Қазақстандағы кәсіпкерлік



Қазақстандағы кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Бөлім: Гуманитарлық - экономикалық
Цәк: Арнайы құқықтық және экономикалық білім беру пәндері

Пәні: Құрылыстағы кәсіпкерлік
Тақырыбы: Қазақстандағы кәсіпкерлік
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған: Көшербай С.
Қабылдаған: Изтилеуова Ж.

Қаратау 2013ж
Қазақстандағы кәсіпкерлік
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан
кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен
қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың
өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз
нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да,
бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы
жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа
экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар
шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің
идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір
сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының
демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс
құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп,
конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала
отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған
кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің,
нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар
түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің
қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында кәсіпкерлік ұғымы
коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық
құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда кәсіпкер
ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын
адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа
және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі
істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік,
және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол
өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал
жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы.
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі,
Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан
мынадай сөзі эпиграф болып саналады Кәсіпкер болу – басқаның істегенін
істемеу.
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы
француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген Кәсіпкер -
адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон
(1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс
алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым
болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік
қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер –
ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас
тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік
қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері
экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісімшарт
міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы,
яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам,
холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс
істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті
дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін
ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет
иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір
заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол
тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен
қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлікке жалпы түсінік
ҚР-ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі орны
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері
Бизнесті дағдарыстан кейін дамыту үшін жағдай жасау
Пәндер