Мәмілелер туралы



1.Мәмленің ұғымы, түрлері.
2. Мәмленің түрпішіндері.
Мәміленің ұғымы, түрлері. Мәміле кең тараған заңды деректердің бірі. АҚ 147 бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп түсіндіріледі. Мәміле мына белгілермен анықталады.
а) Мәміле – ерікті акт, яғни адамдардың ерікті әрекеті
б) Құқықтық әрекет (рұқсат етілген)
в) Мәміле азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы өзгертіліуі және тоқталуына бағытталған.
Мәміле азаматтық заңмен реттелетің құқықтық қатынстар туғызады. Ерікті акт ретінде мәмілеге психологиялық белгілер тән. Яғни тұлғаның белгілі бір заңды құқығымен міндеттер туғызуға ниетті болғандықтан мәміліге қатысушы ретінде оның ерік білдіруі қажет. Демек қатынасқа түсуші тұлғаның ішкі ниетін яғни еркін білдіру әдісін үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. тікелей ерік білдіру жазбаша немесе ауызша нысанда жасалады мысалы: келтірілген залалдың орнын толтыруға келісім туралы хабарлама хат алмасу және т. с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс№8Тақырыбы: Мәмілелер.
1.Мәмленің ұғымы, түрлері.
2. Мәмленің түрпішіндері.
Мәміленің ұғымы, түрлері. Мәміле кең тараған заңды деректердің бірі. АҚ
147 бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері
деп түсіндіріледі. Мәміле мына белгілермен анықталады.
а) Мәміле – ерікті акт, яғни адамдардың ерікті әрекеті
б) Құқықтық әрекет (рұқсат етілген)
в) Мәміле азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы өзгертіліуі
және тоқталуына бағытталған.
Мәміле азаматтық заңмен реттелетің құқықтық қатынстар туғызады.
Ерікті акт ретінде мәмілеге психологиялық белгілер тән. Яғни тұлғаның
белгілі бір заңды құқығымен міндеттер туғызуға ниетті болғандықтан мәміліге
қатысушы ретінде оның ерік білдіруі қажет. Демек қатынасқа түсуші тұлғаның
ішкі ниетін яғни еркін білдіру әдісін үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. тікелей ерік білдіру жазбаша немесе ауызша нысанда жасалады
мысалы: келтірілген залалдың орнын толтыруға келісім туралы хабарлама хат
алмасу және т. с.
2. жанама ерік білдіру белгілі бір әрекет арқылы тұлғаның мәмілеге
қатысуға ниет білдіруі бұл әрекет конклюденттік (лат. concluotere – нәтиже
жасау, қортындылау) мысалы метро жол ақысын төлеу тауардың дүкен сөрелеріне
орналасуы өз бетімен тұлғаның мәмілеге отыруын білдіреді А. К. 151 б. 2
т. көрсетілгендей конклюдентті болып тек қана ауызша жасалына алатын
мәмілелер танылады.
3. ерік білдіру үндемей қалу арқылыда жүзеге асырылады, тек бұндай
әрекет заңмен белгіленген немесе тараптардың келісімімен кепісілген
жағдайларда іске асады мысалы: егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі
бітседе жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы
бұрынғы шартқа сүленіп мерзіміне қарамай-ақ мүлікті пайдалануына болады.
Мәмілелер әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Мәмілердің барлық
түрлерін қамтитын жіктейтін жүйесі жоқ, осыған байланысты мәміленің қай
түрге жататыны бірнеше топпен анықталады. Мысалы: сату сатып алу – екі
жақты қайтарымды консенсуалды, қаузалды мәміле.
Мәмілелерді жіктеу:
➢ мәмілелер қатысушы тараптардың санына байланысты: бір жақты, екі
жақты немесе көп жақты деп бөлінеді;
➢ пайда болу сәтіне байланысты: нақты және консенсуалды;
➢ құқықтар мен міндеттердің пайда болу және жойылу сәтіне байланысты:
шартты, мерзімсіз, жедел;
➢ құндылығына байланысты: құнды немесе құнсыз;
➢ құқықтық негізі мен мәміленің іс-әрекет байланысының дәрежесіне
қатысты: каузалды және абстрактілі болып бөлінеді.
Мәміленің жарамдылық шарттары. Мәміле 4 элементтің бірлігін
құрайды: субъектілер – мәміліге қатысушы түлғалар, субъективтік жағы –
ерік пен ерік бірдірудің бірлігі, нысаны және мазмұны төртеуінің біреуінің
ақауы мәміленің жарамсыздығына әкеледі. Яғни мәміле жарамсыздығы бұл
мәміленің нәтижесінде ешқандай құқықтың салдар туындамайды, әрекеттің заңды
дергін туғызбайды деген түсінік береді. Мәміле субъектілері, әрекет
қабілетті кез-келген азаматтық құқық субъектісі. Өз бетімен мәміле жасау
қабілеті әрекет қабілетінің басты элементі заңды түлғаның әрекет
қабілеттілігі біріншіден құрылтай құрлатында көрсетілген мақсатымен,
екіншіден заңды түлғаның атынан мәмілеге отыру құқығы бар органның
окілеттелегемен сипатталады.
Мәміледегі ерік және ерік білдіру. Ерік пен ерік білдіру бірлігінің
мәміле жасауда маңызы зор. Сол сияқты ерік білдіру нысаны белгілі рольді
атқарады. Мысалы, тараптың ешқандай сыртқы ықпалсыз (зорлық, қорқыту т. с.
с. ) ішкі өз еркін білдіруі немесе мәміленің нақты мазмұның, жеке
элементтерін түсінбей біреудің жетегінде (алдау, жаңылысу) кету.
Осыған орай заңда тараптардың ерік білдіруі заңда анықталған нысанда
жүзеге асырылуы көзделген. Осы ерік білдіру нысанының бұзылуы мәміленің
жарамсыздығына әкеледі.
Мәміле нысаны. Мәміле нысаны ауызша және жазбаша болады. Ауызша
нысанда заңда ие тараптарымен басқа нысан көздемиесі барлық мәмілелер
жасалады (АК 151 б. ). Жазбаша нысан жай және нотариалды болып бөлінеді.
Жазбаша нысанда тараптардың еркі, мәміле мазмұны бірлігі бір құжатта
көрініс тауып қатысушылар қол қоюымен бекітіледі. Нотариалды
куәландырылған яғни жоғарыдағы жазбаша құжат нотариус немесе осы әрекеттке
өкілетті лауазымды түлғамен куәландырырады. Жазбаша нысанның міндетті шарты
құжатқа өкілетті адамның қол қоюы. Егер қатысушы ауру білімсіздік
салдарынан қол қоя алмаса оның өтініші мен басқа адам қол қойып құжат
нотариалды куәландандырылады. Қол қоюшы мәмілеге қатысушы болып табылмайды
тиісінше ешқандай құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Мәміленің жазбаша
нысандығың сақтаудың қажеттілігі мәміле субъектілерінің құрамына тәуелді.
Жарамсыз мәміле түрлері. Мәміле жарамдылығы оны құрайтын
элементтердің жарамдылығына тәуелді. Осы элементтердің қайсыбірінің
ақаулығына байланысты жарамсыз мәмілелерді былай топтастыруға болады. а)
субъект құрамының ақауы бар. б) ерікке қатысты ақауы бар. в) нысанының
ақауы бар. Сонымен қатар Азаматтық кодексте мазмұны заң талабына сәйкес
келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма
көзделген (АК 158 б. ).
2. Мәмленің түрпішіндері.
Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы үндеу
(әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады.
Мәміле ауызша түрпішіні мәмле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің
тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір-
бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келсім телефон , тараптардың
тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін.
Жазбаша мәмілелер: 1( егер мәмілелердің жекеленген түрлері үшін
заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің
әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерідің жасау кезінің өзінде
орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінің жүзеге асырылатын
әркет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан
басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғарғы сомаға жасалатын мәміле жазбаша
түрпішінде жасалуы тиіс; 3) заңдарда немесе тараптардың келсімінде
көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Егер іскерлік қызмет өрісінің әдетегі құқықтарынан өзгеше туындамаса,
жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға
тиіс. Егер заңдарға немесе мәміліге қатысушылардың бірінің талаптарына
қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме,
электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы
салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініш бойынша мәмілеге басқа азамат
қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
нотариат немесе сондай нотариаттық әркет жасау құқығы бар басқа лауазымды
адам мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептері көрсете отырып,
куәландыруға тиіс.
Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе
әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле,
егер заңдарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміленің жарамсыздығы
Мәміле ерік актісі
Мәмiленiң жазбаша түрi
Мәміленің белгілерін қарастыру
Жазбаша мәмілелер
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары
Мәміленің жарамсыздығы, түрлері және ескіру мерзімі
Мәміле ұғымы
Мәміле туралы ұғым
Пәндер