Қазақстан –қазіргі заманғы халықаралық субъектісі


Қазақстан -қазіргі заманғы халықаралық субъектісі
1. Халықаралық құқық субъектісінің түсінігі.
2. Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде.
3. Ұлттар мен халықтардың халықаралық құқық субъектілігі.
1. Халықаралық құқық субъектісі дегеніміз- құқықтық нормалар негізінде заңды құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алатын, халықаралық қатынастарға қатысушы тұлғалар. Халықаралық құқықтың негізгі субъектілері:
1. Мемлекеттер.
2. Халықаралық ұйымдар.
3. Тәуелсіздік алу үшін күрестегі ұлттар.
Халықаралық қатынаста тұрақты және уақытша субъектілер болуы мүмкін. Тұрақты субъекттер ол мемлекеттер болып табылады. Халықаралық субъектісі болып тек күресті жүргізу кезеңінде тәуелсіз мемлекеттер құрғанға дейін, тәуелсіздігі үшін күрестегі ұлттар болып табылады. Ал кейбір халықаралық ұйымдар алдында қойылған мақсатқа жеткенше ғана өмір сүреді.
Халықаралық құқық субъектісіне келесі белгілер тән:
- Халықаралық қатынастарға бір тұлға ретінде қатысу.
- Белгілі сыртқы ерекшелігі
- Өзінің ерігін жүзеге асыру мүмкіндігі.
- Халықаралық құқықтық нормаларды қабылдауға қатысуы. Халықаралық құқық субъектілерінің құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болуы керек.
Халықаралық қабілеттілік дегеніміз - халықаралық құқық субъектілерінің субъективті құқықтар мен заңды міндеттерді иелену қабілеттілігі. Мысалы: мемлекеттер пайда болған уақыттан бастап құқық қабілеттілікке иеленеді.
Халықаралық әрекет қабілеттілігі дегеніміз - халықаралық құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін өз бетімен жүзеге асыру қабілеттілігі. 1970 жылғы халықаралық құқық принциптерінің Декларациясында, халықаралық құқық субъектілерінің келесі негізгі қатынастар бекітіледі, олар: 1. халықтардың өзін-өзі тануы (самоопределение народа) ; 2. территориясының қол сұғылмаушылығы; 3. Тәуеслсізді; 4. егеменді теңдігі; 5. Халықаралық қатынастарға қатысу құқылығы.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі болғандықтан өз территориясыеа қол сұғылмауына егеменді теңдігіне және халықаралық қатынастарға қатысу құқықтарының иесі болып табылады.
Жоғарыда аталған құқытардан басқада құқықтарды иелену және Қазақстан Республикасының халықаралық құқық субъектілігі оның мемлекеттік егемендігіне негізделген.
2. Мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде. Халықаралық құқықта мемлекет дегеніміз- тәуелсіз мемлекеттің барлық белгілері бар егеменді ел. Кезкелген елдер халықаралық құқықтық ұғымда халықаралық құқық субъектісі бола алмайды. 1933 жылғы мемлекеттер құқықтары мен міндеттері туралы Американ аралық Конвенцияда, халықаралық құқық субъектілерінің белгілері көрсетілген. Олар:
1. Тұрақты халқы.
2. Белгілі бір территориясы бар
3. Жоғарғы үкіметті.
4. Мемлекеттер мен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттілігі. (Осы конвенцияның 1-ші бабы) .
Халықаралық қатынастарда мемлекеттер, оларға міндетті ережелер бекітетін, мемлекеттің үстінен қарайтын қандайда болмасын билік жоқ, егеменді құрылымдар ретінде қарым-қатынастарда болады. Мемлекет аралық қарымқатынастарды реттейтін халықаралық құқықтық нормалар, мемлекеттердің еріктерін үйлестіру арқылы мемлекеттердің тәуелсіздіктерін сыйлай отырып мемлекеттердің өздерімен құрылады. Мемлекеттер келісім шарттардан және халықаралық құқықтардың басқа да қайнар көздерінен туындайтын міндеттемелерін орындауға тиіс және осы міндеттемелерді орындамағандығын ақтау үшін өзінің конституциясы мен заңдарының баптарына сілтеме жасай алмайды. (БҰҰ-ның уставының 2-ші бабы, 1969 жылғы халықаралық келісім шарттар туралы Вена Конвенциясында бекітілген) .
Ұлттар мен халықтардың халықаралық құқық субъектілігі. Ұлттар мен халықтардың халықаралық құқық субъектілігі жөнінде сөз қозғағанда негізінде отаршылдық тәуелдікте болатын және өзіндік ұлттық мемлекеттілігі жоқ ұлттар мен халықтар қарастырылады. Халықаралық құқық субъектілері болыр тек өзінің ұлттық бостандығы үшін және өзінің тәуелсіз мемлекетін құру үшін ұлттар мен халықтар табылады. Ұлттар мен халықтарды халықаралық құқық субъектілеріне қатарына, тек тәуелсіз мемлекет құрғанша, олардың атынан сөйлейтін, олардың күресін үйлестіруші орган құрғаннан кейін ғана жатқызуға болады. Халықтардың теңдігі және өзін-өзі тану принципі БҰҰ-ның уставының 1 бабының 2 тармағында бекітілген. Ұйымның өзі осы принцип негізінде ұлттардың арасындағы достық қатынастарды дамытуды мақсат етіп қояды. БҰҰ-ның уставының 76 бабына сәйкес қорғаншылық жүйенің (система опеки) негізгі міндеттерінің бірі болып халықтардың саяси әлеуметтік эәне экономикалық дамуы мен білім саласындағы дамуға ықпал ету және өзін-өзі басқару немесе тәуелсіздікке бағыттауға ықпал жасау. БҰҰ-ның Бас ассамблеясында бір ауыздан қабылдаған отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы, декларациясының приамбуласында барлық халықтар толық бостандыққа өзінің егемендігін және ұлттық территориясының бір тұтастығын сақтауға және осы құқықтарды жүзеге асыруға толық құқығы бар делінген.
Экономикалық ынтымақтастықты және халықаралық құқық нормаларын бұзбай өзара пайда принципі негізінде, халықтар өзінің мүддесі үшін табиғи байлықтары мен басқада ресурстарын өз бетінше иелік етуге құқылы. Декларация отар елдер және халықтарға тәуелсіздік ұсынуға байланысты келесі принциптермен міндетті шарттарды жариялайды олар келесі:
- Халықтарды шетелдік басқыншылыққа және үстемдікке бағындыру және оларды эксплотациялау БҰҰ-ның уставына қарама-қайшы және ынтымақтастықты дамытуға және бүкіл әлемде бейбітшілікті орнатуға кедергі келтіретіндігімен адамның негізгі құқықтарын жоққа шығару деп есептеледі.
- Барлық халықтар өзін-өзі тануға құқығы бар, сондықтан осы құқықтың негізінде олар өзінің саяси мәртебесін айқындап, өзінің экономикалық әлеуметтік және мәдени дамуын жүзеге асырады.
- Білім саласындағы жеткіліксіз саяси экономикалық әлеуметтік дайындығы еш-қашанда тәуелсіздікке жету жолындағы кедергі ретінде қарастырылмауы тиіс.
- Кезкелген әскери әрекеттер немесе репрессиялық шаралар қандайда сипатта болмасын тәуелді халықтарға қарсы бағытталғандықтан тоқтатылуы тиіс, бейбітшілік және бостандық жағдайында толық тәуелсіздікке ие болу мүмкіндігі берілгені жөн және олардың территориялық біртұтастығы құрметтелуі тиіс.
- Өзін-өзі басқармайтын территорияларды, сондай-ақ тәуелсіздікке жетпеген барлық басқада территорияларды, олардың еркіне және талабына сәйкес еркін түрде осы территорияларда тұратын халықтарға билік толығымен берілу үшін шаралар қолдану керек. Және дініне нәсіліне және тағы басқа келіспеушіліктерге қарамастан толық тәуелсіздікпен бостандықты пайдалану мүмкіндігі берілуге тиісті.
- Кезкелген елдің ұлттық бірлігін және территориясының біртұтастығын ішінара немесе толықтай бұзуға бағытталған кезкелген әрекет (талпыныс) БҰҰ-ның уставының принциптері мен мақсаттарына қарама-қайшы келеді деп саналады.
Халықаралық ұйымдардың құқықтық субъектілігі.
Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы келісім шарттар құқығы туралы. Вена конвенциясының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып саналады. Халықаралық ұйымдар 1997 жылдың ортасында құрылып, қызмет атқара бастады. 20 ғасырда олардың, жалпы саны 3000-ға жуық болды. Алайда халықаралық ұйымдардан тек үкімет аралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады. . Өйткені олардың құрылтайшылары халықаралық құқықтың субъектілері - мемлекеттер, сондықтан халықаралық ұйымдардың құқықтық субъектілігін мемлекеттер айқындайды. Барлық халықаралық ұйымдармен салыстырғанда ең кең көлемдегі халықаралық құқық субъектілігінің иесі болып БҰҰ-ы болып табылады.
Мемлекетті халықаралық тану, мойындау мәселелері.
Әлемде әлде бір мемлекеттер пайда болып 2-ші бір мемлекеттер өзінің өмір сүруін тоқтатып, халықаралық ұйымдар құрылып немесе тарқатылып жатады. Осындай өзгерістер барлық жағдайларда 2 маңызды құқықтық мәселелерін шешеді. Олар:
- Халықаралық құқықтың жаңа субъектілерін тану немесе танымау (мойындамау) .
- Халықаралық құқық субъектілерінің құқық сабақтастығын (правопреемства) айқындау;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz