Ислам инвестициясы



КІРІСПЕ 3
1 ИСЛАМ ИНВЕСТИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ 6
1.1 Ислам инвестициясының формалары, әдістемелік негізі 6
1.2 Исламдық қаржыландырудың әлемдік тәжірибесі 17
1.3 Исламдық капитал тартудың Қазақстан қаржы нарығы үшін маңыздылығы 24
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ИСЛАМ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ 32
2.1Қазақстан нарығына ислам инвестициясын тарту тенденциялары 32
2.2 Қазақстан экономикасына ислам инвестициясын тартудың мемлекеттік.құқықтық механизмін жетілдіру жолдары 38
2.3 Ислам инвестициясын Қазақстан экономикасында пайдаланудың болашағы 46
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 54
Инвестициялау Қазақстан Республикасы экономикасының нарыққа өтудегі ең басты тетігі және ақша, қаржы, пайда секілді басқа да тетіктер мен формаларды пайдаланудың базасы болып табылады. Әлемдік экономикалық жүйені жаһандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр.
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар.
1 Қоңыров Е. Исламдық қаржыландыру ертеңіміз үшін тиімді. Электронды ресурс. - http://www.islam-orkeniet.kz/?p=537
2 Родни Уилсон. Исламский банкинг – шанс на будущее или угроза. // Middle East Online. - www.news.invictory.org
3 Сукук – Исламдық құнды қағаздары. Электронды ресурс. - http://www.rfca.kz/kz/aqparattyq-saraptamalyq-materialdar
4 Ислам банктерінің өнімдері – Бизнес-процестер. Электронды ресурс. - http://www.rfca.kz/kz/node/1000699
5 Исламдық банктер жүйесі. Электронды ресурс. - http://kz_zez.yvision.kz/post/81556
6 Нұрқанова Ә. Исламдық қаржыландыру – қаржылық индустрияның маңызды бағыттарының бірі. // Арқа ажары. 19.11.2011ж. №141-144 (17082)
7 ТМД мемлекеттерінде исламдық қаржыландыру құралдарының дамуы. Электронды ресурс. - http://kz.government.kz/site/news/2010/01/74
8 Islamskoe Finansirovanie – Obzor. Электронды ресурс. - http://www.rfca.kz/ob-Islamskih-finansah
9 Қаржы нарығы: Исламдық жүйенің иі неге қанбай тұр? Электронды ресурс. - http://dmk.kz/?p=7550#more-7550
10 Мировой рынок исламского финансирования. Электронды ресурс. - http://www.rfca.kz/uploads/islfin/MirovoyRynokIslamskogoFinansirovaniya.pdf
11 Ислами экономика: аңыз бен ақиқат. Электронды ресурс. - http://www.islam-orkeniet.kz/?p=665
12 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж.
13 Күмісжан Байжан «Кәсіпкерліктің кемелдену кезеңі». // Егемен Қазақстан. 16.01.2009 ж.
14 Қазақстан және ИКҰ. Электронды ресурс. - http://oic2011-2012.kz/ index.php? option=com_ content&view; =article&id=151&Itemid=104&lang=kz
15 ДИЭФ-те Ислам даму банкі жанынан ШОБ-тың арнайы қорын құру мәселесі талқыланады. Электронды ресурс. - http://www.bnews.kz/kk/news/post/52126/
16 Инвестициялаудың маңызды көзі исламдық қаржыландыру болады. Электронды ресурс. - http://news.nur.kz/178768.html
17 Кенжалин Д. «Исламдық қаржыландырудың тиімділігі». // Егемен Қазақстан. 16.03.2010 ж.
18 Исламдық қаржыландырудың ерекшеліктері мол. Электронды ресурс. - http://thenews.kz/2011/06/03/835579.html
19 Исламдық қаржыландыру - Қазақстан үшін мүмкіндіктер. Электронды ресурс. - http://www.rfca.kz/kz/aqparattyq-saraptamalyq-materialdar
20 Ислам банкингі — Қазақстанда. Электронды ресурс. - http://www.turkystan.kz/page.php?id=3455&page_id=30
21 Ислам қаржы ұйымдары. Электронды ресурс. - http://www.rfca.kz/kz/islam-qarzhy-uiymdary
22 Серіков А. Исламдық қаржыландыру бағытындағы қадамдар. // Егемен Қазақстан. 27.05.2011 ж.
23 Инвестициялаудың маңызды көзі исламдық қаржыландыру болады. Электронды ресурс. - http://news.nur.kz/178768.html
24 Исламдық қаржыландыру – қаржылық индустрияның маңызды бағыттарының бірі. Электронды ресурс. - http://arka-ajari.kz/news/newsread/news_id-200
25 Исламдық қаржыландыруды дамыту. Электронды ресурс. - http://www.afn.kz/attachments/9/20/publish20-1925209982..pdf

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ИСЛАМ ИНВЕСТИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ 6
1.1 Ислам инвестициясының формалары, әдістемелік негізі 6
1.2 Исламдық қаржыландырудың әлемдік тәжірибесі 17
1.3 Исламдық капитал тартудың Қазақстан қаржы нарығы үшін 24
маңыздылығы
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ИСЛАМ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ 32
ПАЙДАЛАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1Қазақстан нарығына ислам инвестициясын тарту тенденциялары 32
2.2 Қазақстан экономикасына ислам инвестициясын тартудың 38
мемлекеттік-құқықтық механизмін жетілдіру жолдары
2.3 Ислам инвестициясын Қазақстан экономикасында пайдаланудың 46
болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 54

КІРІСПЕ

Инвестициялау Қазақстан Республикасы экономикасының нарыққа өтудегі
ең басты тетігі және ақша, қаржы, пайда секілді басқа да тетіктер мен
формаларды пайдаланудың базасы болып табылады. Әлемдік экономикалық
жүйені жаһандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына
байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр.
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері
елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Қазақстанда
нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банк,
Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму
банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен,
басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен
мәні бар.
Соңғы жылдары әлемде исламдық қаржы саласының рөлі өсіп келеді.
Өйткені бұл жүйе дүниежүзінде жаңаша қаржы қызметі мүмкіндігінің
кеңдігімен ерекшеленіп отыр. Сондай-ақ, қаржылық қызметтің ұзақ мерзімді
әрі баламалы оңтайлы түрі ретінде мойындалғанымен де жоғары бағалануда.
Біріншіден, депозиттерден түскен пайдаға қатысу қаржы жүйесіндегі
тәртіптің күшеюіне ықпал етеді, сол арқылы тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Ислам қаржы институттары өздері қаржыландырып отырған жобаларға үлкен
маңыз береді, құрылымдар мен рыноктық тәртіптің жауапкершілігін
күшейтеді. Екіншіден, исламдық қаржыландырудың негізгі ұстанымы -
өзіңде жоқты сатпа ұстанымы болып табылады және қарыздарды сатудың
шектелуі рыноктағы алыпсатарлықтың пайда болуын азайтады. Осылайша,
несиелеу нақты экономиканың әлеуетті пара-пар өсуімен сәйкестенеді,
демек, тұрақсыз тетік пен қарыз пирамидаларының пайда болуына жол жоқ.
Үшіншіден, шариғат ауқымында ішкі реттеуге үлкен мән беріледі: құжаттар
қарау, келісім-шарттарды, ережелерін түсіндіру және әлеуметтік
жауапкершілік – исламдық қаржыландыру жүйесінің ажырамас бір бөлігі [1].

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасына шетел
инвестицияларын, соның ішінде ислам инвестициясын тарту макроэкономикалық
сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған
объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды
өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайында
исламдық инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің
құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Қазақстан
Республикасы аумағындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы
нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен тарту, ҚР-ның
сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту құқықтарын беру шетел
инвестицияларын, соның ішінде ислам инвестициясын ғылыми-зерттеудің
өзектілігін анықтайды. Қазақстан экономикасына кең көлемде шетел
инвестицияларын тарту халықтың жоғары сапалы өмірімен сипатталатын
өркениетті, әлеуметтік бейімделген қоғам құру секілді ұзақ мерзімді
мақсаттарды көздейді. Ал ислам капиталы Қазақстанға ғылыми-техникалық
прогресске және алдыңғы қатарлы басқарушылық тәжірибесіне жетуге
мүмкіндік береді. Демек, бұл үшін ислам инвестицияларын тиімді
пайдалануды жетілдіру жолдарын кешенді зерттеу қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі
мақсаты – ислам инвестицияларының Қазақстанда таралу жағдайын ілімдік-
әдістемелік негіздеу, сондай-ақ ислам инвестицияларын тиімді пайдалануды
жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу ілімдік, әдістемелік және
тәжірибелік сипатта белгіленген келесідей міндеттерді шешуді талап етеді:
- ислам инвестициясының теориялық негізін және оның Қазақстан
экономикасындағы ролін талдау;
- Қазақстан экономикасына ислам инвестициясын тартудың мемлекеттік-
құқықтық механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру;
- Қазақстан экономикасына ислам инвестициясын тарту және оны
пайдалану перспективаларын қарастыру;
- ислам инвестициясын Қазақстан экономикасында пайдаланудың
болашағын қарастыру;
- Қазақстанда ислам инвестицияларын тиімді пайдалануды жетілдіру
бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні Қазақстандағы ислам инвестицияларын
тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасындағы
исламдық қаржыландыру саласы.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері. Курстық жұмыстың
теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және
шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Жұмыс барысында ҚР
Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік
құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары
қолданылды.
Курстық жұмыстың ақпараттық базасы Қазақстан Республикасының
нормативтік-құқықтық актiлерi, министрліктер мен комитеттердің
материалдары, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің
мәліметтері, мерзiмдi баспасөз материалдары, осы заманғы экономикалық
әдебиеттер, ғылыми-зерттеу институттарының статистикалық ақпараттарының
мәліметтері негізінде қалыптасты.
Жұмыс нәтижелері салыстырмалы талдау, графиктік сараптамалық,
есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, компьютерлік-графикалық
және болжамдау әдістерін қолдану көмегімен алынды.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Курстық жұмысты жазу барысында
ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:
- ислами инвестициялық қызметті реттеудегі мемлекеттің ролі мен
қызметтері сараланды;
- Қазақстанға исламдық инвестиция тарту мен пайдалану ерекшеліктері
анықталды;
- ислам инвестициясын зерттеу негізінде осы салаға инвестицияларды
тарту тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды;
- ислам инвестициясын Қазақстан экономикасында пайдаланудың
болашағына болжам жасалды.
Курстық жұмыс нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). 2011
жылдың 28-29 қазан аралығында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-де Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген Жансүгіров
тағылымы атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып,
Қазақстандағы шетел инвестициялары атты мақала жарияладым, желтоқсан
айында әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың ҚазҰУ Хабаршысы басылымына курстық
жұмысымның тақырыбына сәйкес Ислам инвестициясы және ислам қаржы
институттарының Қазақстанда таралуы атты мақала жарияладым.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ИСЛАМ ИНВЕСТИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РОЛІ

1. Ислам инвестициясының формалары, әдістемелік негізі

Родни Уилсон атап айтқандай, Ислам банкі – бұл қауіп-қатер емес, ең
алдымен болашаққа деген үміт жəне оның болашағы бар... Біздіңше, ислам
қаржы-банк жүйесі біздің алдымызда капитализмнің батыстық, қытайлық
немесе ресейлік үлгілерімен тұтастай іс-қимыл жасайтын капитализмнің
айрықша нысаны ретінде көрініс табады. Мұндай үрдісті тек қана құптауға
болады [2].
Исламдық қаржыландырудың ең басты жұмыс істеу қағидасы – қаржыны
Алла тағала рұқсат еткен адал істерге жұмсау. Исламдық банк қызметтері 5
топқа топтастырылады:

1 серіктестікке негізделген банк өнімі (немесе пайда мен шығынды
бөлу): Мудараба және Мушарака;

2 Мәмілелерге негізделген банк өнімі (немесе мәмілелер бойынша
борыш): Мурабаха, Иджара, Салям, Истисна, Қард Хасан;

3 банк комиссиясын (тарифтерін) (немесе комиссиондық өнімдер)
төлеуге негізделген банк өнімі: Уакала (аккредитив);

4 кепілдерді қамтамасыз етуге негізделген банк өнімі: Хавала,
Кафала, Рахн.

5 ислам банкингінің депозиттік өнімдері:

- ағымдағы шоттар (Уадия, Амана және Қард Хасан);

- сақтық шоттар (УадияАмана Қард Хасан немесе Мудараба);

- инвестициялық шоттар (Мудараба).

6 ислам банк қызметтерінің басқа да түрлері (брокерлік қызметтер,
ақшалай аударымдар, валюталық операциялар).
Cукук – исламдық құнды қағаздар, жобаларды қаржыландыру, соның
ішінде ифраструктураны дамыту, өндірісті жақсарту және т.б. үшін арнайы
шығарылады. Әдетте, жобаны іске асыру үшін исламдық банкпен немесе
компаниямен арнайы қаржы компаниясы (SPV) құрылып, оған активтер мен
қаражаттар беріледі.
Сукук түрлері: Сукук Мудараба, Сукук Мушарака, Сукук Иджара, Сукук
Салям, Сукук Истисна, Сукук Мурабаха және т.б. Сукуктың бірнеше
ерекшеліктері болады. Біріншіден, материалдық активпен байланыстылығы,
дәстүрлі облигациялардан айырмашылығы – оның иесінің базалық активке
ортақ меншіктегі үлесін куәландыруы. Екіншіден, тіркелген табыстың
базалық активті пайдаланудан қалыптасқан табысқа ауыстырылуы [3].
Сукуктың іске асырылу мысалы 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1- Сукуктың іске асырылуы [4]

Мудараба жобалық қаржыландыру, сонымен қатар синдикация мен ислам
бағалы қағаздарын шығару мақсаты үшін пайдаланылады. Ислам банкінің
белгілі бір клиенттің жобасын (арнайы кәсіпорынды) инвестициялық
қаржыландыруды қамтамасыз етуге қатысуы сенімгерлік серіктестіктің негізі
болып табылады. Ислам банкі, мұндай қаржыландырудың аясында ақшалай
қаражаттың иесі (Раб-аль-маль) болып табылады. Сенім білдірілген
серіктес (Мудариб) деп аталатын Ислам банкінің клиенті өзінің сараптық
білімдері мен дағдыларын инвестициялайды және ұйымдастыруды, жобаны
басқаруды жүзеге асырады, жобаның басқарушылық, кадрлық және техникалық
құрамдастарын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асырудан түскен пайда Ислам
банкі мен клиенттің арасында алдын ала белгіленген келіссөздерге сәйкес
үлесте бөлінеді. Іске асырудан түскен шығын Ислам банкінің нәтижесіне
жатады. Бұл жағдайда Мудариб жобаға салынған уақыты мен күшін жоғалтады.
Осылайша, Исламда адам еңбегі мен білімі бағаланады және ескеріледі.
Мудараба бойынша бизнес-процесс:
1. Ислам банкі мен Клиент сенімгер серіктестік туралы келісімшарт
жасасады (Клиенттің жобаны іске асыруы үшін). Ислам банкі Клиентке
қажетті мөлшерде ақшалай капитал ұсынады. Клиент өзінің еңбегі мен
уақытын жобаны басқару мен іске асыруға жұмсайды.
2. Жобаны іске асыру аясында инвестициядан түскен пайда туындайды.
3. Жобаны іске асырудан түскен пайда Ислам банкі мен Клиенттің
арасында алдын ала айтылған тиісті үлесте бөлінеді. Сонымен қатар,
жобаны іске асыру үдерісінде қосымша күтпеген шығындар туындаған
жағдайда – оған инвестициядан түскен пайдадан өтемақы төленеді.

Егерде жобаны іске асыру қорытындылары бойынша шығын алынған
жағдайда, онда ол тұтастай Ислам банкінің нәтижесіне жатады. Егерде шығын
Клиенттің кінәсінен болса, онда Клиент өзінің кінәсінен болған шығынның
тиісті бөлігін төлейді.

Мударабаның іске асырылу мысалы 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2 - Мударабаның іске асырылуы [4]

Мушарака Ислам банкінің белсенді операциялары аясында экспорттық-
импорттық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру мен синдикаттауларда, ислам
бағалы қағаздарын (Сукук) шығаруда қолданылады. Мушарак негізгі мәмілесі
– Ислам банкі мен клиенттің қандай да болмасын бизнес-жоспарға бірлесіп
қатысуы мен аталған жоспарды бірлесіп қаржыландыру болып табылады. Пайда
Ислам банкі мен клиенттің арасында алдын ала келісілген үйлесімділікте
бөлінеді. Шығын серіктестікке үлестік қатысуға сәйкес пропорцияда
бөлінеді.
Мушарак бойынша бизнес-процесс:
1. Ислам банкі (1-Серіктес) және Клиент (2-Серіктес) мәміленің
шарттарын сөз етіп алған соң, бірлесіп қатысу (бизнесс-жоспарды іске
асыру) туралы келісімшарт жасасады. Серіктестердің әрқайсысы өзінің
үлесі ақшалай капиталын салады және, қажет болған жағдайда
сараптамалық білімдерін.
2. Бизнесс-жоспарды іске асыру аясында қызметтің нәтижесі туындайды
(пайда немесе шығын).
3. Алдын ала айтылған үлестерге сәйкес бизнесс-жоспарды іске асырудан
түскен пайда Ислам банкі мен Клиент арасында бөлінеді.
4. Бизнесс-жоспарды іске асырудан түскен шығын Ислам банкі мен
Клиенттің арасында олардың енгізген салымдарының үлестеріне
үйлесімді бөлінеді.
Мушараканың іске асырылу мысалы 3-суретте көрсетілген.

Сурет 3 - Мушараканың іске асырылуы [4]

Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде ең алдымен жылжымайтын мүліктермен
мәмілелерде, сондай-ақ жобаларда серіктестік тәсімі ретінде пайдалануы
мүмкін Мушарактың - азайғыш Мушарак түрі танымал болып келеді. Азайғыш
Мушарак меншік үлестің біртіңдеп тұтастай белгілі бір активке
(жылжымайтын мүлік нысаны немесе инвестициялық жоба) қаржыландыратын
тараптан соңғы иесіне (Клиентке) ауысуынан тұрады. Осы күнге дейін
активтің белгілі бір үлесі қаржыландыратын тараптың меншігінде болады –
активтің келешегі бар иесі жалға алу төлемдерін немесе инвестициялық
жобадан түскен пайданың бөлігін активті қоса иеленушіге, яғни
қаржыландыратын тарапқа активтің аталған бөлігін қолданғаны үшін төлеуі
тиіс.
Мурабаха экспорттық-импорттық қаржыландыру мен айналымдағы капиталды
қаржыландыру мақсаты үшін Ислам банкінің белсенді опреацияларының аясында
қолданылады. Мурабаха мәмілесінің негізі Ислам банкімен бұрын Ислам
банкінің өзімен сатып алынған клиенттің қандай да болмасын белгілі
активін үстеме бағамен сату болып табылады. Ислам банкінің клиентпен
жасалған мәмілесі аясында белгіленетін үстеме баға Ислам банкінің аталған
операциядан алған кірісі болып табылады. Мәміленің экономикалық
мағынасының негізі Ислам банкінен активтерді сатып алуды төлеуге мұрсат
беруден (мерзімін ұзартудан) тұрады.
Мурабаханың іске асырылу мысалдары 4 және 5 суреттерде көрсетілген.

Сурет 4 - Мурабаханың іске асырылуы [4]

Мурабаха бойынша бизнес-процесс:
1. Клиент аталған активтің активімен және жеткізушісімен
анықталады.
2. Клиент Ислам банкіне активтерді алып сату бағасы бойынша
қаржыландыру үшін жүгінеді. Ислам банкі Клиенттің өтінімін
сұралып отырған активті сатып алу туралы оңтеріс шешім қабылдау
үшін мұқият зерттейді.
3. Оң шешім шығарған жағдайда – Ислам банкі Жеткізушіге ақшалай
қаражат аударады.
4. Жеткізуші активін Ислам банкінің меншігіне береді.
5. Ислам банкі Мурабаха мәмілесі негізінде Клиентке сатып алынған
активті жаңа бағамен сатады. Клиент актив үшін төлемді мерзімін
ұзарту (мұрсат беру) талаптарын ескере отырып, сатып алынған
актив үшін төлемді жүзеге асырады.

Сурет 5 - Мурабаханың іске асырылуы [4]

Иджара лизингілік және жобалық қаржыландыру мақсаты үшін банктің
белсенді операцияларының аясында қолданылады. Иджара мәмілесінің негізі
клиентке қандай да болмасын белгілі активті қолдануға (жалға, лизингке)
беру болып табылады. Ислам банкінің аталған операциядан түскен пайдасы
қолданудың айтылған мерзімі аясындағы жалға беру төлемдері болып
табылады.
Иджара бойынша бизнес-процесс:
1. Клиент аталған активтің активімен және Жеткізушісімен анықталады.
2. Клиент Ислам банкіне Клиент активін қаржыландыру үшін жүгінеді.
3. Ислам банкі Жеткізушіден актив сатып алады.
4. Жеткізуші Ислам банкіне активті жеткізуді жүзеге асырады. Ислам
банкі Иджара мәмілесінің негізінде Клиентке белгілі мерзімге қолдану
үшін сатып алған активін ұсынады. Клиент қолданатын активіне жалға
алу төлемдерін жүзеге асырады.
5. Жалға алу шартының әрекеті аяқталған соң Клиент Ислам банкіне
активті қайтарады.
Иджараның іске асырылу мысалы 6-суретте көрсетілген.

Сурет 6 - Иджараның іске асырылуы [4]

Қаржылық лизингтің дәстүрлі модельдерден негізгі айырмашылықтары:
- Иджара шартында активтерді сату талаптарының болмауы;
- активтің физикалық тәуекелдерін Ислам банкі көтереді;
- сату мәмілесінің аясында жалға беру кезеңі аяқталған соң
активтерді сату (Иджара уа Иктина);
- қалдық құнының ең аз мөлшері кезінде активті өтеусіз беру
мүмкіндігі.
Шарттың аяқталуы барысында Ислам банкі Клиентке актив сататын болса,
онда мұндай мәміле Иджара уа Иктина деп аталады. Иджара уа Иктина
мәмілесі бойынша бизнес-процесс Иджара мәмілесі жөніндегі бизнес-процеске
ұқсас, жалғыз айырмашылық – жалға беру шарты аяқталған соң Клиент Ислам
банкінен актив сатып алып, меншік құқығы ауысуының жүретіндігінде.

Салям экспорттық-импорттық қаржыландыру мен айналымдағы капиталды
қаржыландыру мақсаты үшін банктің белсенді опреацияларының аясында
қолданылады. Салям мәмілесінің негізі Ислам банкінің қандай да болмасын
белгіленген активінің ағымдағы бағасы бойынша мерзімі ұзартылған
жеткізулерді сату болып табылады. Аталған мәміледе Ислам банкі Салямның
басқа жақта параллельді шарт жасасуы арқылы пайда табады, яғни
активтерді саудалық үстеме бағасымен алып сатады. Мұндай операция әлемдік
тәжірибеде параллельді Салям атауына ие болды. Мәміленің экономикалық
мағынасы Клиентке активті болашақта жеткізудің нарықтан төмен баға
бойынша Клиенттің алдын ала төлемінен (нақты қаржыландыру) тұрады.

Салям бойынша бизнес-процесс:
1. Клиент (Салямды сатушы) Салям банкімен активтің келешектегі
жеткізілу күнінің ағымдағы бағасымен белгілі активке Салям мәмілесін
жасайды. Салямның аталған шартына параллельді Ислам банкі басқа
Клиентпен (Салямды сатып алушымен) активтің келешектегі жеткізілу
күнінің үстеме сауда бағасы бойынша шарт жасасады.
2. Клиент белгіленген күні Ислам банкіне Салям мәмілесі бойынша актив
жеткізеді, Ислам банкі параллельді Салям шартына сәйкес, аталған
активті Салямның сатып алушысына жеткізуді жүзеге асырады.
Осылайша, Ислам банкінің пайдасы параллельді Салям нәтижесінде активті
қайта сату барысындағы сауда үстеме бағасы есебінен жиналады.
Салямның іске асырылу мысалы 7-суретте көрсетілген.

Сурет 7 - Салямның іске асырылуы [4]

Истисна келісімді жасасу сәтінде болмайтын затты сатып алу-сату
шартынан тұрады. Тауар өндіруші тауарды тапсырыс берушінің талабы бойынша
дайындайды Истисна шартының нақтылығының қажетті шарты — өндірілетін
тауардың алдын-ала айтылған бағасы және оның негізгі сипаттамалары.
Истиснаның негізгі ерекшеліктері:
– сату-сатып алу келісім-шартын жасасу кезінде заттың жоқ
болуы;
– тауар өндіруші тауарды тапсырушының (Ислам банкі) талабына
сай өндіреді (мысалы, тапсырыспен үй салу);
– истисна келісім шартының негізін құрайтын басты шарт –
тауардың бағасы мен басты сипаттарымен алдын-ала келісу.
Истиснаның іске асырылу мысалы 8-суретте көрсетілген.

Сурет 8 - Истиснаның іске асырылуы [4]

Истиснаның салямнан ерекшелігі – тауар төлемі тауарды сатып алушы
алғанға дейін біржолғы төлем түрінде берілмейді, ол тауар өндірушінің
жұмысты орындағанына қарай кезеңмен жүргізіледі. Параллельді саляммен
ұқсастық бойынша, Ислам банкі параллельді истиснаны құрастыра алады.
Параллельді истиснаның іске асырылу мысалы 9-суретте көрсетілген.

Сурет 9 - Параллельді истиснаның іске асырылуы [4]

Параллельді Истисна бойынша бизнес-процесс:
1. Ислам банкі құны 100 000 теңге тұратын 1-Истисна келісімшарты өнім
өндірушімен жасасады. Осы келісімшартқа параллель Ислам банкі
Клиентпен құны 120 000 теңге тұратын 2-Истисна келісімшарты
жасасады. Бұл жағдайда міндетті талап, дайындалатын өнімге қойылатын
тапсырыс сипаттамалары бірдей болуы тиіс.
2. 2-Истисна келісімшартына сәйкес Клиент Ислам банкіне тапсырылатын
өнімді дайындау үшін ақшалай қаражатты кезеңмен аударады. Ислам
банкі өз кезегінде, 1-Истисна келісімшартының талаптары бойынша Өнім
өндірушіні кезеңмен қаржыландыруды жүзеге асырады.
3. Өндірістің немесе құрылыстың аяқталуы бойынша, Өнім өндіруші Ислам
банкіне дайын өнімді жеткізеді, және меншік құқығының ауысуы жүреді.
Ислам банкі өз кезегінде, Клиентке меншік құқығының ауысуымен дайын
өнімді береді.
Параллельді Салямдағыдай Ислам банкінің пайдасы сауда үстеме
бағасынан – Истисна келісімшарты құнының айырмашылығынан жиналады. Бұл
жағдайда келісімшарттар бір-біріне тәуелсіз, және 1-Истисна келісімшарты
талаптарының өнім өндірушімен тиісті емес орындалуына байланысты
туындайтын барлық тәуекелдер үшін жауапкершілік Ислам банкіне жүктеледі.
Ислам банкінің депозиттік өнімдерінің негізі:
- қайтарымдылығы;
- өтімділігі;
- шұғылдылығы;
- қорғалуы;
- тұрақтылығы.
Ислам банкінің депозиттік өнімдерінің түрлері:
- ағымдағы шоттар (Уадия және Қард Хасан);
- жинақ шоттары (Уадия Қард Хасан Мудараба);
- инвестициялық шоттар (Мудараба).
Ағымдағы шоттар - мәміле бойынша борыш ұстанымы бойынша
қалыптасады және Уадия немесе шоттың кепілдігі, сонымен қатар Қард
Хасан немесе борыштың өтеусіздігі ұстанымдарын қолданады. Аталған
шоттардың ерекшелігі банктің клиенттен алынған ақшалай қаражатты тең
көлемде қайтару кепілдігі болып табылады. Клиент банкпен тәуекелдерді
бөліспейді және банк пайдасына қатыспайды.
Жинақ депозиттері мәміле бойынша борыш немесе пайданы
бөлісу ұстанымы бойынша қалыптасады. Мәміле бойынша борыш - Уадия
(сенімгерлік шот) және Қард Хасан (өтеусіз борыш шоты). Клиентке сыйақы
беру келісімшарттың талабы болып табылмайды және Ислам банкімен дербес
анықталады. Клиенттің қайтару талабы берілген күн ақшалай қаражатты
шақыртып алу мерзімі болып табылады. Пайданы бөлу – бұл Мудараба
механизмі (сенімгерлік серіктестік). Мудараба принципі бойынша жинақ
депозитінің ерекшеліктері мынадай болып келеді:
– банктің салымды кепілдендіруі (инвестициялар алдындағы
артықшылығы);
– инвестициялық мақсаттардың болуы;
– клиенттің кез-келген уақытта салынған ақшалай қаражатын қайтару
талабына құқығы;
– ислам банкінің қызметі нәтижесін тарату кезеңіне дейін салым
сақталған жағдайда ислам банкінің пайдасын бөлу.
Инвестициялық депозиттер (шектелген және шектелмеген) Ислам
банктерінің негізгі өнімдері болып табылады. Аталған шоттар пайдалар
(және шығындарды) бөлу ұстанымы бойынша қалыптасады және Мудараба
(сенімгерлік серіктестік) механизмін қолданады. Ерекшеліктері:
– клиентпен ақшалай қаражатты ислам банкіне салуды бекіту;
– клиентпен ислам банкіне салынған мөлшерге тең қаражатты қайтару
жөніндегі кепілдердің болмауы;
– ислам банкі мен салымшының арасындағы талаптарға сәйкес ислам
банкінің қызметі нәтижесін бөлу.
Шектелмеген инвестициялық депозиттер (Мудараба шоттары) ислам
банктерінің арасындағы ең көп таралғаны болып табылады. Аталған
депозиттер әртүрлі мерзімдерге қалыптасады және банктердің ағымдағы
белсенді операцияларын қаржыландыруға арналған. Пайда банктің сәйкес
кезеңдегі бухгалтерлік есебінің негізінде бөлінеді (ай, тоқсан, жарты
жыл, жыл).
Шектелген инвестициялық депозиттер (Мудараба шоттары)
клиенттердің белгілі санаттарына (ірі корпорацияларға, үкімет және т.б.)
немесе белгіленген инвестициялық жобаларға инвестицияларға, сондай-ақ
Ислам банкі мен жоба салымшысының жеке келісімдері негізіндегі
инвестицияларға арналған. Ислам банкінің мұндай депозиттер бойынша
қызметінің нәтижесін бөлу деңгейі бойынша мерзімі мен талаптары,
негізінен жеке сипатта болып табылады.
Инвестициялық депозиттер бойынша бизнес-процесс келесі кезектіліктен
тұрады:
1. Салымшы мен Ислам банкі салымның талаптары туралы келіседі –
Мудараба. Салымшы Ислам банкіне қаражаттар береді.
2. Ислам банкі инвестициялық депозит қалыптастырады (шот ашады).
3. Ислам банкі депозиттегі қаражаттарды қандай да болмасын Клиенттің
қызметіне байланысты және нақты пайда әкелетін белсенді
операцияларға инвестициялайды және аталған салымдарды басқарады.
4. Ислам банкімен қаржыландырылған операциялар пайда немесе шығын
түріндегі қызмет нәтижелерін туындатады.
5. Ислам банкі инвестициялау нәтижелерін қорытындылайды.
6. Инвестициядан алынған пайда банк пен салымшының арасындағы
келісімшарт талаптарына сәйкес бөлінеді; шығындар Салымшыға
жатқызылады және депозиттің көлемін азайтады.
7. Салымның мерзімі аяқталғанда Банк салымның қалдығын қайтарады.
Ислам банкі өз клиенттерінің негізінен қысқа мерзімді негіздегі
сауда операцияларын жүргізу үшін, өзінің клиенттерінің сауда
операцияларын жүргізуге қажетті арнайы талаптар мен мүмкіндіктерді
қамтамасыз етеді. Мұндай арнайы қызметтер сатып алу-сату операцияларын,
импорттық-экспорттық операцияларды, сондай-ақ қойма операцияларын жүзеге
асыру барысында көрсетіледі. Дәстүрлі банкингтің тілінде, операциялардың
мұндай түрлері аккредитив деп аталады. Аккредитивтер ислам банкингінде
Салям, Мурабаха, Истисна және Мушарака мәмілелерінде қолданылуы мүмкін.
Исламдық келісімшарттың тағы бір түрі Хавала (трансфераудару) болып
табылады. Хавала бір қарызгерден (Х-трансферор) екіншісіне (Z-трансфери)
борышты аударуды білдіреді. Қарыз аударылған соң алғашқы Х қарызгер
борышынан толық босатылады, және қарыз беруші қарызды Z трансфериден
талап етуі тиіс. Келісімшарттың мұндай түрі қайырымдылық болып табылады,
яғни Z трансфери Х алғашқы қарызгерден әкімшілік сипаттағы төлемді сұрай
алады.
Кафала (кепіл) келісімшарты қолданыстағы қарыздың келісімшартына
екінші қарызгер ретінде үшінші тараптың қосылуын білдіреді. Бұл жағдайда
жаңа қарызгер борышты қайтару үшін тең дәрежеде жауапты болып табылады.
Келісімшарттың бұл түрі Рибадан (сыйақыдан) тұрмайды, және қайырымдылық
сипатта болады. Алайда, аталған төлемнің мөлшері құны мен келісімшарттың
мерзіміне байланыссыз белгіленген жағдайда, жаңа қарызгер бірінші
қарызгерден әкімшілік шығындарды сұрата алады.
Рахн (кепілсалым) келісімшарты қарыз беруші борыштың қайтарылмау
тәуекелін болдырғысы келмегендіктен, қарызгерден кепілсалымды немесе
соңғысының мүлкі түріндегі кепілді талап етеді. Бұл жағдайда борыш
қайтарылмайтын жағдайда, аталған мүлік нарық бағасы бойынша сатылады және
алынған ақша немесе оның бөлігі борышты жабуға жұмсалады. Кепілсалымды
келісімшарттың мұндай түрінің ерекшелігі, қарызгердің келісімшарттың
барлық мерзімінің барысында өзінің кепілге салынған мүлкін қолдану
құқығына ие болуында. Яғни, мысалы, автомобиль кепілге салынса – онда
карызгер борышты қайтару мақсатында оны сату қажеттілігі туындамайынша
онымен жүре алады. Егерде мұндай қажеттілік болмаса, онда автомобиль
иесінде қалады.
Қард Хасан – пайызсыз қарыз, борышқор алдын ала бекітілген
уақытта, тек қарызға алынған соманы ғана қайтаруы тиіс. Егер қарыз
беруші борышқордың қарызды қайтаруға жағдайы жоқ екеніне көзі жетсе, онда
Қард Хасан ретінде берілген қаржы Зекет немесе Садақа ретінде болып
есептелуі мүмкін.
Уадия – сенім есебі, клиентке сыйақы беру контракттың шарты болып
есептелінбейді және сыйақыны беру банктің дербес еркінде. Ақшалай қаржыны
қайтару мерзімі клиенттің бекіткен уақыт талабымен есептеледі
Уакала – Исламдық банкінің банк операцияларын жүргізгені үшін
уәкілдік қызметтің комиссиондық ақысы.
Одан өзге, әлемдік тәжірибеде ислам банктері белгілі ақыға қор
нарығында делдалдық қызметтерді де, консультациялық қызметтерді, сонымен
қатар аталған мәмілелерде Риба (пайыз) және Гарар (белгісіздік) болмауы
міндетті талабы сақталған кезде Сарф – валюта айырбастау жөніндегі
қызметтер көрсете алады [4].
Ислам бағалы қағаздарының әлемдік облигация нарығының 1%-дан
аспайтын бөлігін құрағанымен оған немқұрайлы қарауға болмайды. Сукукты
қазақстандық нарыққа енгізу елімізге көптеген перспективалар әкеледі.

2. Исламдық қаржыландырудың әлемдік тәжірибесі

Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, 1963 жылы Мысырда Мит Гамр
Банк атты бірінші исламдық банкінің құрылғанынан басталған Исламдық
қаржыландыру 1974-1975 жылдардан бері өте қарқынды дамуда. Бүгінде
қанатын кеңге жайып, ең ірі дамыған елдерде кәсіпорындары ашылды. Соның
ішінде Таяу Шығыс, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа
елдерінде жақсы дамыған. Мысырдың Мәйіт Ғұмыр деген қаласында 1963 жылы
исламдық үлгідегі алғашқы жинақ кассасын ашқан жергілікті экономист 
Ахмад әл-Наджар болатын. Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып,
мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін
жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды. Египеттің саяси
басшылығымен келісімге келе алмаған оны 1967 жылы исламдық банктерді
басқарудан аластайды, банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны
болып, жабылып қалады. Исламдық қаржыландырудың негізін қалаушы өз елін
тастап, Суданға кетуге мәжбүр болады.  1969 жылы Ахмад әл-Наджар Сауд
Арабиясына көшіп барып, ислами экономиканың мәселелерімен айналысуды
жалғастырады, корольдіктің таяу арада исламдық банк ісінің әлемдік
орталығы болуына үлкен үлесін қосады. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды
түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы
кез болатын.1971 жылы Мысыр президенті Садат өз қателігін түсініп, атақты
экономисті кері шақырып, Қоғамдық банктің жобасын дайындауды тапсырады,
кейінірек ол Наср қоғамдық банкі деп аталды. Сонымен қатар, әл-Наджарға
Ислам даму банкін құру жөніндегі ұсынысты жасақтауға тапсырады. 1972 жылы
бұл ұсыныс-жоба бекітіліп, оны Джидда қаласында Сауд Арабиясы орындауға
мойнына алады. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму
Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai
Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal
Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және
Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап
кетті. Алғашқы кездегі күдік бірте-бірте жойылып, банктердің жарқын
болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген
байсалды қатынас орнай бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің
сенімді әрі болашағы бар банк жүйесі екендігі түсінікті болды [5].
Бүгінгі таңда ислам банктерінің саны 45-ке жуық, біріккен капиталы
800 миллиард АҚШ долларынан асады. Исламдық қаржы нарығы сондай-ақ,
исламдық қаржыландыру принциптеріне сай сақтандыру компанияларымен
инвестициялық қорларды ұсынады. Соңғы 7 жыл ішінде ислам құнды қағаздар
нарығы жедел даму үстінде. Исламдық қор нарығы Малайзия елдерінде жақсы
дамыған, жыл сайын қор биржасында сукук 12 миллиард АҚШ доллары шамасында
бағалануда. Ислам банкілерінің іскерлік моделі және жұмыс ережелері
ерекшеліктерінің арқасында дағдарыстық құбылыстарға асқан тұрақтылық
көрсетуде. Көптеген қаржы орталықтары өздерін исламдық қаржы орталығы
ретінде ұстанымды қалауда. Бұл дәреже исламдық қаржы ұйымдары мен ислам
инвесторларын тартуға көмектеседі. Мәселен, Ұлыбритания үкіметі бірқатар
заң актілеріне өзгерістер енгізді. Қазір мұнда 22 банк исламдық
қаржыландыру қызметін ұсынуда, оның 5-і толық ислам банктері. Бұл
Ұлыбританияның Еуропаға исламдық қаржыландыруды дамытудағы көшбасшы
екенін білдіреді. Қазіргі күні көптеген дамыған елдерде қаржы
институттары исламдық қаржыландыру принциптеріне сүйеніп отыр. Ислам
Банкі саудалық қаржыландыру, үлестік біріккен қаржыландыру, жалға алу,
ақшаны сенімді басқару, ислам банкі қызметі аясында агенттік қызметтер
көрсетеді. Дүниежүзілік исламдық қаржыландыру нарығы жыл сайын 15 пайызға
өсіп, әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан банк өсуі болып отыр. Исламдық
қаржыландыру шариғат нормаларына толығымен жауап беретін Иран, Сауд
Аравиясы, Судан, заң жүйесі жартылай исламдық болып келетін елдер
Малайзия, Бахрейн, Пәкістан және алдыңғы қатарлы Ұлыбритания, Сингапур,
АҚШ сияқты елдерде қолданылуда. Әлемде ақпараттық технологиялардың дамуы
ғаламдық процестерде аса жоғары жылдамдықпен және көрінбейтін көлемде
төңкеріс жасады [6].
2001 жылдан бастап әлем бойынша Ислам банкингі жылына 15-20 пайызға
дамыған. Қандай дағдарыс болса да бұл беделді активтерге еш зиян
болмайды. Өйткені Ислам қаржы секторы нақты экономикаға инвестиция салу
арқылы жұмыс істейді. Ал өзге қаржылық секторда активтер 400 трлн. АҚШ
долларын құрауы мүмкін. Бірақ оның он пайызы ғана нақты да, қалған тоқсан
пайызы жел және токсикалық активтермен толы виртуалдық капитал болуы
ықтимал. Соңғы дағдарыста осындай активтер үлкен зиянға ұшырады. Осыдан-
ақ, Ислам банктері бәсекеге қаншалықты қабілетті екенін көруге болады.
Бірақ ол ешқашан басқа қаржылық секторлармен бәсекеге түспейді. Өйткені
екі жүйенің жұмыс істеу тәсілі және мақсаттары мүлдем бөлек.
Исламдық қаржыландыру жүйесінің қаншалықты өміршең екендігін кешегі
дағдарыс көрсетіп берді. Осы ретте біреулер Дубайдың, Кувейттің кейбір
сукуктері құрдымға кеткенін айтып, исламдық қаржыландырудың да дефолтқа
ұшырайтынын дәлелдегісі келеді. Ол сукуктердің дефолтқа ұшырауының
себебі, бөлінген қаржылардың шариғатқа қайшы жұмсалуында. Мысалы,
Накхиль деген компания Дубайда қолдан жасалған аралдарды салумен
айналысады. Сол компания исламдық жүйе бойынша алған ақшасын жаңағы
аралдарға казино салу сынды харам істерге жұмсаған. Ал Кувейттің
жағдайына келер болсақ, ол жерде де қаржы шариғатқа қарсы іске жұмсалған
және басқарушы адамдардың көпшілігі мұсылман болмаған. Олар алған ақшасын
ағылшынның өте қымбат Астон Мартин автокөліктерін шығаруға пайдаланған.
Мұндай қымбатшылық Исламда ысырап болып саналатыны белгілі. Міне, екі
істе де харам нәрсеге жол берілген.
Биыл наурыз айында Ыстамбұл қаласында осы мәселе төңірегінде үлкен
жиын болды. Оған Германия, Франция, Ұлыбритания, Бахрейн, Малайзия және
ТМД елдерінен реттеу органдары қатысты. Аталған елдердің өкілдері
исламдық қаржыландырудың әділеттілігіне қызығып, оның пайдалы екенін
мойындап отыр.
Ислам экономикасының қағидаттары банктік жүйеге ғана емес, əр түрлі
елдердің қаржы жүйесіне кеңінен енгізіле бастады: шариғаттың қағидаларына
сəйкес жұмыс істейтін сақтандыру компаниялары, əр түрлі қорлары құрылды.
2007 жылғы екінші жартыжылдықта үдеп отырған, АҚШ-тағы ипотекалық
кредиттеу дағдарысынан туындаған əлемдік қаржы дағдарысынан кейін ислам
қаржы жүйесіне мүдделілік əсіресе айқын көрінді.
MENA ақпараттық агенттігінің мәліметтерінше Ислам активтерінің 71%-ы
Таяу Шығыс елдерінің, 24%-ы Азия елдерінің үлесіне келеді. Ислам
банктерінің ең үлкен орталықтары Иранда ($235 млрд.), Сауд Арабиясында
($92 млрд.), және Малайзияда ($67 млрд.) орналасқан. Ұлыбритания – батыс
елдерінің арасында исламдық қаржыландыру бойынша көшбасшы болып табылады.
Исламдық қаржыландырудың географиясы 10-суретте көрсетілген.

Сурет 10 - Исламдық қаржыландыру географиясы [8]

Әлемдік исламдық қаржы активтерінің үлкен бөлігі Парсы шығанағының
Араб мемлекеттерінің ынтымақтасу кеңесінің (БАӘ, Сауд Арабиясы, Оман,
Бахрейн, Кувейт, Катар) еншісінде, яғни 42,9%, немесе 353,2 млн. АҚШ
доллары. Ислам қаржысы активтерінің 35,6%-на ие болған Иран мемлекеті
жеке мемлекеттер арасында жетекші орын алып отыр. Таяу Шығыс
мемлекеттерінен басқа жетекші орындарға Малайзия (10,5%) және Ұлыбритания
(2,5%) ие.
Мемлекеттердің тағы бір тобын АҚШ, Франция, Испания, Дания,
Люксембург, Австралия, Германия, Кайман аралдары, Жапония, Сингапур,
Тайланд, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Ресей және Түркия құрайды.
Бұл мемлекеттердің ұйымдары ислам қаржысының инструменттерін шектелген
жергілікті немесе халықаралық исламдық қаржы құрылымдары арқылы
пайдаланады. Әлемдегі алдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank,
ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking
Corporation – өздерінің құрылымында ислами банкке арналған арнайы
бөлімдерін ашқан. Парсы шығанағының Араб мемлекеттерінің ынтымақтасу
кеңесінің аймақтық бөлінісінде инвесторлардың исламдық қаржы өнімдеріне
қатынасы 11-суретте көрсетілген.

Сурет 11 - Инвесторлардың исламдық қаржы өнімдеріне қатынасы [8]

Исламдық қаржы әлемдік қаржы нарығының бар жоғы 1%-ын ғана құрауына
қарамастан, Шариғаттың қатаң ережелерімен алыпсатарлыққа, хедж-
операцияларына, баланстан тыс есептерге тыйым салуымен байланысты әлем
инвесторларын қызықтыруда. Қазіргі таңда исламдық қаржы ұйымы
клиенттерінің 50%-ы – мұсылман еместер. Соңғы жылдары ислам банкингі
бизнестің төменгі сатысынан қаржы нарығының, оның ішінде ислам əлемінен
тысқары барынша қарқындап өскен бөліктерінің біріне айналды. Мəселен,
Inertnational Financial Service, London баяндамасына сəйкес, Ұлыбритания
Батыс Еуропада жетекші ислам қаржы орталығы болып табылады. Исламдық
қаржыландырудың халықаралық стандарттары 1-кестеде көрініс тапқан.

Кесте 1 - Исламдық қаржыландырудың халықаралық стандарттары

ISLAMIC FINANCIAL SERVICES BOARD ACCOUNTING AND AUDITING ORGANISATION
FOR ISLAMIC FINANCIAL INSTUTIONS
IFSB, Исламдық қаржыландыру AAOIFI, Ислам қаржы
жөніндегі кеңес институттарындағы бухгалтерлік есеп
және аудит бойынша ұйым
Малайзия, 2003 жыл Бахрейн, 1991 жыл
Исламдық қаржы қызметтері Исламдық қаржы институттарын Шариғат
индустриясының тұрақтылығын стандарттарына, этика, басқару,
арттырып, дамытатын стандарттар мен аудит және бухгалтерлік есепке
қағидаларды бекітетін халықаралық дайындаумен айналысатын халықаралық
ұйым қаржылық емес ұйым
185 қатысушы: 43 регулятор, 40 елден 155 қатысушы, оның ішінде
Дүниежүзілік банк, Халықаралық Бахрейн, БАӘ, Катар, Судан, Сирия
есептер банкі, Ислам даму банкі, және Ливан.
Сауд Арабиясының жеке секторын Австралия, Малайзия, Сауд Арабиясы
дамытушы ислам корпорациясы, 6 және Оңтүстік Африка өкіметтері
халықаралық ұйым және 136 нарық ислам қаржылары жөнінде AAOIFI
қатысушысы стандарттарына негізделген
ақпар-кітапша шығарды.
Ислам қаржылары жөнінде Ислам қаржылары жөнінде кәсіби
конференциялар, семинарлар, біліктілік береді
зерттеулер жүргізеді
Ескерту: 1-кестеде [8] әдебиет деректері пайдаланылған

The Banker және HSBC Amanah бірігіп өткізген 500 исламдық жетекші
институттар зерттеуі бойынша, 2009 жылдың ішінде исламдық банкінің
активтері 28,6% өсті, яғни 2008 жылы 639 млн. АҚШ доллары болса, 2009
жылы 822 млн. АҚШ долларын құрады. Ал дәстүрлі коммерциялық банктердің
активтері "Top 1000 World Bank Rankings", The Banker мәліметі бойынша осы
жылдар аралығында тек 6,8% өсті. Ислам қаржысының индустриясы тұрақты
қарқынмен өсуде: 2006-2009 жылдар аралығында өсу қарқыны орташа шамамен
27,86% болған. Исламдық қаржыландыру жүйесінің әлеуеті өте зор. Өйткені
әлемдегі 1,6 миллиард мұсылманның тек 14 пайызы ғана банк қызметін
пайдаланады. Әлемдік қаржы жүйесіндегі исламдық қаржыландыру жүйесінің
үлесі небәрі 1 пайызды құрайтын болса, мұсылман әлемі ішкі жалпы өнімнің
76 пайызын өндіреді. Осы орайда айта кететін мәселе, мұсылман елдерінің
біртіндеп, дами түсуіне байланысты исламдық банк қызметін пайдаланатын
мұсылмандар саны арта беретін болады [7].

Бұл күндері қарқынды дамып жатқан исламдық қаржыландыру жүйесі әлем
бойынша жылына 30 %-ға өсуде. Қазір әлем елдері бойынша 50-ден астам елде
300-ден астам ислам банкі жұмыс істейді. Исламдық банкингтің жыл сайынғы
орташа ақшалай айналымы 750 млрд долларды құрайды. 2011 жылы исламдық
банктер мен қаржылық құрылымдардың жалпы активтерiнің құны 1 трлн. АҚШ
долларынан асып түсті.
Әлемдік тәжірибеде ислам банкингі келесі үлгілерде ұйымдастырылуы
мүмкін:
- ислам терезесі - қарапайым коммерциялық банктің ішінде құрылады,
ол дәстүрлі және ислам банкілік операцияларын қатар жүргізеді,
алайда ислам өнімдері жөніндегі бухгалтерлік есеп жеке жүргізіледі;
- исламдық бөлімше - ислам терезесіне ұқсас, бұл жағдайда
коммерциялық банк жеке ислам бөлімшесін құрады, алайда бухгалтерлік
есеп жеке жүргізілмейді;
- еншілес компания - коммерциялық банк ислам қаржылық қызметтерін
көрсету жөніндегі арнайы еншілес компания құрады. Бұл жағдайда
аталған компания ислам банктік өнімдері бойынша дербес қаржылық
саясатты тұжырымдайды және іске асырады, бірақ тек аталық банктің
жалпы бизнес стратегиясының аясында ғана.
- толық ислам банктері - дербес ислам банктері, әзірленген банкілік
саясат пен стратегияға сәйкес өз бөлімшелері арқылы ислам қаржылық
қызметтерінің толық кеңейтілген түрлерін көрсетеді [9].
Әлемдік қаржы нарығы үшін мұсылман қаржыгерлерінің ойлап тапқан ең
маңызды және қызықты жаңалығы ислам облигациясы – сукук болып табылады.10
жылдың ішінде әлемде 747 сукук шығарылымы жүзеге асты. Жалпы сомасы 106,6
млрд долларды құрайды. Бір қызығы, сукуктың ең ірі эмитенттері ислами
емес банктер болып табылады. Сукукты сонымен қатар корпоративті
эмитенттер де шығарады. Сукук әлемде ерекше бағалы қағаз ретінде
мойындалған және араб елдеріндегі әрбір шығарылымы әлемдік алпауыттар:
Citibank, HSBC немесе Deutsche Bank қатысуымен жүргізіледі. Мысалы,
әлемдегі ең ірі сомаға Дубай Nakheel компаниясы 2006 жылы 3,52 млрд
долларға шығарған сукуктың 40%-дан астамын европалық инвесторлар салған.
Олардың әлемде кең тарауына ислами емес мемлекеттерде шығарылуы себепші
болды. Ислам ипотекасы Уэльс, Шотландияда да өте қарқынды дамуда.
Малайзияда Ислам банкілерінің жартысынан көбінің тұтынушылары мұсылман
емес. Бұл Ислам қаржы секторының тұтынушылары тек мұсылмандар емес,
Құдайға сенген кез келген адам бола алатынын көрсетеді.
Ислам қорлары активтерінің әлем аймақтары бойынша бөлінуі
12-суретте көрсетілген.

Сурет 12 - Ислам қорлары активтерінің аймақтар бойынша бөлінуі [8]

Алғаш рет мұсылман емес елдердегі сукук шығарылымы 2004 жылы
Германияда Саксония-Анхальт федералды жерінде жүзеге асырылды. Сол жылы
Ұлыбритания, Қытай, АҚШ-та да шығарылды. Қазіргі кезде Ұлыбританияда 5
Ислам банкі жұмыс істейді. 2010 жылы Люксембург қор биржасында 14 сукук
шығарылып, 40 млрд. АҚШ доллары айналымда болған. Азия өңірінде исламдық
қаржыландыру дәстүрлі қаржыландырумен салыстырғанда берік позицияға ие.
Әлемдік нарықта исламдық қаржыландыру жыл сайын 15%-ға өседі, яғни
әлемдегі ең қарқынды өсіп отырған нарықтардың бірі [10].
Батыс Еуропа елдерінде исламдық банктердің ашыла бастағанына біраз
уақыт болды. Оның себебін жаһандық миграциялық процестердің салдарынан
іздеу керек. Батыс Еуропа елдері мұсылман елдерінен көшіп барған бірнеше
миллион адамның мұқтаждықтарын өтеуге мәжбүр болатыны түсінікті. Сондай
мұқтаждықтардың бірі – өсімсіз жұмыс істейтін ислами банк. Мәселен, Батыс
Еуропадағы ең ірі Ислам қаржы орталығы болып саналатын Ұлыбританияда 2
миллионға жуық мұсылман бар деп есептелінеді. Осындағы исламдық
банкингтің активі 10,4 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Нақтылап айтқанда,
Ұлыбританияда 23 банк исламдық қаржы нарығының қызметін көрсетеді.
Бұлардың ішінде The Islamic Bank of Britain, The European Investment
Islamic Bank, The Bank of London және The Middle East деп аталатын төрт
қаржы компаниясы шариғат заңдары бойынша жұмыс істейді. Осы ретте,
Швейцарияда Ислам банкингтерінің саны бесеу, Франция мен Люксембургте
төртеу екенін айта кету керек. Жалпы алғанда соңғы жылдары Ислам
банкингтерінің дүние жүзінде тоқтаусыз дамып келе жатқанын байқауға
болады. Алайда, бұл дамудың тағы бір сипаты – исламдық банктердің
қызметін тек оның табиғи клиентурасы, яғни мұсылмандар ғана емес, АBN,
General Motors, Аlkatel, Daewoo тәрізді алыптар да пайдалануда. Өз
тарапынан, жетекші батыс банктері өздерінде исламдық бөлімдерді ашып отыр
(АBN-Аmrо, Society General, Chase Manhattan, Goldmen sax, I &
G, Nomura securities, JP Моrgan және басқалары). Ал Сity bank 1997
жылы Бахрейнде 20 млн. долларлық капиталмен еншілес Сity Islamic
Investment Bank-ті құрды.
Малайзия елі 1998 жылы бірінші рет мемлекеттік исламдық құнды қағаз
шығарған болатын, ондағы мақсат – халықаралық нарықтағы инвесторларға
жаңа бір құнды қағаз түрін ұсыну. Малайзияның мемлекеттік құнды қағазына
деген сұраныс қажетті сомадан жеті есе асып түскен екен, бұл
қызығушылықтың деңгейін көрсетіп тұр. Исламдық инвесторлардың қолдарында
ликвидті қаражат көп, онымен қатар исламдық құнды қағаздарды батыстық
инвесторлар да көп алады. Осы күнге дейін шығарылған барлық исламдық
құнды қағаздардың 45% батыстық инвесторлар сатып алған. Себебі бұл олар
үшін қолдарындағы инвестициялық қоржындарын диверсификациялау құралы. Бір
шетінен исламдық құнды қағаздар нақты активке негізделгендіктен
сенімділігі де жоғары болып табылады [11].
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде исламдық қаржы нарығын заң жүзінде
реттеуді қолға алған бірінші мемлекет. Сондықтан да еліміздегі бұл
жаңалықтар мұсылман елдерінде, оның ішінде Араб Әмірліктері, Сауд Арабия,
Бахрейн, Катар, Малайзия сияқты елдердегі инвесторлар тарапынан бақылауға
алынған.

3. Исламдық капитал тартудың Қазақстан қаржы нарығы үшін маңыздылығы

Қазіргі таңда Қазақстанда қаржылық секторды дамытуда исламдық
қаржыландыру маңызды орын алып отыр. Қазақстан ТМД және Орталық Азия
кеңістігінде заңды түрде исламдық қаржыландыруды енгізу шараларын бірінші
қатардағылармен қолға алды.
Отандық қор нарығын жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет, 2020 жылға
дейін ТМД және Орталық Азияның исламдық банкингінің орталығына айналып,
Азиядағы қаржы орталықтарының жетекші ондығына кіруі тиіс - деп атап
көрсетті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Жаңа онжылдық – жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан
халқына жолдауында [12]. Инвесторлармен жұмыс істеу – Елбасы
тапсырмасымен әзірленіп, өткен жылы бастау алған индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі. Бағдарлама
бойынша экспортқа бағытталған құнды өнім шығаратын өндіріс орындарын құру
үшін экономиканың нақты секторына тікелей инвестиция тартуға басымдық
беріледі. Үкімет те бұл сала үшін барлық жағдайды жасап отыр.
Қазақстандағы инвестициялық климат өте қолайлы деп айтуға болады. Оны
халықаралық сарапшылар да растап отыр. Инвестициялар тартудың бізде
мынадай мүмкіндіктері бар:
- Біздің жерімізде табиғи және минералды шикізат ресурстары мол.
Ғалымдардың зерттеулеріне сенсек, біздің еліміз олардың қорының көптігі
жағынан әлемде алтыншы орында тұр.
- Қазақстанның географиялық тиімді орналасуы. Осы арқылы
инвесторлардың шамамен жарты миллиардтық тұтынушылар рыногына (Орталық
Азия, ҚХР және Ресейге) еркін шыға алады. Бұған қоса Қазақстан, Беларусь
және Ресей арасында құрылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Инвестициялық операциялық есебі»
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы туралы
Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты: тенденциясы мен нәтижелері
Азия елдеріне жалпы шолу
Пәндер