Құрама темірбетон өндіру


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Жұмыс көлемін

2. Құрылыс конструкцияларын монтаждау

3. Монтаждық кранның параметрлерін анықтау.

4. Кранды іріктеу және монтаж крандарының қолайлы

жинағын таңдау

5. Қауіпті аймақ есебі

6. Жалақы және еңбек шығынының калькуляциясы

7. Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережелері

Қолданылған әдебиеттер.

Құрама темірбетон конструкцияларды жинақтау жұмыстары

Нольдік циклде құрама темірбетон элементтерін жинақтау жұмыстары МК-16 маркалы автомобиль кранымен атқарылады. Жер бетіндегі құрама темірбетон элементтерін жинақтау жұмыстары КС- 5363 маркалы кран көмегімен жүргізіледі. Жинақтау элементтерінің ең ауырының салмағы 5, 4т

Жинақталатын конструкция алдын-ала тексеріліп геометриялық өлшемдері өлшеніп, керекті белгілер (риски) және қосалқы бөлшектердің орналасуы жобаға сай болуы керек.

Жинақтау жұмыстары кран жұмысы аймағындағы жинақтау орнына жиналған конструкциялармен атқарылады. Қабырға панельдерін орнату алдында мына жұмыстар атқарылуы керек.

  • Монтаждық горизонтты анықтау;
  • Ғимарат осьтерін реперден жаппа деңгейіне көшіру;

Қабырға панельдерін орынына орналастыру және уақытша бекіту үшін жобаланған кермелер қолданылады. Әрбір панель үшін екі керме керек. Керменің жоғарғы жағы монтаждың ілгекке, ал төменгі жаппа тақтасына бекітіледі. Қабырға панельдері екі тармақты ілгекпен көтеріледі. Жіктерді ерітінділермен толтыру жаппа тақтасының үстінен жүргізіледі. Цокольдың қабатын, қабырға панельдерін үш монтажшы орнатады.

Панельдерді орнату еркін әдіспен атқарылады. Панельдерді іргетас блоктарында белгіленген арнайы белгілер (ось-рискалары) бойынша жүргізіледі. Панельдің вертикальдылығы отвес арқылы тексеріледі. Панельді уақытша керме арқылы іргетас блогына бекітеді.

Негізгі базалық панельдер орнатылғаннан кейін қатардағы панельдер орнатылады. Сыртқы қабырға панельдері арнайы белгілер арқылы орнатылады.

Панель жобалық орынына, белгілерге сәйкес орнатылғаннан кейін уақытша бекітіледі. Уақытша бекітілген панельдің вертикальдылығы рейка-отвес арқылы екі бағытта тексеріледі. Ішкі жақ беті бойынша және шеткі қыры бойынша . Ішкі қабырға панельдері жеке монтаждық құпия арқылы орнатылады. Панельді орнату үшін әуелі оның төменгі қырын осьтік белілерге сәйкес орналастырып, кермелер арқылы уақытша бекітеді.

Жаппа тақтасын орнату баспалдақ торынан бастап жүргізіледі (екі жаққа қарай) . Бірінші тақтаны орнату инвентарлық сәретұғырдан қалған тақталар орнатылған жаппа тақталарынан жүргізіледі.

Жаппа тақталары ерітінді төсеніш қабатына орналастырылады. Көп қуыста жаппа тақталарының қуыстары бетон тығындармен бекітіледі. Тақталардың тірелу ұзындығын жобада қабылданған өлшемге сай болуы керек.

Жинақтау жұмыстарын орындау үшін инвентарлық сөре-тұғырлар қолданылады. Жинақтау жұмыстары ҚН және Е 3. 03 01-87 талаптарына сәйкей жүргізілуі тиіс. Құрлыс монтаж жұмыстарын атқаруға керекті машиналар құрамы және саны жұмыс көлеміне қолданылатын механикаландыру әдісіне, машиналардың жұмыс өнімділігіне байланысты қабылданады.

Монтаждық кранның керекті саны мына формула бойынша анықталады:

бұл жерде,

Q общ - жұмыс көлемі (жинақтау элеменеттерінің мөлшері)

У - машинамен атқарылатын жұмыс бөлігі; %

П - машинаның сағатының жұмыс өнімділігі;

К в - сметалық уақытты пайдалану коэффициенті;

Т - бір машинаның жұмыс уақыты.

Жобада жүргізілген есеп бойынша құрама темірбетон элементтерін жинақтау үшін керекті монтаждық кран саны екіге тең. Монтаждық жұмыстар атқару үшін монтаждық краннан басқа ПШС-2 маркалы сылақ станциясы, доғалы электр дәнекерлеуші аппарат ТС-500 керек болады. Құрылыс алаңына құрама темірбетон элементтерін тасымалдау үшін ГАЗ -53 маркалы бортты автокөлік (3 дана), Зил-555 маркалы самосвал (3 дана) прицептер (6 дана ), жартылай прицептер (МАЗ-6846) - 2 дана, тақталар таситын көлік (ПП-12) керек болады.

Жинақтау жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі.

Жинақтау жұмыстарының ерекшеліктері.

Жұмыс көлемінің басты бөлігі биікте атқарылатын болғандықтан жинақтау жұмыстары ерекше күрделі және қауіпті болып саналады.

Жұмыс кезінде жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін соңғы уақытта прогресивті тәсілдер қолданылады. Олардың қатарында конвеиерлік, ірі блокты өсіру әдісі т. б әдістер қолданылады.

Алайда, бұл жұмыстағы қауіптілік жоғары деңгейде қалып отыр. Құрылыс жұмыстарының ішінде жинақтау жұмыстары да жылдың барлық кезеңінде атқарыла береді. Сондықтан жинақтаушы жұмысы жоғары техникалық деңгейде болады. Мұндай жағдайда арнайы біліммен қатар жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық пен тәртіп қажет.

Жинақтаушылар көп жағдайда қылылтаян жерде уақытша мінбелерде жұмыс істейді.

Жинақтау жұмыстары әртүрлі машиналар мен механизмдер көмегімен іске асырылады. Жұмысшылардың жарақат алу себептерін тексергенде, бақытсыз жағдайлардың көбісі төмендегі себептерге байланысты болады.

  • орнатылатын материалдардың құлауы;
  • жұмысшылардың биіктен құлауы;
  • жинақтау құрал-саймандарының ақаулары;
  • машиналар мен механизмдердің ақаулары; т. б факторлар.

Жинақтау жұмыстары құрылыс алаңындағы нольдік цикл жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Жұмысты бастау үшін іргетастар орналасып болуы керек, барлық жер жұмыстары, тазалау аяқталуы керек. Құрылыс алаңына электр жүйесі, жолдар, қойма алаңдары, жүк көтергіш механизмдер т. б. дайындық жұмыстары толық сақталуы керек.

Ғимарат конструкциясы негізінен зауытта дайындалған элементтерден жинақталғаны дұрыс. Оларды зауыттан тасымалдау құрылыс жұмыстарының мерзімдік жоспарларына сай атқарылуы тиіс.

Элементтер құрылыс алаңында және арнайы қоймаларда жинақталады. Құрлыс алаңында қауіпті аймақтар белгіленіп қойылуы керек. Жолдар, өткелдер, әр түрлі материалдардан, конструкциялардан бос болуы керек. Жинақтау жұмыстарын атқару үшін типтік құрал-саймандар пайдаланған дұрыс.

Жинақтау құралдары функционалдық көрсеткіші бойынша (тіркеулер, кермелер, фиксаторлар, кондукторлар) орнатылатын конструкция санына байланысты (бірлік, топтық), конструктивті шешімі бойынша (сызықтық, жазық, кеңістік) бөлінеді. Жинақтау құралдары ГОСТ 12. 2. 012-75 талабына сай болуы керек. Жинақтау құрал саймандарына операцияны тез арада орындауға, конструкциялық элементтердің бекіткенге дейінгі орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкншілік жасауы тиіс. Құралдың реттеуші және шектеуші тетіктері конструкцияны орнатудың дәлдігін, ал массасы 50кг-нан аспауы керек.

Құрылыс конструкциясын ілгекпен көтеру алдын-ала жасалған схема бойынша жүргізіледі. Конструкцияның ілгектеу такелаж жұмыстарын атқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Ілгек конструкциясы жұмыстың қауіпсіздігін және ыңғайлылығын қамтамасыз етуі керек. Ілгектер негізінен болат арқандардан жасалады. Ілгек тармақтары саны көтеретін жүк массасына байланысты алынады.

Монтаждық кран қабылдау

Монтаждық кран ғимараттың габариттік өлшемдері, монтаждық элементтердің массасы мен өлшемдері, жұмыс көлемі, құрылыс жұмыстарын орындау жағдайлары т. с. с. көрсеткіштерге байланысты қабылданады.

Дипломдық жұмысты жабын эелменттерін жинақтау үшін жебелі кран қабылданады. Ол өздігінен жүретін кран болуы тиіс. Бұл типті кран екі қабатты өндірістік ғимараттардың қаңқасын жинау үшін өте тиімді.

Монтаждық кранның параметрлері төмендегі есептеулер негізінде анықталады.

Кранның жебесі орналасқан деңгейден бастап жебе ұшына дейінгі қашықтық мына формула бойынша анықталады:

Hстр= h o +h з э с п = 9, 9+0, 5+1, 5+1, 2+1, 0=14, 7м.

Бұл жерде h o - орнатылатын элементтің тірек деңгейінің кран тұрағы

деңгейінен биіктігі

h з - биіктік қоры (0, 5 биік болуы керек)

һ э - элемент қимасының биіктігі

һ с - ілгектеу биіктігі

һ п - полиспаст биіктігі

Жебе құлашы аналитикалық есеп бойынша:

В ТР СТР = +d

е - жебе қалыңдық өлшемінің жартысы, м

с - жебе мен ілінген элемент (с=0, 5м) немесе орнатылған конструкция арасындағы (с=1, 0м) қашықтық.

d - элемент шетінен (жебе жағы) ауырлық нүктесіне дейінгі аралық, м

һш - кран тұрағы деңгейінен жебенің айналу осі деңгейіне дейінгі аралық (1, 5м)

В ТР СТР =(0, 5+1, 0+1, 5) (14, 7-1, 5) /1, 2+1, 0+1, 5 = 8, 6м.

Жебенің ең кіші керекті ұзындығы:

L ТР СТР =

L ТР СТР = =15, 0м.

Осы параметрлерге байланысты кран қабылдаймыз:

  1. Пневмодоңғалақты - КС 6362
  2. Шынжыр табанды - СКГ 63

Анықтамалық әдебиеттердегі мәліметтер бойынша СКГ-63 маркалы кран қабылданады.

Жұмыстардың көлемдері

Жұмыстың түрі
Есептеу формуласы
Өлш. бірлігі
Мөл-шері
№: 1
Жұмыстың түрі: 2
Есептеу формуласы: 3
Өлш. бірлігі: 4
Мөл-шері: 5
№: 1
Жұмыстың түрі: Өсімдік қабатын ысыру
Есептеу формуласы:

өсімдік қабатының тереңдігі 15-20 см жер қыртысын алып, жиекке қою.

F ыс = F пл

Өлш. бірлігі: м 2
Мөл-шері: 2200
№: 2
Жұмыстың түрі: Алаңдарды жобалау
Есептеу формуласы: Ғимараттың габариттарына жан-жақтарынан 10м қосылады.
Өлш. бірлігі: м 2
Мөл-шері: 2200
№: 3
Жұмыстың түрі: Экскаватормен шұңқыр қазып жерді өңдеу.
Есептеу формуласы:

Іргетас габариттарына 0, 5м қосылады.

V ш =(1, 2+1, 0) (1, 5+1) *1, 6=8, 8м 3

V=18*8, 8=159м 3

Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 160
№: 4
Жұмыстың түрі: Қабырға блоктары үшін ұзын орларда топырақты өңдеу
Есептеу формуласы: V ор =L*h*B=48*0, 6*0, 6=17, 3м 3
Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 17
№: 5
Жұмыстың түрі: Іргетас арқалық үшін ұзын орларда топырақты өңдеу
Есептеу формуласы: V ір 1 2 /2*һ) *L=0, 3+0, 5/2*0, 4*90=14, 4
Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 14
№: 6
Жұмыстың түрі: Топырақты қолмен қазып өңдеу
Есептеу формуласы:

∑V=Vψ+V ор +V ір =159+17, 3+14, 4=190, 7м 3

V қ =190, 7*0, 07=13, 3

Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 13, 3
№: 7
Жұмыстың түрі: Іргетас астына тасқұм негізін орнату
Есептеу формуласы: V Т. Н. =F*0, 1=101*0, 1=10, 1м 3
Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 10, 1
№: 8
Жұмыстың түрі: Топырақты қайта көму
Есептеу формуласы: V қ. к ∑V-V Ж. Б =190, 7-49, 7=141м 3
Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 141
№: 9
Жұмыстың түрі: Бағана астына іргетас блоктарын орнату
Есептеу формуласы: Құрама конструкциялар спецификациядан
Өлш. бірлігі: дана
Мөл-шері: 20
№: 10
Жұмыстың түрі: Қабырға блоктарын орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: дана
Мөл-шері: 40
№: 11
Жұмыстың түрі: Іргетас аралықтарын орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: дана
Мөл-шері: 12
№: 12
Жұмыстың түрі: Битумен бүйірлерді сылау
Есептеу формуласы: Іргетастардың беттерінің ауданы
Өлш. бірлігі: м 2
Мөл-шері: 180
№: 13
Жұмыстың түрі: Көлденең гидроизоляциялау
Есептеу формуласы: Ленталық іггетастардың үстіңгі ауданы
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 0, 2
№: 1
Жұмыстың түрі: 2
Есептеу формуласы: 3
Өлш. бірлігі: 4
Мөл-шері: 5
№: 14
Жұмыстың түрі: Бағаналарды орнату
Есептеу формуласы: Спецификациядан
Өлш. бірлігі: дана
Мөл-шері: 20
№: 15
Жұмыстың түрі: Жаппа аралықтарын орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: дана
Мөл-шері: 9
№: 16
Жұмыстың түрі: Жаппа тақтайларын орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: дана
Мөл-шері: 32
№: 17
Жұмыстың түрі: Қабырға папельдерін жинақтау
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: дана
Мөл-шері: 85
№: 18
Жұмыстың түрі: Бу изоляциясын орнату
Есептеу формуласы:

Шатыр жұмыстарының көлемі ауданымен есептеледі F шр =F*R

R=1, 01 бұл жерде i= 1; 12

Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 5, 9
№: 19
Жұмыстың түрі: Жылытқыш қабатын орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 5, 9
№: 20
Жұмыстың түрі: Цемент ерітіндісін тегістеу қабатын орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 5, 9
№: 21
Жұмыстың түрі: Үш қабат рубероидтан шатыр орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 5, 9
№: 22
Жұмыстың түрі: Кірпішпен сыртқы қабырғаларды қалау
Есептеу формуласы:

Қалау көлемі, қабырғалар аудандарының көбейтіндісінен, саңылау тесіктерінің көлемін алу арқылы, жобалық қалыңдығы арқылы анықталады

V =F * t =13, 6 м 3

Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 13, 7
№: 23
Жұмыстың түрі: Кірпішпен ішкі қабырғаларды қалау
Есептеу формуласы: V =F * t =58 м 3
Өлш. бірлігі: м 3
Мөл-шері: 58
№: 24
Жұмыстың түрі: Сылау
Есептеу формуласы: Қабырғалардың пиреметірінің нақты ауданы бойынша биіктігін оның ұзындығына көбейту арқылы есептеледі
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 5, 0
№: 25
Жұмыстың түрі: Әктеу
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 5, 0
№: 26
Жұмыстың түрі: Желім ерітіндісімен әрлеу
Есептеу формуласы: Негізделген қабырға ауданынан алынады
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 5, 8
№: 27
Жұмыстың түрі: Қасбеттерді әрлеу
Есептеу формуласы: Негізделген қабырға ауданынан алынады
Өлш. бірлігі: 100м 2
Мөл-шері: 6, 9
№: 28
Жұмыстың түрі: Еден астына тас дайындығын орнату
Есептеу формуласы: Негізделген алаңдардан алынады
Өлш. бірлігі: 2
Мөл-шері: 564
№: 29
Жұмыстың түрі: Асфальт бетон едендерін орнату
Есептеу формуласы: Бұл да “”
Өлш. бірлігі: 2
Мөл-шері: 564
№: 30
Жұмыстың түрі: Отмоска орнату
Есептеу формуласы: F=(b +2 a ) (L+2 a ) -B*L=94 м 2
Өлш. бірлігі: 2
Мөл-шері: 94
№: 31
Жұмыстың түрі: Қақпалар орнату
Есептеу формуласы: Жоба бойынша
Өлш. бірлігі:
Мөл-шері:
№: 32
Жұмыстың түрі: Арнаулы жұмыс түтлері жайластырушылық есептелмеген және ішкі құрылыс жұмыстары
Есептеу формуласы: Жұмыстар көлемі есептелмейді . Еңбек шығындар процент арқылы алынады.
Өлш. бірлігі:
Мөл-шері:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрама темірбетон бұйымдарымен конструкциясы
Қабатты сыртқы қыбырғалық панельдерді конвейерлік әдіс бойынша өндіретін цех
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Арнайы бетондар
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Темірбетон қадаларын өндіретін цех
Бетон және темірбетон өндірісі
Темірбетон бұйымдарының түрлерімен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz