М.Қашкаридің түркі тілдерін топтастыру классификациясы
Автордың еңбектері
М. Қашқаридың «Сөздігі»
«Диуани лұғат ат.түрктегі» сөз таптары
«Диуани лұғат ат.түрктен» мақал.мәтелдер, аңыздар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Махмұд Қашқари (XI ғасыр) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбектің авторы. Өз заманының аса білімдар филологы, этнографы, географы ретінде танылды.
Өз «Сөздігін» М.Қашқари жасы ұлғайғаннан кейін барып жазған. Себебі автор: «Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырқулар (қырғыздар)-дың қалалары мен ауылдарын және жайлауларын көп жылдар бойы кезіп шықтым, сөздігін жинадым, түрлі сөздердің табиғатын үйреніп, анықтап шықтым», деп жазады. «Дивандағы» материалдар М. Қашқаридың түріктер жасаған көп аймақтарды аралап шыққандығына және әдебиетке, тілге, этнографияға, тайпалардың тарихымен байланысты қыруар материалдар жинағандығына толық сенім туғыза алады. Бұл пікірге қосымша айта кететін нәрсе М.Қашқари сөздігін жазуға кіріскенде тіл білімі бойынша араб тіл білімі үлгісін өте жетік білген, басқа тілдерден де жан-жақты хабары бар білікті зерттеуші болған.

1.М. Қашқари. «Түрік тілінің сөздігі» 3 томдық шығармалар жинағы (Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А. Егеубай). – Алматы: Хант., 600 бет.
2.«Жетісу» газеті. 2006 жыл, 13 мамыр. 7-бет.
3.Ш. Шарапатұлы. Жалпы тіл білімі. – Қарағанды: Болашақ-баспа, 2006.-158 бет [44-46 б.].
4.Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. Зерттеу. Алматы «Ана тілі», 1998.- 256 бет [130-132 б.].
5.Кононов А.Н. Махмуд Кашгарский и его «Диуани лұғат ат-түрк» . – Советская тюркология, 1972, № 1, 4 –бет.
6.Ә. Қайдаров, М. Оразов. Түркологияға кіріспе. – Алматы: Мектеп, 1985. -165 бет [105-107 б.].

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: М.Қашкаридің түркі тілдерін топтастыру классификациясы
Орындаушы: I курс магистранты Мустафаева Салиха
Махмұд Қашқари (XI ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі Диуани лұғат ат-түрк атты еңбектің авторы. Өз заманының аса білімдар филологы, этнографы, географы ретінде танылды.
Өз Сөздігін М.Қашқари жасы ұлғайғаннан кейін барып жазған. Себебі автор: Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырқулар (қырғыздар)-дың қалалары мен ауылдарын және жайлауларын көп жылдар бойы кезіп шықтым, сөздігін жинадым, түрлі сөздердің табиғатын үйреніп, анықтап шықтым, деп жазады. Дивандағы материалдар М. Қашқаридың түріктер жасаған көп аймақтарды аралап шыққандығына және әдебиетке, тілге, этнографияға, тайпалардың тарихымен байланысты қыруар материалдар жинағандығына толық сенім туғыза алады. Бұл пікірге қосымша айта кететін нәрсе М.Қашқари сөздігін жазуға кіріскенде тіл білімі бойынша араб тіл білімі үлгісін өте жетік білген, басқа тілдерден де жан-жақты хабары бар білікті зерттеуші болған.
М. Қашқаридың Сөздікті жазу үшін ел аралаудағы мақсатын А.Н. Кононов, біріншіден, арабтар мен саманидтердің ығыстырылып, түркі тайпаларының тәуелсіздікке ие болуы, екіншіден, 1056-1058 жылдардағы Қараханидтер мемлекетінің екіге бөлініп қырқысуы себеп болды дегенді айтады. Алғашқы пікір ойға қонымды, себебі: тілдік ізденіс пен зерттеудің қажеттілігі белгілі бір халықтың не ұлттың ел болуымен, мемлекет құруымен, түркі тілі араб тілінен бір мысқал да кем емес екенін дәлелдегісі келуімен де тікелей байланысты.
Автордың еңбектеріндегі ескертпесіне қарағанда, бұған дейін де Түркі тілінің синтаксистік жүйесінің негіздері атты трактаты болған көрінеді. Осыдан келіп, зерттеушілер М. Қашқаридің сөздікті құрастырудағы мақсаты түркі тілдерінің морфологиялық негіздеріне арналған трактат жазбақ болды деген ой тастайды.
Сөздіктегі сөздер буынындағы дыбыстардың орналасу ретіне қарай тізбелеген. Кітапты сегіз тарауға бөліп, әрқайсысын есімдер мен етістіктерге жіктейді:
:: Хамза кітабы (а дыбысынан басталатын сөздер);
:: Дұрыс салим кітабы ( құрамында а, б, и дыбыстары жоқ сөздер);
:: Қосарланған музааф кітабы (құрамында бірдей екі дыбыс бар сөздер);
:: Дұрыстыққа ұқсас мисал кітабы ( и дыбысынан басталатын сөздер);
:: 3 әріпті яғни үш дыбысты сөздер кітабы;
:: 4 әріпті сөздер кітабы;
:: мұрын жолды дыбысы (назализация) бар сөздер кітабы;
:: екі дауыссызы бар сөздер кітабы.
Бұларда келтірілген мысалдар әр кітап сайын есім және етістіктер болып 2-ге бөлініп берілген. Диуанда берілген мысалдарды бес салаға бөліп қарауға болады: 1) белгілі бір тайпаға тәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры (лексикасы); 2) түркі тайпаларының мекен-қоныстары жайлы мәліметтер; 3) түркі тілдерін топтастыру; 4) түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 5) түріктердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы және фольклоры жайындағы мәліметтер.
М. Қашқаридың Сөздігін И.Ю. Крачковский араб метрикасының негізін салушы әл-Халилдің Китаб әл-айн еңбегіне, неміс шығыстанушысы Г. Бергтрессер Ибраһим әл-Фарабидің Араб тіліндегі шығармалардың жинағы атты еңбегіне ұқсатады. Дегенмен олар М. қашқари сөздігінің лексикографиялық мұра ретіндегі ерекшелігін де нұсқайды. Біріншіден, М.Қашқари араб лексикографиясын үлгіге алғанмен, түркі тілдері лексикасының морфологиялық құрылымына негізделген методика жасады, екіншіден, әл-Халилдің сөздігі фонетикалық-физиологиялық принцип бойынша ( көмей, таңдай дыбыстары, содан соң шұғыл, ызың, тіл, ерін, жартылай дауысты дыбыстары бар сөздер орналасады) құрастырса, М.Қашқаридың сөздігі құрылымдық-әліппелік принциппен, сөздердің сөз таптарын есепке ала отырып жасалған. Сонымен қатар ұлы лингвист түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін салыстыру тұрғысында беруді де қамтыған. Сондықтан да Н.А. Баскаков М.Қашқариды түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеудің пионері деп атаған. Бұған қоса салыстырмалы - тарихи әдістің қарапайым түрде болса да қолданылуы түркітануда үндіеуропа тілдерінен бірнеше ғасыр бұрын іске асты.
Сөздікте 7500-дей сөз қамтылып, түркі тайпаларының тілдеріндегі түбір сөздердің құрамы 6 дыбыстан аспайтындығын ескертеді. М.Қашқари сөздікке тек түркі тіліне тән сөздерді ған енгізуді мақсат еткен. Қандай сөздерді беріп, қандай сөздерді бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тілінде қолданылып жүрген сөздерді ғана бергендігін мәлімдейді. Сонымен қатар, автор тілдің сөздік құрамындағы актив сөздер мен пассив сөздерді айыра қарап, екеуін екі түрлі құбылыс деп есептейді. Түркі тілдері сөздері сөздігінің лексикографиялық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Автор ескірген сөздерді, шеттен келген сөздерді сөздікке енгізбедім дегенді айтады.
Диванда түркі тілдерінің материалдары салыстыру негізінде де берілген, яғни хакани түркі тілінің материалдары басқа түркі тайпаларының тілдерімен салыстырылған. Автордың өзге тілдерді көбіне оғыз тілімен салыстырғаны анық көрініп тұрады. Егер Диванда тоғыз мыңға жақын ( А.Н. Кононов 7500-ге жақын деген) түркі сөздеріне түсіндірме берілген болса, оның 500-ден сәл артығы түрлі ру, тайпалар тілінде бар деген белгі қойылған.
М.Қашқари түркі тілдерін классификациялауда тіл мен сөйлеудің тазалығы және фонетикалық-грамматикалық деген 2 принцип қолданады. Тіл тазалығына қарай: 1) таза тілдер; 2) таза емес тілдер деп бөліп, таза тілдерге бөгде тілдердің сөзі араласпаған тілдерді, таза емес тілдерге кірме сөздері бар тілдерді жатқызады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz