XIII-XV ғғ. Қазақстан мәдениеті. Түркі жазуы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

XIII-XV ғғ. Қазақстан мәдениеті . Түркі жазуы .

Сыпыра, Асан қайғы.

Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырау барысында өмірге келген ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы. XIV-XV ғасырларда ол Батыс Қазақстан жерінің бөлігін қамтыды. XIVғ. соңына қарай Жайық пен Еділдің арасындағы тайпаларды біріктірген қауым өзін маңғыттар, ал өз ұлысын “Маңғыт жұрты” атады. “Ноғайлар”, “ноғайлықтар”, “Ноғай Ордасы” деген атаулар деректерде XVIғ. бас кезінде пайда болады. Ноғай Ордасының мемлекеттік құрылым ретінде оқшаулануы Едіге бидің Алтын Орданы билеген кезеңіне түс келеді (1396-1411жж. ) . “Беклар-бегі” атанған би іс жүзінде бұл құрылымның негізін қалаушы болды. Ол бес жыл бойы Алтын Орданың саяси өмірінде шешуші роль атқарған Едіге би өз елі маңғыттар ұлысын күшейтуге біраз күш жұмсайды. Едіге би опат болған соң (1419ж. ) маңғыттардың билеушілері шығыс жағындағы көршілерімен жақын қатынаста болуға ұмтылды, Әбілқайыр ханмен одақ құрды. Ноғай Ордасы дербестікке біржола Едігенің ұлы Нұр ад-Дин билігі (1426-1440жж. ) тұсында қол жеткізеді.

Ноғай Ордасының жер көлемі өзгеріп отырған. XVғ. Екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан асып өтіп, шығыс және оңтүстікке жылжыды. Сыр бойы қалалары үшін күрес және Мауреннахрға ықпалын арттыру жолында жүрген Әбілқайыр хан ноғайларға ешқандай да кедергі жасаған жоқ, қайта одақтастық пиғылда болды. Мұны пайдаланған ноғай билеушілері солтүстік-шығыста жайылымдарын Батыс Сібірге дейін жеткізді. Төменнің оңтүстік шығыс беті Ноғай даласы аталды. Сондай-ақ, ноғайлар көші ауық-ауық Сыр бойы мен Арал теңізі жағалауына шейін де жетіп жатты. Ноғайлардың сол кездегі билеушілері, Едіге бидің үрім-бұтағы Уақас би, Мұса мырза, Ямғұрчи және басқалары Әбілқайырға Сыр бойы қалаларын алуға көмек береді. Қазақ еліне тілі, салт-дәстүрі жақын ноғай жұрты қазақтармен жылы, одақтастық қатынаста болды. Алғашқы қазақ ханы Жәнібектің тұсында (XVғ. ) қазақпен ноғай жылы, туыстық қатынаста болды. XVIғ. орта тұсында деректер Хақназар ханды “қазақтар мен ноғайлардың ханы” атады.

Ноғай ордасының этникалық құрамы төңірегіндегі түркі халықтарының, яғни олардың жеке ұлттық тұтастыққа көшкенге шейінгі құрамына ұқсас болды. Оның құрамына маңғыттардан басқа қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлық, алшын, тама және басқа тайпалардың бөліктері енді. Әуелде этносаяси құрылым ретінде пайда болған Ноғай Ордасы негізінде кейінірек, яғни XVғ. соңына қарай ноғай халқы қалыптаса бастайды.

Ресейдің Қазан және Астрахан халықтарын өзіне қосып алған соң, XVIғ. екінші жартысына қарай Ноғай хандығының да тәуелсіз жағдайы әлсірей түсіп, ақыры бірнеше өзара тәуелсіз иеліктерге ыдырайды. Оның халқының бір бөлігі Кіші жүздің құрамына енді.

Шаруашылықтың негізгі түрі жыл бойы тебінді жайлымда жүретін жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Онымен қатар Қазақстанның оңтүстік аудандарында Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауында отырықшы мал шаруашылығы да таралды.

Қазақтар негізінен жылқы, қой және түйе өсірумен шұғылданды, ал отырықшы шаруашылықпен айналысатындары ірі қара мен ешкі де өсірген. Бойы ұзын, қысқа аяқты жылқыларды қазақтар қысы-жазы мал бағуда мініске ұстайтын, олар қазіргі “жабы” дейтін жылқылар тұқымына ұқсас келеді. Қазақтар асыл тұқымды сәйгүліктер мен арғымақтарды өсіру мен де жақсы айналысқан.

Қазақ халқы түйе өсіруге көп мән берген. Себебі көшпелі және жартылай көшпелі өмірде түйе негізгі көлік ретінде пайдаланылѓан, суыққа және шөлге төзімді жануар. Түйе жыл бойы үй маңында ашық далада жатады, тек қатты суық түскенде ғана үстіне киізден жабу жабатын. ХV-XIXғ. қазақтар жалғыз өркешті “қар түйелерді” өсірсе де, шаруашылыққа қолайлы қос өркешті түйелерге көбірек мән берген.

Қазақтар ірі құйрықты қойлар мен қатар ұсақ, биязы жүнді қой өсірумен де шұғылданған. Табиғи жағдайдың ерекшелігіне байланысты мерзімдік жайылымдары болған. Қыста қыстап шығу үшін өзен бойына, қамысты жерлерге, тау аңғарларына, жота бөктерлеріне, орманды жерлерге қыстау салған. Ал қоры ерте кететін жас төлдің жайылымына ыңғайлы жерлерді көктеуге қойған. Көктеуден соң жаздың нағыз ортасында қойдың жүнін қырқып, шыбыны мен масасы аз, шөбі шалғын, суы мол жайлауға көшкен. Күз түсе қайтадан қыстауларына жақындау жерге көшіп келген, оны “күздеу” дейді. Мұндай айнала көшудің себебі, мал жеп кеткен шөптің қайта өсуін қамтамасыз ету, малға жақсы жағдай жасау.

Қазақстанның шөлейт аудандарында малды қолдан суару үшін құдықтар қазып, қауғамен су алатын. Қауға теріден тігілетін үлкен шелек тәрізді ыдыс, онымен бірнеше мәрте құдықтан су алып бүкіл табынды суару оңай емес, сондықтан оны тартуға түйе мен өгізді жиі пайдаланған. Терең, тас құдықтардан қауға тарту ісі - Маңғыстау мен Үстірт жерлерінде жиі пайдаланылған.

Қазақтар малын жайылымға қыста да шығаратын болған, оны “тебінді жайылым” деп атаған. Себебі қар астында қалған шөпті мал тұяғымен теуіп, тартып, жұлып жейтін болған. Ондай жерлерге алдымен жылқыны, одан соң сиыр мен түйені жайған, олар қарын аршып бетіндегі шөбін жеген соң, аршылған жерге ұсақ малды, қойды жайып отырған.

Кейбір жерлерді қиын-қыстау кезең үшін әдейі сақтап “қарамал жері” деп қорып отырған.

Малшылар үшін ең қауіпті жағдай-малдың жаппай қырылуын-жұт дейді. Жаздың құрғақ болуы, шөптің шықпай қалуы, қыстың қатты болуы немесе ауа-райының күрт өзгеруі жұтқа ұшыратқан. Қыс қатты болған жылдары қазақтар “күрек-ашу” деген әдеті қолданып күрек, бөренелерді арқанмен атқа байлау арқылы жайылымды қардан тазартқан.

Қыстауға көшіп келген соң әр жан соғымға ең семіз малдарын сойып, бір-бірін қонаққа шақырысып “соғым басын” берген. Соғымнан қалған қазы-қарта көктемгі жаңа жыл мерекесі-наурыз тойына дейін жеткен. Наурызда жеті түрлі азық-түлік түрінен наурыз көже жасалып (халық мейрамы) ойын-сауығымен қызған халықтық мереке өткізіліп тұрған.

Суармалы егіншілік. Қазақтардың шаруашылық өмірінде жер өңдеудің де маңызы зор болған. Әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Созақ аймақтарында кең таралған. Жер өңдеумен Батыс Қазақстан мен Сары-Арқаның қазақтары да айналысқан.

Қазақстанда жерді суландырудың түрлі әдіс-тәсілдері болған. Көктемі еріген қар суына да бөгеттер жасалып, егін суаруға пайдаланған, немесе сол жыртылатын егістік жерлерде бөгеп кейін сол жерді өңдейтін болған. Талас өзенінің суы азайып құрғаған салаларына да дән сеуіп “көл табан” жерлер деп атаған.

Ал тұрақты суландыру үшін арықтар қазып, тоғандар, жасанды көлдер жасаған. Оған үлкен өзен сулары арнайы арықтармен әкелініп құйылған. Сырдарияның солтүстік жағалауында жер суландыруға қажетті 2-3 жасанды көлдер жасалып, өзара арықтар мен жалғасқан. Қаратаудың оңтүстік баурайындағы егісті суаруда жер асты суларын жинайтын каналдармен өзара жалғасқан терең құдықтар пайдаланылған.

Суды бұрып пайдалану қиынға соғатын жерлерде оны арнаулы құралдармен көтеріп арықтарға құю арқылы пайдалану әдістері де қолданылған. (“Атпа”, “Шығыр” қолдану арқылы) .

Қазақтарда жер суландырудың үш түрлі әдісі болған: жаппай суландыру, атыздар арқылы және бороздалар бойымен суландыру.

ХІХ ғасырдың басына қарай табиғи (құрғақшылықтың әсері) және саяси (Ресейдің отарлық саясатының күшеюінен) жағдайларға байланысты суландыратын жерлердің көлемі қысқара бастады. Бірақ Қазақстанның оңтүстігі мен орталық аудандарда Жем, Торғай, Ырғыз бойында және Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жер өңдеу қазақтардың қосалқы шаруашылығы ретінде дами берді.

XVғ. -ХІХғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Тұра осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами берді, және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды. Қазақтың рухани мәдениетінің дамуы тарихтың басты үрдісі ХІХғ. бастап баяулады. Қазақтың рухани мәдениетінің құндылығы жойыла берді.

Діни және космогониялық түсінік. Қазақстандағы үстем дін ислам діні. Ислам дінінің басты орталары Түркістан, Хорезм және Бухара болды. Қазақтарда ислам діні терең етек алған жоқ, халықтары ислам догмаларынан алыс болып ертедегі діни әдістерді орындап, тәңірлікке табынды. Ол ертетүркі кезеңінде бір құдайға сыйынуды ұйғарды. 15-18 ғ-да “тәңірлік” ислам дінімен қайшыласты. Ислам жазбаларына қарап қазақтар ата-баба рухына табынған, өздерінің әкелерінің мүсіндерін қолданған. Бұл мүсіндерді олар “бұттәңірі” деп атаған. Рузбихан былай деп жазған: “Қазақтар арасында кейбір сенбеушілік әдет-ғұрыптар таралған, оларда қандайда бір мүсіннің бейнесі болған, оны олар құрмет тұтады және оған бастарын иеді”.

Тілдің негізгі көрінісі кәміл сенушілікті өрбіткен мұсылман дінімен жалғасты. Мұхаммед Шейбани (XVIғ. ) ханға табынған. Бұхара шейхтарымен қазылары мынадай шешім қабылдаған. Бұл шешім бойынша қазақтар мүсінге табынушылар деп есептелінген яғни ислам дінінен безгендер. Олар ханға, қазақтарға қарсы қасиетті соғыс ашуды ұсынған және бүкіл адам мүсіндерін жоюды көздеді. Халықтар топтарының әлемдік көзқарасында XV-XVII ғ-ғы анимистикалық түсініктер үстемдік етті және табиғаттың тылсым күші, ежелгі мифологиялық негізгі сақталған көріністері, жалпы алғанда жақсылық пен жамандықтың қарсылығын мойындау.

Табиғи көріністерді рухтандыру мәселесіде анимизмнің маңызы болып табылады. Әрбір табиғат өзгерісіндегі жанның жаны болып соны басқарады деген түсінік қалыптасады.

Қазақ мифологиясында ерте көктемдегі көк шөпті жұлуға болмайды деген ұғым адамдардың түсінігінде өмір өз жалғасын табады деп түсінік берген. Қазақтар жерге және суға табынған. Негізінен отқа табыну маңызды орын алған. Ертедегі қасиетті оттың “алас” деген аты сақталған. Қазақтардың нанымы бойынша от-үйдің, от басының қоршаушысы болған. Қалыңдық жаңа үлкен үйдің отбасына келген кезде отқа сиынып және отқа май құйып құрбан шалған. Қазақтарда отпен тазалану ғұрыпы ертеден сақталған. Бұл ғұрып қыстаудан жайлауға көшу кезінде жасалған. Қазақстанда мынадай сенім қалыптасқан. Олар қыстық қоныстарда адамдар үнемі күнәкар болады деген, өйткені бұл қоныстарда адамға зиян тигізетін күш (нечистая сила) болады деп сенген. Жайлау таза әрі бүлінбеген. Сондықтан ол жерге таза қалпында бару керек. Осыған байланысты көшу жолдарының басына екі үлкен от жағып арасынан адамдарды, қой отарын өткізген. Ал жылқылар тазартуға жатпаған. Себебі жылқыны қазақтар таза жануарлар деп есептеген.

Қазақ халқының күнтізбесінің негізі астрономиялық түсініктен және жұлдызды аспаннан тұрады. Халықтың шаруашылық өмірінде үлкен бір тәжіребелік мағына берген ол табиғат құбылыстарының кезеңдеріне бақылау жасау болды. Көшпенді шаруашылық уақыт есебін және табиғат құбылыстарының кезеңділіктерін білуді талап етеді. Қазақтар аспан денелерінің қозғалысын бақылап отырған. Үнемі шексіз далаларда көшіп жүріп, олар жерді жақсы біліп алды және жұлдызға қарап жолды айқындауды үйренді, сонымен қатар сай, жайылым және құдықтардың орнын қателеспей тура айқындаған.

XVI-XVIIғ-да халық арасында уақыт есебімен айналысқан есепші мамандар болды. Олардың бұл өнерлері тұқым қуалады және атадан балаға мұра болып қалып отырды. Олар көптеген ұрпақ тәжірибелерін алған және жылдан жылға бақылаулар жүргізген, ауа-райы жайлы болжамдар берген, мезгілдік жұмыстардың уақыттарын белгілеген. Көші-қон қыстау мен жайлау орындарын айқындап, қазақтардың халық күнтізбесін жасады және т. б. Негізгі қызығушылықты есепшілер жұлдызды аспанға негіздеді. Олар негізгі маңызды планеталарды жақсы білді, оларды өздерінің әндеріне қосты, олар жайлы аңыздар жазды.

Жұлдызды аспан картасын қазақтар негізінен темірқазық шұғыласымен ашқан. Бұл жұлдыз адам өмірінде маңызды орын алған. Қазақтар түнгі уақытта көшкен кезде осы жұлдызға қарап жолды анықтаған. Үлкен Жеті қарақшы жұлдызы әртүрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі аттары болды, “Жетіген”, “Жеті қарт”, “Жеті қарақшы”, “Кіші жеті қарақшы”, “Ақбоз ат”, “Көк боз ат”.

Бұл жұлдыздардың аттары бақташылық тұрмыспен, отардың түнгі күзетшісіне байланысты болды.

Қазақтарда айлар есебі аймен анықталды. Әр жылдағы айлар күндерін анықтау үшін қазақ есепшілері үнемі айдың қозғалысын бақылап отырған. Олардың бақылаулары жылды 12 айға, ал айды үш 10 к‰нге бөлуге мүмкіндік берген.

1. Көне Түркі жазуларының зерттелуі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
«Түрік» этносы және этнонимі
Қазақстанның ежелдегі мәдениеті
«Түркі» этносы және этнонимі
Мәдени даму мен теориялар
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Ноғай Ордасының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz