Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, Білім Заңындағы жоғары білім алу туралы тұжырымдар



Білім беру қызметі
Білім берудi дамыту
Кредиттік технология
Білім беру ұйымдарын қаржыландыру
Кәсіптік білім
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты, қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі. Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады.
ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
2. Дамитов Б.К. Жоғары білім бойынша заңды және нормативті құжаттар жинағы. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.- А., 1996.-132б.
3. Современное состояние высшего образования в Республике Казахстан// Вестник высшей школы- А., 2005.-С.92.
4. Закон Республики Казахстан от 27.07.2007 N319-3«Об образовании»
5. http://www.edu.gov.kz
6. 32 Алшанов Р. Частное образование в Казахстане: становление и современные вызовы // Казахстанская правда, 2007, 2 ноября, №175
7. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.
8. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995.
9. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998.
10. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999.
11. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы
12.Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы // Мысль. -2004, № 11
13. Анабек К. Некоторые проблемы развития науки и качества образования в Казахстане // высшая школа Казахстана. – Алматы, 2003
14. Әбдіманапов С.К. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел // Егемен Қазақстан 2005 жыл, 5 қараша

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, Білім Заңындағы жоғары білім алу туралы тұжырымдар

Пәні: Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі

Орындаушы: I курс магистранты
Мустафаева Салиха Дәулетқалиқызы

Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің
басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ
халқының келешегі осы мектептерде. Сондық-
тан мектептерде жақсы білім беретін болсын.
Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс
көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп,
бүкіл халыққа әсер ете алады.
Ы.Алтынсарин
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты, қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім - әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі. Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең - жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең - жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең - білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең - жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең) .
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесңнде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.
Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтты.
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:
- ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу;
- әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды.
Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы мен үкіметі бекіткен орта білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа буындағы оқулықтарды әзірлеу мен енгізу және басқа да бірқатар бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Алдағы кезеңінде іске асырылатын Білім мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оның мақсаты сапалы білім беруге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық моделін тиімді дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленді. Білім беру сапасы бұл ретте әлемнің дамыған елдеріндегі біліммен салыстырарлық болуға тиіс.
Білім берудің сапасын қамтамасыз етуде білім беру саласын оқу әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Білім беруді дамытудың сапасын арттыруды жүзеге асыру мемлекеттік білім берудің негізгі мәселесі болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білім беру жүйесінің тарихына оралсақ, онда сауатсыздықты жою жолымен алғашқы ағартушулық жолын көреміз. Ең бастысы ата-бабамыз кітапты оқып білуді, әріпті жаза алуды көздесе, қазіргі кезде жастарымыздың оқу сауалы жоғарлады. Көптеген оқу-орындарының оның іщінде мектептер, колледждер, университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің мазмұнына талдау жасау өте қиын.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған уақыттан бастап, білім беру жүйесі жаңа кезеңге көшті. Біздің қаламыздың білім беру ұйымдарының жеткен жетістігі аз емес, дегенмен жаңа саясат яғни бағытты көздейтін жолды іздестіру керек. Білім беру департаментінің білім беру стандарттары бекітіліп, оқу-орындарының оқу құралына айналды. Білім берудің оқулықтары жаңа стандартқа сай жасалуда.
Республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы туралы жаңа ұсыныс кеңестер айтылып қана қойылмай жүзеге асуда. Білім беру мазмұны-жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
Білімділік деңгейін көтеру халық өмірінің сапасын арттырудың неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуының аса маңызды шарты ретінде білім беру саласының серпінді дамуын сақтау және қолдау - ШҚО әкімдігі әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Жеке тұлғаның, қоғам мен еңбек нары-ғының сапалы және қол жететіндей білімге қажеттілігін қанағаттандыру жағ-дайларын қамтамасыз ету - білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты.
Білім беру - тәрбие және оқыту, оның мақсаты қоғамдағы тұлғалардың кәсіби негізі барысында интеллектуалды, мәдениетті және тәрбиелі дамуының жоғарғы деңгейіне жету болып табылатын үздіксіз процесс.
Халықаралық стандарт білім беру классификациясына сәйкес білім беру терминін білім алу барысында мақсатты және жүйелі қызмет деп түсінуге болады.
Білім беру қызметі - білім беру процесінің нәтижесі, ол осы қызметпен құрылған, ол білім алып жатқандардың қызметінің мақсатын ашады.
Білім беру қызметі - бекітілген ережелерге сәйкес категориялар мен критерийлер арқылы профессионалды деңгейге жету.
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жакты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен әзірленеді [8].
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға мемлекеттік білім мекемелеріне тегін орта білім алуға кепіл береді. Орта білім алу міндетті болып табылады. Тегін жоғарғы білім алу конкурстық негізде орындалады.
Білім тарихына тоқталатын болсақ, Ұлы ұстаз, мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қазақстан жеріндегі алғашқы білім және мәдениет ошақтары болды. Сонау XIX ғасыр соңында балаларды ғана емес, бүкіл қазақты көшпенділіктен отаршылыққа бейімдеп, сауатын ашып, білім мен мәдениет жолына сүрлеу салған Алтынсариннің инновациялық қызметі төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алады .
Кеңес үкіметі кезеңінде республикада білімнің тиімді жүйесі қабылданған болатын. Күндізгі оқу бөлімінен басқа сырттай және кешкі оқу түрлері болған, жастар жағы жұмыс істеп жүріп толық орта білім алуға болатын.
Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.
Білім берудi дамыту мемлекеттiк тәуелсiздiктi қалыптастыру мен нығайтудың, елдiң пpогресшіл дамуының негiзiн құрайтын Қазақстан Реепубликасыньң бiлiм беру жүйесiн дамытудың мақсаттары мен мiндеттерiн, құрылымы мен мазмұнын және негiзгi стратегиялық бағыттарын айкқындайтын ғылыми-теориялық әдiснамалық құжат болып табылады.
Білім берудi дамыту Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Fылым туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Қазақстан-2030" стратегиясына, Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi индустриалдық инновациялық даму стратегия­сына", "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары бiлiм жөнiндегi бүкiл дүниежүзiлiк конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері бiлiм кеңесінің, Тәуелсiз мемлекеттер достастығына катысушы мемлекеттер бiлiм министр­лерiнiң және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім бсру саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi кеңeciнің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінiң жанындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөнiндегi кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзipленген.
Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторант ура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені білім беру стандарты ұғымы шетелдерге біздегіден өзгеше түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие (сурет 1).
Заң жобасында білім беру жүйесінің даму басымдығы, барлық азаматтар үшін сапалы білім алудың жариялылығы мен қолжетімділігі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принципттерінің бірі болып табылады.

Сурет 1 - Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Қазақстанның Білім туралы заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемле - кеттік саясаттың негізгі принциптерін айқын - дайды және Қазақстан Республикасы азаматта - рының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұ - рақты тұратын шетелдіктердің және азамат - тығы жоқ адамдардың білім алуға конституция - лық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы заңда жоғарғы білім алу саласындағы негізгілері мыналар болып табылады:
жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
білім беру гранты - кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
институт - мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми және педагогтік қызметті, кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;
колледж - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;
магистр - жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;
докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан ) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
мемлекеттік аралық бақылау - оқыту сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі;
Білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджет арқылы жүргізіледі.
Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.
1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:
1) тиімділік пен нәтижелілік;
2) басымдық;
3) айқындылық;
4) жауаптылық;
5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.

2007 жылғы көрнекті оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан аталатын Жолдауы болды. Соған сәйкес бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйелерін әлемдік стандарттарға жақындату міндеті қойылып отыр. Жаңа, кеңейтілген редак-цияда Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қабылданды. Білім бөлімі өз жұмысында жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттарды жәнеШҚО білім беруді дамытудың 2005-2010ж бағдарламасын, Семей өңірінде білім беру дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасын, Тіл туралы Қазақстан Республикасы Заңын және Тілдерді қолданудың және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Лицензиялау туралы Заңды, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңды басшылыққа алды.
Білім беру саласының қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесінің оқу бағдарламалары уақыт талабына жауап бермейді, қоғамның қажеттерін ескермейді. Елдің болашақ мұқтаждарына сәйкессіз мамандар даярлау орын алып отыр. Абитуриенттер экономика және заң мамандықтарына басымдық береді. Инженер-техникалық мамандықтарға сұраныстың жоқтығы немесе сұраныстың аздығы болашақта мамандардың жетіспеушілігі қатерін туындатады және оларды шетелден әкелу қажеттігіне алып келеді.
Елдің жетекші университеттерінде ғылыми және инжинерлік зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастырудың нақты тетігі жоқ, сондықтан да университеттер мен ғылыми зерттеу институттарының мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін зерттеушілік гранттар мен кредитттерді алуына салауатты бәсекені дамыту үшін жағдай жасалмаған.
Оқытудың сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру қызметкерлері мен ұйымдарын материалдық ынталандыру жүйесі жоқ. Білім беру саласының болашағының нарығы іс жүзінде жоқ, мұның өзі шығындардың қайтарымын айтарлықтай төмендетеді.
Тәрбиелеу мен оқыту бірлігінің үзіліп қалуы жастар мен жасөспірімдердің арасында есірткіні, ішімдікті және темекі өнімдерін пайдаланудың өсе түсуіне алып келеді. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде еңбекке баулу мен оқытудың рөлі әлсіреді.
Бiлiм беру саласында қалыптаскан ахуал республиканы дамытудың қазiргi әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларына және жоғары дамыған елдердің прогресшiл тәжiрибесiне сәйкес келеңсiз құбылыстарды болдырмау, түбегейлi ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар, бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетiлдiру қажет eкeнін көрсетеді.
Білім беру жүйесіндегі басты міндет халықтың барлық деңгейлер мен сатыларда сапалы білім алуына қол жетімдігін кеңейтумен айқындалды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Демократиялық қоғамдағы адам құқықтары
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Пәндер