аппараттармен пісіріледі.
Кеңістік қаңқалар алдын алажасалған жазық қаңқалардан торлардан, жеке өзектерден 7207/2қондырғыларда құрастырылып, ілмелі МТПГ-75 машинасымен пісіріледі. Арматуралық қаңқалар өзек диаметрі 30мм-ден артса, электр доғасымен
пісіріледі яғни электрод пен арматура арасына түзілген доғаның жылуы металды балқытып біріктіреді. Электр доғасымен пісіру еңбекті және электродты көп талап етеді. арматура заводтарында, ірі құрылыс алаңдарында өзек диаметрі 30-80 мм-ге дейінгі қаңқаларды электр шлагымен пісіреді. Бұл тәсілмен дәнекерлеу үшін арматура бөліктері жез астауға орнатылады. Жез астау арнайы құрамды шдакпен (флюс) толтырылады. Сонан соң пісірілетін бөліктердің жігіне электрод кіріктіріледі. Айнымалы ток арқылы балқыған флюс арматура бөліктерін біріктіреді. Құрылыс алаңдарында контактілік дәнекерлеу машиналары жоқ кезінде арматура бөліктері жез астауда дәнекерленеді.
Дәнекерленген кезде арматура бөліктері жез астауға орналастырылып, бөліктердің жік-жігіне электрод салынады. Айнымалы токжіберген кезде электрод салынады. Айнымалы ток жіберген кезде электрод салынады. Айнымалы ток жіберген кезде электрод пен жез астау арасында электр доғасы пайда болады. Электр доғасынан балқыған металл арматура бөліктерін бір-бірімен біріктіреді. Дәнекерленген жапсар сапасы, еңбек өнімділігі мен шығыны бөліктердің түйісуіне байланысты.
Кеңістік қаңқаларды дайындау, тасымалдау, орнату кезіндегі ескеретін жағдайдың бірі - жұмыс үстінде пайда болатын деформацияларды, соған байланысты қаңқаның беріктігін, қатаңдығын анықтау. Жеке арматураны және үлкен өлшемді арматуралық қаңқаларды құрылыс алаңына темір жолмен немесе авто-транспортпен жеткізеді. Жол-жөнекей арматуралық қаңқалар әр түрлі сыртқы күштердің салдарынан формасын өзгертпеуі үшін арасына ағаштан бетқағар жасайды.
Құрылыс алаңында бөлектеп жеткізілген жазық қаңқалар, торлар, өзектер сол жерде тұтастырылып орнатылады. Бұл жағдайда бұрын орналастырылған бөліктер келесі комплекстерге кедергі жасамайтындай болуы керек. Арматура конструкциялары жұмысшыларға қауып туғызбайтындай болып бекітілгеннен кейін ілгектен босатылады. Арматураларды орналастырғанда бетонның жобалы қорғаныш қабатын және жеке өзектердің белгілі ара қашықтығын мұқият сақтау керек. Қалыңдығы 100 мм плиталарда, ауыр бетоннан жасалған қабырғаларда бетонның қорғаныш қабаты 10 мм, қалыңдығы 150мм конструкцияларда 15 мм-ден кем болмауы керек. Бағаналар мен белағаштарға белдік арматураның диаметрі 20-32 мм болса - 25мм-ден; 30 мм - ден жоғары болса 30 мм-ден кем болмауы тиіс. Жұқа қабырғалы құрылыстарда кеуек толтырғыштар пайдаланылса қорғаныш қабаты 15-20 мм-ден кем болмауы тиіс. Бетон мен арматура ойдағыдай жымдасуы үшін арматуралық өзектердің арасы олардың диаметрінен кем болмауы қажет. Қалай болғанда да өзектердің арасы 20 мм-ден жақын болмағаны жөн. Үлкен өлшемді ірге тастарды, бағаналарды құйғандазаводта немесе шеберханада комплексті кеңістіктік арматуралық блоктар (бөліктер) қолданылады. Олар бірден көлік үстінен алынған бойда жобадағы орнына қондырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz