Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі
Қоғамдық қызметі
Фольклордың жанрлық табиғатыэ
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылықтары

Жанр категориясы – фольклортану ғылымындағы негізгі мәселе. Жанрға түрлі ғылым саласынан берілген анықтамалар қисапсыз. Фольклортану ғылымы тұрғысынан берілген анықтамалар да баршылық. С. Қасқабасовтың анықтауынша, « Жанр дегеніміз – оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы». Б. Уахатовтың берген анықтамасы мынадай: «Жанр – белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден қалыптасқан көркемдік форма.
Фольклордың тарихы – дербес жанрлар мен жанрлар жүйесінің тарихы. Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша.
Фольклордың тарихы – дербес жанрлар мен жанрлар жүйесінің тарихы. Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша.
Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі
Жанр категориясы - фольклортану ғылымындағы негізгі мәселе. Жанрға түрлі ғылым саласынан берілген анықтамалар қисапсыз. Фольклортану ғылымы тұрғысынан берілген анықтамалар да баршылық. С. Қасқабасовтың анықтауынша, Жанр дегеніміз - оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы. Б. Уахатовтың берген анықтамасы мынадай: Жанр - белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден қалыптасқан көркемдік форма.
Фольклордың тарихы - дербес жанрлар мен жанрлар жүйесінің тарихы. Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша.
Фольклор жанрларын идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына, өмірде атқаратын қызметіне қарай жіктейді. Фольклорлық жанрлар салтқа қатысты немесе қатыссыз болып келуі, қара сөзбен не өлең түрінде айтылуы, әуенмен не әуенсіз орындалуы, жеке адам не көпшілік орындайтын үлгіде көрініс беруі мүмкін. Енді осы ұстанымдарды жеке-жеке қарастырайық:
1. Қоғамдық қызметі (функциясы) - фольклорда жанрдың табиғатын анықтайтын басты фактор. Фольклор о баста адамзаттың күнделікті тұрмысында белгілі бір қажеттілікке байланысты қалыптасқан, кейіннен сейілдік, сауықтық қызметтерге бейімделген. Мәселен, бәдік жыры ауру малды, науқас адамды емдеу үшін шыққан. Немесе бесік жырын алсақ, бесіктегі баланы ұйықтату үшін айтылады. Арбау, байлау өлеңдері жайында да осыны айтуға болады.
Фольклор адамзат қоғамында танымдық, идеологиялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтер атқарады. Қоғамның даму сипатына орай фольклордың белгілі бір функциясы алдыңғы кезекке шығып отырған. Мысалы, XV-XVIII ғасырларда қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан азат ету басты мәселе болды. Бұл кезде елдік пен ерлікті мадақтайтын батырлар жырының идеологиялық, тәрбиелік қызметі артты. Ал осы жанр XIX-XX ғ.ғ. көбінесе сауық-сейілдік функция атқарды. Аңыз жанрының басты нысанасы - тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе атақты адамдардың өмірі жайлы, күйдің шығуы хақында мағлұмат беру. Демек, аңыздың танымдық функциясы басым.
2. Құрылысы - жанрдың тұрмыстық қызметіне байланысты айқындалатын негізгі поэтикалық элемент.
3. Орындалу мәнері - баяндалуы (ертегі,аңыз, әпсана) немесе әуенмен музыкалық аспаптың сүйемелденуінде (жыр, айтыс, терме,тарихи өлең, толғау) орындалуы, ойын үстінде (санамақтар, Айгөлек) айтылуы.
4. Мазмұны. Бір ескеретін жайт - бір мазмұнның бірнеше формасы болуы мүмкіндігі (бір тақырыпқа құрылған тарихи өлең,тарихи жыр, тарихи аңыздардың болуы).
Фольклордың жанрлық табиғаты. Жанр - тек типологиялық қана ұғым емес, ол - әрі тарихи ұғым, құбылыс, категория. Сондықтан жанрды зерттеу үшін оның қашан, қай дәуірде пайда болғанын анықтау аса маңызды. Өйтпеген жағдайда зерттеп отырған жанрдың басқа жанрлар арасындағы ролі мен орнын, маңызын ашу, сондай-ақ оның өзіндік қасиеттерін анықтау оңай емес.
Соңғы кездері ғылымда "жүйелі зерттеу" ("системное изучение") әдісі кең жайылуына байланысты жанрларды зерттеу ісінде жанр туғызатын факторларды анықтауға, жанрдың құрылысын, ондағы тұрақты белгілерді айқындауға бет бұрыс байқалады. Осыған байланысты жанрлар теориясына жалпы философиялық қағидалар да әсер ете бастады. Соның нәтижесі ретінде жанрда тұрақты және өзгермелі құбылыстар бар деп танитын еңбектер жарық көрді1. Тұрақты құбылыстарға құрылымдағы элементтердің өрілу тәсілдері, олардың ұйымдасуы жатады, ал өзгермелі құбылыстар болып шығарманың бейнелеу предметі, мазмұндық негізі саналады2. Негізінен алғанда, бұл пікір жаңсақ емес, тек біраз анықтай түсуді қажет етеді. Сөз жоқ, әр жанрдың қалыптасқан, тұрақталған белгілері болады. Ол көп жағдайда шығарманың композициясында, сюжеттік құрылымында, баяндау формасы мен көркемдеу құралдарында сақталады. Егер жанрдың тұрақты белгілері болмаса, оны жеке жанр етіп бөліп алу мүмкін болмас еді және шығарманы белгілі бір жанрға жатқызуға да болмас еді. "Жанр" деген ұғым бір топ шығармаға тән, ортақ белгілерді қамтиды. Әрбір нақты шығармада жалқы (единичное) қашан болса да жалпымен (общее) белгіленіп, айқындалып отырады. Бұл тұрғыдан келгенде, әрбір шығарманың өз қыры мен сыры болады. Шығарманың қыры мен сыры оны бір топ шығармаға ортақ қасиеттерге не жақындатады, не олардан алшақтатады. Яғни белгілі бір жанрдың құрамына кіргізеді. Мысалы, бір шығарманы ертек деп атағанда, біз ең алдымен оны ертегі жанрының табиғатымен, ерекшелігімен салыстырамыз. Басқаша айтқанда, ертегі жанрына тән композициялық, сюжеттік, көркемдік-бейнелеу тәсілдерді іздейміз. Себебі бұлар - жанрдың тұрақты белгілері.
Сонда кейбір ертегі айтылған қағидаға сай келсе, қайсы біреулері жартылай, үшіншісі бірнеше жанрдың белгісін бойына сіңіруі ғажап емес. Егер оның үшеуінде де ертегі жанрына тән белгілері басым болса, бұл үшеуі де ертек деп саналып, ертегі жанрына жатады.
Жанр - тарихи категория. Ол әр дәуірде, әр кезеңде әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Бұл туралы болгар ғалымы Ц.Тодоров былай деп жазады: "Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша сипат қабылдайды. Бірақ, ол сипат аса маңызды деп танылмайды, сондықтан шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері болмайды. Сол себепті тарихтың әр тұсында бір шығарманың өзі әр қилы жанр болып есептелуі мүмкін. Мұндай жағдайда басты роль атқаратын нәрсе - шығарма құрылымының (табиғатының) қай белгілері мәндірек деп саналуында. Мысалы, антика заманында "Одиссеяны" "эпопея" жанрына жатқызған болса, біздің уақытымзда оны "жыр" жанрына, яки "мифологиялық жыр" жанрына жатқызып жүр".
Шынында да, осы күні фольклорлық деп саналып жүрген көптеген шығарма көне заманда, әйтпесе орта ғасырда тарих немесе жылнама ретінде танылып жүрген. Мысалы, көне түркілердің Орхон-Енисей бойынан табылған жазу шығармалары әр түрлі жанрға жатады. Олар өз дәуірінде, мүмкін, салтанатты мақтау мен арнау үлгісіндегі шығармалар болған болар. Сол сияқты орта ғасырда шын болған тарих деп деп есептелінген пайғамбарлар мен әулиелер туралы әңгімелер біздің кезде фольклорлық хикаят жанрына жатқызылып жүр.
Фольклордың кейбір ескі жанрлары өзінің айтарлықтай біркелкілігі мен тұрақтылығына қарамастан өмірге, дәуірге сәйкес түр-сипатын өзгертеді. Өзгеру барысында олар мазмұнын ғана жаңартпайды, сондай-ақ келбетін де өзгеріске ұшыратады. Мысалға, қазақ тойында айтылатын "жар-жар" өлеңін алсақ та болады. Бұл өлең осы күнгі тойларда шырқалады. Бірақ ол бұрынғы мазмұнынан айрылған. Егер бұрын "жар-жардың" мазмұны қайғылы, өкінішке толы болса, қазіргі "жар-жардың" мазмұны керісінше. Онда той қуанышы мен салтанаты, жастар бақыты жырланады. Сонымен бірге "жар-жар" өлеңінің айтылу формасы да (яғни мәнері) өзгерді. Бұрын "жар-жарды" қыз ұзатылатын ауылда екі хор диалог түрінде айтатын-ды. Біздің заманымызда "жар-жарды" жігіт жағы жасайтын той үстінде жиналған топ бір хор болып айтады.
Сонымен жанр дегеніміз не? Жанр дегеніміз - оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы. Құралы. Ойымызға дәлел ретінде ай тарымыз - бір сюжет негізінде әр түрлі жанрға жататын бірнеше шығарманың жасалуы. Мысалға Жүсіп пен Зылиханың хикаятын келтіруге болады. Бұл хикаяттың сюжеті ертегіде де, дастанда да, кейінгі замандағы драмада да баяндалған. Сюжет - біреу, ал жанр - бірнеше. Әр жанр - өзінің композициялық және көркемдік әдісімен бұл сюжетті өзінше жырлаған. Айталық, көне заманда інжілге (библияға) енген сюжет жай ғана хикаят, мысал болатын. Кейін ол хикаялық (новеллалық) ертегіге айналды. Орта ғасырда бұл сюжет үлкен дастан болып жырланды. Осының бәрінде түпкі сюжет сақталған, бірақ бірде ол қарапайым ғана баяндалса, екінші жанрда сюжет көптеген қосымшалар, детальдар, эпизодтармен толығып, көлемді шығарма ретінде көрінеді. Ал, енді бір жанрда (мәселен, драмада) сюжет басқа элементтер мен компоненттер арқылы баяндалған. Демек, әр жанр өзіне тиісті әдіспен белгілі сюжетті басқа шығармаға айналдырады...
...Әр жанрдың ерекшелігі неден көрінеді? Ол үшін бірнеше факторды анықтап алу шарт: біріншіден, жанр қай заманды, дәуір мен қоғамды көрсетеді, екіншіден, қандай әдіспен, тәсілмен, құралдармен бейнелейді; үшіншіден, бейнелеп отырған нәрсесіне қалай қарайды, оны қалай бағалайды: төртіншіден, осы өзінің бағасын, қатысын қалай, қандай түрде шығарады, көрсетеді; бесіншіден, ол жанр қандай мақсатта қызмет етеді, яғни жанрдың функциясы қандай?
Шығарманың белгілі бір жанр аясында болуы - жай ғана нәрсе емес. Жанрдың ерекшелігі шығарманың бүкіл көркемдік болмысын айқындайды. Бір сюжет бірнеше жанрда әр түрлі шығарма береді. Ол шығармалардың көркемдік сипаты, эмоционалдық күш-қуаты жанрдың қасиеттеріне байланысты. Көркем творчестводағы бұл құбылысты кезінде академик В.В.Виноградов дәлелді түрде ашып берген болатын. Жалпы, әдебиетте де, фольклорда да, өнерде де бір сюжет бірнеше жанрда шығарма болып жазылатыны - заңдылық. Осыған орай ойға оралатын тағы бір нәрсе - сюжет бұрын пайда бола ма, жоқ, әлде жанр бұрын туа ма? - деген мәселе.
Ең алдымен сюжет деген не, соны анықтап алу керек. Сюжет жайында әдебиеттану мен фольклор туралы ғылымда айтылған пікір әр түрлі. Біз соның бәрін тәптіштей айтып жатпай, осы күнгі анықтаманы және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz