Махмұд Қашқари,Қожа Ахмет Ясауи, Әбу Насыр Әл-Фараби



Махмұд Қашқари
Қожа Ахмет Ясауи
Әбу Насыр Әл.Фараби
Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым, Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады.
Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі – «Диуани лұғати-ат-түрікте» зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Әбу Насыр Әл-Фараби
Махмұд Қашқари дің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым, Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады.
Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басты еңбегі - Диуани лұғати-ат-түрікте зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген.
Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық, діни т.б. атаулар қамтылған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әр түрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер бар. Тарихшылардың назарына өзіне аударған - шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашқари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым, Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа Түркі сөздерінің жинағы деп ат қойдым.
Жинақты сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым.
Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем - мәңгілік өмірге біржола жолдама алды, - деп жазды.
Қожа Ахмет Ясауи - шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093, 1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, жүз жиырма бес жыл жасаған Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі - Ибраһим, анасы - Қарашаш ана. Ясауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Қ. А.Ясауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады. Қ.А. Ясауи ұрпақтары осы қызынан тарайды. Кашифи Рашахат-ул айн-ил хайат атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабаның шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сырын үйренгендігі туралы мәлімет береді. Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы Диуани хикмет, Мират-ул Қулуб, Пақырнама сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатын халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір практикасының үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.
Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам. Адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білім - қәл ілімін игеріп, Құдайдың фазылымен берілетін - хәл іліміне жетуі керек. Диуани хикметте арифтердің Сұлтаны бастан-аяқ өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік хәлін жырлайды. Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы деген Ясауи р.ғ. Ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану, діл тереңіне үңілу арқылы жетуге үндейді. Қ.А. Ясауи қылуетке түсуінің мәнісін халқымыз - Пайғамбарға деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға қосқан. Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндеттері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындауға тырысу, қауіп пен үміт хәлінде болу, үнемі Алланы еске алып, зікір ету, Ақиқат жайлы сөйлеу.
Суннаға негізделген дәстүрлі жолы: көппен бірге намаз оқу, таң сәріде ояу болу, дәретпен таза жүру, өзін үнемі Алланың құзырында сезіну. Тариқаттың ерекше қасиеттері: қонақжайлық, Ясауиге (р.ғ.), әулиелерге, ұстаздарға дұға жасау. Кемелдікке жетудің төрт шарты: макан (кеңістік), заман (уақыт), ихуан (бауырластық), рабт-и сұлтан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік). Жария зікір салу осы тариқаттың негізгі шарты. Қ.А. Ясауидің тариқат силсиласында: Суфи Мұхаммед, Хакім ата, Зеңгі баба, Садр ата сияқты әулие ұстаздармен қатар түркі дүниесіндегі ғұламалардың барлығы өзін Ясауи силсиласынанмын деп санағаны белгілі. Ал, бүгінде мұражайдағы құнды жәдігерлер - Тайқазан, лауха, шырағдандар, қақпа есіктер және тағы басқалардың Әмір Темір тарапынан Әзірет Сұлтан кесенесіне сыйға тартылуы оның Ясауи іліміне деген зор құрметінің айғағы. Бұл жәдігерлердің терең символдық мәні, ғибраттық тағлымдық мағынасы Әмір Темір Көрегеннің де осы ілімді терең меңгергендігін білдіреді. Оның тек жиһангер қолбасшы ғана емес, адамгершіліктің туын жоғары ұстаған кемел тұлға екендігін көрсетеді.
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: ... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім.., - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ жан қуаты немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда өзін танымақтық жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында өзін танымақтың немесе жан қуаты туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Ортағасырлық Түркі ойшылдары
Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб
Орта ғасырлық ғылымның дамуы
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Ұлы педагог өсиетіне сипаттама
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Пәндер