Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 129 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ . . .: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ . . .
3: 8
:
КІРІСПЕ . . .: Инвестициялық капиталдың теориялық-әдістемелік негізі . . .
3: 8
:
КІРІСПЕ . . .: Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі . . .
3: 17
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан Республикасының қаржы нарығы үшін шетелдік капитал тартудың маңыздылығы . . .
3: 26
: 2
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК КАПИТАЛДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯ ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРТТЕУ . . .
3: 37
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Шетел инвестицияларының сандық көрсеткіштерін және олардың қатысу формаларын талдау . . .
3: 37
:
КІРІСПЕ . . .: Инвестициялық жоспарлау стратегиясының макроэкономикалық ортасын талдау . . .
3: 47
:
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан компанияларының шетелдік капиталды тарту саясатының тенденциялары (Ислам инвестициясы мысалында) . . .
3: 60
: 3
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ . . .
3: 71
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың мемлекеттік-құқықтық механизмін жетілдіру жолдары . . .
3: 71
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында пайдаланудың болашағы . . .
3: 89
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 102
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 106

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының ең басты ұлттық мақсаты - халқының тұрмыс дәрежесінің жоғары деңгейін және әлемнің өзге елдерінің арасында Қазақстанның лайықты орын алуын қамтамасыз ететін тиімді ұлттық экономика құруы болып табылады. Еліміз бұл мақсаттың жүзеге асырылуы үшін қажет үлкен әлеуетке ие әрі оны әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие минералды-шикізат ресурстарының бай қорлары ғана емес, сонымен қатар, өзге дамушы елдермен салыстырғанда бірталай дамыған өндірістік экономикалық әлеуеті, халықтың жалпы білім деңгейі, біліктілігі жоғары мамандардың бар болуы да құрайды. Бұл факторлардың елдің ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік даму стратегиялары шегінде тиімді пайдаланылуы Қазақстанның тұрақты дамуына септігін тигізеді, ол өз кезегінде қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын, экологиялық қауіпсіздікті және экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру, cонымен қатар, жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық үрдісті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек.

Қазақстандағы көптеген стратегиялық маңызды шаралардың шетелдік инвестицияның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Шетел инвестицияларын ел экономикасына тартудың әдістемелік және ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып елге шетел инвестицияларын тарту формаларын таңдау және тиімді пайдалану мәселелері осы жұмыстың тақырыбын анықтайды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс болып табылады. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік даму мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен тарту, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын ғылыми зерттеудің өзектілігін анықтайды.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды, менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті болып табылады. Экономиканың өсуі инвестициялық қызметтің белсенділігімен байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің барынша қайта қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде инвестициялық қызмет, құрылымы, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып табылады.

Қазақстан өзінің өндірістік әлеуетін қайта қалыптастыруға, жаңартуға, тұтынушылық нарықты жоғары сапалы және қымбат емес тауарлармен толтыруға, өзінің экспорттық потенциалын дамытуға және құрылымдық қайта құруға, басқарушылық мәдениетін қоғамға еңгізуге және антиимпорттық саясат жүргізуге мүдделі. Шетел инвесторлары Қазақстанның кең ішкі нарығы есебінен пайда табуға, табиғи байлығына, білікті және арзан жұмыс күшіне тәуелді. Сондықтан да біздің мемлекетіміз алдында келесідей күрделі және аса маңызды мәселе тұр: жеке ынтаны жоғалтпай қоғамдық мақсаттарға жету үшін экономикалық реттеу шараларын бағыттай отырып, шетел капиталын елге тарту. Қазақстан экономикасына кең көлемде шетел инвестицияларын тарту халықтың жоғары сапалы өмірімен сипатталатын өркениетті, әлеуметтік бейімделген қоғам құру секілді ұзақ мерзімді мақсаттарды көздейді. Шетел капиталы Қазақстанға ғылыми-техникалық прогресске және алдыңғы қатарлы басқарушылық тәжірибесіне жетуге мүмкіндік береді. Демек, бұл үшін шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды жетілдіру жолдарын кешенді зерттеу қажет. Қазіргі таңда өнеркәсіпті дамытуда негізгі басымдылық өңдеу саласына беріледі. Сондықтан шетел инвестицияларының тиімділігін арттырудың ең басты шарты - инвестиция ағымын мемлекет үшін маңызды болып келетін экономика секторларына тарту және тиімді пайдалануға жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар, отандық және шетелдік инвесторлар үшін экономиканың нақты секторына бағытталған инвестициялық тәуекелді азайту бойынша шаралар кешенін құру қажет.

Ғылыми зерттелу дәрежесі. Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін атауға болады: Л. Абалкин, И. Балабанов, Н. Кафтункина, К. Киреева, Н. Кондратьев, Э. Кроливецкий, М. И. Кулагин, Д. К. Лабин, Л. Г. Симкина, И. П. Фирова, Й. Ворст, Л. Гитман, М. Джонк, Дж. Кейнс, П. Ревентлоу, М. Райзер, т. б. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты көзқарастар мен ой-пікірлер М. С. Ашимбаев, У. Б. Баймуратов, С. Ж. Даукеев, О. И. Егоров, А. Х. Ералы, Р. С. Каренов, М. Б. Кенжегузин, А. К. Қошанов, М. К. Мамырова, Д. М. Мадиярова, Н. К. Надиров, О. С. Сәбден, А. М. Сейтқазиева, С. Б. Сагындыкова, Ұ. Ж. Шалболова т. б. сынды қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазіргі кезде шетел инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу қажеттілігі ұлттық экономикалық қауіпсіздікпен және Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарымен байланысты болғандықтан, диссертация тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып табылады. Бұл диссетацияның негізгі мақсаты мен міндеттерін таңдаумен анықталады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан экономикасының басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мен ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік сұрақтарын зерттеу, сонымен қатар, инвестицияларды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі міндеттер қойылған және шешімін тапқан:

  • инвестициялық капиталдың теориялық-әдістемелік негізін талдау;
  • ҚР экономикасында шетел инвестицияларының рөлі мен орнын анықтау;
  • шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың отандық және шетелдік тәжірибелерін талдау;
  • Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану перспективасын қарастыру;
  • Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту механизмін жетілдіру және пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру және оларды негіздеу.

Диссертацияның зерттеу пәні Қазақстандағы шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады.

Зерттеудің нысаны Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар болып келеді.

Диссертацияның зерзаты Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық әрекеті мен шетел инвестицияларының тиімді пайдаланылуы мен ынталандыру механизмін қалыптастырумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық сұрақтар болып табылады.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін отандық және шетелдік ғалымдардың инвестициялық саясат пен шетел инвестицияларын тарту мәселелері туралы еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдары, министрліктер мен комитеттердің материалдары, ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері, ҚР инвестициялар жөніндегі комитетінің деректері негізінде қалыптасты.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, графиктік сараптамалық, статистикалық және болжамдау әдістерін қолдану көмегімен алынды.

Қойылған мәселелерді шешуге арналған әдістемелік тәсілдер мен теориялық амалдар автордың өз бетінше жүргізген зерттеуінің нәтижесі болып табылады. Диссертацияда көрсетілген нәтижелерді алуда автордың қатысуы және мәселелерді зерттеуге қосқан жеке үлесі келесідей көрініс тапқан:

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру;
  • шетел инвестицияларын тартудың формалары мен әдістеріне талдау жасау;
  • ҚР инвестициялық климатының жағдайын зерттеу, қазіргі жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау;
  • шетел инвестицияларын тарту механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы - Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту механизмін жетілдіруге байланысты соңғы бесжылдықтағы жаңа деректер негізінде автормен кешенді зерттеудің жүргізілуі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығын анықтайтын негізгі нәтижелер :

  • Қазақстан Республикасының шетел капиталына байланысты инвестициялық саясатының генезисіне талдау жасалынды;
  • Қазақстанның инвестициялық саласының талдауы негізінде шетел инвестициясының ұлттық экономиканы тиімді қалыптастырудағы рөлі мен орны көрсетілген және мемлекеттік инвестициялық саясат құру бойынша ұсыныстар жасалған;
  • инвестициялық климат жағдайын талдау негізінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар жасалған және негізделген;
  • отандық экономика тиімділігін арттыру мақсатында шетел инвестицияларын тартудың басым бағыттары ұсынылды;
  • мемлекеттік органдардың іс-әрекетін, ұлттық экономиканың басым салалары үшін стандартты жеңілдіктер пакетін қолдану арқылы шетел инвестицияларын тартуға мемлекеттік қолдаудың формалары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалып, негізделді. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Алынған нәтижелер инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды өңдеуде, инвестициялау үрдісін мемлекеттік реттеу принциптерін жасауда, Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктерін жетілдіруде, ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту мен пайдалануды қадағалайтын нормативті құжаттар және көптеген мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды құру кезінде негіз болып табылады. Диссертацияның материалдары мен қорытындыларын жоғары оқу орындарында «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және басқа да оқу мен арнайы курстарды өңдеуде қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) . Диссертациялық зерттеудің материалдары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген «Жансүгіров тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Талдықорған, 2011 жыл 28-29 қазан) баяндалды. Диссертация тақырыбы бойынша жазылған 2 мақаланың екіншісі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті хабаршысында (экономика сериясы, №5(87), Алматы, 2011) жарық көрген.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 110 бетті құрайды, жұмыста 8 кесте және 2 сурет көрініс тапқан.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

  1. Инвестициялық капиталдың теориялық-әдістемелік негізі

Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың басты тенденцияларын есепке ала отырып, сыртқы экономикалық алмасуларға белсенді қатысуға, шет елдермен өзара пайдалы экономикалық бірлестік орнатуға бет бұруда. Осындай қарым-қатынастың негізгі бағыттарының бірі - шетелдік инвестицияны ел экономикасына тарту болып табылады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-II « Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес, инвестиция - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлерін (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайтуды білдіреді [1] .

Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Сонымен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, инвестиция - табыс немесе басқа да пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, оның ішінде:

  1. жылжитын және жылжымайтын мүліктер және мүліктік құқық, ұстап қалу құқығы және басқалар, импортталатын және өңдеусіз өткізуге арналған тауарлар;
  2. акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа нысандары;
  3. облигациялар және басқа да қарыздық міндеттемелер;
  4. инвестициямен байланысты келісімшартқа сәйкес ақша сомаларын, тауар мен қызметтерді талап ету;
  5. авторлық құқықты қоса, зияткерлік қызмет нәтижесіне құқық, патенттер, тауар белгілері, өндірістік үлгілер, технологиялық үдерістер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, конструкторлық және технологиялық жобаның құжаттамасы;
  6. мемлекеттік органмен ұсынылған лицензиялау және басқа да нысанға негізделген қызметті жүзеге асыруға құқықтың түрлері;
  7. ҚР аумағында алынған және қайта инвестицияланған табыс немесе пайда.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады [2] .

Шетелдердегі әр түрлі экономикалық мектептер шетел инвестицияларын түрліше анықтайды. Дж. Кейнс өзінің “Жұмыспен қамту, процент, ақша туралы жалпы теория” еңбегінде инвестицияны “бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі” деп анықтама береді. Дж. М. Кейнс пікірінше, инвестиция дегеніміз - капиталды мүліктің осы кезендегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі. Э. Дж. Долан және Д. Е. Мендсей өздерінің «Рыноктан микроэкономикалық үлгі» кітабында инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдық, яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі деп анықтама береді. И. Варсей және Д. Цовентлу тұрмыстық дәрежеде инвестицияны үй, көркемөнер еңбектерін, асыл-әсемдік бұйымдарды сатып алу ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар, инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қарыздарды айтады. В. Фельзенбаумның айтуынша, “инвестиция” түсінігі нақты инвестиция аталатын мәні бойынша “күрделі қаржы салу”, портфельді инвестиция, яғни акцияға, облигацияға және басқа бағалы қағаздардың меншіктің тікелей табыс алуға байланысы бар бөлігіне қаржы салу деп түсіндіріледі. В. В. Бочаров «инвестицияны белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесінің тек тіркеп есептеуі ғана емес, оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс. Демек, пайдалануға болмайтын бөлігі» - дейді. М. И. Кулагин инвестиция деп ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Г. И. Рузавин және В. Т. Мартинов бойынша инвестиция - күрделі қаржының қалыптасуымен байланысты ақша капиталына қарағанда капиталдың табиғи ұлғаюы болып табылады. Г. П. Журавлева мен Ю. И. Малышева «инвестиция дегенiмiз - жаңа технологиялар, материалдар және басқа да еңбек құралдары мен заттарын енгiзумен байланысты өндiрiстi кеңейту мен жаңартуға кететін шығындар» - деп есептейдi. Бұл пiкiрге кейбiр қазақстандық экономистер «инвестициялық қызметтiң негiзгi обьектiсi айналым құралдарын толтыру үшiн негiзгi капиталға салымдар салу болып табылады» деген кepi пікір айтады.

Инвестицияның анықтамасы ғылыми әдебиеттерде сан алуан. “Жекешелендіру және инвестициялық еңбектерінің жиынтығы” кітабында инвестицияны материалдық және материалдық емес активтерге ресурстар салу ретінде қарастырады. “Инвестицияның қаржылық жинағы” кітабында инвестиция деп ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалған ақша қаржысын, яғни күрделі қаржыны ұлғайтуды айтады. Р. Кареновтың терминдік сөздігінде инвестиция деп мүлік заттардың барлық түрлері, кәсіпкерлік обьектілері және басқа қызметтерге жұмсалу нәтижесінде табыс қалыптасатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін ойды көздеген құндылықтар аталады. Бұл құндылықтарға автор ақшаны, құнды қағаздарды, мүліктерді, мүлікке құқықты, авторлық құқықты, ноу-хау және өндірістік тәжірибе тұрғысында әзірлеген техникалық және технологиялық, коммерциялық бөлімдер жиынтығын жатқызады [3] .

Біздің ойымызша, инвестиция туралы кең тараған ұғым - күрделі қаржы салу. Инвестиция дегеніміз - жаңадан жасауға және бұрынғы кәсіпорындарды қайта жаңартуға, өндіріске жұмсалған шығындар жиынтығы, қор жинау және материалдық қорды ұлғайту, яғни өндірістің барлық шығыны мен қорының бөлігі. Дүние жүзінде қолданып жүрген заңдарға сәйкес инвестицияға материалдық инвестиция және басқа да құнды заттардың, табыс табу үшін ақыл-ой еңбегін қосқанда, кәсіпкерлік және басқа да құралдар мен қызмет түрлері жатады. Біздің ойымызша, инвестицияны анықтауда оның мәнінің сипаттамасы ғана емес, сонымен қатар бағытының мақсатын да қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңында инвестицияға кеңейтiлген анықтама бере отырып, оны капитал салымы түсінігімен шектемеу шарттары жасалған: «Инвестициялар - инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне пайда табу мақсатында салған барлық мүлiктiк құндылықтар және олармен қaтap интеллектуалдық меншiкке құқықтардың түрлерi». Бiрақ та бұл анықтама толық емес, өйткенi мұнда тек кәсiпкерлiк қызметте қолданылатын құндылықтар ғана айтылып өтiлген, әлемдiк тәжiрибеде инвестицияны тиiмдi бағалау кезiнде тек қаржылық эффект қана емес, сонымен қaтap жалпы қоғамды еске алатын экономикалық, қоғамдық құндылықтардың материалдық емес сипаттағы мақсаттары да ескеріледі. Инвестициялау - бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарға ауысу процесі. Сонымен, инвестиция дегенiмiз - қаржы ресурстары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы материалдық және материалдық емес қоғамдық құндылықтарға салынатын инвестициялық ресурстар.

Инвестициялар әр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Макродеңгейдегі инвестициялар - кеңейтілген қайта өндіру саясатын іске асыруға, өндіріс секторын құрылымдық қайта құруға және экономиканың барлық салаларының теңгерімді дамуына, инновацияларды енгізуге, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге негіз болып табылады. Микродеңгейдегі инвестициялар өндірісті кеңейту мен дамыту, оның техникалық деңгейін жоғарылату, негізгі қорлардың моральдық және физикалық тозуын төмендету, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, сондай-ақ қоршаған ортаға экологиялық әсерді төмендету үшін қажет [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
Инвестиция туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz