Вергилий


Жоспар
- Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
а) Августтың “алтын ғасырына” сипаттама.
ә) Вергилий - императорлық дәуірдегі Римнің ең ұлы ақыны.
б) Вергилийдің шығармашылығы.
3) Қорытынды бөлім
Кіріспе
Б. з. б. 3-жылы Грекияның батыс оңтүстік жағалауындағы Анцизм шайқасында Октавиан қосындарының Антони й әскерін ойсырата жеңуі нәтижесінде ескі республикалық билік күйреп, Рим тарихының жаңа дәуірі - жеке билеуге негізделген императорлық билік орнайды. Октавиан жариялаған жаңа басқару әдісі - Рим құлиеленушілерін әскери диктатура негізінде біріктіріп, сол кездегі қоғамдық құрылысты сақтап қалу талаптарынан келіп шыққан ең соңғы ақтық әрекет болды.
Диктатураның найзасы тек құлдар көтерілісіне, демократиялық топтардың наразылықтарына ғана емес, сондай-ақ даңқ пен мансап жолында ішкі қақтығыстарды туғызып отырған кейбір ақсүйектерге де қарсы бағытталған еді. Төменгі топтардың көмегімен, бейне сол бір топтың мүдделерін қорғайтын жанашыр ретінде күрес бастаған Октавиан да, өзінен алдын өткен Сулла, Помпей, Цезарь және тағы басқалар сияқты билікке қол жеткізген соң, берген уәдеоерін ұмытып, құлиеленушілер мен сенат ақсүйектері жағына ауып кетеді. Бірақ ол Рим қоғамындағы түрлі әлеуметтік топтарлы шошындырып алмау үшін бейтарап саясатты қолдайды, жылдам диктаторлық жолға көшіп, барша басқару жүйесін өзгертпестен, ескі билік тәсілдерін сол қалпында қалдырады. Өзін тек принципс яғни бірінші азамат» деп атаумен ғана қанағаттанады.
Октавиан жариялаған мұндай шаралар сақтық тұрғысынан жасалынып жатқан қимылдар еді. Шындығында, сақталып қалған республикалық билік қай саладада жеке әміршінің тілегі мен мүдделеріне қарай іс жүргізеді, сенат оған үлкен құрмет көрсетеді, жаңадан-жаңа мансап пен лауазымдар ұсынады. Осылайша, Октавианның туған күні, әскери жеңістерінің тарихы бүкіл мемлекет бойлап тойланатын үлкен мерекелерге айналады, сенат ғимаратының қабырғаларына оның ерліктерін баяндайтын үзінділер алтын әріптермен жазылады, өзіне консул, император, халық шешені атақтары беріледі. Италияның түрлі қалаларында және уәлаяаттарында оған арнап биік ескерткіштер орнатылады, сенаттың шешімімен Октавианға осы кезге дейін тарихта әлі болмаған Август, яғни қасиетті» деген ат беріледі. Ішкі соғыстарды тыйып, мемлекетте бейбітшілік орнатқан басшы, халықтың тұрмысын жақсартқан қамқоршы ретінде Рим қоғамының ақсүйектері Октавианды көкке көтереді.
Ресми түрде республикалық билікті жариялаған Август, ескі әдет-ғұрыптарды, діни нанымдарды, адамгершілік нормаларды қайта жандандыруға әрекет қылады, тіпті Рим азаматының жеке өміріне де араласып, отбасының салауатты, ерлі-зайыптылардың бір-біріне адал болуына көп көңіл бөледі. Октавиан Август озінің салтанатын ескі республикалық заңдарға, ата- баба дәстүлеріне қайта оралудың нағыз озі екенін далелдеуге қанша ұрынғанымен, Рим қоғамының көп бөлігі бұл саясаттың басынан аяғына дейін республикалықтан гөрі, Цезардың жеке билеу саясатына көбірек ұқсайтындығын жаксы түсентін еді. Бірақ жүз жылға созылған ішкі ұрыстардан шаршаған Рим халқы, әсіресе шаруалар, мемлекетте орнатылған тыныштық себебінен, Августың диктаторлық саясатына көндігіп кетеді. Тіпті оның ғасырын « алтын ғасыр » деп атайды.
Заманының едәуір білімді адамының және мәдени істерге бір табан жақын тұрған Август, әдебиеттің үлкен тәрбиелік мәні бар екендігін жақсы түсінеді және билікті қолға алған күннен бастап, өзінің басқару әдістерін халықа мақұлдату мақсатында, сол мүмкіндіктерді кең пайдалануға кіріседі. Әміршінің кейбір жақын әкімдері де сол дәуірдің ірі қаламгерлерін өздеріне жақын тартып, олардың туындыларын жаңа заңдарды қолдауға бағыттайды. Мәдениет пен әдебиет істерін ұйымдастыруда еңбегі сінген және сол жолда Августке өте көп қызмет көрсеткен жандар арасында ің атақтылары - Корвин Массала, Асиний Поллион және Гай Цильний Меценат. Бұлардың ішінде императордың ең жақын кеңесшісі және әдеби жәрдемшісі, әрине Медценат болды. Аты, кейіншелік « мәдениет пен әдебиет қамқоршысы» деген түсінікті беретін сөзге айналған бұл адамның өзі де өлең жазып, әдеби әрекеттерге тығыз араласады. Медценат, Вергилий мен Гораций сияқты ақындардың ерекше талатын байқап, солардың қатысуымен арнайы жазушылар үйірмесін құрады. Рим өміріндегі көркем шығармашылық орталығы болған бұл үйірме жаңа импералық әдебиеттің қалыптасуы мен дамуында өте маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, бұл дәуірдегі ақындардың барлығы дерлік өз шығармаларында Август тарапынан орнатылған жаңа билікті мадақтайды, принципске алғыс айтады. Сондықтан Республикалық құрылыстан императорлық жүйеге өту кезіндегі әдебиеттің негізі ерекшелігі - мадақтау ғана. Бірақ, осыған қарамастан, Октавиан заманы, Рим поэзиясының коркемдік тұрғыда өте жоғары дәрежеде көтерілген « алтын дәуірі » болды. Август салтанаты жылдарында еңбек еткен Виргилий, Гораций, Овидий секілді ұлы ақындар өздерінің шығармаларымен Рим поэзасын грек әдебиетінің классикалық дәуірінен қалыспайтын және кейіншелік дүниежүзілік әдебиеттің дамуына күшті ықпал еткен әдебиет дәрежесіне көтерді. Императорлық биліктің алғашқы дәуірлеріндегі Рим поэзасы көркемдік жағынан қанша сұлу болғанымен саяси өзектілік заманагөйлік, халықшылдық тұрғысынан қарағанымызда грек әдебиетінен, б. з. б бесінші ғасырдағы грек драматургиясынын өте төмен жатыр. Империя дәуіріндегі сөз еркіндігіне тосқауыл қойылғандықтан, әдебиеттің көптеген түрлері дамыған жоқ. Бұл салада шешендік өнер маңызын жояды. Республика жылдарындағы әдебиетке қатысты қолданылатын «Алтын дәуір» атауын поэзиядан өзге жанрларға айту мүмкін емес. Егер де, дәл республика жылдарындағы сияқты, императорлық дәуірде де әдебиетке көбірек еркіндік берілгенде Август саясатын сынайтын шығармалардың тууы көмәнсіз еді. Мүмкін, мұндай шығармалар болғаншығар, бірақ олар бізге дейін жетпеген.
Вергилий
Императорлық дәуірдегі Римнің ең үлкен ақыны Публий Вергилий Марок б. з. б. 70 - жылы Италияның солтүстігіндегі Мантия қаласына жақын жерде туды. Ақынның ата -анасы туралы анық мәлімет жоқ. Алайда, олардың орта дәулетті отбасы болғандығы күмәнсіз. Сондықтан болар, Вергилий алдын Кремонда, соңынан Милан, Рим қалаларында жақсы білім алады, замандастары сияқты риторика, философия ілімдерін, әсіресе әдебиетті жан -жақты меңгереді. Бірақ мінезінің жұмсақтығы, ұяңдығы, қала тұрмысын ұнатпайтындығы және ең маңыздысы шешендікке қызықпауы себепті, тек бір ғана сот ісіне қатысып осыдан кейін өз жұртына оралады. Бос уақыттарын әдеби шығармашылыққа арнап, әкесінен қалған ұлтарақтай жерде диқаншылықпен айналыса бастайды. Бірақ ақынның тыныш тіршілігі ұзаққа созылмайды. Б. з. б. 41 -ші жылы Октавиан Август өзінің әскери қосындарын Италияның солтүстік уалаяттарына орналастырғанда Вергилийдің дүние мүлкі де тоналды. Бұл кездері поэзия әлемінде танымал болып қалған Вергийлидің кейбір мансапты тілектестері (Полион, Меценат) ақынға ілтипат көрсетіп, түрлі сыйлықтармен көңілін аулайды. Солар арқылы Вергилий Октавианмен танысады, заманының абыройлы, дәулетті адамына айналады. Өте қарапайым, қыстақ өмірін сүйген, мансап пен билікті ұнатпаған Вергилий Италияның оңтүстік жағалауларында, Сицилияда өмір сүреді.
Ақын Август салтанатына күдіксіз, терең сеніммен қараған. Ұзақ жылдық ішкі қырғындарға тосқауыл қойған, мемлекетте бейбітшілік орнатқан, оның үстіне ескі әдет-ғұрыптарды, адамгершілік пен қоғамдық сананы көтеруді қолға алған Август, патриархал-консервативтік пиғылдағы вергилийдің жүрегінде құрмет пен ізет сезімдерін оятты. Сондықтан, Вергилий мұнан кейінгі шығармаларында Август салтанатын жырлаушы, оның даңқын паш етуші ірі сарай ақыны дәрежесіне көтеріледі.
Вергилий бар жоғы үш шығарма ғана жазған. Бұлардың біріншісі - Буколикалар (бақташы жырлары), екіншісі - Георгикалар (шаруа жырлары) және үшіншісі - Энеида дастаны. Осы шығармалардан өзге Вергилий есімімен байланысты “ catalepta”, яғни (ұсақ өлеңдер) деп аталатын бір өлең жинағы да жеткен. Бұл жинаққа енген өлеңдердің көпшілігі неотериктер, әсіресе Катулл әдісінде жазылған түрлі өлшемдегі жырлардан тұрады. Бірақ “Сatalepta” жинағының авторы Вергилий болғандығын анықтау өте қиын. Вергилий өзінің ұлы даңқына, атағына тек алдыңғы үш шығармасы арқылы еріскен. Оның дүниежүзілік поэзияда мәңгі үлгі болып қалуын сол туындылары қамтамасыз етті.
Энеида дастанының оқиғалары болған жерлермен жақыннан танысу мақсатында б. з. б. 19-жылы Вергилий Грекия мен Кіші Азияға саяхатқа аттанады. Бірақ денсаулығының әлсіздігінен жол қиыншылығына шыдай алмай, Афинада науқастанып қалады. Осыдан соң кейін оралып, өз жұртына әрең жетіп, көз жұмады.
Вергилийдің алғашқы ірі шығармасы Буколикалар - он өлеңді қамтитын жинақ. Бұл жинаққа енген өлеңдерді көбінесе эклогалар, яғни жыр үзінділері деп те атайды. Біз бұл өлеңдерде эллиндік дәуірдің атақты ақыны, бақташылар тұрмысының даңқты жыршысы Феокриттің күшті әсерін байқаймыз.
Рим ақыны көптеген эклогалардың мазмұнын, тақырыптарын, кейбір образдарды, тіпті жеке жолдарды да Феокрит идиллияларынан алады. Оның шопандары да дәл Александрия ақынының шопандары секілді қаланың айқай-шуынан алыста жасайтын, әнші құстардың сайрағанын тыңдап, сүйіктілерімен қалың орманда, көк шалғында, сылдырап аққан таза бұлақ бойында бақытты ғұмыр кешетін қарапайым жандар.
Вергилий Александрия ақынының шығармашылығынан үлгі ала отырып, оның мазмұнын, әдеби әдістерін өзінше пайдаланады. Рим адамының жан-дүниесі, көңіл-күйімен көмкерілген мүлдем жаңа туынды жаратады. Біз Рим ақынының эклоголарында Феокриттің идиллияларындағы тәрізді шопандардың махаббат сезіміне кекесінмен қарап, олардың характерлерін күлкілі көріністерде көрсету жағдайларын кездестірмейміз.
Дидактикалық мазмұндағы Георгикалар поэмасы-көлемді төрт бөлімнен тұратын үлкен шығарма. Бұл бөлімдердің біріншісі егіншілікке, екіншісі бақташылыққа, үшіншісі бақташылыққа, үшіншісі шаруашылыққа және төртіншісі бал арасын өсіруге арналған.
Бұл шығарманы жазудағы ақынның негізгі мақсаты - қыстақ шаруашылығының барлық салалары бойынша диқанға жан-жақты кеңес беру, агрономия ілімімен таныстыру емес, ал қыстақ тұрмысының ғажайып сұлулығын көрсету, басқа кәсіптерге қарағанда, диқаншылықтың артықшылықтарын дәлелдеу болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz