Бетон материалы


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану

Бөлім:Құрылыс Техникалық

Цәк: «Арнайы құрылыс және Білім беру»

Пәні: «ҚЖӨТ»

Тақырыбы:Бетон

Оқу түрі: кредиттік

Тобы: 1401-10-9б

Орындаған: Көшербай С.

Қабылдаған: Салыбекова Ж .

Қаратау 2013ж

Бетон

Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen - тау шайыры), құйматас - жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т. б. ), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т. б. ), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т. б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 - 2500 кг/м3), жеңіл (1800 - 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т. б. ) болып ажыратылады.

Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.

Цемент және құм.

Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.

Бетон технологиясы бойынша зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстанның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтында (1965 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеулер және жобалау институты) басталды.

Институтта бетонның суға төзімділігі зерттелді (А. И. Минас) .

Бетон қоспасының қатаюын тездету, үстеме қоспалар қосудың әдістері табылды (Ө. А. Аяпов) .

Жеңіл кеуек бетон түрлерін дала шпаты құмдарынан алу технологиясы жасалды (Қ. Қ. Қуатбаев, П. А. Ройзман) .

Бетон алу жұмыстарында бетон құрамына өндіріс қалдықтарын (шлак, күл, т. б. ) қосу арқылы олардың сапасын арттыруға болатындығы анықталды (Ө. А. Аяпов, т. б. ) . Қазір бетон жасау технологиясын жетілдіру және оның сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінен көптеген ғылыми зерттеулер (Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, т. б. ) жүргізілуде.

Бетон байланыстырғыштары

Бетон құрамына кіретін құм, қиыршық және жарықшақ тастар тұтқыр заттар арқылы біріктіріледі. Олар органикалық (битум, қарамай және минералдық) цемент, әк гипс т. б. ұнтақ заттар) болып, қатаю, беку қасиеттеріне қарай ауалық, және гидравликалық болып бөлінеді. Гидравликалық байланыстырғыштар ауада және су ішінде бекіп қатаяды. Бұл топқа пуцолланцементтер, портландцементтер, роман цементі және гидравликалық әк жатады. Ауалық байластырғыш тобына әк, құрылыс гипсі, каустикалық магнезит және доломит пен ангидритті байластырғыштаржатады. Солардың ішінен аса көп тарағаны портландцементтер. Портландцемент әкті, сазды тау жыныстарынан жасалады. Ол үшін аталған түзілімдер заводтарда ұсталып, майдаланып арнайы пештерде күйдіріледі. Цементтердің көптеген қасиеттері бар, оның ең бастысы - цементтің сумен араластырғанда тез бірігіп қатаятындығы, жасанды тасқа айналуы. Цементтің құрылыста көп таралуы міне осыған байланысты. Цементтен жасалған тастың сапасы марка түсінігімен сипатталады. Марка - цементтен жасалған тастың 28 - тәуліктен кейін игерген қысым күшіне беріктік шегі. Байланыстырғыштардың қатаю және беку қасиеттері олардың химиялық және минералдың құрамына байланысты.

Құрылыста кеңінен тараған портландцементтің химиялық минералдық құрамы көрсетілген.

Портландцементтердің қай түрі болса да (шлакты немесе пуццолан) тұз бен қышқылдарды су ерітіндісімен араластырған соң байланыстырғыш қасиетке ие болады. Цемент құрамында үшкальцилік силикат 3 Са SiO 2 - 60% - тен артық болса, алитцемент деп аталады. Цемент құрамында 35%-тен көбі екі кальцилік силикат болса, ол белитцемент деп аталады.

Цемент құрамындағы үш кальцилік алюминат цементі деп аталады. Цементтің негізгі қасиеттері - суыққа төзімділігі, қысымға беріктік шегі, қатаю мерзімі қалып формасына тез енуі. Осы қасиеттерді арттыру үшін әр түрлі үстемелер қолданылады. Портландцементтердің қалыпқа құйылу, қалып көлемін тез толтыру т. б. пластификациялық қасиеттерін арттыру үшін цемент жасайтын минералдық шикі заттармен бірге арнаулы полимер материалдар қосылып, майдаланып күйдіріледі. Мұндай цементтердің ылғал сіңіру қасиетін төмендету үшін асидол, асидол - мылонафт қосылады. Ондай цемент көпке дейін құрғақ күйінде сақталады.

Жол табаны ретінде пайдаланылатын цементтер пластифицирленген немесе гидрофостық цементтердің бір түрі. Бұл цементтерде үш кальцийлік силикат, төрт кальцийлік алюмоферрит негізі молырақ болуы керек.

Түсті цементтержамылғы тақта, ірге тасты қаптағыш тақталар жасауға және үйлердің қабырғасын әшекейлеуге қолданылады. Түсті цемет дайындау үшін клинкерге ақ диатомит, бояғыш пигменттер қосылады.

Цементтердің түрлері құрылыс саласына байланысты. Құрылыста жоғарыда аталған цементтерден басқа глинозем, ылғал өткізбейтін т. б. цементтер кездеседі. Цементтердің негізгі түрлерімен, оны дайындау технологиясымен кеңірек танысу үшін арнаулы әдебиетті оқыған жөн. Әктік байланыстырғыш тобына құрылыс гипсі, шлак және гидравликалық әктен жасалған байланыстырғыш жатады. Олардың беку, қатаю процесі ауа және су ықпалымен жүреді. Әк - пуццолон байланыстырғыштары ауа немесе гидравликалық әкке минералдық үстемелерді араластыру арқылы дайындалады. Оның беку мен қатаюын арттыру үшін 5% гипс қосады. Гипс байланыстырғыштары құрылыс гипсін минералдық үстемелермен араластыру арқылы дайындалады.

Бетон толтырғыштары

Бетон толтырғыштары ауыр және жеңіл болып екі топқа бөлінеді. Ауыр толтырғыштарға ұсақ (диаметрі 5мм-ге дейін) жарықшақ немесе малта тастар мен құм тобы жатады. Жеңіл толтырғыштарға жасанды заттар (керамзит; термозит; аглопорит), пемза, туф қосылады. Бетон толтырғыштары ретінде қолданылатын құм ұсақ түйірлі (0, 14-0, 25мм), орташа түйірлі (0, 25-0, 5мм) болып салмағына қарай ауыр (1200кг/м 3 дейін) құм болып бөлінеді. Құрылыста қолданылатынқұмның ішінде жарықшақтар немесе малта тас болмауы керек. Бола қалған жағдайда олардың ірілігі 5 - 10 мм-ден мөлшері 5% - тен аспауы керек. Құрылыста қолданылатын құм түйіршіктерінің ірілігіне юайланысты ірілік модульмен сипатталады.

Қиыршық және малта тас толтырғыштар түйіршіктерінің ірілігіне байланысты төрт фракцияғ бөлінеді: 5 - 10 мм, 10 - 20 мм, 20 - 40 мм, 40 - 10 мм-ге дейін. Бетонның ойдағыдай берік болуы үшін оның құрамындағы су, байланыстырғыш, толтырғыштар мөлшері инженерлік есеппен дәл анықталып мұқият тексеріліп отыруы тиіс.

Бетондар, Бетон ерітінділері

Бетон ерітінділері деп су, байланыстырғыш, толтырғыш материалдарының ара қатынасы сақтала отырып шыланатын қоспаларды айтамыз. Бетон ерітінділері мен қоспалары арнаулы кәсіпорындарында дайындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетондық араласпаның қасиеттері
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Бетон цементтің түрлері
Қазақстан құрылыс экономикасында бетонның алатын орны және оның даму перспективалары
Құрылыс туралы жалпы түсінік
Бетондар және олардың құрамы, ерекшеліктері, қасиеттері, құрылыста қолданылуы
Құрлыс туралы түсінік
Құрылыс материалдары
Бетон өнімінің қоспаларын сынау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz