Әкімшілік құқықтың түсінігі және қайнар көздері


Дәріс №5 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі және қайнар көздері
1. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
2. Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның құқық салаларының ішіндегі орны.
3. Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері.
Әкімшілік деген сөз латын сөзінен аударғанда “басқару” деген мағынаны білдіреді. Яғни, әкімшілік құқық басқару саласындағы биліктік қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың түсінігін мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастармен байланыстырады.
Әкімшілік құқықтың пәні болып ол реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы табылады.
Теорияда әкімшілік құқықтың пәнін шартты түрде екі топқа бөліп қарастырады:
1) ішкі аппараттық қатынастар - мұнда сәйкес құқықтық нормалар атқарушы билік органдарының жүйесін, оларға бағынысты мекемелерді, олардағы қызметті ұйымдастыруды және жұмыстардың нысандары мен әдістерін бекітеді;
2) әкімшілік биліктің кәсіпорындармен, мекемелермен, кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдармен, азаматтармен қарым-қатынастары.
Әкімшілік құқық тек әкімшілік әсер ету құралдарының жүйесін құрайды: әкімшілік мәжбүрлеу, лицензиялау, тіркеу. Әкімшілік мәжбүрлеу - әкімшілік құқық пәнінің маңызды бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, әкімшілік құқықтың пәніне азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарауға байланысты қатынастар да жатады.
Жоғарыды аталғандарды қорытындылай келе, әкімшілік құқықтың пәніне мынадай анықтама беруге болады.
ҚР-ның әкімшілік құқығының пәні болып мемлекеттік әкімшіліктің қалыптасу және қызмет ету процесінде және әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын, басқа да әкімшілік әсер ету шараларын қолдану, азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарау барысында пайда болатын билік қатынастары табылады.
Әкімшілік құқық пәнін басты құрамдас бөлігі, оның негізі болып мемлекеттік әкімшіліктің азаматтар және ұйымдармен қатынастарының жүйесі табылады. Әкімшілік құқықтың басты міндеті болып азаматтардың құқықтары мен міндеттерін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету табылады.
Әкімшілік құқықта қолданылатын құқықтық реттеу әдісі құқықтық әсер етудің негізгі тәсілдерімен қатар бірқатар ерекшеліктерге ие:
а) міндеттеу - құқытық нормада қарастырылған жағдайға сәйкес белсенді түрде белгілі бір әрекетті орындауға тікелей заңды міндетті жүктеу;
ә) тыйым салу - құқықтық нормада көзделген жағдайларға сәйкес белгілі бір әрекеттерді жасамауға тікелей заңды міндетті жүктеу;
б) рұқсат беру - құқықтық нормамен көзделген белгілі бір әрекеттерді субъектінің қалауына қарай орындауға немесе орындамауға заңды түрде рұқсат ету.
Әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері мемлекеттік басқарудың ерекшелігімен тығыз байланысты. Себебі, бұл салада көп жағдайда бағынушылық қатынастар орын алған. Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жәйт - әкімшілік-құқықтық қатынастар басым көпшілік жағдайда мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның) бір жақты ерік білдіруінің негізінде қалыптасады. Мысалы, бұйрық, шешім, қаулы және т. б. Яғни, әкімшілік құқықтық реттеу заңды теңдігі жоқ қатысушылар субъектілері болып табылатын қатынастарға бағытталған.
Қоғамның санасында әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасып кеткен. Алайда, әкімшілік құқықты мемлекеттің экономикада және басқа да қоғам өмірінің салаларында белсенді араласуы ретінде сыңар жақ түсінуге де болмайды. Әкімшілік құқық мемелекеттің мүддесіне қызмет ете отыра, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңды түрде жоғары тұруын қатаң сақтайды.
Кез-келген құқық саласының өзіндік ерекшеліктері болып оның пәні және әдістерімен қатар жүйесі де табылады. Мұндай кезектілік әкімшілік құқықта айқын көрінеді.
Әкімшілік құқық - реттеудің әдістерін, қағидаларын, мақсаттарын, пәнін біріктіретін құқықтық нормалардың біртұтас жүйесі. Бұл нормалар бір-бірімен тығыз байланысқан, бірдей қағидаларға негізделеді, бірдей түсініктер жүйесін пайдаланады. Сала ішінде әртүрлі заң күшіне ие, жалпы және арнайы нормалардың субординациясы айқын көрінеді.
Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынстардың міндетті субъектісі болып мемлекет табылады.
Қазіргі кезде әкімшлік құқықтың мақсаттары мен міндеттеріне деген көзқарастар түбегейлі өзгеруде. Атқарушы биліктің міндеттерінің ішінде басты орынды адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту, сақтау және қорғау иеленген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және жүзеге асырудың деңгейі - биліктің жүзеге асырылуының тиімдлігінің көрсеткіші.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:
1) Мемлекеттік әкімішіліктің тиімді қызметіне жағдай жасау;
2) Азаматтардың, мемлекеттің, қоғамның қауіпсізідігн қамтамасыз ету;
3) Жүзеге асырылуы атқарушы билікпен байланысты азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;
4) Экономиканы дамытуға жағдай жасау;
5) Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
6) Азаматтарды және қоғамды мемлекеттік әкімшіліктің өзіндік билігінен, немқұрайдылықтан және билікті заңсыз пайдалануынан сақтауды қамтамасыз ету.
Әкімшілік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден құралған.
Жалпы бөлім мемлекеттік әкімшілік үшін жалпы реттеуші және жалпы қорғаушы нормаларды құрайды. Сондықтан да, өз кезегінде, жалпы бөлімнің нормалары екіге бөлінеді: жалпы реттеуші және жалпы қорғаушы нормалар.
Ерекше бөлім әкімшілік биліктің әрекет етуінің жекелеген салаларындағы арнайы реттеуші және қорғаушы нормалардан құралған.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері деп әкімшілік құқықтық нормалардан тұратын мемлекеттік органдардың актілерін айтамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz