Орталық Азия түріктерінің антикалық мәдениеті мен өркениеттік рөлі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану

Бөлім:Құрылыс Техникалық

Цәк: «Арнайы құрылыс және Білім беру»

Пәні: «Мәдениеттану»

Тақырыбы: Антикалық мәдениет

Оқу түрі: кредиттік

Тобы: 1401-10-9б

Орындаған: Көшербай С.

Қабылдаған: Аптауова С.

Қаратау 2013ж

Антикалық мәдениет

Антикалық дәуірде кейбір халықтардың алғашқы қоғамнан, таптық құлшылық қоғамға өткеніне тарих куә. Алғашқы құлшылық мемлекеттер 4 мың жылдың соңында, 3 мыңжылдықтың басында ертедегі Мысырда, Қосөзен, одан кейінірек Ганга, Эгей теңізінің жағалауларында және Хуанхэ өзенінің алқабында болғаны Әлем тарихында жазылған. Бірақ бұл әлі Әлем көлемінде толық шешуін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Өйткені Азия құрлығын мекендеген миллиондаған халықтар жақын және алыс көршілерімен, бір-бірімен әржақты (көп салалы) байланыстарда болғаны баршаға мәлім. Томағасы тұйық жасаған халықтар көп емес. Ұлы Жібек жолы жүріп өткен Орталық Азияда бұндай құлшылық мемлекеттердің ертеде болғаны жөнінде еш жерде жазылмағаны былай тұрсын, бұл аймақтың тұрғындары түріктер құлшылық қоғамнан секіріп, феодализмге жетті деп қояр емес. Археологтар Тұран ойпатынан құлшылық қоғамның мәдениетін ашып, түріктердің бұл қоғамды бастарынан өткергенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Сол археологиялық экспедициялардың ірілері: «Кеңес-моңғол археологиялық экспедициясы» (С. В. Киселев, А. П. Окладников) ; «Хорезм археологиялық экспедициясы» (С. П. Толстов) ; «Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы» (Ә. Х. Марғұлан) ; «Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы» (К. А. Акишев) және т. б. Бұлардың атқарған ғылыми жұмыстарымен танысқыңыз келсе У. Х. Шәлекеновтің «Түріктердің отырықшы өркениеті» (Алматы, 2003) атты монографиясының 47-62 беттеріне көңіл аударыңыз.

Әсіресе, ХІХ-ХХ ғасырларда археология ғылымы тарихқа бұрын-соңды болмаған жаңалықтар әкеліп, тарихтағы көптеген ақтаңдақтарды қайта қарауға мүмкіншілік тудырып отыр. ХХ ғасырда Орталық Азиядан тарихтың барлық кезеңдеріне жататын ескерткіштерді археологтар ашты және бұл жұмыс бүгінгі таңда ен жаюда. Осы қолға кіргізген өте бай археологиялық, этнологиялық, антропологиялық және жазба деректерге қарағанда, Орталық Азияның автохтондық түріктері антикалық дәуірде өркениеттің негізін салып, жақын және алыс көршілерінен артта қалмай, кейбір жағдайда алда келген этникалық құдіретті күш болғанын дәлелдейді. Көбінесе алдыңғы қатарда дамып келе жатқан Әлем халықтары сияқты Орталық Азия түріктері өзінің бастарынан Алғашқы, Құлшылық, Феодалдық, Капиталистік формацияларды бастарынан өткерген. Осы тарихи дәуірлердің кейбіреулерінен секіріп өтті деген пікірлер ғылымнан алшақ.

Б. з. б. V-ІV - б. з. V ғасырларында Орталық Азияда Қаңлы, Үйсін, Ферғана, Тохаристан, Эфталит құлшылық мемлекеттері, Кушан, Хун және Көктүрік империялары сияқты ірі-ірі әртүрлі категориялардағы басқару жүйелерінің болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Ертедегі және соңғы орта ғасырларда Орталық Азиядағы көптеген үлкенді-кішілі феодалдық мемлекеттерді, антикалық кезеңдегі басқару жүйелерінің жалғасы деп қараған жөн.

Антикалық заманда Орталық Азия түріктері өздерінің дамуы бойынша өркениетке жетіп, жақын және алыс көршілерінің алға өрлеуіне жәрдемдескенін паш ететін жазба деректер қолымызға түсті. Енді солардан кейбір мысалдар келтірейік. ХХ ғасырдың ортасынан бастап, 40 жылдай Қазақстан Ғылым академиясының «Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы» (академик Ә. Х. Марғұлан) ; «Жетісу археологиялық экспедициялары» (проф. К. А. Акишев) Орталық, Шығыс Қазақстандағы қола және темір тарихи кезеңдеріне жататын археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Олардың нәтижелері мақалалар мен монографиялар болып жарық көрді. Осы көпжылдық зерттеудің нәтижесінде, академик Ә. Х. Марғұлан: «Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» атты монографиясында: «Беғазы-Дәндібай мәдениеті Оңтүстік Сібірдегі Қарасук мәдениетінен бөлек, өзінше дербес дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы-Дәндібайдың материалдық мәдениеті туралы аса бай ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Қарасук мәдениетіне тигізген зор ықпалын айқын аңғартады». Сөйтіп, алғашқы болып түсті металдар Орталық, Шығыс Қазақстаннан Әлемге тарағанын Ә. Х. Марғұлан ғылыми тұжырымдаған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдыңғы Азия материалдық мәдениеті және Орталық Азия көшпелілерінің этно-әлеуметтік қалыптасуы
О.Шпенглер мен Тойнби тұрғысынан көшпелілер мәдениеті: Қазақстандағы өркениеттік мәні
Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен әдеби дәстүрінің қалыптасуы
ЕҚЫҰ-ның құрылуы мен дамуы: Орталық Азия мен Қазақстандағы рөлі
Ежелгі Месопотамия мәдениеті мен өркениеттік жетістіктері
Түркі мәдениеті, Ұлы Жібек жолы және Қазақстанның мәдени-өркениеттік дамуы
Орталық Азия елдері арасындағы интеграциялық процестердегі Қазақстанның орны мен рөлі
Зәки Уәлиди Тоғанның түркітану ғылымындағы рөлі мен Орталық Азия халықтарының тарихы туралы мұрасы
Қазақстанның ұлттық мәдениеті, сәйкестену және өркениеттік даму мәселелері
Ортағасырлық Орталық Азия мәдениеті: Ұлы Жібек жолы, қала орталықтары және ғылым-білімнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz