Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех



І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Бұйымның номенклатурасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . . . . . .
3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4. Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу. .
3.6. Қондырғылардың өнімділігі және саны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.7. Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.8. Жобаның технико . экономикалық көрсеткіштері. . . . . . . . . . . . . . . .
IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қауіпсіздік техника шаралары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
V.Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VII. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема.
Қазақстан Республикасының "Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасында" Қазақстан Республикасы Президенті былай деген:
«Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай – ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі.
1. Қ.Бисенов, А.Кулибаев « Сәулеттік материалтану», Алматы 2006 жыл «ИздатМаркет» 384 - 393 беттер.
2. С.С.Үдербаев «Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі» Қызылорда 2007 жыл, «Тұмар» 89 – 124 б.
3. Баженов Ю.М., Комар А.Г. «Технология бетонных и железобетонных изделий.» Учебник для вузов. – М: Стройиздат, 1984 – 672 б.
4. Цителаури Г.И. «Проектирование предприятий сборного железобетона.» Учебник для вузов. – М: «Высшая школа», 1986 – 312 б.
5. Комар А.Г. «Строительные материалы и изделия.» Москва :«Высшая школа» 1988 – 527 б.
6. Баженов Ю.М. «Технология бетона.» Учебник – М: Издательство Ассоциации строительных вузов, 2002 - 500 б.
7. Орлов Г.Г. Охрана труда в строительстве. М: «Высшая школа», 1984
8. . Соловьев В.И., Есиркепов А.Б., Изжанов М.М., Сейкетов Б.Б. Проектирование предприятий сборного железобетона. Учебное пособие. – Алма-Ата, 1987 – 70 б.
9. « Бетон технологиясы ІІ» пәнінен әдістемелік нұсқау

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет

Жобаға берілген тапсырма . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .

І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Бұйымның номенклатурасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . .
. . . .
3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . .
3.4. Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . .
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу. .
3.6. Қондырғылардың өнімділігі және саны. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
3.7. Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .
3.8. Жобаның технико – экономикалық көрсеткіштері. . . . . . . . . . . .
. . . .
IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . .
Қауіпсіздік техника шаралары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
V.Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .
VII. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема.

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасының "Құрылыс индустриясын және құрылыс
материалдары өндірісін дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған
бағдарламасында" Қазақстан Республикасы Президенті былай деген:
Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай – ақ қазіргі заманғы
жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің
өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені
тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін
әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді.
Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін
ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән
ерекшеліктері бар. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс
өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі,
капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары
дәрежесі.
Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына
қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін
жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі – бұл шамамен 20 дербес салаларды қамтитын
кешенді сала, олардың көпшілігінің құрамында бірнеше өндірістер бар, бұл
ретте әрбір сала жалпы құрылыс материалдары нарығының жиынтығын құрай
отырып, өз нарығын қалыптастырады.
Қазақстанда цемент, құрастыру темір – бетонын , керамика тақташаларын,
жылу оқшаулағыш материалдарын, лактарды, бояуларды, тұсқағаздар мен басқа
да бұйымдарды өндіру бойынша кәсіпорындарды қайта жарақтандыру төмен
қарқынмен жүзеге асырылуда. Жеке машина жасау дамымаған, жүк көтеру және
құрылыс машиналары, көтеру – көлік тетіктері, технологиялық жабдықтар,
санитарлық – техникалық бұйымдар, әйнек өндіру зауыттары жоққа тән.
Бүгінгі күні құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі Қазақстанның
құрылыс кешені қажеттіліктерінің бір бөлігін ғана қанағаттандыра алады және
осының салдарынан құрылыс материалдарының барлық түрлері бойынша
тапшылыққа жол бермей, нарықтағы елеулі үлесті импорт өнімі иеленеді.
Күрделі құрылысты индустриялаудағы айтарлықтай жетістіктер ең алдымен
бетон және темірбетон бұйымдарының кеңінен қолданылуымен тікелей
байланысты.
Темірбетон ең алғаш Францияда жасалды, бастапқы кезде одан қарапайым
бұйымдар дайындалды: терезе мен есік маңдайшалары, іргетастық блоктар,
жабылым плиталары. Кейінірек ғимараттың кейбір элементтерін темірбетоннан
құймалы әдіспен дайындай бастады.
Өзінің шығармашылығын темірбетонның эстетикалық қасиеттерін анықтауға
арналған тұңғыш сәулетші О. Перре болды.
Қазіргі кезде, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының толып
жатқан номенклатураларын жасап шығаратын көптеген өнеркәсіп орындары бар.
Бетон және темірбетон конструкциялары өнеркәсіптерінің дамуы өнеркәсіп
жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу дәрежесіне
сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік жетістіктер
деңгейіне жоғарыланған.
Қазір бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу
үшін кеңінен қолданылатын материалдар мен бұйымдар. Бұдан былайғы уақытта
да, олар құрылыстың барлық сатысында ең көп қолданылатын маңызды
материалдар, бұйымдар және конструкциялар болып қала беруінде күмән жоқ.
Бетон құрылыста кеңінен қолданылудағы бастапқы негіз, ол
байланыстырушыны және толтырғыштары өндіруге қажет табиғи шикізаттың
таусылмас қорының барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін
өнеркәсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі
толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып,
бетон орташа тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және
өнеркәсіптік құрылыстардың , оның ішінде жерастында, суастында және
суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын
қанағаттандыру мүмкіншілігі. Темірбетон конструкцияларына қажетті
архитектуралық және пайдаланарлық қасиеттерін беру мақсатында қолданатын
көптеген құрылыс және өңдеме материалдарымен бетонның сыйысушылығы.
Бетон және темірбетон конструкцияларының беріктілігі мен мәңгілігінің
жоғарылығы, олардың жоғары температура және агрессивтік орта әсерлеріне
тұрақтылығының жоғарылығы, су астында бетонның қатайып мықтылығын
жоғарылататын қабылеті, бетонның және темірбетонның үйлерді, ғимараттарды
және конструкцияларды арналуына және пайдалануына сәйкестендіре салу және
тұрғызу мүмкіншілігі құрылысшыларды ертеден қызықтырған.

ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат

Біздің елімізде өндірістік және азаматтық құрылыста 90 % шамасында
бірыңғай типті темірбетон конструкциялары қолданылады. Яғни завод талабында
технологиясында дайындаоған бұйымдар. Бұл талаптарға бұйымның шекті
салмағы, оның пішіні және өлшемі, армирлеу түрі және т.б.
Әртүрлі бұйымдар мен конструкцияларды дайындау әдісі номеклатураға,
әрбір әдістің технологиялық ерекшеліктеріне және өндіріс көлеміне
байланысты таңдалынады. Өндіріс әдісінің ең маңызды көрсеткіші болып бұйым
өндірісінің техника-экономикалық көрсеткіші болып табылады.
Темірбетон бұйымының номеклатурасы көп. Өндірістің негізгі шарты болып
бұйым түрлерінің максимальді қысқаруы табылады.
Темірбетон конструкциялары келесідей болып жіктелінеді: қолдану аясы
бойынша – өндістік, тұрғын-азаматтық және құрылыстың басқа да түрлеріне;
ғимараттар мен үймереттерде тағайындалуы бойынша – іргетас, жабын, қабырға
және т.б. элементтеріне; геометриялық формасы бойынша – тақталық, блоктық
және т.б.; көлденең қимасының құрылымы және формасы бойынша – тұтас,
қуысты, қабатты, массивті және т.б.; армирлеу сипатына байланысты – бетонды
және темірбетонды, бетон түріне байланысты – ауыр, жеңіл, ұялы.
Біртектес бұйымдар типтік өлшеміне, маркасына байланысты бөлінеді.
Дайындау технологиясы бұйым формасына, оның габаритіне және салмағына,
бетон түріне және армирлеу сипатына байланысты анықталады.
Құрылыстың белгілі бір түріне (тұрғын, өндірістік) арналған комплекті
өнім шығаратын темірбетон зауыттың өнімнің белгілі бір түрін дайындайтын
экономикалық жағынан тиімді бірнеше технологиялық линиясы болады.
Номеклатураға және дайындалатын өнім түріне байланысты құрама
темірбетон өнеркәсібі кәсіпорынның келесідей түрлеріне бөлінеді:
мамандандырылған – үй құрылысы комбинаттары (ДСК); үй құрылысына арналған
іріпанельді цехтар мен заводтар (КПД); үй құрылысына арналған көлемді-
блокты зауыттар (ОБД); зауыт құрылысы комбинаттары (ЗСК); ауылдық құрылыс
комбинаттары (ССК); тар көлемде мамандандырылған зауыттар және арнайы
тағайындалған бұйымдар мен құбыр, ЛЭП опоры, шпал өндіретін цех ,
темірбетон бұйымдарының универсальды зауыттары, өндіріс кәсіпорындарының
комбинаттары, темірбетон бұйымдарының комбинаттары.
Мамандандарылған кәсіпорындар типтік ғимараттар мен үймереттерді
монтаждау үшін сериялық бұйымдар мен конструкциялар шығарады. Осындай
кәсіпорындардың жекеленген технологиялық линиялары толық мамандандырылған.
Үй құрылысы комбинаты әр түрлі тұрғын үйлерге арналған комплекті
бұйымдар мен конструкциялар шығарады – сыртқы және ішкі қабырға панельдері,
жабын тақталары, санитарлық-техникалық кабиналар, баспалдақтар, сондай-ақ
олардың монтажын шығарады.
Біздің елде ірі панельді үй құрылыстары өте көп және қуаттылығы

жылына 9-16 қабатты үй салуға есептелген 100-140 мың м2 үй ауданы
комбинатының жобасы жасалды.
Үй құрылысына арналған көлемді-блокты зауыттар тұрғын және қоғамдық
ғимараттарының құрылысы үшін көлемді темірбетон элементтерін дайындайды.
Зауыт құрылысы комбинаттары бірыңғайландырылған номеклатурада құрама
темірбетон конструкцияларын өнеркәсіптік ғимараттарға өндіруде: фермалар,
кранасты бөренелер, бағаналар, қабырға ж әне жабын тақталары және т.б.
осындай кәсіпорындардың қуаттылығы жылына 200 мың м3 құрама темірбетон
бұйымдары.
Тар көлемде мамандандырылған зауыттар стандартты, бір түрлі темірбетон
конструкцияларын шығарады. Мұндай зауыттарға темірбетон шпал зауыты, ЛЭП
және т.б. жатады. Мұндай заары сапалы материалдан жасайды.
Универсалды зауыттар мен полигондар кең көлемдегі номеклатурада әр
түрлі бұйымдар шығарады. Мұндай зауыттарда жабдықтар аз механизацияланған,
мамндандырылған қондырғылар аз болып келеді.

ІІІ.Технологиялық бөлім

3.1.Бұйымның номенклатурасы

Темірбетон - бетоннан және болатты арматурадан, монолитті жалғанған
және конструкцияда тұрақты жұмыс жасаушы бұйым.
Құрама темірбетон бұйымдарын және конструкцияларын негізінен сызықты,
жазықты, блокты және көлемді етіп шығарады. Сызықты түріне бағаналар,
фермалар, ригельдер, балкалар, прогондар; жазықты түріне – жабын плиталары,
қабырға панельдері және қоршаулар, бункерлер мен резервуарлар қабырғалары
және т.б.; блокты түріне – массивті іргетастар, үй асты қабырғалары және
т.б.; көлемді түріне – санитарлы-техникалық кабиналар, блокты бөлмелер,
құдықтардың сақиналары және т.б. жатады.
Көліктік жабдықтаудың шарттары бойынша элементтердің ұзындығы ережеге
сәйкес 25м аспауы қажет, ені 3м және массасы 25т. Негізінде бұйымдарды
пісірілген торлармен, каркастармен және ірілендірілген арматура блоктарымен
армирлейді.
Құрама темірбетон конструкцияларын дайындау үшін кең диапазонды бетон
қолданылады. Яғни тығыздығы, беріктігі, аязғатөзілімдігі және сусіңіргіштік
қасиеті бойынша мықты. Мысалы, көтергіш темірбетон конструкциялары үшін
маркасы М150 – М500, тығыздығы 1200 – 2000 кгм3; қоршау контрукциялары
үшін М50 – М100 маркалы жеңіл бетондар қолданылады, тығыздығы 700 – 1000
кгм3.

3.1.1. – кесте.Темірбетон бұйымдарының номенклатурасы

Бұйым Өндіріс көлемі, құрама
темірбетон бұйымдарының
жалпы шығарылымы %
Іргетас 4,2
Қада, шпунты 4,2
Іргетас блоктары 1
Бағаналар 3,9
Ригелдер 2,4
Балкалар және ферма жабындары 5,4
Жабын тақталары 7,8
Аражабын тақталары 26
Қабырғалық панельдер 16,5
Санитарлы - техникалық кабеналар және 3,2
желдеткіш блоктар
Баспалдақ адымы, ауданы, балконды тақталар 1,6
Маңдайша 1,7
Тоннель және канал элементтері 4,1
Резервуарлар және силостар 2,6
Құбырлар 1,4
ЛЭП тіреуіштері 1,8
Көпір элементтері 1,2
Басқалары 10
Барлығы 100

Негізінен құрама темірбетон бұйымдары мен конструкциялар келесі
қасиеттер бойынша жіктеледі: бетон түрі, оның тыңыздығы, армирлеу түрі,
ішкі құрылуы және атауы, белгіленуі.
Бетон түріне және байланыстырғыштың қолданылуына байланысты цементті
бетондар ауыр кәдімгі тығыз толтырғыш, аса ауыр бетондар және кеуекті
толтырғыш негізіндегі жеңіл бетондар, ұялы бетондар және арнайы бетондар –
ыстыққа, химиялық төзімді, декаративті болып ажыратылады. Тығыздығы бойынша
бетондар аса ауыр 2500 кгм3 көп, ауыр бетон тығыздығы 1800 – 2500 кгм3,
жеңіл бетондар 500 – 1800 кгм3 , өте жеңіл 500 кгм3 төмен болып
жіктеледі. Армирлеу түріне байланысты алдын ала кернеуленген және кәдімгі
арматура болып бөлінеді.
Ішкі құрылымына байланысты бетондар біртұтас және қысты, бір бетоннан
дайындаоған түрі – бір, екі немесе көпқабатты әр түрлі шикізат түріне
байланысты бөлінеді.
Бір түрлі темірбетон бұйымдарының ерекшелігі бірөлшемдері, мысалы
бұрыштық, қабырға блоктары, терезе рлды тақтайшасы т.б. Олар маркалар
бойынша бөлінеді.
Құрама темірбетон бұйымдары аталуы және белгіленуіне байланысты:
тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, өндірістік ғимараттар, ауылшаруашылық
үймереттер, тасымалдау, гидротехникаоық құрылыс және жалпы бұйым атауы
болып бөлінеді. Бұйым зауыттан максималды күйде дайындарып шығарылады және
тұтынушыға аяқталған, жиналған кұйде, қосымша бөліктерді қажет етпейтін
күйде тұтынуға жіберіледі.
Ішкі қабырға панельдерін жаппайлармен немесе терезе және есік
ойықтарымен, жеңіл бетоннан бір қабатты етіп жасайды. Ал, ішкі қабырға
панельдері бір қабатты және есік ойықтарымен ұзындығы 7м, биіктігі 2,9 м
және қалыңдығы 200 мм дейін болады. Олар ауыр немесе конструкциялы жеңіл
бетоннан М 150-М 200 маркіде және конвейерлі, агрегатты – ағынды және
кассеталық әдістермен өндіріледі.

3.1.1– сурет . Жеңіл бетоннан жасалған қабырғалық панельдер.

3.1.2.– кесте. Жеңіл бетоннан жасалған қабырғалық панельдер номенклатурасы

№ Бұйымның Өлшемдері,мм Бетон Материал шығыны Бұйымның
маркасы маркасы массасы,т
L b h
L b h Бетон,м3Болат,кг
Бетон маркасы М М 150 М 200 М 300 М 400 М 500 М 600
100
Цемент маркасы300 300 400 400 500 550-600 600

Әртүрлі жылу ылғалдылық жағдайында қатаятын бетондар үшін цемент
таңдағанда, цементтің минералогиялық құрамын, майдалау жұқалығы мен
құрамындағы минералогиялық және тағы басқа толтырғыштарды ескерген жөн.
Су.
Бетон араласпасын дайындау үшін және бетонға су себу үшін құрамында зиянды
химиялыө қоспалар жоқ ауыз су мен табиғи су қолданылады. Зиянды химиялық
қоспаларға: сульфаттар, минералды және органикалық қышқылдар, майлар және
тағы басқа жатады. Өндірістік, ағынды және шалшықты суларды пайдалануға
болмайды. Бетон үшін судың жарамдылығын химиялық анализ арқылы анықтайды,
сонымен қатар бетон үлгілерін беріктікке сынау арқылы анықтайды. Егер 28
тәулікте қатайған, бетон үлгісінің беріктілігі, кәдімгі ауыз судан жасалған
бетон үлгісінің беріктілігінен жоғаоры болса онда бетон дайындауда
пайдаланылатын су жарамды деп есептелінеді.
Құм.
Қатты тау жыныстарының қирау нәтижесінде пайда болған дәндерінің ірілігі
0,14-тен 5 мм-ге дейінгі табиғи құмды ауыр бетон дайындау үшін майда
толтырғыш есебінде пайдаланылады. Құмның химиялық құрамы тау жыныстарына
байланысты әртүрлі болады. Көбінесе кварцты және слюдалы құмдар кездеседі.
Оның ішінде әкті құм көрек кездеседі.
Табиғи құ 3 түрге бөлінеді: өзенді, теңізді және таулы. Өзенді және теңізді
құмның дәндері домалақ, ал таулы құмның дәндері бұрышты болып келеді. Ол
бетонның байланысу қасиетін жақсартады.
Бірақ таулы құмның құрамында теңіз және өзенді құмға қарағанда зиянды
химиялық қоспалар көп болады.
Жасанды құмды қатты және тығыз тау жыныстарынан ұсақтау арқылы алады.
Олардың құрамында зиянды химиялық қоспалар кездеспейді. Бірақ та құмды
ұсақтау қымбатқа түседі, сондықтан оны беріктігі жоғары бетон өндірісінде
қолданылады. Ауыр бетон дайындау үшін құмның құрамы мен құнына баситы назар
аударады. Бетон дайындауда құмның дәндерінің құрамынынң маңызы өте зор.
Ауыр бетонда құм ірі толтырғыштар арасындағы қуыстарды толтырады, сонымен
бірге осы қуыстар цемент қамырымен толтырылады. Бірақ цемент қамырының
шығынын азайту үшін қуыстылығы төмен құмдарды пайдаланған жөн. Құмның
дәндік құрамы дәндерінің әр түрлі өлшемдерімен сипатталады.
Құмды дәндік құрамына байланысты ірі, орташа, майда және өте майда түрлерге
бөлінеді.

3.4. Материалдық балансты есептеу

Кассеталық қондырғыларда жазық панельдерді дайындау ұйқұрылысы
комбинатында кеңінен таралуда, басты критерийі өнімнің жинақта шығарылуы.
Бұйымды комплектте дайындау үйді монтаж ырғағын қамтамасыз етеді. Бұйым
өнімін косплексті түрінде шығаруды ұйымдастыруға кіреді: кассеталық
қалыптың техникалық есебі; бұйымды кассетада тиімді жайып салу;
еңбексыйымдылығық есебі; кассеталық қалыпта бөліктер бойынша бұйымның әр
түрлі вариантта орналасуы.
Кассеталық қондырғының жылдық өнімділігі мына формула бойынша
анықталады:

P = B 1 T o.k F2 n

Мұндағы T o.k - кассеталық бір айналым жасау ұазқтығы,
T o.k = T ц +T ф +T у + t0

T ц Қалыптан босату ұзықтығы, қалқанды тазалау және майлау,
арматураны орнату, кассетаны жинау; t0- ескерілмеген уақыт резерві; F2 -
бір бұйым ауданы; n - біруақытта қалыпталынатын бұйым саны.
Бір кассетада тәулік ішінде желінетін өнім мына теңдікпен анықталады:
C=V1n Kob
Мұндағы Kob - кассетаның тәуліктегі айналу коэффициенті
Kob = 24 T o.k

Кассеталық қондырғыда жұмыс істеу графигін құрайтын және керккт
өндірістік ауданды анықтайтын негізгі технологиялық нормалар келесі:
- Кассетада панельдер дайындайтын бөліктер саны 8 – 14 дана
- Операциялардың максимальды ұзақтығы: 60 мин
- Бұйымды қалыптан босату және шығару 60 мин
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Х. Дулати атындағы ТарМУ Энергия қорын үнемдейтін технология және жергілікті шикізаттарды кұрылыс материалдар өндірісінде пайдалануды өндірісте игеру және жасау
Қабатты сыртқы қыбырғалық панельдерді конвейерлік әдіс бойынша өндіретін цех
Жасанды Кеуек материалдар
Газды бетон бұйымдарының түрлері
Бетонға арналған толықтырғыштар
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Бетон және темірбетон өндірісі
Газды бетон
Зауыттың жұмыс режимі және өнімділігі
Пәндер